Сабақтың тақырыбы: 100 көлемінде ауызша қосу және азайту |
СЫНЫП: 2 | Қатысқан оқушылар саны: 4 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура жәнекері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : |
Басталуы 5 минут | Психологиялық дайындық. Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз – Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін! Математика-Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен.Яғни математиканы білсек барлығын да білеміз екенбіз. Өткен сабақты қайталау: Біз бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ондықтан аттап өту арқылы ауызша қосуды және азайтуды үйрендік.Ендеше біз қандай сандардың құрамымен таныстық? -12,13,14,15,16,17,18; (әр оқушы шығып тақтада орындап көрсетеді) |
Сабақтың ортасы 10 минут | -Балалар қазір қай ай?Осы айда атаулы күндер бар ма?Біз қай елде тұрамыз?Жарайсыңдар балалар!Қазақстанымыздың жарқын болашағы сендерсіңдер.Балалар бүгін біз сендермен тәуелсіз еліміздің гүлденген «Абай» ауылына жүйрік аттармен саяхатқа шығамыз. -Абай Құнанбаев кім? -Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Абай атамыз қандай жақсы ,қандай жаман қасиеттері туралы айтқан? Жылқы туралы мақал-мәтел білеміз бе? Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Бүгінгі сабағымызды осы ұлттық ойындар арқылы екі топқа бөлініп бастаймыз.1-топ «Тұлпар» 2-топ «Құлагер» «Бәйге» ойыны.Ауызша есепте. 1-топ «Тұлпар» 2-топ «Құлагер» 12+18=30 100-84=16 23+27=50 80-76=4 100-85=15 11+19=30 90-88=2 22+28=50 |
Ортасы 10 минут | №2 «Көкпар» ойыны.Есепті түсіндір. 1 тәсілді 1 топ:«Тұлпар» тобы 37+7=(37+3)+4=40+4=44 3 ^4 44-7=(44-4)-3=40-3=37 4 ^3 2 тәсілді 2 топ:«Құлагер» тобы 37+7=30+(7+7)=30+14=44 ^ 30 7 44-7=30+(14-7)=30+7=37 ^ 30 14 №3. «Қыз қуу» ойыны.Есептеп жаттығыңдар. 1 топ: «Тұлпар» 85-8=85-5=80-3=77 56+9=56+4=60+5=65 5^ 3 4^5 2 топ: «Құлагер» 34+9=34+6=40+3=43 28+8=28+2=30+6=36 6^ 3 2 ^6 №4. «Теңге ілу» ойыны.Досына қалай есептеуге болатынын түсіндір: 78+10=(78+2)+8=88 94-10=(94-4)-6=84 2^8 4^6 88+6=80+(8+6)=94 84-6=(84-4)-2=78 80^8 4 ^2 |
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті. Күннің шыққаны жақсы ма? Желдің соққаны жақсы ма? Достарыңмен жүрген жақсыма? Анаңды құшақтаған жақсыма? Отбасын тату болған жақсыма? Білімді болған жақсы ма? Қазақстандық болған жақсы ма? |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | №5. «Аударыспақ» ойыны. Есепті шығару. 1 топ: «Тұлпар» (а) 2 топ: «Құлагер» (ә) «Абай ауылына» да келіп жеттік.Балалар біз «Абай» шаңырағына кіру үшін төменде сұрақтарға жылдам жауап беруіміз керек.Қай топ тез жауап берсе , сол топ «Абай» шаңырағына бірінші кіреді. |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | «Бес саусақ » кері байланыс Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? |
Үйге тапсырма: оқулықта қалған тапсырманы аяқтау. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |