Просмотр содержимого документа
«Ондық бөлшектерді оқу және жазу»
«Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» КММ
5ә сынып
10.02.2017ж
Тақырыбы:Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.
Пән мұғалімі: Алжанова Нұргүл Кенжебекқызы
2016-2017 оқу жылы
Сыныбы: 5 «ә» Пәні: Математика Күні: 10.02.2017 ж
Биатлон- бірнеше ату шебінде кіші калибрлі винтовкадан жатып және тұрып ататын нысанасы бар шаңғы жарыстары.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.
Сабақтың алға қойған мақсаты:кейбір бөлімі 10, 100, 1000 ... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуы. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.
Техникалық құрал- жабдықтар: бейнепроектор, компьютер.
Барысы:
Жоспары:
Іріктеу.
Жаттығу.
Сөре.
Өрлеу.
Нысана.
Мәре
Марапаттау рәсімі.
«Іріктеу». Қайталау сұрақтары:
1. Қандай сан жай бөлшек деп аталады? Мысал келтір.
2. Аралас сан дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Жай бөлшектің қасиеттері?
4. Толықтыру дегеніміз не?
Мына сандарды оқы, бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:
«Жаттығу» Ондық бөлшектерді жазу
Жай бөлшектерді бөлімсіз жазу
2,3 0,51 5,03 0,219 Бұл сандар ондық бөлшектер.
Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.
Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында- ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.
Мысалы: 1) 2,3 санында 2- бүтін бөлігі, 3- бөлшек бөлігі
2) 5,03 санында 5- бүтін бөлігі, 03- бөлшек бөлігі
3) 0,51 санында 0- бүтін бөлігі, 51- бөлшек бөлігі
4) 0,219 санында 0- бүтін бөлігі, 219- бөлшек бөлігі
Бөлімдері 10; 100; 1000 т.с.с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.
Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз
Мысалы:
5,7 3,19 0,007
Тең ондық бөлшектерді жазу
Ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.
Мысалы: 1) 5,7= 5,70= 5,70000 2) 0,09 =0,090= 0,09000
3) 1,090000 =1,0900= 1,09
Ондық бөлшектердің разрядтары
Ондық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:
Ондық бөлшектер разрядтары
.........
Мыңдық
Жүздік
Ондық
Бірлік
’
Ондық үлес
Жүздік үлес
Мыңдық үлес
Он мыңдық үлес
Жүз мыңдық үлес
........
Ондық бөлшектерді оқу
Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.
Ондық бөлшектер разрядтары
.........
Мыңдық
Жүздік
Ондық
Бірлік
’
Ондық үлес
Жүздік үлес
Мыңдық үлес
Он мыңдық үлес
Жүз мыңдық үлес
........
5
2
,
2
5
6
1
0
2
,
0
0
2
4
3
52,256- елу екі бүтін мыңнан екі жүз елу алты
102,00243- жүз екі бүтін жүз мыңнан екі жүз қырық үш
«Сөре» Бекіту сұрақтары:
Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?