kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математикалық интелектуальды сайыс сабақ барысында сыныптар үш топқа бөлініп көптегке математикалық деректермен сайысқа түседі. "Көкпар"ойыны, логикалық есептер мен қазақтың көне есептері өте тартымды құрастырылған. Математикалық сөздіктермен жұмбақтар шешу өздігінен орын алады 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

математикалық-танымдық интеллектуалдық сайысы


Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды шығармашылдыққа, тапқырлыққа, шапшандыққа, ізденімпаздыққа, ұжымдық ауыз біршілікке, тәрбиелеу.


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математика көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.

Мұғалім: Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық

Ашық жарқын жүзді

Әділқазылар біздің,

Әділ баға берерге,

Шақырайық біз төрге.

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер –деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Төрағасы:

Мүшелері:

Мұғалім: Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс жеті кезеннен тұрады. Таныстыру, бәйге, көкпар, ғажайып жетілік, тіл-өнер, жорға және математикалық жекпе-жек.


І ТАНЫСТЫРУ

1 – топ. «Трапеция» тобы (11-сынып оқушылары)

2 – топ. «Квадрат» тобы (10-сынып оқушылары)

2 – топ. «Үшбұрыштар» тобы (9-сынып оқушылары)


Мұғалім: Қарап тұрмай бәйгеге ерініз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.



ІІ БӘЙГЕ

Трапеция тобының сұрақтары:

1. Пропорция дегеніміз не? (екі қатынастың теңдігі)

2. Сүйір бұрыш дегеніміз не? (900-тан кіші бұрыш)

3. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан? (0 саны)

4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура? (бұрыш)

5. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғаның аты? (гипотенуза)


Квадрат тобының сұрақтары:

1. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле қалай аталады? (Биссектриса)

2. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу? (Жанама)

3. Бүтін сандар жиынына қандай сандар жиыны жатады? (0 саны, натурал сандар жиыны, қарама-қарсы сандар жиыны)

4. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (Параллель)

5. 180°-қа тең бұрыш қалай аталады? (Жазыңқы)


Үшбұрыш тобының сұрақтары:

1. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (Диогональ)

2. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (Радиус)

3. 120°-қа тең бұрыш қалай аталады? (Доғал)

4. Қарама-қарсы санның қосындысы неге тең? (0-ге тең)

5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (90°)


Мұғалім: Ең қиыны жарыстың «Көкпар» келді

Мықтыларды қалыпты жеңсің енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.


ІІІ КӨКПАР

ТҰЛҒАЛАР. 20 30 40 50

ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ. 20 30 40 50

МАТЕМАТИКАЛЫҚ СӨЗДІК. 20 30 40 50

ЕҢ, ЕҢ… 20 30 40 50

ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР. 20 30 40 50


ТҰЛҒАЛАР

20. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған. Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)

30. Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950ж. ж. өмір сүрген ғалым. (әл-Фараби)

40. «Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы» сөзінің авторы кім? ( Гаусс)

50. Тұнғыш қазақ геологы, Қазақ ССР ҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі.қазақ тіліндегі тұнғыш алгебра оқулығының авторы.

(Қ. Сатбаев)


ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ.

20. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады. (Бір пұт)

30. Екі қыстақтың арасы10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)

40. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады. (Төрттен бірін)

50. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың – деді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, – деді

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, – дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

- Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, – дейді мұнайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? ( 4, 8 18 )


МАТЕМАТИКАЛЫҚ СӨЗДІК.

20. Квадрат ….. (Шаршы)

30. Куб ….. (Текше)

40. Дискриминант ….. (Айқындауыш)

50. Биссектриса ….. (Жарма)


ЕҢ, ЕҢ…

20. Ең кіші жай сан. 2

30. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

40. Ең алғашқы математик әйел. С. Кавалевская

50. Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім? Р. Декарт



ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР.


20. Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр. әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)

30. Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз? (Сірінкені)

40. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (Екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті)

50. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 ата, 2 әке, 4 баласы)


1-жүргізуші: Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен белгілеген.

Мұғалім: Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек.

1-жүргізуші: Ай туып жеті күннен кейін жартылай толып, тағы жеті күннен кейін түгел толып, одан кейінгі жеті күннен кейін жарты болып. Ал келесі жеті күннен кейін аспанда тек қана жұлдыздар қалады. Содан 4 аптадан, әр

апта жеті күннен «ай» деген ұғым пайда болды.

Мұғалім:

«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін»- деп ойнымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.


ІV ЖЕТІ ЖҰМБАҚ.

1. Күшіне сенген бір мықты

Жығып салып сегізді. (Шексіздік)

2. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (Дәреже)

3. Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)

4. Айналған шешу құралына,

Төрт саны араласқан құрамына.

«Теңдеудің түбірлері нешеу?» – деген

Қандай сан жауап береді сұрағыма. (Дискриминант)

5. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасын сен оны (Квадрат түбір)

6 . Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай (Натурал сан)

7. 12 бұтағы бар алып емен.

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7- ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (Жыл , 12 ай, 52 апта, 7 күн)


Мұғалім: Ал енді «Тіл өнер» деп аталатын бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде оқушылардың ойының жүйріктігін және қазақ, орыс, ағылшын тіліне

жүйріктігін тексереміз. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай, әр аудармаға 10

ұпайдан беріледі.


V ТІЛ ӨНЕР.

1. Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді. (сегіз, восемь,eight)


2. 100 мүізі бар

Үстінде киізі бар. (Киіз үй, юрта,yurta)


3. Бір үйде тұрады екен елу батыр,

Үй сыртына сүйкенсең ақ өліп жатыр (сірінке, спички,matсh)


4. Елуді екіден бірге бөліп, алтыны қосқандағы нәтижесі қандай?

(жүз алты, сто шесть, one hundred and six)


5. Мың кісіге бір белбеу. (Сыпырғыш, веник,broom)


6. 121 қай санның квадраты? (он бір, одиннадцать, eleven)


Мұғалім: Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын

-дей отырып сайысымыздың келесі кезеңі «Жорға» бөліміне көшейік.

Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұрақтарға тез, әрі нақты жауап

берулеріңіз керек. Бір минут ішінде қанша сұрақ тындап, нешеуіне дұрыс

жауап беру сіздің шапшаңдығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауап 10

ұпай.


VI ЖОРҒА

А- нұсқасы

1. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан. (қарама қарсы сан)

2. Нолден үлкен сандар. (оң сандар)

3. Қарама қарсы сандардың қосындысы. (нол)

4. 9-ға кері сан. (тоғыздан бір)

5. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

7. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. (аксиома)

8. cos0° –та неге тең. (бірге)

9. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (360°)

10. Бір жазықтықта жатпайтын түзулер. (айқас)

11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (нол)

12. a²+b²=c² кімнің теоремасы. (Пифагор)

13. 75% санның қандай бөлігі. ( ¾ )

14. бестің квадраты. (25)

15. 11 жай сан ба? (ия)


Ә- нұсқасы

1. Бір нәрселерді санау үшін қажет сандар. (натурал сан)

2. Нолден кіші сандар. (теріс сандар)

3. Кері сандардыңкөбейтіндісі. (бір)

4. Жарты түзу. (сәуле)

5. 9-ға қарама қарсы сан. (- 9 )

6. Бағытталған кесінді. (вектор)

7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. (теорема)

8. tg45°-та неге тең. (бірге)

9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180°)

10. Қиылыспайтын түзулер. (параллель түзулер)

11. ax4+bx2+c=0 қандай теңдеу? (биквадрат теңдеу)

12. sin²α+cos²α неге тең? (бірге)

13. 100 санының ¼ бөлігі неше? (25)

14. Тоғыздың квадраты. (81)

15. 13 құрама сан ба? (жоқ)


Б- нұсқасы

1. Жетінің квадраты (49)

2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

3. Пифагор теоремасы. (a²+b²=c²)

4. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр түзулер)

5. ax²+bx+c=0 қандай теңдеу. (квадрат теңдеу)

6. Кесінді деген ке? (екі нүкте арасындағы түзу)

7. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)

8. sin0°-та неге тең. (нол)

9. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

10. Екі қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі үшбұрыш)

11. Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес теңсіздіктер)

12. tgx·ctgx неге тең. (бірге)

13. 100 санының ¾ бөлігі неше? (75)

14. Үштің кубы. (27)

15. 15 жай сан ба? (жоқ)


Мұғалім: Сонымен сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Математикалық жекпе жек» бөліміне көшейік.

Мұғалім: Бұл бөлімде әр топ белгілі бір ұяшықты таңдайды. Ол ұяшықта жасырылған санға байланысты ұлағатты ұғымдарды айтады. Әр айтылған ұлағатты ұғымдарға 10 ұпайдан беріледі.


1-жүргізуші: Қытайдың көне «Же-ким» деген кітабында қасиетті тасбақа туралы аңыз бар. 4000 жыл бұрын император Ню өзен бойынан қасиетті тасбақаны көрген. Оның арқасында ақ және қара дөңгелектерден құрастырылған сурет бар. Әр фигураны дөңгелектер санына қарай сандармен ауыстырса кесте шығады.Кестенің ішіндегі сандарды қалай қоссаңда 15 шығады. Қытайлықтар бұл суретті ло-шу деп қасиетті таңба ретінде маги квадрат деп атаған.

1 2 3 4 9 2

4 5 6 3 5 7

7 8 9 8 1 6


Мұғалім: Қанып сандар сырына,

Шықсақ білім шыңына.

Деп алаулап жүрегі

Қосқан әуен жырына,

Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қортындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.


Мұғалім: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді,

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.


1-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділ-қазы, көрермен сау тұрындар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.


Мұғалім: Осымен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Автор: Зылгарина Злиха Бегаевна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387355

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар" сайыс саба? "
    ["seo_title"] => string(44) "zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "176799"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424494508"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) ""Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" спорттық сайыс"
    ["seo_title"] => string(47) "zhuzdien_zhuirik_myn_nan_tu_lpar_sporttyk_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "457827"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518777564"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ж?зден ж?йрік мы?нан т?лпар  зияткерлік ойын "
    ["seo_title"] => string(50) "zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar-ziiatkierlik-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "204633"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429701756"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»"
    ["seo_title"] => string(34) "zhuzdien_zhuirik_myn_nan_tu_lpar_3"
    ["file_id"] => string(6) "432530"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508087670"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар" презентации"
    ["seo_title"] => string(47) "zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar-priezientatsii"
    ["file_id"] => string(6) "265764"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1450021560"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства