kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 сыныптар?а арнал?ан математика п?нінен ашы? саба? ?лгісі "5 саны ж?не цифры"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?   ма?саты:   Білімділік: О?ушыларды  5  санымен таныстыру,  сандар ?атарынан  5 санын аны?тау ж?не 5 саны туралы т?сінік беру.    Дамытушылы?: О?ушыларды?  математика  п?ніне  ?ызы?ушылы?ын  арттыра отырып,  есептеу,  логикалы?  ойлау  ?абілеттерін  дамыту.Т?рбиелік:О?ушыларды ?йымшылды??а, ал?ырлы??а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 сыныптар?а арнал?ан математика п?нінен ашы? саба? ?лгісі "5 саны ж?не цифры" »

1 сынып

Математика

Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды 5 санымен таныстыру, сандар қатарынан 5

санын анықтау және 5 саны туралы түсінік беру.


Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра

отырып, есептеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

І → IV→ V→ VІ→ VII→ VІII

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілік: «Сандар» кестесі. 5 санына байланысты суреттер, дидактикалық

ойын, математикалық жұмбақтар


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


Психологиялық дайындық:

  • Балалар бүгін аптаның қай күні?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс айының нешінші айы?


IV. Мақсат қою кезеңі

Ауызша жұмбақ есеп:

Гүлдерге кеп күнара

Қонушы еді екі ара

Бүгін 3 туысын

Ертіп келіпті бұл ара

Барлығы қанша ара? (5)


Мұз айдында үш бала

Асыр сап жүр сырғанай

Сырғанамай 2 бала

Жағалауда тұр қарай

Санап айтсақ ойланбай (5)




Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «5»саны және цифры деп аталады. 5 саны мен цифрымен танысасыңдар.


V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

  • Балалар біздің неше қолымыз бар?

  • Оң қолымызда неше саусақ бар?

  • Сол қолымызда қанша?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, әр қолымызда 5 саусақтан бар.

Суреттермен жұмыс: Көк түсті дөңгелектерді санау. Қанша? 1,2,3,4 Енді оған тағы қызыл түсті дөңгелекті қосу. Санау. Қанша болды? Анықтау 4 санына 1ді қосу арқылы 5 санын шығарып алдық. 4+1=5 болатынын айтып түсіндіру. Қай амалды қолдандық?(қосу)


VІ. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру

Дәптермен жұмыс:

Бар әдемі қаламым

Соны қолға аламын.

Суретті де саламын

Жазуды да жазамын


  • Көркем жазуды үлгіге қарап орындату. Енді балалар «5»санын таңбалап үйренеміз.

«5» санының жазылу әдісін тақтаға жазып көрсету, түсіндіру.

Жаттығу жұмыстары

Цифрды дәптерге жазбас бұрын қаламмен ауада жүргізу.


Оқулықпен жұмыс.


«5» саны және цифры.

1тапсырмалар арқылы 5 саны мен цифрын меңгерту.

Суреттер мазмұнына сәйкес әңгіме құрастырылып,

4+1=5, 5–1=4 теңдіктері түсіндіріледі.

Кесінді. Кесінді ұзындығы неге тең?

Кесіндінің ұзындығы – 5 см. 5см * см

2. Кесінділерден фигура құрастыру. Бұл – бесбұрыш немесе көпбұрыш

Көпбұрыштың қабырғалары – кесінділер.

Бесбұрыштың 5 төбесі, 5 қабырғасы, 5 бұрышы болады.






4+1=5 5– 1=4

3. Салыстыр.


5

54441\

жж





4 4 * 5


5 5 * 4




Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Алақанды ашайық

Бесті беске қосайық


Оң аяқта 5 башпай

Сол аяқта 5 башпай

Бесті беске қосқанда

Болады екен 10 башпай


VII. Жаңа сабақты бекіту:


1.«Кім тапқыр» ойыны. Интеракт.тақтаға 0,3,5 сандардың арасында қандай сан жоқ екенін тапқызу. Мыс: (жоқ сандар 1,2,4)


2. «Менің орным қайда?» ойыны. Алты оқушыға, 0,1,2,3,4,5 деген сандарды үлестіремін.

«Ал, балалар ретімен тұра қалу керек»дегенде балалар тақтаға шығып, сандарды көрсетіп ретімен өз орнына тұрады.


3. «Сандар шатасты» дидактикалық ойын.

Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.

Балалар көзін жұмады . Мұғалім сандардың орнын ауыстырады. Оқушылар көздерін ашып сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.






Логикалық тапсырма.

«Зымыран ұшыру» ойыны

«Есептер шығару» ойыны. Бұл жерде есептер шығару арқылы төртбұрыштарды бояйды.


Сабақты қорытындылау:

  • Балалар бүгінгі сабақта не туралы білдіңдер?

  • Қай санмен таныстыңдар?



VIII.Үйге тапсырма: 49-бет. 4- тапсырма.

Жазуды толықтыр.


4



4 3 3

4 2 2

4 1 1

4 0 0

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға түсіне қарай жұлдызшалар үлестіріп отыру




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1 сыныптар?а арнал?ан математика п?нінен ашы? саба? ?лгісі "5 саны ж?не цифры"

Автор: Матаева Таншолпан Бакытовна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства