Қазақтың ұлттық қандай ойындарын білеміз?дұрыс айтасыңдар, (көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу) 1-тапсырма: «Бәйге» ойыны- осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бұл күнде жарыс ұйымдастырғанда әр ауданның ерекшелігі есепке алынып, шабатын аралық белгіленеді. Атқа шабатын адамның жасы, салмағы бір-бірімен теңдес болып келеді.Бәйге аттарын белгілі жерге алып баратын адам ат айдаушы деп аталады. Ат айдайтын жерге жеткенде ат айдаушы оларды қатар тұрғызады да белгі береді.Жарыс басталады. Ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындайды. Әртүрлі тәсілдермен тапсырмаларды орындауды үйренеді. Екі таңбалы санның ондығын, бірлігін ажыратып айтады. Ал оқушылар менің алдымдағы карточкаларды аламыз,тапсыраны кім шапшаң орындайды екен. 56+26=50+20+6+6=82 47+26=40+20+7+6=73 38+29=30+20+8+9=67 47+45=40+40+7+5=92 Дескриптор: 1. Берілген мысалдарды талқылайды; 2. Өз пайымдауларымен айтып түсіндіреді; 3. Ондықтан аттап өту арқылы екі таңбалы сандарды ауызша қосуды және азайтуды біледі; Кері байланыс: «Житондар» «Қыз қуу» ойыны-қыз бен жігіттің атқа мініп, бірін-бірі қуатын ойын түрі.Ойынның шарты бойынша қыз бен жігіт атқа мінеді.Кейін атқа мінгн қыз белгілі жерге дейін шауып қашу керек, ал жііт оны қуып, оны қамшымен ұрады. Бұл ойын ғашықтардың сезімдерін білдіреді немесе қыз бен жігітті таныстыру мақсатында істеледі. Бағалау критерийі Ондықтарын аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау. 2-тапсырма Қапшықта 36 қызыл және 26 көк түсті қағаз парақтары бар. Қызыл қағазға қарағанда көк түсті парақтың қаншасы кем? Қызыл- 36 Көк – 26, ?кем Шешуі: 36-26=10кем Дескриптор: тапсырмаға қарап, есептеу тәсілін түсіндіреді; Ондықтан аттап қосу керектігін біледі; Кері байланыс: «Житондар» Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз, ал сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап беріңдер Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін Құлақ деген не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін 3- тапсырма: «Көкпар» ойыны- қазақтың ұлттық ойын бәсекесі. Адамдар аттың үстіне мініп епкінің немесе қойдың терісін тартысады. Қазіргі кезде адамдар екі топқа бөлініп тартысады.Екі топ аранай алаңга шығады. Алаңда екі шеңбер болады. Шіңбердің диаметрі 5-6 метрді құрайды. Бағалау критерийлері Ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындайды. Әртүрлі тәсілдермен тапсырмаларды орындауды үйренеді. Екі таңбалы санның ондығын, бірлігін ажыратып айтады. Кітабымызды ашамыз, жұппен жұмыс жасаймыз....Есептеп болсақ, достарымызбен алмастырамыз 56+16=56+10+6=72 75+16=75+10+6=91 54-28=54-20-8=26 92-28=92-20-8=64 87+13=87+10+3=100 34+16=34+10+6=50 Дескриптор: 1. Берілген тапсырманы жұпта талқылып, орындайды; 2. Есепті шығарады, бір-біріне түсіндіреді; Кері байланыс: «Житондар» 4- тапсырма: «Теңге ілу» ойыны – бозбалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Атта тұрып, жердегі теңге алу керек екен. Бағалау критерийлері Ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындайды. Әртүрлі тәсілдермен тапсырмаларды орындауды үйренеді. Екі таңбалы санның ондығын, бірлігін ажыратып айтады. 51 бет, 5 есептің 1 бағанын шығарамыз 65+19=84, 65+20=85, 85-1=84 56+29=85, 56+30=86, 86-1=85 Дескриптор: 1. Берілген тапсырманы жұпта талқылып, орындайды; 2. Есепті шығарады, бір-біріне түсіндіреді; 3.Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосуды және азайтуды біледі; Кері байланыс: «Житондар» |