Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер
Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер
Презентация математика сабағында "Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер" тақырыбында 4 сыныпқа арналған. Презентация оқулық бойынша құралған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер»
Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер
Математика 4 сынып
Ауызша есеп
Мына балалардың кім болуды армандайтынына қара. Өрнектердің мәнін есепте, сонда сен қай баланың кім болғысы келетінін білесің.
Есіңде сақта!
Пропорциядегеніміз екі қатынастың теңдігі.
Пропорция математикада және күнделікті өмірде көп қолданылатын ұғым.
Пропорционал бөлуге арналған есептерді (немесе оларды бірлікке келтіру деп те атайды) шығару үшін, екі амалды орындау қажет. Олардың біріншісі – бөлу. Алдымен есептің шартында бірлік ретінде не алынғанын табу қажет. Содан соң табылған бірліктің көмегімен есептің шартында берілген сұрақтың жауабы анықталады.
Егер жер құнарлы болса, онда алынатын өнім мол болады. Фермерлер туралы есепті шығар
Фермер егістіктен 48 ц, ал көршісі одан 3 есе кем картоп жинады. Олардың әрқайсысы картопты қаптарға 80 кг-нан теңдей бөліп салды. Екеуі бірге қанша қап картоп жинады?
Есепті шығару үшін онда қандай шамалар берілгенін анықта .
Жемістерді салу үшін саяжай иесі жаңадан алма салатын 6 жәшік, алмұрт салатын дәл сондай 4 жәшік сатып алды. Барлығына 5000 теңге төледі. Бір жәшіктің бағасын тап.
Кестені қара.
? тг, бірдей
6 жәшік
5000 тг
4 жәшік
Бағасы
Саны
Құны
Математика күнделікті өмірде
Тапсырманы орында.
Марат ағай қараөрік терді. Ол 15 данасын Әлияға, қалғанының жартысын Айнаға берді. Содан кейін оның себетінде 10 қараөрік қалды. Марат аға барлығы қанша қараөрік терген?
Сен зерттеушісің
Ойлан және жауап бер.
Фермер 5 сиыр, бірнеше түйеқұс пен қоян өсіреді. Сиырлардың аяғының саны түйеқұстардың аяғының санына тең және қояндардың аяғына қарағанда 4-еуі артық. Фермерде барлығы неше сиыр, түйеқұс және қоян бар?
Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?