1.Оқушылардың ойларын шоғырландыру үшін: «Қар кесегі» әдісі арқылы өткен тақырып қайталанады. 1. 1℅-ы 26, 100℅-ы неге тең? 2. 100℅-ы 1500, 1℅-ы неге тең? 3. 9 санының 1℅-ы неге тең? 4. 1℅-ы 0,03 болса, онда сан ... тең? 5. Асықтың 35℅ жиналса, онда қанша пайызы жиналуы тиіс? 6. Пайыз деген не? 7.1℅-ы 20, 100℅-ы неге тең? Бағалануы: «Бас бармақ» арқылы 1.«Өкіл» әдісі арқылы топтар берілген тапсырмаларды талқылайды, қорытындысын жасайды (әр топтан екі оқушы келесі топқа ауысып, өздерінің шығару тәсілін екінші топқа түсіндіреді). 1-топ:Кестені толтырыңдар: Сан | 500 | 90 | 140 | Пайыз | 15℅==0,15 | 24℅ | 60℅ | Санның пайызы | 500*0,15=75 | ? | ? | Қорытынды жасаңдар. Санның пайызы қалай табылады? 2-топ: Кестені толтырыңдар: Сан(100℅) | 500 | 90 | 140 | 1℅ | 500:100=5 | | | Санның пайызы | 5*15=75 | 24℅ | 60℅ | Қорытынды жасаңдар. Санның пайызы қалай табылады? Кері байланыс «Тамаша идеялар» әдісі арқылы: Мен үшін жаңа болған 3 ақпарат… Назарымды аудартқан… Маған түсініксіз болған ақпарат… Мұғалімнің сындарлы кері байланысы Кейбір оқушыларға есеп шығару барысында санның пайызын табудың тәсілдерін жақсы меңгерген, барлық оқушылар ережесін қолданып есептің жауабын таба алды, көпшілік оқушылар өз ой-қорытындысын жасай алды. 2.Сергіту сәті. «Қарлығаштар» ырғақты би. 3.Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың қарқынын, қабілеттерін ескере отырып, жеңілден күрделіге бойынша тапсырмалар . А деңгей - №835 В деңгей - №836 С деңгей -№863 Бағалануы: «Бағдаршам» арқылы. |