kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың математикадан алған білімдерін қорытындылау. Танымдық қабілетін, тәлім-тәрбиесін пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өздігінен ізденуге, білімдерін жинақтауға, шапшаңдыққа баулып, логикалық ой-өрісін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық ойыны»

Тақырыбы: « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық ойыны Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың математикадан алған білімдерін қорытындылау. Танымдық қабілетін, тәлім-тәрбиесін пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өздігінен ізденуге, білімдерін жинақтауға, шапшаңдыққа баулып, логикалық ой-өрісін дамыту.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы

2. Бәйге (логикалық есептер)

3. Сөзжасалым

4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)

5. Кім жылдам? (ребус шешу)

6. Есептермен берілген ел тарихы.

7. Шырпымен дұрыс теңдік құр.

8. Сөзжұмбақтар.

9.Математикалық кафе.

10.Қызықты жұмбақтар.

11. Тез есепте.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К. Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М. В. Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

Ортаға  — екі топты шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады екі топ та

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І кезең. Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады)

Ұрандары:

1.Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

2. Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста,

Алғырлықпен аламыз.

ІІ кезең. «Бәйге» 

Халқымыздың атпен өткізілетін неше түрлі жарыстары көптеп саналады. Солардың бірі-ат үстінде әрқандай қашықтықтарға жарысуды бәйге деп атайды. Біздің екінші кезеңіміз бәйге деп аталады. Бұл кезеңде әр топ оқушыларының білімділігі мен жылдамдылығы сыналады.(Әр топ 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)

І топқа:

1. 1/10 санының кері саны? (10)

2. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

3. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

4. Жарты түзу. (сәуле)

5. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

6. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

7. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

8. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең? (0)

9. 50-ді ½-ге бөліп, 3-ті қосқанда қанша шығады? (103)

10. 3/8 бөлшегін 1-ге толықтыру үшін қаншаны қоу керек? (5/8)

ІІ топқа:

1. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

2. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

3. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)

4. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

5. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

6. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

7. Ең үлкен хорда. (диаметр)

8. 35 -тің квадраты (1225)

9.Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.( х)

10. Бірдей санды бірнеше рет

көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау шығады? (дәреже)

ІІІ кезең. «Сөзжасалым»

Геометриялық фигуралардың аттарын табу.

1. апрцетяи -трапеция

2. еңшбре - шеңбер

3. трұбышрөт-төртбұрыш

4. рвадкат - квадрат

IV кезең. Ғажайып алаңы

3----4----5

3----4----5

3----4----5

Жоғарыдағы 5.

Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген адам: Сіздер бір-бірлеріңізге кім боласыздар? –дегенде, қыз былай жауап береді: «Бұл кісінің шешесі менің шешемнің енесі» Сонда олар бір-бірлеріне кім? ( Ер азамат қыздың әкесінің інісі)

Ортадағы 5.

Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік бар. Барлығы неше күшік? (2401)

Төмендегі 5.

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күн жүреді? (9)

Жоғарыдағы 4.

Кеңістікті зерттейтін геометрияның бөлімі. (стереометрия)

Ортадағы 4.

Қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы.(tg)

Төмендегі 4.

Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле. (биссектриса)

Жоғарыдағы 3.

Іргелес катеттің гипотенузаға қатынасы. (cos)

Ортадағы 3.

Дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым. (теорема)

Төмендегі 3.

Барлық қабырғалары тең параллелограмм. (ромб)

V кезең. «Кім жылдам?» (ребус шешу)

Бала тілі-бал.

Ақыл жаста емес, баста.


V кезең. Есептермен берілген ел тарихы

№1. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды . Қазір 2016 жыл . 1991 – 2016 сандарының арасында (осы сандарды қоса ) неше тақ сан бар ? Қандай сандар ? (13)

№ 2. Қазақстан халықтарының саны 16 ,3 млн. адамды құрайды . Қазақтардан басқа ұлттар 43% -ды құрайды . Қазақстандағы қазақтардың санын табу керек. ( 9 ,291 млн )


VI кезең.Шырпымен дұрыс теңдік құр.

Бір шырпыны қозғап 20 санын шығар .

Бір шырпыны қозғап 7 санын шығар.

9+7— ---7 9+12-3----20

VII кезең. Сөзжұмбақ

1 . Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді .

2.Санның жүзден бір бөлігі .

3. Құрамында белгісізі бар теңдік .

4. Минус таңбасы бар сан .

5. Ұзындықтың өлшем бірлігі .

6. Нәрселерді санауға қолданылатын сан .

7. Шексіз сызық .

8. Фигуралардың қабырғасының қосындысы .

9. Шеңберді сызатын құрал .

10. Картадағы өлшемнің жердегі өлшеміне қатынасы.


VIII кезең. Математикалық кафе.

Рагу салатының құрамын тексерейік. Ол үшін мына берілген тапсырманың жауабын табайық. Бірден тапсаңыздар 30 ұпайға ие боласыз. Көмекші жауап үшін 10 ұпай шегеріледі.

1-топ.

а) Бұны орындағың келмесе де орындайсың, оны білмейтін сияқтысың, бірақ оны білгің келсе, лезде таба аласың.

ә) Оның өсімдік сияқты сабағы, тамыры бар ма білмеймін, бірақ онда өсімдікке өте қажеттісі бар. Біреу, немесе одан да көп болуы мүмкін.

б) Кей кезде есептер оның көмегімен шешіледі. Кейбір оқушылар оны шеше алмағандықтан шешкісі келмейді. (теңдеу)

2-топ.

а) Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Ол ғалым оны оқымағандардың өзіне де әйгілі.

ә) Онда біз бала кезімізден білетін бір фигура туралы айтылады. Мектепке келгенде ол туралы кеңінен оқимыз.

в) Одан біз ол фигураның қабырғалары туралы білеміз. Оны дәлелдеу керек.

(Пифагор)


IХ кезең. Қызықты жұмбақтар.

  1. Шар емес, дөңгелек емес

Бірақ осылардың бөлігі

Радиус, диаметрін іздегенде

Онсыз болмайды келісі.(Шеңбер)

  1. Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен.

Бірін-бірі толықтырып,

Бір түзуде жатады екен.(Сыбайлас бұрыштар)

  1. Екі түзу қатар жүріп,

Үшіншісін қияды.

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды?

(сәйкес, тұстас, айқыш бұрыштар)

  1. Шелекке ұқсайтын дене

Біліңдерші сіз қане? (цилиндр)


Х кезең. Тез есепте!


  1. Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма? (24)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (6)


Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Сарапшылар сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды.





Қорытынды: Әділқазылар алқасы қай топтың жеңгенін анықтайды. Жеңімпаз топты атаған соң осы сайыс – сабағына қатысқан оқушыларды марапаттап, көрермендерге рахмет айтып қоштасамыз.

Қатысқандарыңызға көп рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
« Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық ойыны

Автор: Ашимова Гульнур Кусайновна

Дата: 25.01.2017

Номер свидетельства: 383515

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "танымды? ойын "Ж?зден ж?йрік,мы?нан т?лпар" "
    ["seo_title"] => string(46) "tanymdyk-oiyn-zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar"
    ["file_id"] => string(6) "242666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445518019"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Жер?йы?" зияткерлік ойыны "
    ["seo_title"] => string(29) "zhieru-iyk-ziiatkierlik-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "172887"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423895695"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Сайыс 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(13) "saiys-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "178469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424844599"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Сынып дарабозы тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(30) "synyp_darabozy_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "456076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518190878"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "алғыр математиктер"
    ["seo_title"] => string(21) "alg_yr_matiematiktier"
    ["file_id"] => string(6) "358062"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478945686"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства