Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: 5 ке дейін санау әдісі
Мақсаты: Балаларды 5 көлеміндегі сандармен таныстыру.
Балаларға қатарда орналасқан ойыншық күшіктерді көрсете
отырып,санауға үйрету.
Ақыл ой белсенділігін күшейту.
Билингвальді компанент: Бір-один-one
Екі-два-two
Үш-три-three
Төрт-четыре-four
Бес-пять-five
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қолданылған технология: Монтессори технологиясы.
Көрнекілігі: 5 көлеміндегі сандар,карточкалар,Монтессори технологиясына
қолданылатын заттар,ойыншық күшіктер.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн!
-Бүгін біздің топқа қонаққа апайлар келді, олай болса орнымыздан тұрып,
шаттық шеңберінде амандасайық.
Шаттық шеңбері: Қонақ күту салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырамыз.(Балалар орындарына отырады.)
Ал енді балалар, оқу қызметіне көшейік.Өткен оқу қызметінде қандай сандармен таныстық?(1,2,3,4.сандармен таныстық.)
Олай болса кім маған 4ке дейін санап береді?(1,2 ,бала шығып санайды.)
-Жарайсыңдар балалар!
-Бүгін біз 5санымен танысамыз.тақтаға назар аударамыз,жасырынып тұрған
санға қараймыз.Мұнда қандай сан екен?(5саны деп жауап береді.)
-Дұрыс айтасыңдар, Міне 5саны. Олай болса 1-5 дейін санаймыз.
Енді 1-ден 5-ке дейін және кері санаймыз.(Балалар тура және кері санайды)
Жұмбақ: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын тауып
көріңдер жарайма? Ұлпа жүнін қыздырып
Күн шуақта, бір күшік.
Отыр еді маңына,
Келді тағы төрт күшік.
Неше болды сен сана. (жауабы күшік )
-Ал енді балалар,біз Монтессори тобында болған соң,Монтессори технологиясы бойынша сендерге тапсырма беріледі.
1.тапсырма: Олай болса мына біздің алдымызда тұрған контейнерге көңіл
бөлейік. Бұл контейнердің ішінде 1-5ге дейінгі сандар тығылып
қалыпты,сендер көздеріңді жұмып, сипап ,сезу арқылы тығылып
жатқан сандарды табасыңдар, оның қандай сан екенін атаймыз.
(Балалардың көздері жабылады , сипап, сезу арқылы сандарды
табады.)
-Жарайсыңдар балалар! Сендердің ақылды екендерің көрініп тұр.Олай болса
екінші тапсырмаға көшейік.
2тапсырма: Барлығымыз тақтаға қараймыз, тақтада жабысып сандар тұр
екен, осы сандардың ішінен 1-5ке дейінгі сандарды табамыз
және ретімен қоямыз. (Балалар сандарды тауып рет-ретімен
қояды).
-Жарайсыңдар сендер 2-ші тапсырманы да жақсы орындап шықтыңдар.
-Балалар, кішкене шаршап қалған боларсыңдар, олай болса сергіп алайық.
Сергіту сәті: Көбелек тұрып ертемен,
Керілді де созылды.
Бір, шықпенен жуынды,
Екі, шыр айналып бұрылды,
Үш дегенде жерге жетті,
Төрт дегенде ұшып кетті,
Бес дегенде гүлге жетті.
Керемет, бір сергіп алдық, енді орнымызға отырамыз.
-Ал енді, 3-ші тапсырманы орындайық.Біздің 3-ші тапсырмамыз дәптермен
жұмыс.Біз бүгін 5санына байланысты тапсырмаларды орындаймыз. (Балалар 3-ші тапсырманы орындайды) (Тапсырма түсіндіріледі)
Жарайсыңдар балалар!Енді біз 1-ден 5ке дейінгі сандарды үш тілде айтып көрейік.
Бір-один-one
Екі-два-two
Үш-три-three
Төрт-четыре-four
Бес-пять-five
Балалар, 5санына байланысты кім санамақтар біледі?(1,2 бала санамақ айтады)
Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер, барлық тапсырмаларды орындап шықтыңдар.
Сонымен балалар біз бүгін қандай санмен таныстық?(5санымен таныстық)
Ал ендеше балалар, 1-ден 5-ке дейін тура және кері санап бере аласыңдар ма?
(Балалар тура және кері санайды )
Бүгінгі тапсырмалар сендерге ұнады ма? (Балалар өз ойларын жеткізеді)
Бүгін сендерге рақмет айтып ,белсенді жұмыс жасағандарың үшін мына жұлдызшаларды берейін,бұл жұлдызша сендердің ақылды екендеріңді білдіреді.
-Қане балалар, келген қонақтармен қоштасайық.(Балалар қоштасады)
Сау болыңыздар!