Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл »деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол, рухани жан дүниесіне үңіле білу, адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады». Сондай ұлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс.
Бүгінгі таңда бізге, мұғалімдерге, ең қажеттті нәрсе – заман талабына сай лайықты жаңа адамды қалыптастыру, тәрбиелеп өсіру. Заман күннен күнге дамып, өркендеу үстінде. Олай болсай, біз алдымызда тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге адамгершілік пен өз еліне сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып, оны бар асылындай қадірлей білетін, өткенін бағалап, болашағына зор сеніммен қарай білетін ең жақсы қасиеттерді уйрете білуіміз қажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бөлшек дегеніміз не, анықтамасы»
Сыныбы: 5 «Б»
Уақыты: 27.01.15.
Сабақ тақырыбы: Бөлшек деген не
Сабақтың мақсаты: бөлшекті жазып үйрену.
Білімділік: оқушыларды бөлшек ұғымымен, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы түсінікпен, бөлшек түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін дамыту. Математикалық тілде жаза білу дағдысын, ақыл - ой өрісін дамыту. Өмірмен байланыс жасау арқылы патриоттық сезімін ояту. Пәнге деген ынтасын арттыру.
М: Оқушылар, бізде бүгін ерекше сабақ болғалы тұр. Осы аптадан бастап, мектебімізде Информатика, Математика, Физика пәндерінің «ИФМ – білім теңізі» тақырыбында апталық өтеді. Осыған сендердің қосқан үлестерің: осы апталыққа жақсы атсалысу, ребустар мен сөзжұмбақтарды шешу және т. б. іс-шараларға араласу. Апталыққа қатысуларың осы бүгінгі ашық сабағымыздан басталмақ. Бүгінгі сабақта көңілді тақпақ арқылы бастайық.
М: Сонымен, үйге қандай есеп берілді?
О: № 818, және № 822.
М: Қазір, осы есептерді арасынан біреулерің оқисыңдар, қалғандарың мұқият қарап, тыңдап отырыңдар.
II. Үй тапсырмасын қорыту.
Өткен тақырыпты математикалық диктант арқылы қорытайық.
Алдарыңда көрсетілген фигураларды үлес бойынша жазыңдар.
Суреттік диктант.
Сегізден бір бөлік.
Сегізден бес бөлік.
Бестен үш бөлік.
Төрттен үш бөлік.
Алтыдан екі бөлік.
Екіден бір бөлік.
Үлес туралы сендер төртінші сыныпта шолу жасағансыңдар. Міне, өткен сабақта осы үлестерді тереңдете білетін боламыз. Осы сандардың артында жасырын сөздер бар. Оны ашып қарасақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбын аламыз.
Сонымен, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн реті мен сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:бөлшек ұғымымен, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы түсінікпен, бөлшек түрлерімен танысу. Бөлшекті жазып үйрену.
Жаңа сабағымызды түсіндіру кезінде электрондық оқулықты тыңдайық.
Сонымен, бөлшек деген ұғым, математикалық бөлу дегенді білдіреді. Алдағы уақыттарда бөлу амалын бөлшек сызығымен алмастырамыз.
Бөлшекті дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшек деп екіге бөлінеді.
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп, алымы бөлімінен үлкен немесе алымы бөліміне тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.
Мысалы:
V. Жаңа сабақты бекіту.
Осы ережелерді есте сақтай отырып, мына есептерді шығарайық.
№ 826.
Квадраттың неше тең бөлікке бөлінгенін және оның қандай бөлігі боялғаныын анықтаңдар. Бөлшек түрінде жазып, оның алымы мен бөлімін атаңдар. Квадраттың қандай бөлігі боялмаған?
№ 830
Оқушылар үш топқа бөлініп, әрқайсысы өз есебін жазады. Егер есеп дұрыс шығарылса, жасырын сөйлемді оқимыз.