Талдауды? жан-жа?тылы?ы мен тере?дігі – саба? ??рылымында?ы кезе?дерді? байланыстылы?ын, дидактикалы? ?абысуы мен логикалы? ж?йелілігін ескере отырып ба?алау. Жа?а та?ырыпты ?ткен саба? та?ырыбымен байланыстыра ?арастыру. Талдау барысында о?у материалдарыны? ме?герілу д?режесін, білім сапасыны? тере?детілу жа?дайын, о?ушыларды? танымды? дамуын аны?тайтын саба?ты? басты жа?тарына к??іл б?лінеді.
Просмотр содержимого документа
«Презентация "арифметикалы? прогрессия"»
Армысың әз Наурыз! Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. 2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. 3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа. Ұйымдастыру. 1-жүргізуші: Армысыңдар халайық, Бармасыңдар халайық! Келді наурыз сағынтып, Қыздарға алқа тағынтып. Наурыз келсе құт келгені халайық, Ұлысты қарсы алайық! 2-жүргізуші:
Уа, халайық, құтты болсын мерекең, Құтты болсын, құтты болсын берекең. Наурыз тойын тойлайды мектеп, Қош келдіңдер мерекені көруге! Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
Мерекемізге байланысты «АТА ЖҰРТ» сайысымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Қазбекова Гүлбану Мутталовнаға беріледі. 2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық. (Шашу шашылады. Әже)
1-жүргізуші: Ал, халайық,тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық. «Радуга желаний» биі қыздар тобы
2-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие -тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда. - дегендей бүгінгі мерекемізді жарыспен жалғап озық ойлы жастарды анықтайық.
1-жүргізуші:
Сайысымызда салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, имандыыққа байланыты ойындар мен қызықты сұрақтар болады. Топтарды бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырайық.
1 тапсырма "Сәлем - сөздің анасы" әр топ өздерінің атын қорғап сәлемдеседі.
"ГҮЛДЕР" тобы
"Гүлдер" деп ат қойдық тобымызға,
Сан алуан ұғым болды ойымызда.
Сәлем бердік баршаңызға, жиылған жұрт,
Бүгінгі Әз Науырыз тойымызға.
Қаруланып біліммен біз келеміз,
Қиялменен шартараптан жыр тереміз.
Сайысуға "Гүлдермен" келіп тұрған,
Сөз кезегін өздеріңе береміз.
"ҰЛАҒАТ" тобы
Армысыздар ұстаздарым, құрбыларым,
Қасиетті өлең мен жыр құмарым.
"Ұлағат" деп ат қойдық тобымызға,
Күш берер, демеп тұрар бар тұмарым.
Көңіліміз әсем әнге бір толсын,
Халқымызға Қыдыр дарып, бақ қонсын.
Әділдікпен бағалап көрерменім,
Есте қалар сайыстың бірі болсын.
Музыкальный номер:
1-жүргізуші:
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бқл сөздер сүйектен өтер демде.
Тоқталамыз енді біз ал халайық,
Қанатты сөз , мақал менен мәтелдерге. - деп
2 сайысымыз "Мақал сөздің мәйегі" деп аталады. Әр топқа берілген 5 мақалды сендер жалғастыруларың керек.
"Гүлдер" тобына
1. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
2. Саусағы ұзын биші болар,
Құлағы ұзын күйші болар.
3. Ашу - дұшпан, ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос.
4. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
5. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
"Ұлағат" тобына
6. Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
7. Малы жоқ деп ерден түңілме,
Шөбі жоқ деп жерден түңілме.
8. Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
9. Өнер алды - қызыл тіл.
10. Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Музыкальный номер:
2-жүргізуші:
Келесі сайысымыз "Күш атасын танымас" мүнда әр топтан 2 жігіттен бір-бірімен қол күрестіреді.
1-жүргізуші:
Қазақтың төл өнерінің бірі айтыс, кезекті ақындар айтысына берейік.
1 ақын:
Оу, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
2 ақын:
Меніменен айтысар,
Қыз құрбылар қайссың бар?
Қолдан келсе әзілдеп,
маған сынды айтыңдар.
1 ақын:
Айтысуға өзіңмен,
шығып тұрмын алдыңа.
Күн аттарын білмеуші ең,
Жаттап оны алдың ба?
2 ақын:
Құрбым, кімге күлесің,
Өзің нені білесің?
Онға дейін киналып,
Санай алмай жүресің.
1 ақын:
Бәтеңкеңнің бауын да,
Байлай алмай жүруші ең.
Үйрендің бе, жейдеңді,
Теріс қарай киюші ең?
2 ақын:
Олпы-солпы кигенің,
Ойыңда не түйгенің?
Намысыма құрбыжан,
Наурыз күні тимегін.
1 ақын:
Ұлы Наурыз бәріңді,
Татулыққа шақырған.
Тоқтатайық айтысты,
Сөз қалған ба ақыннан.
Музыкалық номер:
2-жүргізуші:
Жыл сайын белгілі бір уақытта ауа райы өзгеріп отырады. Бұл өзгеріс қайталанады.Бұны қазақ халқы "амал" деп атаған. Амалдар күз мезгілінде байқалады. Енді амалдарды сұрайық.
"ҚҰС ҚАНАТЫ" - бұл жыл құстарының көктемге келуіне байланысты. Наурыз айының 25-і мен 26-сына сәйкес келеді. Қайтқан құстардың қанатының ызғарына ауа райы суытып, жапалақтап қар жауады.
"БЕС ҚОНАҚ" - бұл сәуір айының 8-18 аралығында болатын құбылыс. Ертеректе көктем шығып күн жылынған соң бес адам жеңіл жазғы киіммен көрші ауылға қонаққа шығыпты. Қайтарларында қатты жел соғып, жаңбыр жауып, күн суытып кетіпті. Сол салқындық 10 күнге созылған екен. Қонаққа шыққан бес адам ауылына қайта алмай 10 күн жүріпті. Сондықтан осы 10 күн арасы "Бес қонақ" деп таралып кеткен. Қазақ осы бес қонақ өтпей жаңа іс бастамаған. Және де осы 10 күн аралығында жақсылап жаңбыр жауғанын тілеген. Жаңбыр жауса "Егін мол болады" деп, жаумаса "Қуаңшылық болады" деп есептеген.
"ҚЫЗЫР ҚАМШЫСЫ" - 17-19 сәуір аралығында жаңбыр жауады да, жерімізге келген жыл құстары ұя басуға жатады. Халық бұл амалды "Қызыр қамшысы" деп атайды.
"ТАСБАҚА ДАУЫЛЫ" - көктемде сәуір айында тасбақа қысқы ұйқысынан оянып, інінен жер бетіне шығады. осы кезде ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соғады. Халқымыз қысқы ұйқысынан тұрған тасбақа әлсіз болғандықтан мүйізді сауытының үстінде қалған топырақ қалдығын қатты соққан жел үрлеп ұшырады деп ұққан. Сондықтан бұл амал "Тасбақа дауылы" деп атаған.
"ҚҰРАЛАЙ САЛҚЫНЫ"- Әдеттегідей, бұл 25-30 мамыр аралығында болады. Оның дәл бұлай аталу себебі, осы уақытта киіктер лақтап, құралайын суық жерден тұрғызып, жүгіртіп өргізеді. Олардың төлі аптап ыстыққа шыдамайды екен, сол үшін Алла тағаланың мейірімімен жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай қатты суық жел тұрады. Киіктердің төлдеуі екі-үш күнге ғана созылады. Ал «Құралай салқынынан» кейін жаз толықтай күшіне енеді.
Музыкальный номер:
1-жүргізуші:
Келесі кезекте жаңылтпаштар сайысы
1. Әмір әбігер,
Неге әбігер?
Әділ әбігер,
Неге әбігер?
Әмір мен Әділдің
Әбігерлігіндей
Әркімнің әбігерлігі бар.
2. Ұшты-ұшты
Кім ұшты?
-Қысқыш ұшты,
Қыш ұшты...
-Қысқыш ұшпас,
Қыш та ұшпас.
Ұшса ұшар,
Құс ұшар.
Қашан қысқыш
Қыш ұшты?
3. Аласа ат,
Алыс шаппас.
Алыс шапса,
Шалыс шаппас.
Шабысты ат,
Шалыс шаппас.
Шалыс шапса,
Алыс шаппас.
4. Арқада алты арқар бар,
Қырда қырық арқар бар.
Бір қарт арқар бар.
Алты арқарға қырық арқарды,
Қырық арқарға қарт арқарды,
Қосса, қанша арқар бар?
5. Біздің бас аспазшы да
Жақсы аспазшы.
Сіздің жас аспазшы да
Жақсы аспазшы.
6. Қара қарғаларға
Ала қарғалар үйір.
Ала қарғаларға
Қара қарғалар үйір.
7. Бар шалбарлары
Сары шалбарлар боп шықты.
Сары шалбарлары
Тар шалбарлар боп шықты.
8. Сіздің бал араларыңыз
Қандай аралар?
Сары аралар ма?
Сары ала аралар ма?
2-жүргізуші:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз. - деп келесі кезекті салт-дәстүрімізге берейік. сіздерге сұрақтар қойылады соған дұрыс жауап берулеріңіз керек.
Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды "Шілдехана" тойы деп атаймыз.
Тұсаукесер - Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалған ғұрып, ырым. ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл "Өзгенің ала жібін аттамасын" деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады.
Бастаңғы - жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып жегізетін тамағы. Үйдің үлкені жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиылып, "Жолаушылардың жолда бастары ауырмасын" - деп бастаңғы жасайтын болған. Ән айтып, ойын - сауық құрған.
Байғазы- жастардың жаңа киген киімі, заты үшін ақшалай , заттай берілетін сыйды айтады.
1-жүргізуші:
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Әннен күмбез жасайық - деп келесі ән сайысымызды бастайық. (Топтар ән айтады.)
2-жүргізуші: Ендігі кезекте үлкендерден наурыз бата сұраймыз.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін Пәле-жәле жерге енсін Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып кәрі-жас, Жаңа ағытқан қозыдай, Жұмырасып өріскен, Шалдар бата беріскен Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Менің берген бұл батам Алланың құлағына шалынсын! Әумин! 1-жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз берейік. Жарқырасын Атыраудай жеріміз! Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз Ел сүйсініп дәулетіне елімнің, Малға толып жатсын барқыт беліміз! 2-жүргізуші: Тойла бүгін тауларым мен боз далам, Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам. Мереке боп келген бүгін Наурызым! Береке бол ешқашанда тозбаған! 1-жүргізуші: Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
"ҚҰС ҚАНАТЫ" - бұл жыл құстарының көктемге келуіне байланысты. Наурыз айының 25-і мен 26-сына сәйкес келеді. Қайтқан құстардың қанатының ызғарына ауа райы суытып, жапалақтар қар жауады.
"БЕС ҚОНАҚ" - бұл сәуір айының 8-18 аралығында болатын құбылыс. Ертеректе көктем шығып күн жылынған соң бес адам жеңіл жазғы киіммен көрші ауылға қонаққа шығыпты. Қайтарларында қатты жел соғып, жаңбыр жауып, күн суытып кетіпті. Сол салқындық 10 күнге созылған екен. Қонаққа шыққан бес адам ауылына қайта алмай 10 күн жүріпті. Сондықтан осы 10 күн арасы "Бес қонақ" деп таралып кеткен. Қазақ осы бес қонақ өтпей жаңа іс бастамаған. Және де осы 10 күн аралығында жақсылап жаңбыр жауғанын тілеген. Жаңбыр жауса "Егін мол болады" деп, жаумаса "Қуаңшылық болады" деп есептеген.
"ҚЫЗЫР ҚАМШЫСЫ" - 17-19 сәуір аралығында жаңбыр жауады да, жерімізге келген жыл құстары ұя басуға жатады. Халық бұл амалды "Қызыр қамшысы" деп атайды.
"ТАСБАҚА ДАУЫЛЫ" - көктемде сәуір айында тасбақа қысқы ұйқысынан оянып, інінен жер бетіне шығады. осы кезде ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соғады. Халқымыз қысқы ұйқысынан тұрған тасбақа әлсіз болғандықтан мүйізді сауытының үстінде қалған топырақ қалдығын қатты соққан жел үрлеп ұшырады деп ұққан. Сондықтан бұл амал "Тасбақа дауылы" деп атаған.
"ҚҰРАЛАЙ САЛҚЫНЫ"- Әдеттегідей, бұл 25-30 мамыр аралығында болады. Оның дәл бұлай аталу себебі, осы уақытта киіктер лақтап, құралайын суық жерден тұрғызып, жүгіртіп өргізеді. Олардың төлі аптап ыстыққа шыдамайды екен, сол үшін Алла тағаланың мейірімімен жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай қатты суық жел тұрады. Киіктердің төлдеуі екі-үш күнге ғана созылады. Ал «Құралай салқынынан» кейін жаз толықтай күшіне енеді.
Салт дәстүрлер