ж?ргізуші: Же?ілген топ м?шелеріне ойын?а ?атыс?аны ?шін ал?ыс айтып, ша?ын сыйлы?ымызды тапсыру?а р?хсат еті?іздер.
Ж?ргізуші: Супер- Финал! Орта?а І ж?не ІІ сайыста же?іске
жеткен топ м?шелерін ша?ырамыз.
Ойын ж?ргізіледі:
ж?ргізуші: Ерте заманда бір адам?а ?ас?ыр, ?ой ж?не бір бау ш?пті бір-біріне жегізбей, ?зенні? екінші жа?асына алып ?ту ?ажет бол?ан. ?зен жа?асында бір ?ана ?айы? бар ж?не ?айы??а ?лгі адам ?зімен бірге ?андай ?діспен ?шеуін ?зенні? екінші жа?асына алып ?те алады?
Жауабы: Бірінші ?ойды, екінші ш?пті, сосын ?ойды ?айта екінші жа?а?а алып ?теді де, ?ас?ырды ?ткізеді. А?ырында ?ойды ?айтадан алып ?теді.
ж?ргізуші: ?шб?рышты? медианасы дегеніміз не?
Жауабы: ?шб?рышты? берілген т?бесінен ж?ргізілген медианасы деп осы т?бені ?арсы жат?ан ?абыр?аны? ортасымен ?осатын кесіндіні айтады.
Ойын жүргізу үшін қажетті құралдар:Секундомер, екі дыбыс бергіш (дауыстары әртүрлі болуы керек), 1-ден 6-ға дейін жазылған таратпалар.
Сабақ барысы:
6 баладан 4 топқа бөлу
Сонда ойынға 24 бала қатысады.
Әр топ өз топ басшысын сайлайды, топқа ат береді, топ белгісін жасайды.
Топ мүшелері орындарына отырады. Сұрақтар қойылады.
Бірінші 3 ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Ойлануға 1 минут беріледі.
жүргізуші: Пифагор теоремасы:
Жауабы: Тік бұрышты үшбұрыш гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең болады.
жүргізуші: Жұмыртқаны қайнатуға 3 минут қажет, 5 жұмыртқаны ше?
Жауабы: 3 минут
жүргізуші: Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы дегеніміз не?
Жауабы: Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтамыз.
жүргізуші: Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық.
жүргізуші: Үш беспен 4 санын қалай жазуға болады?
Жауабы: 4=5-5:5
жүргізуші: Жеңілген топ мүшелерін ынталандыру сыйлығымен марапаттаймыз. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Әлі де талай жеңіске жетесіздер.
1- жүргізуші: Ортаға келесі топ мүшелерін шақырамыз.
(ойын жүргізіледі).
жүргізуші. Квадрат функцияның графигі
Жауабы: парабола
жүргізуші: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градус екендігін қай елде, кім анықтады?
Жауабы: Көне Греция, М. Фалес анықтаған.
жүргізуші: Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу?
Жауабы: параллель түзулер
жүргізуші: Үтірді математикаға алғаш енгізген кім?
Жауабы: Кеплер ауыстыру белгісі ретінде енгізген.
жүргізуші. Геометрияның жазықтықтағы денелерді зерттейтін бөлімі.
Жауабы: Планиметрия
жүргізуші: Координаталарды алғаш қолданған кімдер?
Жауабы: Рене Декарт, Пиер Ферма
жүргізуші: Жеңілген топ мүшелеріне ойынға қатысқаны үшін алғыс айтып, шағын сыйлығымызды тапсыруға рұхсат етіңіздер.
Жүргізуші: Супер- Финал! Ортаға І және ІІ сайыста жеңіске
жеткен топ мүшелерін шақырамыз.
Ойын жүргізіледі:
жүргізуші: Ерте заманда бір адамға қасқыр, қой және бір бау шөпті бір-біріне жегізбей, өзеннің екінші жағасына алып өту қажет болған. Өзен жағасында бір ғана қайық бар және қайыққа әлгі адам өзімен бірге қандай әдіспен үшеуін өзеннің екінші жағасына алып өте алады?
Жауабы: Бірінші қойды, екінші шөпті, сосын қойды қайта екінші жағаға алып өтеді де, қасқырды өткізеді. Ақырында қойды қайтадан алып өтеді.
жүргізуші: Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?
Жауабы: Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесіндіні айтады.
жүргізуші: Бұлақтан 12 минутта 1 бөшке суға толса, тәулігіне қанша бөшке суға толар еді?
Жауабы: 120 бөшке.
жүргізуші: Автобуста сізге 524127 номерлі билет келді. Цифрлардың ретін өзгертпей, математикалық амалдарды қолданып, 100 санын шығар.
жүргізуші: Нөлді үш беспен қалай жазуға болады?
Жауабы: 0=5*(5-5)
жүргізуші: Геометрия қай елдің сөзі, қандай мағынаны білдіреді?
Жауабы: грек сөзі, жер өлшеу деген мағынаны білдіреді.
жүргізуші: Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі.
Жауабы. Евклид
жүргізуші: Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
1- жүргізуші: Ал, құрметті көрермендер, осымен ойынымыз аяқталды.