Просмотр содержимого документа
«Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар»
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін тексеру. Танымдық қабілетін, логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіру. Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз!
ІІ- кезең нәтижесі бойынша ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
ІІІ.
«Жұмбақтар әлемі».
Әр оқушыға 2 жұмбақ жасырылады.
10
IV.
«Сандар әлемі».
Математикалық есеп, логикалық сұрақтар беріледі.
5
ІV-кезең нәтижесі бойынша ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
V.
«Ойлы болсаң, озып көр».
Логикалық сұрақтар қойылады.
5
V-кезең нәтижесі бойынша ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
VI.
«Мақал – сөздің мәйегі».
Әр оқушы мақалдың жалғасын табу керек.
5
VІ-кезең нәтижесі бойынша жарыс жекімпазы анықталады.
Көңілді тапқырлар, білгіштер Бар өнерін алдарыңа салады. Кім білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады – деп, қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
I-кезең. «Жорға»
1-оқушыға: 1. ҚР Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев) 2. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров) 3. Жыл мезгілдерін ретімен ата. (Қыс, көктем, жаз, күз)
2-оқушыға: 1. Мысықтың неше аяғы бар? (4) 2. Мал жайылатын орын? (Өріс) 3. Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
3-оқушыға: 1. Сөйлем неден құралады? (Сөзден) 2. ҚР рәміздерін ата (Гимн, Ту, Елтаңба) 3. Күз айларын ата (Қыркүйек, қазан, қараша)
5-оқушыға: 1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42) 2. Ауаның температурасын өлшейтін құрал? (Термометр) 3. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
6-оқушыға: 1. Мемлекеттік Туда қандай құс бейнеленген? (Қыран) 2. Ғарышкерлер киімі қалай аталады? (Скафандр) 3. Адамның бір қолында неше саусақ бар? (5)
7-оқушыға: 1. Жылқының сүті? (Қымыз) 2. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (Кісі, жер-су аттары) 3. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (Дауысты және дауыссыз)
8-оқушыға: 1. Бір таңбалы сандарды ата. (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9) 2. Шөлге шыдамды жануар? (Түйе) 3. Алфавиттегі таңбаларды ата (ь,ъ)
Қазылар алқасы әр оқушының тиесілі ұпай санын жариялайды!
ІІ-кезең. «Ойлан, тап!». Сегіз конверт қойылады. 1) Оқушылар конвертте қиылған суреттерді құрастырады. 2) Сол заттың атын қағазға жазады. 3) Дыбыстық талдау жасайды.
Қазылар алқасы әр оқушының тиесілі ұпай санын жариялайды!
ІІІ-кезең.«Жұмбақтар әлемі». Әр оқушыға 1 жұмбақтан жасырылады.
1) Мұртын сипап күн бойы, Бетін сусыз жуады. Тырсылды аңдып күн бойы, Тышқанды көп қуады. (мысық)
2) Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса, аттама (кітап)
3) Аяғы бар жүрмейді, Аузы бар күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ )
4) Айдалада ақ отау, Аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа )
5) Әрі қызыл, әрі тәтті, Жеген жанды таңырқатты. (алма )
6) Қаймықпайды күштi аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (пiл)
Бәйге деген - жүйріктердің жарысы, Жүйріксіңдер сендер осы сайыста. Жүйрік озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста – дей отырып, ІІІ-кезеңнің нәтижесін білсек!
Қазылар алқасы әр оқушының тиесілі ұпай санын жариялайды!
Математика сырлары Қызықтырды біздерді. Білімді болсаң шығып көр, Алға шығып, озып көр.
IV-кезең. «Сандар әлемі»
Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі. Дұрыс жауап-1 ұпайдан
6+3= 3+7= 3+4= 5-2= 7-2= 10-6= 4+3= 10-4= 5+2=
Қазылар алқасы әр оқушының тиесілі ұпай санын жариялайды!
V-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр!» 1. 1 кг. мақта ауыр ма, 1кг. темір ауыр ма? (Бірдей) 2. Анаңның әкесі саған кім болады? (Нағашы ата)
3. Суда қандай тас жоқ? (Құрғақ) 4. Жердің қақ ортасында не бар? (Е әрпі)
Тауды биік деме сен, Талаптансаң, шығарсың. Қарсылас мықты деме сен, Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Қазылар алқасы жарыс женімпазын жариялайды!
Қорытынды: Жарыс қорытындысы бойынша дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.