1 - жүгізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Математика әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Сіздерді байырғы білім ордасы №58 мектеп-гимназияның төріне келіп тұрғандарыңызға құаныштымыз.
1 - жүгізуші: Мінеки, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысымызды бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Математика
Құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
2 - жүргізуші: Математика – ермек емес балалық,
Математика – көрегендік, даналық.
Космос кез келген ракеталы дәл бүгін
Ешкімге де емес таңсық, жаңалық!
1 - жүгізуші: Ендеше, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Назгүл, сен санай білесің ба?
2 - жүргізуші: Әрине, Айкен!
1 - жүгізуші: Ал сіздер ше, құрметті көрермендер? Мұндай сұрақ, үш жасқа дейінгі балалар болмаса, ересек адамдарға ерсі көрінеді. Санай білмейтін кісі бола ма?
1 - жүгізуші: Дәлелдеуіміз дұрыс па? Дұрыс болмаса, қатесін кім тауып береді? (Қатесі: 5+2-7 нөлге тең, ал санды нөлге бөлуге болмайды).
2 - жүргізуші:Сайысты бақылап отыратын әділқазылармен таныстыру.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпай.
Сәт-сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер бастадық.
Көрсетіңдер өнерді,
Жұртың саған таң қалсын!
1 - жүгізуші:Сайыс 7 бөлімнен тұрады:
І. Сәлемдесу
ІІ. Ой сергіту
ІІІ. Санап көр!
IV. Жаңылмаймын
V. Көңілді сұрақтар
VI. Мақал-мәтел
Әр бөлімде әділқазылар дұрыс-бұрысын ескеріп, бағалап отырады.
2 - жүргізуші:«Сәлемдесу»кезеңі. Әр топ өздерін таныстырып шығады.
1-топ: Тапқырлар тобы
2-топ: Алғырлар тобы
3-топ: Білгірлер тобы
4-топ: Жүйріктер тобы
1 - жүгізуші:«Ой сергіту»кезеңі. Бұл кезеңде логигалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтеріп жауап берсе ұпай сол топқа беріледі.
Ағашта он торғай отыр.
Аңшы олардың екеуін атып алды.
Нешеуі қалды.
Жыл айлары 30 және 31-інен бітеді. Қанша айда 28 күн бар?
Кинофильмнің аты қандай? «Сен ммммммм емессің».
Марат Алтыдан Шамалғанға автобуспен 1 сағ 20 мин келді. Ал Серік поездбен 80 мин келді. Кім бұрын келді?
Үстелде екі әже және екі бала отыр. Бәрі неше адам?
Қандай сандар екіге бөлінеді?
1 алма және 2 апельсин 200тг тұрады. Осындай екі алма және 1 апельсин 100тг тұрады. Алмалар және апельсин қаншадан?
Жазылуында қанша цифр болса, айтылуында сонша әріп бар жеті санды атаңыз.
Үстелде 3 шам жанып тұр. Нұрлан олардың біреуін өшірді. Неше шам қалды?
Бір үйде 3 бала бар. Олардың барлығының әпкесі бар. Жанұяда қанша бала бер?
Дүкен аты қандай? «Магазин НННННН дүкені».
Үйрек екі аяғымен 4кг тартады. Ал бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?
Себеттегі 5 алманы 5 балаға бөліп берді. Бірақ себетте 1 алма қалып қойды. Ол қалай болғаны?
Айнұр Қайраттың кім екенін былай таныстырды: «Оның шешесі менің шешемнің сіңлісі» - деді. Қайрат Айнұрға кім болады?
3 бала бір учасакені 4 сағат аударып болды. Осындай 6 бала осы учаскені неше сағатта аударып болады?
Өзен жағасына 2 адам келді. Жағада қайық бар. Ол бір адамды ғана көтереді. Келген адамдар өзеннен өтіп кетеді. Олар өзеннен қалай өткен?
2 - жүргізуші:«Санап көр!»кезеңі. Бұнда сайыскерлердің алдына сурет салынған парақша таратылады. Шарты мынадай: берілген фигурада қанша үшбұрыш бар екенін санап шығу.
33үшбұрыш
1 - жүгізуші: Сайыскерлер тапсырманы орындағанша мынадай сұрақтарға жауап беріндерші көрермендер:
1)Шөбі шалғын егісте,
Жайылып жүр өрісте.
Әңгі есек-жеке,
Екі теке, екі түйе,
Төрт бие, бес қошқар,
Алты сиыр, жеті тана,
Барлығы қанша болды, сана?! (28)
2 - жүргізуші: 2)Бір-бірімен жарасқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі
Аш қасқыр тағы бар,
Бәрін бақылап жүр Бөрібасар,
Бәрі нешеу болды, кім табар? (12)
1 - жүгізуші: 3)Ертеде бір жалғыз кемпірдің үйіне ұрылар түнде келіп, тың тыңдапты. Оларды білген кемпір бір шелек суды сапырып отырып мынандай өлең айтыпты:
«Сапырып, сапырып сарманға бер,
Құйып, құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Өзің іш те маған бер»,-депті.
Мұны естіген ұрылар, бұл үйде бізден көп адам бар екен деп кетіп қалыпты. Сонда үйде неше адам бар? (6 адам)
2 - жүргізуші: 4)Оқушы кітапты 8 күнде оқып бітірді. Ол әрбір оқыған күні алдыңғысына қарағанда екі есе көп бет оқитыны белгілі болса, онда ол кітаптың жартысын неше күнде оқып бітіреді? (7 күнде)
1 - жүгізуші:«Жаңылмаймын»кезеңі. Сергіту ойыны. (дұрыс және уақыт бойынша).
1-топқа: 5-тен бастап, 40-қа дейінгі 6-ға еселік сандарды санап шығу.
2-топқа: 6-дан бастап, 40-қа дейінгі 7-ге еселік сандарды санап шығу.
3-топқа: 4-тен бастап, 40-қа дейінгі 5-ке еселік сандарды санап шығу.
4-топқа: 3-тен бастап, 40-қа дейінгі 4-ке еселік сандарды санап шығу.
2 - жүргізуші: Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін.
-дей келе «Көңілді сұрақтар»кезеңін бастайық. Бұл кезеңде әр топқа 4 сұрақтан беріледі. Бір оқушы жылдам жауап берулері керек. (дұрыс және уақыт бойынша)
1-конверт: 1) Қосудың нәтижесі не деп аталады?
2) 1кг темір ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма?
3) Бөлшек сызығының астындағы сан қалай аталады?
4) Екі бала 4 сағат шахмат ойнағанда, бір бала қанша сағат шахмат ойнайды?
2-конверт: 1) Ең кіші натурал сан
2) 7*19 көбейтіндісі қанша болады?
3) Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, осындай 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
4) Әлемде ең үлкен шляпаны кім киген?
3-конверт: 1) Ең кіші 3 таңбалы сан
2) Екі қолда он бармақ, он қолда неше бармақ?
3) 0-ден үлкен сандар
4) Бөлшек сызығының үстіндегі сан қалай аталады?
4-конверт: 1) Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп алып тастаса, қанша бұрыш қалады?
2) Екі ат қосылған арба 12км шапты, әр ат қанша шапты?
3) Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?
4) Бір таяқтың 2 ұшы бар. Осындай 2 жарым таяқтың неше ұшы бар?
1 - жүгізуші:«Мақал-мәтел»кезеңі. Бұл айналымда мақал-мәтелдерді толықтыру керек.
Ал, балалар, балалар,
Мақал-мәтел айтамыз.
Қиындыққа қайыспай,
Асулардан өтейік.
2 - жүргізуші: 1) Ер ____ рет өледі,
Қорқақ ____ рет өледі.
2) ____ кісі қазған құдықтан,
____кісі су ішеді
3) Тақтаны «досым» дейді,
Өзін сол досы жейді. ____
4) Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім. ____
5) ____ құзғын таласса,
____ қарғаға жем болар.
6)____ рет өлшеп,
____рет кес.
7) Жүз төрт түйме, Он бір ине. ____
8) Жалғыз бағыт білері, Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді, Өзі бірақ көрмейді. ____
9) ____ тістен шыққан сөз,
____ рулы елге тарайды.
10) Білгенін бір ____
Білмегенін ____.
11) Аяғын жерге тірей қалып,
Шеңбер сызды шыр айналып. ____
12) Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. ____
2 - жүргізуші: Достық пенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен еді талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбектерін сайыкерлердің әділ сына
– дей келе әділ қазылар шешімдерін шешкенше ортада ән шашуды қарсы алыңдар
1 - жүгізуші: Осымен, «Математика әлеміне саяхат» атты сайысымыз аяқталды. Қатысқан барлық көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз.
2 - жүргізуші: Қош, сау болыңыздар!
Есеп
Әр 5 сыныптан 5 оқушыдан алып, 6 кезеңнен тұратын «Математика әлеміне саяхат» атты сайыс өтілді. Сайыс сабағымыз өз дәрежесінде өтті. Оқушылар сайысқа бар дайындықтарымен келіп, төс белгілер жасап, өздерін жақсылап таныстырды. Сайыс өте қызықты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, 1-орынды 5 «Б» сынып алды, 2-орынды 5 «А» сынып, ал 3-орынды 5 «Ғ» сыныбы алды. Сайыс өте қызықты және де тартысты өтті.