Ойын шарты. М?нда ?р топ?а 8 с?ра? беріледі.Бір минут ішінде ?анша с?ра??а жауап берсе, сонша ?пай беріледі. Математикада ?олданылатын терминдерді ?айталау ма?сатында берілген с?ра?тар бар. Уа?ыт, бірлік, ?зынды?, салма? ?лшем бірліктерін ж?не оларды? арасында?ы байланысты ме?геру ?шін с?ра?тар алынады.
1-топ?а с?ра?тар. (?р жауап 1 ?пай)
1 метр 1 дециметрден неше сантиметр арты?? (90 см)
Просмотр содержимого документа
«Математикалы? блиц »
«Көңілді тапқырлар» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен
тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау және балалардың
ой -өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: сиқырлы шаршылар, домино, таратпа материалдар, плакатқа жазылған сандар
Сабақтың жоспары: 1. Блиц турнир
2. Математикалық домино
3. Жүйрік болсаң озып көр
4. Кім жылдам!
5. Сиқырлы шаршылар
6. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
Блиц – турнир
Ойын шарты. Мұнда әр топқа 8 сұрақ беріледі.Бір минут ішінде қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі. Математикада қолданылатын терминдерді қайталау мақсатында берілген сұрақтар бар. Уақыт, бірлік, ұзындық, салмақ өлшем бірліктерін және олардың арасындағы байланысты меңгеру үшін сұрақтар алынады.
1-топқа сұрақтар. (әр жауап 1 ұпай)
1 метр 1 дециметрден неше сантиметр артық? (90 см)
1 минут 1 сағаттан неше минут кем? (59 минут)
50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5 баланың)
«Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағат 43 минут)
Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 кг)
Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан бар? (5)
Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңалы санды ата. (11,20)
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдықтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8-ші)
2-топқа сұрақтар.
Бір сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем? (23 сағат)
бір тоннада неше кг бар? (1000 кг)
Барыс бір секіргенде 288 см ұзындыққа секіреді. Неше метр, неше дециметр, неше см? (2 м 8 дм 8 см)
Кит 250000 кг. Ол неше тонна? (250 тонна)
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкінбе? (Жоқ)
Ат жұбы 5 км жүгіріп өтті. Аттың біреуі неше км жол жүгіріп өтті? (5 км)
4 және 5 сандарымен жазылатын барлық 2 таңбалы сандарды ата.
(44, 45, 54, 55)
Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр? (4)
3 – топқа сұрақтар.
1.5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.
2. бөлмеде төрт бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр. Әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар?
3. Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен шырағы қатар тұрса, бірінші қайсысын тұтатар едіңіз?
4. Жыл он екі айдың ішінде 30және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
5. 1кг тас ауырма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?
6. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады? (5күнде)
7.Сыйымдылығы 5л және 3л екі ыдысты пайдаланып, 4л суды қалай алуға болады?
8. Егер түнгі сағат 12-де күн жауып тұрса, онда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? (84сағат 3,5 сөтке, тал түс ашық күнді көруге болады)
Математикалық домино.
Ойын шарты: Бір бет қағаздың бір жағына сан, екінші жағына санды өрнек жазылады. Әрбір оқушыға бір – бірден домино беттері таратылып беріледі. Бастаушы шығып, доминоның бірінші тасын қояды, санды өрнегі бар оқушы жалғастырады. Осылай ойын жалғасады. Кестеден тыс көбейту, бөлу кестесін қайталау мақсатында орындалады. Ауызша көбейту және бөлу дағдылары қалыптасады.
1 топ. (әр жауап 1 ұпай)
140
22*5
52
100/4
110
88/11
25
20*7
2
(8+18)*2
2 топ.
64
120/6
20
(10+15)*10
250
50/25
2
10*13
130
8*8
3 топ.
50
150/5
81
(12+3)*3
30
300/6
45
21*3
63
9*9
Жүйрік болсаң озып көр. (әр жауап 1 ұпай)
Бұл турда оқушыларға әр сұрақтың тұсына өзіне тиісті жауапты қойып шығу керек.
1-топтың тапсырмасы.
1 кг да қанша грамм? (1000 г)
Үшбұрыштың төбесі , бұрышы және .... болады. (қабырғасы)
Азайту амалының нәтижесі 80-20 (60)
7-ге кері сан. (1/7)
7 күн – 1.... (апта)
Ең үздік баға (5)
24 сағат – 1...... (тәулік)
Қосу және азайту ..... (амалы)
Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы (есеп)
Мектептегі оқушы жиһазы (парта)
2 – топтың тапсымасы.
Уақыт бірлігі. (сағат)
1 минутта неше секунд (60 секунд)
Минут, сағат, тәулік (уақыт)
Грамм, килограмм (салмақ)
Азайту амалының нәтижесі 70-10 (60)
Ең жаман баға (2)
12-ге кері сан (1/12)
1 апта – 7.... (күн)
Үшбұрыштың қабырғасы , бұрышы және .... болады. (төбесі)
24 сағат – 1 .... (тәулік)
3 – топтың тапсырмасы.
1. Берілген шаманың 1/100 бөлігі? (процент)
2. 9-ға кері сан (1/9)
3. 14 санының бөлгіштері? (1,2,7,14)
4. 100- 60 (40)
5. 1 сағат ....... (60 минут)
6. Жақсы баға (4)
7. Үшбұрыштың қабырғасы , төбесі және .... болады. (бұрышы)
8.1 км де неше метр? (1000)
9. 24 сағат – 1 ..... (тәулік)
10. Мектептегі оқушы жиһазы (парта)
4. Кім жылдам! (карточка)
Оқушыларға карточкада жазылған есептер беріледі. Есепті кім бірінші және дұрыс шығарса, 5 ұпайды сол топ иеленеді.
1. 240 санының төрттен бірінің жартысының үштен екісі неге тең?
240*1/4*1/2*2/3=20
2. 360 санының төрттен бірінің жартысының үштен екісі неге тең?
360*1/4*1/2*2/3=30
3. 600 санының төрттен бірінің жартысының үштен екісі неге тең?
600*1/4*1/2*2/3=50
5. Сиқырлы шаршылар. (жауапқа 5 ұпай)
Тақтаға 8 карточка ілініп тұрады, әр карточкада әртүрлі сандар жазылған. Әрқайсысын кезегімен ашып, балалар ойша қосу керек. Осылайша, балалардың ойлау қабілетін арттырамыз.
1000
130
500
420
1030
100
1000
20
500
130
1000
1030
20
100
420
1000
420
130
20
1030
1000
100
1000
500
1000+130+500+420+1030+100+1000+20=4200
6. Қорытындылау
Бес турдың қорытындысы бойынша ұпайлар саны саналады. Көп ұпай жинаған топқа сыйлық беріледі.