Ма?саты: ?ткен та?ырыпты ме?геру барысында о?ушыларды? білімдерін ?алыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Туынды тарауы бойынша ал?ан білімдерін тере?детіп жина?тау,ж?йелеу, тарау к?леміндегі біліктілік да?дыларыны? ?алыптасуын, ме?геру де?гейлерін аны?тау. О?ушыларды зерттеу, саралау,ой ?орытындылау ар?ылы «туындыны ?олдану» туралы ке? к?лемде ал?ан білімдерін баяндап, к?рсете білуі. Т?рбиелік: О?ушыларды шапша?ды??а , жауапкершілікке ?з бетінше е?бектенуге т?рбиелеу. Дамытушылы?: О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетімен есептеу да?дыларын жетілдіріп, белсенділігін, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.О?ушыларды? ойлау ?абілетін, ой ?ш?ырлы?ын, о?у?а ынтасын дамыту. Математикалы? тілде с?йлеу ?абілетін дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Саба__ та__ырыбы туынды»
Сабақ тақырыбы: Туынды.
Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: Туынды тарауы бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау,жүйелеу, тарау көлеміндегі біліктілік дағдыларының қалыптасуын, меңгеру деңгейлерін анықтау; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетімен есептеу дағдыларын жетілдіріп, белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру; Оқушыларды шапшаңдыққа , жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту, қортындылау.
Сабақтың түрі: Деңгейлеп оқыту.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі сабақта назарымыз «Сабақтың жұмыс картасында» болады. Ол әрқайсыларыңызда бар. Мұнда сіздер сабақтың әр кезеңдерінің бағасын енгізіп отырасыздар.Бір бағаны өздеріңіз қоясыздар, бір бағаны парталас жолдасыңыз, біреуін-мұғалім қояды. Сабақтың соңында өз жұмыстарыңызды қортындылап,орта ұпайларыңызды қоясыздар. Сабақтың жұмыс картасы:
Үй тапсырмасын тексеру | Диктант | Формулаларды тексеру | Деңгейлік тапсырмалар | Тест |
-ауызша сұрақтар -қайталау сұрақтары | | | | |
ө/б м/б | ө/б | ө/б ж/б | | |
(ө/б-өз бағам, м/б-мұғалімнің бағасы, ж/б-жолдасымның бағасы)
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау сұрақтары: а) ауызша сұрақтар; /туынды тақырыбына/ ә) қайталау сұрақтары; 1.f(x) функциясының графигіне абсциссасы x болатын нүктеде жүргізілген жанама теңдеуін жазу алгоритмі; 2.Кез-келген f(x) функциясының көмегімен өсу,кему аралықтарын анықтау алгоритмі; Жұбын тап. /Қосындының,көбейтіндінің,бөліндінің,дәрежелік функцияның, күрделі функцияның туындысы./
III. Диктант. /Қайталау/ Көп ойлап аз жазамыз. Жауаптарыңызды «иә» немесе «жоқ» деп жазасыздар. 1.Тұрақты санның туындысы 1-ге тең. /жоқ/ 2.X-тің туындысы 1-ге тең. /иә/ 3.Косинус функциясы тақ функция. /жоқ/ 4.Синустың косинусқа қатынасы тангенс болады. /иә/ 5. 10X-тің туындысы X -ке тең. /жоқ/
IV. Формулаларды тексеру. /Элементар функциялардың туындылары/ Әр оқушыға перфокарта беріледі. Олар формулаларды жалғастырып жазып, тексеруге жолдасына береді.Жұмыс картасыны екі баға қойылады. V. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
А деңгейі | В деңгейі | С деңгейі |
| | |
VI. ҰБТ-ке ақпарат./видео көрсету/ Кітаппен жұмыс. .№263а),б) VII. Тест. VIII. Сабақты қортындылау. /Рефлексия/ IX.Үйге тапсырма.№263ә),в) №264
Просмотр содержимого презентации
«Презентация1»