|   Балалар, сабақты бастамас бұрын шағын төрт топқа бөлінейік. Сынып бөлмесіне, айналаға көз салып қараңыздар, жер - жерге үлестірмелер бекітілген, сол үлестірмелерді бір – бірден алып, ондағы есептің мазмұны бойынша топтарға бірігіңіздер.  Үлестірмелер бойынша:    жылдамдық;   өзен ағысы;   қоспалар;   аралас.    Осындай төрт топқа бірігеді, енді осы топтар қолдарындағы есептерді бірігіп орындайды.      Жылдамдық тобы  №1.  Жүк көлігі бірінші күні барлық жолдың үштен бір бөлігін жүрді, екінші күні бірінші күнгі жолдың 90 % жүрді, ал үшінші күні қалған 440 км жолды жүрді. Жүк көлігі екінші күні қанша километр жол жүрді?  №2.  Саяхатшылар тобы 1 сағ автобуспен, содан кейін автобус жылдамдығынан 18 км/сағ – қа кем жылдамдықпен 6 сағ жаяу жүрді. Саяхатшылар тобы барлығы 67 км жол жүрген болса, автобус жылдамдығы мен жаяу жүргендегі жылдамдықты табыңыз.  №3.  Ара қашықтығы 256 км екі станцадан бір мезгілде, бір бағытта жүк пойызы мен жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызының жылдамдығы жүк пойызының жылдамдығының 50% - ға артық және 8 сағаттан кейін жолаушылар пойызы жүк пойызын қуып жетсе, онда олардың жылдамдықтары қандай болғаны?  Жауабы: 360 км; 25 км/сағ, 7 км/сағ; 64 км/сағ, 96 км/сағ;    Өзен ағысы тобы  №1.  Кемежайдан өзен ағысымен 4 км/сағ жылдамдықпен сал жіберілді. 3 сағаттан кейін салдың соңынан қайық шығады. Егер қайықтың меншікті жылдамдығы    9 км/сағ болса, ол салды кемежайдан қанша километр қашықтықта қуып жетеді?  №2.  Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз?  №3.  Моторлы қайық ағыспен жүзіп, А пунктінен В пунктіне 1,3 сағ – та барды. Моторлы қайық ағысқа қарсы жүзіп, осы қашықтықты 1,9 сағ – та жүрді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ. Моторлы қайықтың өз жылдамдығын табыңыз.  Жауабы:   км; 3 км/сағ; 12,8 км/сағ.  Қоспалар тобы  №1.  Сироп құрамында 18% қант бар. 40 кг сиропқа қанша килограмм су қосқанда, қанттың мөлшері 15% болады?  №2.  Ылғалдылығы 85% құрайтын 8 кг балғын түймедақ гүлі жиналды. Гүлдер кептірілгеннен кейін олардың ылғалдылығы 20% болды. Кептіргеннен кейін түймедақ гүлінің массасы қандай?  №3.  10 кг салмағы бар мыс пен қалайы қорытпасы 70% калайыдан тұрады. Осы қорытпаға 8 кг мыс қосылды. Қоспадағы қалайының концентрациясы мыстың концентрациясынан үш есе артық болуы үшін қанша килограмм қалайы қосу керек?  Жауабы: 8 кг; 1,5 кг; 26 кг.  Аралас тобы  №1.  Кафеде бірінші күні барлық шырынның   бөлігі сатылды, екінші күні қалғанының   бөлігі сатылды. Егер екінші күні сатылған шырын 60 л болса, барлығы неше литр?  №2.  Математикадан бақылау жұмысында 8 оқушы «5» алды, 18 оқушы «4» алды, 12 оқушы «3» алды және бірнеше оқушы «2» алды. Егер бақылау жұмысы бойынша орташа балл 3,8 болса, онда «2» алған оқушы саны қанша?  №3.  Қабырғалары 20 см, 30 см болатын тік төртбұрыштың ұзындығын 10% - ке арттырып, ал енін 10% -ға кемітсе, онда тік төртбұрыштың ауданы қанша пайызға өзгереді?  Жауабы: 140; 2; 1% кемиді.      Топтар жұмыстарына слайдта көрсетілген дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалау жүргізеді, кемшілік болған жағдайда мұғаліммен пікірлеседі.      Бөлім бойынша жиынтық (ББЖ) бағалау тапсырмалары:  №1. Өрнекті ықшамдаңыз:  a)   .    №2. Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдеңіз:    .    №3.  Катер 5 сағ ағыспен және 6 сағ ағысқа қарсы жүзді. Егер катердің меншікті жылдамдығы   км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы х км/сағ болса:  a) катердің ағыспен жүрген жолын;  b) катердің ағысқа қарсы жүрген жолын;  c) барлық жолды;  d) ағыспен жүрген жолдың ағысқа қарсы жүрген жолға қарағанда қаншаға көп екенін математикалық модель түрінде көрсетіңіз.           |