kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жай сандар, құрама сандар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жай сандар, құрама сандар»



Сабақ:

Бөлім: 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп:

Тақырыбы:

Жай сандар, құрама сандар

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

Сабақ мақсаттары:

Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты түсіндіру

Бағалау критерийлері:

  • Жай сандар мен құрама сандарды біледі;

  • Жай сан мен құрама санды ажырата алады;

  • Егіз, кемел сандарды ажырата алады;

  • Ережелерін есептер шығаруда қолдана алады;

Тілдік мақсат

Натурал сандарға амалдар қолдануды ; Санның бөлгіштерін табуды; Санды көбейтінді түрде жазуды;

Бөлгіш, бөлінетін сандар, бөлгіштер саны, жай сан, құрама сан, көбейтінді, екі санның айырмасы, қосындысы, натурал сан т.б.

-жай сан...;

-құрама сан...;

-бөлгіштері...;

-натурал сан...;

-бөлгіштер саны...;

- 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар...;

-екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар...;

-1 саны... ;

-айырмасы 2- ге тең сандар...;

 -өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама сандар...;

Пән аралық байланыс

Компьютерлік сауаттылық бойынша информатика пәнімен байланысты.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сенімділік әрі сыйластық қарам-қатынасты қолдау және тұжырымдау.Тындырымды да ұқыпты тұлға қалыптастыру.

Оқушы бойында коммуникативті дағдыны қалыптастыру.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ресурстарымен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Алдыңғы білім


Натурал сандарға амалдар қолдануды ; Санның бөлгіштерін табуды; Санды көбейтінді түрде жазуды;

Уақыт шегі


Мұғалім әрекеті

Ресурстар

2 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

1.Мақсат: Миға шабуыл жасап, оқушылардың қызығушылығын ояту.

«Серігіңді тап» ойынын ұйымдастырып, жұпқа бөліну үшін оқушыларға бірнеше натурал сандар (егіз сандар) беріледі.

Мұғалім қандай заңдылықпен жұптасқандықтарын анықтап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

Оқушы: Берілген натурал сандардан бір заңдылықты анықтап оқушылар бірге жұптасады. Бұл заңдылықтың бүгінгі сабақпен байланысын түсінеді.




3минут













2 минут



Сабақтың мақсатын анықтау.


2. Оқушыларға 1-1000 дейінгі жай сандар кестесі ұсынылады.

Осы кестеден не байқадыңыздар? Кестедегі сандар қандай ереже, қандай заңдылық бойынша орналасқан? Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыздар? деген сұрақ бере отырып ой тастап, оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік туғызу. Оқу мақсатын оқушылардың барлығына түсінікті жеткізу. Оқушы: Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты сандармен байланысты екендігін болжайды.


3. Мақсат: оқушыларды бағалау критерийін құра білуге баулу.

Бүгінгі сабағымыздың бағалау критерийін жұпта құрып көрейік.

Тақтаға оқушылардың айтқан критерийлерін жазып қойып, маңыздылығына қарай орналастыру, оқу мақсатынан ауытқымай бағалау критерийлері бойынша бағалау. Бағалау критерийлерін барлық оқушы үшін қолжетімді жасау, бағыттау парағын тарату.

Оқушы: Жұптар бағалау критерийлерін құрады. Оқушы бағалау критерийлері мен оқу мақсатын ажырата алады және бағалау критерийлері оқу мақсатына жету үшін қолданылатынын түсінеді.


қосымша1












Слайд 3 қосымша2










қосымша3


5 минут





Алдыңғы сабақты жаңа сабақпен байланыстыру.


4.Жұптарға өткен сабақ бойынша 30 бен 12 сандары беріледі. Осы берілген натурал сандарды 1-ден басқа:

1)екі санның көбейтіндісі түрінде;

2)үш санның көбейтіндісі түрінде;

3)төрт санның көбейтіндісі түрінде жазу ұсынылады.

Оқушылардың осы тақырып бойынша не білетінін, әр жағдайды қанша санның көбейтіндісі, қанша түрде жазуға болатындығын сұрау. Осы жағдай шекті екендігін айтады.

Оқушы: Жұптар берілген натурал сандарды 1-ден басқа екі санның , үш санның, көбейтіндісі түрінде жазады. Бірінші жағдайда бірнеше түрде жазуға болады, екінші жағдайда әрбір көбейтіндіні тағы 2 санның көбейтіндісіне келтіруге болады. Үшінші жағдайда келтіруге боламайды, себебі көбейткіштер енді 1-ден басқа сандарға бөлінбейтіндігін анықтайды.



Слайд 4 қосымша 4







слайд 5-14

5 минут


Мақсат: жаңа сабақты түсіндіру.

5. Қандай сандар жай сандар, құрама сандар деп аталады?

1 саны жай сан ба? құрама сан ба? деген оқушыларға мәселе тудыру.

Презентациялық көрсетілім арқылы, Эратосфен елегін көрсету, тарихи мәлімет беру. Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлау және жазып алу ұсынылады.

Оқушы: 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар жай сандарға жататынын, бөлгіштері 2-ден көп сандардың құрама сандар деп аталғандықтан, 1саны жай санға, құрама санға да жатпайтындығын анықтайды.

Жай сан мен құрама сандарға бірнеше мысал келтіреді, түсіндіреді.

Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлап, жазып алады.

Презентациялық көрсетілімде берілген мысалдардан жаңа сабақты түсінеді.


қосымша5


Математика, 5 сынып, 1 бөлім, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж.

6 минут


Жаңа сабақты пысықтау.

6. Сандардың қандай сандар екендігін анықтау үшін оқушыларға берілген сандардың барлық бөлгіштерін тауып кестені толтыру ұсынылады.

Оқушыларды сергіту үшін арифметикалық фокус ойнатылады.

Оқушы: Оқушылар кестедегі сандардың бөлгіштерінін санын жазады.Қанша бөлгіші бар екендігін анықтайды. Кестені орындап, жұптар өз қорытындыларын айтады. Слайдта көрсетілген дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.

слайд 15 қосымша 6

Математика, 5 сынып, 1 бөлім, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж.

13

минут


Жаңа сабақты бекіту.

7. Жаңа сабақты бекіту үшін өзіндік жұмыс беріледі. Оқушы: Өзіндік жұмысты дескриптор арқылы бағалайды.


қосымша 8



5 минут





Жаңа сабақты қорытындылау.

8. Сабақ мақсатына қайта оралады.

Қорытынды:

*Не білдіңдер? (Қандай сандар жай,құрама сандар деп аталатынын?)

*Не анықтай аламыз? (Жай сан мен құрама сандарды ажырата аламын)

*Қалай ажырата аламыз? (Көбейткіштерге жіктеу арқылы немесе бөлгіштерін табу арқылы)

Оқушы: Оқушы сабақтағы іс-әрекеттердің оқу мақсатымен қандай байланысы бар екенін түсіндіре алады.

Оқушылар сабақтағы барлық іс-әрекетке белсене қатысады. Оқушылар сыни тұрғысынан ойлана отырып зерттеп, қорытынды шығарады. Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.






слайд 5



3

минут

1 минут

Соңы

9. Кері байланыс

«Білемін. Білдім. Білгім келеді» кестесін толтыру.


10. Үй жұмысын береді.

қосымша 9


қосымша 10

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы қалай күрделендіруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Сабақ барысында өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Қосмша тапсырма қажет ететін үлгерімі жоғары оқушыға қосымша есептер беріледі. (қосымша 11)


*Дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.

* Өзіндік жұмысты дескриптор арқылы бағалайды.

-Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Құрмет. Жауапкершілік.

1 минут көз жаттығуын жасау.

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Рефлексия

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Оқыту ортасы қандай болды?

4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос орынды өз сабағыңыз бойынша рефлексия жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақта бағандағы өзіңіздің сабағыңыз туралы ең өзекті сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқыту мақсаттары қолжетімді болды. Оқушылар сабақтағы оқу мақсатының қойылу себебін түсіндіре алды.Тапсырмалар орындауда іс-әрекет «оқушы–оқушы» жүйесінде ынтымақтастықта орындады. Есептерін жұппен отырып шығарды. Оқушылар дайын жауап арқылы өзін-өзі әділ бағалады. Оқушылар жеке есептер шығарды, дескриптор бойынша өзін-өзі бағалады. Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағаладым. Өз уақытымды тиімді пайдалана алдым, бірақ сабақ барысында жоспарланған тапсырмалар қысқартылды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

  1. Оқушылардың сабақтың мақсатын өздері ашып, жай сан мен құрама сандардың анықтамасын өздері тұжырымдауы;

  2. «Арифметикалық фокус» сергіту сәті

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1. Оқушыларды екі топқа бөліп, алдарына 1-100 дейінгі натурал сандардың ішінен бір топқа жай сандарды, екінші топқа құрама сандарды беріп заңдылықтарын өздеріне тапқызғанда сабақ тиіміді болар ма еді?

2. Ауызша тапсырмалар алу.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім?

1. Оқушыларды жұпқа бөлінгенде қабілеттеріне қарай бөлу;

2. Оқыту кезінде баланың жеке қасиеттері мен оның оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін ескеру керек екенін білдім.






Қосымша 1

Топқа бөлу (егіз сандар)


5

7

11

13

17

19

29

31

41

43


Қосымша 2





Қосымша 3

Бағалау критерийі:

  • Жай сандар мен құрама сандарды біледі;

  • Жай сан мен құрама санды ажырата алады;

  • Егіз, кемел сандарды ажырата алады;

  • Ережелерін есептер шығаруда қолдана алады;


Қосымша 4

1 жұп (30; 12)

Жауабы:

а) 2 санның көбейтіндісі: 30=3 10; 12=2 6;

б) 3 санның көбейтіндісі: 30=3 2 5; 12=2 2 3;

2жұп (30; 8)

Жауабы:

а) 2 санның көбейтіндісі: 30=3 10; 8=2 4;

б) 3 санның көбейтіндісі: 30=3 2 5; 8=2 2 2;

3жұп (12; 8)

Жауабы:

а) 2 санның көбейтіндісі: 12=2 6; 8=2 4;

б) 3 санның көбейтіндісі: 12=2 2 3; 8=2 2 2;

4жұп (18; 12)

Жауабы:

а) 2 санның көбейтіндісі: 18=2 9; 8=2 4;

б) 3 санның көбейтіндісі: 18=2 3 3; 8=2 2 2;

5жұп (20;18)

Жауабы:

а) 2 санның көбейтіндісі: 20=2 10; 18=2 9;

б) 3 санның көбейтіндісі: 30=2 2 5; 18=2 3 3;


Қосымша 5

1)1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

Мысалы: 101 саны . Оның бөлінгіштері: 1 және 101.

2) Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.

Мысалы: 8 саны. 8 санының бөлгіштері: 1,2,4,8.

3) 1 саны жай сандар тобына да, құрама сан тобына да жатпайды.

4)Айырмасы 2- ге тең екі жай санды егіз сандар деп аталады.

Мысалы: 5 пен 7; 11 мен 13.

5)Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды кемел сан деп атайды.

1+2+3=6. Мысалы: 6 санының бөлінгіштері: 1,2,3.

Қосымша 6

Сандар

Бөлгіштері

Бөлгіштерінің саны

1

1

1

2

1, 2

2

3

1, 3

2

5

1, 5

2

6

1, 2, 3, 6

4

12

1, 2, 3, 4, 6, 12

6

13

1, 13

2

24

1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24

8

30

1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, 30

8



Қосымша 7

Арифметикалық фокус
Ислам, сен мына парақ қағазға кез келген үш таңбалы санды жаз. Қағазды Наргизаға бер
Наргиза, сен оң жағына сол санды қайтадан жаз. Алты таңбалы сан шығады.
Рамазан сен бұл санды 7 - ге бөл.
Арман, шыққан санды 11 - ге бөл.
Айсара, шыққан санды 13 - ке бөл.
Нұржігіт шыққан санды оқы. Ислам қандай санды жазды екен, Ислам дұрыспа?
Енді мен түсіндірейін. Мысалы 872 деген сан ойластырылсын. Сонда, 872872=872000 + 872=872*1000+872*1=872(1000+1)=872*1001. 1001=7*11*13. Сөйтіп, әуелде жасырын жазылған сан 1001 - ге көбейтілген, содан кейін қайта 1001 - ге бөлінген. Сонда алғашқы жасырын сан шығады.

Қосымша 8

Өзіндік жұмыс

1)жай сандарды ғана кему ретімен: 53,105,19,22,79,47,4;

Жауабы: 79,53,47,19

2)құрама сандарды ғана өсу ретімен: 99,2,121,62,1,129,17;

Жауабы; 62,99,121,129

3)Мына сандарды екі жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу керек: 22; 35;77;65;69;119;

Жауабы: 22=2*11, 35=5*7, 77=7*11, 65=5*13, 69=3*23, 119=7*17

4)Дүние жүзіндегі екінші ұстаз , қазақтың ежелгі ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби отырарда дүниеге келіп, 870-950 жылдар аралығында өмір сүрген. Неше жай сандар бар?

Жауабы: 877,881,883,887,907,911,919,929,937,941,947 сонымен 11 жай сан бар екен.

Дескриптор

  1. -Жай сан мен құрама сандарды ажырата алады;

  2. -Сандарды өсу,кему ретімен жаза алады;

  3. -Сандарды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жаза алады;

  4. -Жай сан мен құрама санның анықтамасын біледі;



Қосымша 9

Білемін

Білдім

Білгім келеді











Қосымша 10

Үй тапсырмасы:

№1есеп. 66,97,128,139,201,311,450,502,503,641,864,879,991 сандарынан жай сандар кестесін пайдаланып, жай сан мен құрама сандарды ажыратып жазыңдар.

Жауабы:

Жай сандар: 97,139,311,503,641,991

Құрама сандар: 66,128,201,450,502,864,879.

№2 есеп.

1,3,6,7,9,15,23,28,37 сандарынан

1.1 ғана бөлгіші бар сандарды,

2.Екі ғана бөлгіші бар сандарды,

3.Екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар.

Жауабы:

1.1.

2.3,7,23,37.

3.6,9,15,28.

Қосымша 11

№1есеп.

Tеңсіздіктері жай сан болатын шешімін табыңдар.

1)59

2) 163

3) 487

№2 есеп. Қатені тап
24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 5, 8, 12, 24
7 санының еселіктері: 7, 14, 21, 28, 34, 35, 48, 56
21 санының бөлгіштері: 1, 3, 7, 21
14 санының еселіктері: 14, 28, 42, 56

№3тапсырма.

А) 1-1000 дейінгі сандардан егіз сандарды жазыңыз;

Б)1-1000 дейінгі сандардан кемел сандарды жазыңыз;



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Жай сандар, құрама сандар

Автор: Қайратова Мөлдір Қайратқызы

Дата: 26.10.2020

Номер свидетельства: 561302

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "" Жай сандар. ??рама сандар. ""
    ["seo_title"] => string(29) "zhai-sandar-k-u-rama-sandar-1"
    ["file_id"] => string(6) "318233"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460542178"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Жай сандар,??рама сандар""
    ["seo_title"] => string(27) "zhai-sandar-k-u-rama-sandar"
    ["file_id"] => string(6) "257715"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448375491"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Ашы? саба? "О? сандар ж?не теріс сандар?а есептер шы?ару ""
    ["seo_title"] => string(65) "ashyk-sabak-on-sandar-zh-nie-tieris-sandarg-a-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "251891"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447310931"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Ашы? саба? "О? сандар ж?не теріс сандар?а есептер шы?ару""
    ["seo_title"] => string(67) "ashyk-sabak-on-sandar-zh-nie-tieris-sandarg-a-iesieptier-shyg-aru-1"
    ["file_id"] => string(6) "251896"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447311431"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Жай сандар, құрама сандар"
    ["seo_title"] => string(28) "zhai_sandar_ku_rama_sandar_1"
    ["file_id"] => string(6) "561316"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1603701674"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1160 руб.
1940 руб.
1410 руб.
2350 руб.
1190 руб.
1980 руб.
1360 руб.
2260 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства