ерің қамтамасыз ету керек, оның ұыймының әр түрлі формасын қолдануымен. Оқушының көпшілікке бірақ бұрылуы оқытудың топтың формасы болып саналады. Осылай оқыту оқу білетің, өз пікірің қорғаялатың, сұрақ бердін білетің оқушыны тәрбиелейді.
Топтық жұмыс мақсаты: оқу материалың меңгерудің процессінде әр оқушыға белсенді қосу керек.
Топтық жұмыс ұйымдастыруының жалпы сәттерінде тоқтаймыз.
Топтың жұмы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Аралас сандар. ( 5 класс )»
Әз, Наурыз
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан елдері ерте кезден атап өтеді. Көктемнің алғашқы айы наурыз келісімен, табиғатта үлкен өзгеріс болады. Наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні күн мен түн теңеліп, күн ұзарады. Бұл мерекені халық үлкен дайындықпен ерекше атап өтеді. Себебі, Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір – біріне деген ренішін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Міне, бұл мерекені атап өтуде №12 мектепте қалыс қалмады. Наурызкөже пісіріліп, мектеп мұғалімдері мен оқушылары дәм татты. Сонымен қатар 5 – 11 сынып аралығындағы оқушылар қара жорға биін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың арқасында өткен бұл шараға мектеп директоры Қ.Ү.Титанов пен мектеп әкімшілігінің қосқан үлесі зор.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Тарихы
Наурыз мейрамы басында диқаншылық пен айналысатын иран тілдес Орта Азия халықтарының күн жаз мезгіліне аусқанда егіс өсіру науқаны басталғанын мерекелеу дәстүрінен шыққан.
Қазақ салты
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл - ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш - ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т. б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2 - ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс - қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2 - ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыз – халықаралық мейрам
Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз - Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным - сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер - көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?
Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына
ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі индо – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бергі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер.