kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" математикалық танымдық сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтан тыс жұмыс өткізілетін жалпы 9-11 классиар үшін білім сайысының жоспары. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" математикалық танымдық сайыс»

« Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

танымдық – математикалық сайысы

Бұл сайыстың негізгі мақсаты:

  • жас математиктер арасында сыныпаралық, мектепаралық достық қатынастарды дамытуға ықпал жасау;

  • математика пәніне деген қызығушылықтарын дамыту;

  • оқу бағдарламалары мен оқыту тәжірибесінен ақпараттық алмасуға мүмкіндік жасау.

Көрнекіліктер: залды безендіру үшін үлкен пирамидалар , тікбұрышты параллелепипедтер, кубтар, кеңістік фигуралары және солардан құралған геометриялық композициялар, интерактивті тақта, 5 команда отыратын орындар, әділ –қазылар столы, ұпай тақтайшалары, түрлі стикерлер, командалар аты жазылған т.б

Жүргізушілер саны – 2

1 жүргізуші:

Көңілге шырақ жандырған,

Болашақ бір – бір үмітсің

Хош келіпсіздер қонақтар,

Қадамдарыңызға гүл бітсін!

2 – жүргізуші:

Ұшудан бір сәт талмаңдар,

Уақыттан кейін қалмаңдар.

Керуенді ғұмыр күте алмас,

Алдыңда тұрған арман бар!

Ендігі кезекте ойын ретін анықтау үшін жеребе тартуға топ басшыларын ортаға шақырайық.

1 жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер бүгінгі сайысымызды бағалап, сараптайтын әділ – қазыларымызды таныстырайық. (Таныстыру сәті)

2 – жүргізуші:

Айтқан сөзің сөз бола ма?

Тартымды мәні болмаса,

Думанды той той болар ма?

Әдемі әні болмаса, - деп музыкалық номер орындалады.

1 жүргізуші:

«Таныстыру» кезеңі. ( Әр топ өз атын, эмблемасын, формасын қорғау қажет).

2 – жүргізуші:

Қысқалығы өреңнің,

Ойыңменен мың айып

Алғырлығын өреннің,

енді ойында сынайық

Құрметті сайыскерлер келесі кезең «Жылдам сұрақ, тез жауап» деп аталады. Әр командаға жауап беруге 1 минут уақыт беріледі. Шапшаңдық пен алғырлықты талап ететін ойын ережесі : әр командадан 1 ойыншы 1 минутта қанша сұраққа жауап бере алса, сонша ұпай алады. Әділ –қазылар алқасы, есептеу комиссиясы қатаң бақылауда ұстайды.

І топ ойыншысына сұрақтар:

  1. Үш санның көбейтіндісінің мәні олардың қосындысының мәніне тең. Олар қандай сандар? (1,2,3)

  2. Натурал сандардың мына қатарының 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0 қосындысы үлкен бе, жоқ көбейтіндісі үлкен бе? (қосындысы)

  3. Тауда 7 ағаш. Әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік? (2401)

  4. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге , көбейтіндісі 15-ке тең . Олар қандай сандар? ( 5 пен 3)

  5. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (он – 10, жүз -100)

  6. «Фигура» сөзінің мағынасы (түр, кескін, бейне)

  7. Дұрыс тоғызбұрышты кемінде неше төртбұрыштарға бөлуге болады?(4 )

  8. Мектепте оқытылатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы (Евклид)

  9. Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей – ақ қойсын деген кімнің сөзі? (Платон)

  10. «Ноль» сөзі қай елден шыққан? Мағынасын түсіндір(латын, мисса – ешқандай, ештеңе емес)

ІІ топ ойыншысына сұрақтар:

  1. Дәурен командасындағы тізім бойынша алдынан 25 –ші және артынан 25-ші болса тізімде қанша адам бар?(49 адам бар)

  2. Килосы 320 тг тұратын сары майдың 450 гр алған адам қанша тг төлеу керек?(144тг)

  3. Бүгін жексенбі, 45 күннен кейін аптаның қай күні болады? (сәрсенбі)

  4. Екі санның арифметикалық орташасы 12-ге тең. Егер сандардың бірі 15-ке тең болса, екіншісі неге тең? (9-ға тең)

  5. Көбейтудің нәтижесі (көбейтінді)

  6. Көпмүшенің қалыпты түрі(стандарт)

  7. Бір газеттің ортасынан алынған екі беттің оң жағында 4 бет, сол жағында 9-бет деп жазылған . Газет неше беттен тұратын болғаны(12)

  8. Дүкенде көлемі екі түрлі алма бар. Кіші алманың біреуі 120 г, үлкені – 200г. Осы дүкеннен 1кг алма алған адам ең көп қанша дана алма алуы мүмкін?(7)

  9. Ең алғаш әйел математик? ( С.Ковалевская)

  10. Екі нүктені қосатын түзудің бөлігі (кесінді)

ІІІ топ ойыншысына сұрақтар:

  1. Үшбұрыштың бір бұрышы доғал, қалған бұрыштары ше?( сүйір)

  2. Жүздің бір бөлігі (пайыз)

  3. Бұрышты қақ бөлетін сәуле ... (биссектриса)

  4. Үшбұрышта қанша медиана жүргізуге болады? (үш)

  5. Бірнеше үйректер ұшып келеді. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі алдында, біреуі артында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз – қатар. Қанша үйрек ұшып келеді? (3 үйрек)

  6. Натурал санның мағынасы қандай?( табиғи сан)

  7. Өзінің екі еселенген цифрларының қосындысына тең болатын барлық бүтін сандарды табыңыз. (0,18)

  8. Мемлекетке кез келген екеуі әуе жолымен қосылған 7 қала бар. Осы мемлекетте неше әуе жолы бар? (21 әуе жолы бар?)

  9. а натурал санын 1-ге арттырғанда оның квадраты 1001 –ге артты. а – ның мәні нешеге тең? (500-ге тең)

  10. күн сайын 1 минут алға жүретін болса, сағат қанша жылдан кейін қалыпты уақытты көрсететін болады? (1 жыл ==60 күн)



ІV топ ойыншысына сұрақтар:

  1. -тің -і 6-ға тең болатын санды ата (30)

  2. Екі таңбалы санға 5- ті қосқанда 5-ке бөлінетін сан шығады. Осы санның бірінші орындағы цифрынан 3 – ті азайтқанда 3-ке еселік сан шығады. Осы санды 2-ге бөлгенде, тағы да 2-ге еселік сан шығады. Ол қандай сан? ( алынған сан 5-ке, 3-ке, және 4-ке еселік болуы керек. Екі таңбалы сандардың ішінде ондай сан – 60)

  3. Ұзындығы 135 см сымды бір бөлігі екінші бөлігінен екі есе үлкен етіп, екі бөлікке бөлінген. Әр бөліктің ұзындығын тап. (45см, 90 см)

  4. Сыбайлас бұрыштардың қосындысын тап( 1800 )

  5. Тікбұрышты үшбұрышта қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы қалай аталады? (бұрыштың синусына тең)

  6. Бағытталған кесінді?(вектор)

  7. Тікбұрышты үшбұрышта 300 –қа қарсы жатқан катет неге тең? (гипотенузаның жартысына тең)

  8. Қандай үшбұрышта биіктіктері бір төбеде қиылысады? (тік бұрышты үшбұрышта)

  9. Егер үшбұрыштың қабырғалары 6,8,10 болса, олар тік бұрышты үшбұрыш бола ала ма? (бола алады)

  10. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбандық шалған кім? (Пифагор)



V топ ойыншысына сұрақтар:

  1. Топтау тәсілі қайда қоланылады?( көбейткіштерді жіктеуде)

  2. Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі (дөңгелек)

  3. Үшбұрышта қанша биіктік жүргізуге болады? (үш)

  4. Параллель түзулер дегеніміз ... (қиылыспайтын, бір жазықтықта жататын түузулер)

  5. 7 сыныпта - сызықтық, 8 сыныпта – квадраттық, 9 сыныпта – тригонометриялық ... (теңдеулер)

  6. Бірмүшелер қосындысы - ... (көпмүше)

  7. Параллель түзулер бойында жататын кесінділер ... (параллель кесінділер)

  8. Шеңбер ұзындығының оның диаметрінің ұзындығна қатынасы ... ()

  9. Алымы бөлімінен кем болатын жай бөлшектер (дұрыс бөлшектер)

