Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару. Психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында бір- бірінің атының бас әрпінен бастап сипаттама береді. Үй тапсырмасын тексеру. "Бірін - бірі тексеру" әдісі арқылы үй жұмысын тексеремін.Үйге үш қатарды үш топқа бөліп,үй жұмысына әр топқа жеке есептер беремін. Топтар жұмыстарын алмастырып, бірін-бірі тексереді. І топ №514 Құмыраға - бөлігі Банкаға - бөлігі Кесеге - бөлігі Қалғаны - ? + + = = 1 Жауабы: ыдыстағы сүттің барлығы құйылып алынды. ІІ топ №516 Бірінші сағатта - бөлігі Екінші сағатта - бөлігі Үшінші сағатта - ? + ; - Жауабы: бөлігі ІІІ топ №517 Бірінші балық - кг Екінші балық -?, кг жеңіл Барлығы - ? - ; Жауабы: кг Үй тапсырмасын қорытындылау. "Кім жүйрік?" әдісімен үй тапсырмасын қорытындылау үшін оқушыларға өткен тақырып бойынша ашық сұрақтар қоямын. 1) Бөлімдері бірдей жай бөлшектер қалай қосылады? 2) Бөлімдері бірдей жай бөлшектер қалай азайтылады? 3) Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектер қалай қосылады? 4) Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектер қалай азайтылады? Оқушылардың сұрақтарға жауап беруіне қарай қолдау деңгейі бойынша саралау жүргіземін. Топқа бөлу. «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға алма ағашынан өзінің нені меңгергеніне қарай жасыл, сары, қызыл алманы алуды тапсырамын. Сол арқылы оқушылар сараланған 3 топқа бөлінеді. |