  10. Жай сандарды іздеу тәсіліне деп аталады? (Эратосфен елегі)



Қосымша сұрақтар:

  1. Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей ақ қойсын деген кімнің сөзі? (Платон)

  2. «Арифметика дегеніміз бұл математика негізі». Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)

  3. Ең алғаш алгебра оқулығын жазған адамның кім, қайда ,қашан дүниеге келген? (Әл – Хорезми, ол Орта Азияның Үргеніш қаласында дүниеге келген)

  4. Бірінші рет «+», «-» таңбаларын қай ғасырда, қай ел математиктері қолданған? (16 ғасырда неміс алгебраистері еңбектерінде кездеседі)

  5. Арифметикалық амал таңбалары бұрын шықты ма, жоқ амал таңбалары бұрын шықты ма? ( арифметикалық амал таңбалары ( таңбалар болмаған кезде ұзақ сөзбен жазылып орындалды)

  6. Вектор терминін енгізген кім? (ағылшын математигі Уильям Гамильтон)

  7. Ең алғаш әйел математик? (С.Ковалевская)

  8. «Эврика» сөзінің «авторы» кім? (Архимед)

  9. «ноль» қандай елден шыққан? Мағынасы нені білдіреді? ( латын, мисса – ешқандай, ештеңе емес)

  10. Мектепте оқылатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы кім? (Евклид)

  11. Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген математик ғалым ... (Г.Лейбниц)

  12. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі , әрі физигі? (Рене Декарт)

  13. «қосу» және «азайту» таңбаларын енгізген кімдер ? (Я.Видман, Леонардо да Винчи)



І жүргізуші:

Оқу білім жоқ тегін,

Шығып ақ тер, көк терің

Талмай шарлап іздейсің

Табылғанша көктегің -

дей келе келесі кезең «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысымызды бастайық.

Біраз уақытымызды жаттығуға арнадық, енді «тарихын білмейтін ел жоқ» математика ғылымы да мәңгілік, сондықтан өздеріңізге «керемет ғалымдар» айдарымен әр командаға тапсырма беріледі. Тапсырма жасыл конвертке салынған. Тапсырманы орындауға 2 минут уақыт бөлініп отыр. Осы уақыт ішінде жауабы дайын командалар жауабын жазып, өз командасының конвертіне салып, тез арада әділ –қазылар алқасына тапсыруы тиіс. Үлгермеген жағдайда, жұмыстарын тоқтатып, бар жұмысты тапсырады)



І. «Керемет ғалымдар»

1. Координаталық жүйеде бірінші дәрежелі айнымалысы бар теңдеулер жазықтықта түзу сызықпен берілетінін анықтап, теңдеуді жазықтықтағы қисықтармен байланыстырған ғылым. Ол енгізген символика әлі күнге дейін қолданылып келеді. Ол қандай символика және символиканы енгізген кім? ( Жауабы: (x,y,z) Р.Декарт)

2. Гректің Самос аралында біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда дүниеге келген ғалым. Философтар қоғамын құрғанға дейін көп саяхаттап, ғылыммен оның ішінде әсіресе математикамен айналысқан. Ол кім және оның атақты тоеремасын тұжырымдап аяқтаңыздар. Теорема: тік бұрышты үшбұрыш катеттерінде салынған квадраттардың аудандарының қосындысы ... ?( Жауабы: гипотенузасына салынған квадраттардың ауданына тең: Пифагор)

3. Бейне сұрақ: Евклид шешкен алдыңғы пропорционалдық қатынас құру есебіне Батыс Еуропадағы «қайта өрлеу»(ренессанс) дәуірінің ойшылдары мен өнертапқыштары айрықша көңіл аударған. Осы бейне суретке қарап, атауыш сөзді ғылымға кім енгізген және қалай деп аталады? (Жауабы: Фибоначи, алтын спираль)



4. Грецияда геометрия содан басталған деседі. Ол кіші Азияның Иондық жағалауындағы Милет қаласында туылған. Осы геометр- математиктің атын атап және оның теоремасын тұжырымдап беріңіз. (әрбір оқушы оның теоремасын жақсы білер деген пікірдеміз) (Жауабы: Фалес; Диаметр дөңгелекті екіге бөледі, вертикаль бұрыштар тең)

5. Нумерацияны тәртіпке келтіріп, арифметикаға сандардың кластары мен разрядтарын енгізген. Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын есептеудің ғылыми әдісін ашқан.Кеңістік геометриясындағы дөңгелек денелердің қасиеттерін зерттеп, олардың беттері мен көлемдері туралы теоремаларды тұжырымдаған математик, ғалымды атаңыз.

(жауабы: Архимед)



2- жүргізуші:

Келесі кезеңіміз «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Орындалуына 3 минут уақыт бөлінеді. Бұл айдарда әр командаға логикалық есептер бойынша тапсырмалар беріледі(алқызыл конверт). Жауап уақытбіткен кезде конвертке салынып, әділ – қазылар алқасына тапсырылады.



ІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

  1. Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жылдық жұмыс ақысы үшін 1 ат және 10 000 тг алуы керек болатын, бірақ ол 7 айдан кейін жұмыс істегісі келмей, жұмыстан кетеді. Жалақыға ол өзімен 1 ат және 2000 тг алып кетеді. Бір аттың құны қанша?



Шешуі: бір аттың құнын х деп алсақ,

=

7x + 70000=12x + 24000

5x = 46000

X= 9200

Жауабы: бір аттың құны 9200 теңге болады.

  1. Бір кісіден қанша жаста екенін сұрағанда ол былай деп жауап береді: «егер мен тағы да қазіргі жасымның жартысын, үштен бірін және төрттен бірін өмір сүрсем 100 жасқа келген болар едім». Адам қанша жаста болғаны ?

Шешуі: Адамның жасын х деп алайық, сонда x + x + x + x =100

= 100 , 25x = 1200, X = 48

Жауабы: адамның жасы 48-де

  1. Су жас таңқұрайдың 90% -ін, ал кептірілген таңқұрайдың 30%-ін құрайды. 10 кг таңқұрайды кептіргеннен кейін, оның салмағы нешеге тең?

Шешуі: кеуіп кеткен судың салмағын х деп алсақ,

10 – 10*90 % =(10 – x) – (10 – x)*30%

10 – 10 * 0,9 = 10 – x – 10*0,3 + x*0,3

0,7x = 6 , x= , 10 - = =



Жауабы: 10 кг таңқұрайды кептіргеннен кейін, оның салмағы кг-ға тең.

  1. Егер белгілі санақ жүйесінде 5*6 = 33 болса, онда 100 саны қандай сандардың көбейтіндісі болады?

Шешуі: 33 = 3x + 3

3x + 3 = 5*6

3x = 27

X = 9

Жауабы: 100 = 10*9

  1. Бір дәулетті адам кедейлерге көмектескісі келіп, оларға ақша таратады. Егер тағы да 8 динары болғанда, ол әрбір кедейге 3 динардан берген болар еді. Бірақ ол әрқайсысына 2 динардан ғана бере алады. Ал, қолында 3 динар қалады. Барлығы қанша кедей бар еді?

Шешуі: 2x + 3 = y

3x – 8 = y теңдеулер жүйесін құруға болады.

Нәтижесінде x = 11, y = 25

Жауабы: барлығы 11 кедей бар.



1-ші жүргізуші:

Келесі айдарымыз «Ойлан, тап» деп аталады.(3 мин) Бұл айларда командалар 3 минут ішінде конверттегі оқу материалы бойынша берілген тапсырмаларды орындау керек (қызыл конверт). Жауаптарыңызды өз командаларыңыздың аты жазылған параққа жазып, конверт ішіне салып, әділ қазылар алқасына тапсырасыздар.



«Ойлан, тап» тақырыбына берілген есептер

  1. Өрнекті ықшамдаңдар: ) * ()

  2. Функцияның туындысын тап: f (x) = cos3 + ctg (), f '() - ?



Осы уақыт аралығында өз командаларына көмек қолын созатын жанкуйерлерге жұмбақтар жасырамыз. Бұл ұпайлар команда есебіне кіретінін ескертеміз.



Жанкуйерлерге жұмбақтар

  1. Біз санбыз

Сызықпыз бөлінбеген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық болып көрінген

Дұрыс, бұрыс аралас

ондық болып бөлінген (Бөлшек сандар)

  1. Математикалық таңба ол

Білімің болса ашасың

Теріс сан болса астында

Мағынасы жоқ деп қашасың (квадрат түбір)

  1. Санға, қосып алсаң

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады.

Көп адамдар сол санға,

Шекесінен қараған.

Сан өсін қақ бөлуге,

Сол санымыз жараған ( «0» саны)

  1. Квадраттап қоссаң,

Жауабын тоссаң,

Бірге ғана тең боламыз

Әйтпесе ылғи,

Басымызды шұлғи

-1 ден артық

1 –ден кем боламыз.

Ойланып көрші,

Жауабын берші,

Қай функциялар боламыз? («синус», «косинус»)

  1. Берілген нүктеден бірдей

Қашықтықта жатқан,

Нүктелердің жиыны.

Геометриялық фигура

Болғанымен,

Ауданы жоқ қиыны (Шеңбер)

Келесі тапсырмамыз «Математикалық мозайка» яғни басқатырмалардан тұрады(көк конверт). Уақытты әділ қазылар тағайындайды.

  1. Көрсетілген фигураның әрбір дөңгелекшесіне 1- ден 12 –ге дейінгі сандарды қойғанда әр түзудің бойындағы 4 санның қосындысы 26- ға тең болуы керек.



































  1. Жұлдызша периметрі бойымен орналасқан ұяшаларға 1- ден 10 –ға дейінгі сандарды кез келген көршілес екі ұяшадағы сандардың қосындысы 3-ке де, 5-ке де, 7-ге де бөлінбейтіндей орналастырыңдар.












  2. Кескінделген фигураның әрбір дөңгелекшесіне 1-ден 9-ға дейінгі сандарды қойғанда әр түзудің бойындағы 3 санның қосындысы 15-ке тең болуы керек.




















4. Әр квадраттың қабырғаларындағы сандардың қосындысы және квадраттың төбелеріндегі сандардың қосындысы да 34-ке тең болатындай етіп, 1-ден 16-ға дейінгі сандарды дөңгелектерге орналастыр.
















1-ші жүргізуші:

Шатаспасаң болғаны,

Жеңістің саған қонғаны.

Толқуды таста,

Ал қане баста! – дей келе капитандар сайысын бастайық.



Капитандар сайысы

Бұл сайысқа кіріспестен бұрын танграм ойынының тарихына тоқталайық. Танграм ойыны Қытайдан шыққан. Қытайша чи чао ту деген сөз. Жеті бөліктен тұратын басқатырма Европада (тань – қытай, грамма – грек тілінен аударғанда әріп дегенді білдіретін болғандықтан) танграм аталып кеткен. Әр бір топ капитанына осы танграм ойынына керекті жеті бөліктен тұратын квадратты құрайтын фигуралар беріледі. Сол бөліктерді пайдалана отырып сурет тапсырмадағы бейнені 1 минут ішінде құрап шығуларың керек.(сары конверт әр ойыншы столында жатыр, тапсырмадағы бейнелер бірін бірі қайталамайды).















































2-ші жүргізуші: құрметті көрермендер, ендігі тамашалайтындарыңыз 5 «ә» сынып оқушылары Құмар Аяулы, Али Элнара, Жетпысбек Ақнұрдың орындауында « Мерекем» әнін қабыл алыңыздар.

1-ші жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін келесі сөз кезегін әдәл қазылар алқасына береміз.

2-ші жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға қатысып білімдеріңізді көрсетіп, ат салысқандарыңыз үшін рахмет айтамыз. Осы сайысымызды қорытындылай отырып, кезекті 7 «Б» сынып оқушысы Сулейменов Алишердің орындауында «Атамекен» әнін тамашалаңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" математикалық танымдық сайыс

Автор: Егенбердиева Салтанат Ахановна

Дата: 24.05.2017

Номер свидетельства: 418324

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар"
    ["seo_title"] => string(28) "zhuzdienzhuirikmynnantulpar2"
    ["file_id"] => string(6) "322344"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461572539"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""?аза? ханды?ы биыл 550 жыл" "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-khandyg-y-biyl-550-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "236603"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444124430"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Презентация ?аза? ханды?ына 550 жыл "
    ["seo_title"] => string(43) "priezientatsiia-k-azak-khandyg-yna-550-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "236613"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1444126014"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства