kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қызықты сағат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

          Математикадан сыныптан тыс іс-шара "Көңілді сағат"

 Мақсаты:

1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

 3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан). Командаға қажетті құралдар:

 • Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж

 • Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.

Ойын ережесі: Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек.Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі.

Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.

Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе,сол команда жауап беру керек. Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.

- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! - Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. - Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.

 - Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?

- Ойынды бастайық!

1 ТУР Әдебиеттегі сандар

100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір) 200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )

300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)

400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі.Ләззат 7 жігітпен,Гүлзат 8 жігітпен,Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мереке келген барлық жігітпен би биледі.Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)

«Көңілді балық аулау» сайысы

Қағаздан жасалған балықтардың артында тапсырмалар бар сол тапсырмаға дұрыс жауап берсе 1 ұпай,жауабын білмесе өз тобынан немесе жанкүйерлерден көмек сұрайды.

Тапсырмалары:

  1. Қосарланып жетілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді.Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген.(12 км жол жүрген).
  2. Ағаш үстінде 100 тоғай отырды.Аңшы 10 тоғайды атып алды.Торғайлардың қаншасы қалды?(10 торғай қалды қалғаны ұшвп кетті)
  3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(түйеқұстар ұшпайды)
  4. Қандай сандарды төңкере жазғанда бір жарым есе көбейеді.(66,999 т.с.с)

Бөлшектер

100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)

 200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)

300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )

400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.) Математикалық калейдоскоп

100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)

200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)

300.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)

400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

Төртіншісі артық

100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29.(27)

200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш) 300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)

400. АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)

2 ТУР

Топ жетекшілер сайысы (Топ жетекшілерге сұрақтар қойылады ойлануға жарты минут беріледі).

1.Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты.Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді.Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды.Бірақ оның шапшаңдығы сағатына 50км.Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді?(Электр пойызының түтіні болмайды)

2.Әкемнің жеті ұлы бар,оның әрбір ұлының қарындасы бар.Сонда әкемнің қанша баласы бар?(8 баласы бар)

Қызықты сұрақтар:

100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)

200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)

 300. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)

Логика

100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5) 200. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)

300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)

Адасқан әріптерден сөз құрау сайысы.

 Адасқан әріптерден сөз құрау   

лесуә – сәуле;

анс –сан;

А П Р Е Л Ь Л Л А-параллель;

К И Р Ь Л У Ц-циркуль;

У К Б-куб; З У Ү Т-түзу;

Ұ Р Ш Ы Б-бұрыш,

Н У К Я И Ф Ц-функция

3. Cұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыздар 8, 6, 7, 5, 6, 4, ? (5)  

Қорытынды. “.Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Н.Назарбаев

Әр сөздің астарына осы арада, Ағайын, ой жіберіп жете қара. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы Елбасының жеке дара!

П Р Е З И Д Е Н Т

Р И Н Е Т Д П Е З

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

 Елбасы –Назарбаев егіз ұғым,

Өркендеген тәуелсіз өз елімен!

Сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Қорытындылау. Топтарды марапаттау. Сайыс қорытындысын қазылар алқасы шығарып, жеңімпаз топқа мақтау қағазын тапсырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қызықты сағат"»

«Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойыны


І.Мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың жаратылыс тану пәндерінен (математика, информатика, физика) меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді, жан - жақты болуға үйрету;


Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;


Тәрбиелік. «Оқу инемен құдық қазғандай», – еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Айналдырма барабан, суреттер, сыйлықтар, т. б.
Музыка ойналады,

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!


ІІ. Ойынның шарты:

Ойынға әр сыныптан өз еріктерімен 9 оқушы қатыстырылғалы отыр. Оларды сыныптарына байланысты 3 топқа бөлінеді. Ойын 3 айналымнан тұрады. Бұл айналымдардан жеңіп шыққан жеңімпаздар ақтық сайыс - финал ойынына қатысады. Финалдан шыққан оқушы «Супер – ойынға» қатысады. «Супер – ойынды» ойнау ойнамауды ойыншы өзі шешеді. Егер ойнайтын болса барабан бетіне супер ойын сыйлықтары ілінеді. Барабанды айналдырып сыйлығын таңдайды, яғни нұсқағыш қайсысына тоқтайды соны алады. «Супер – ойынның» жеңімпазы арнайы сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталады.

Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы ойыннан шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе ойыннан шығады.
ІІІ. Ойынның жүру барысы

Тақтаға сұраққа байланысты жасырын сөздер беріледі. Бұл сөздерді барабанды айналдыру арқылы ойыншылар табады. Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы табуға болады. Егерде жасырынған сөзде ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да көп кездесетін болса, сәйкесінше сонша есе ойыншының ұпай саны еселенеді. Ойыншы үш әріпті қатарынан тапса екі сандықша әкелінеді, 1 сандықшаның ішінде теңге жасырылған, сол сандықшаны тапқан оқушы теңгені алады. Барабанның бетінде сандар, яғни осы сандар арқылы ұпай аласыз және сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие боласыз. Барабан бетіндегі К - күйіп кету (банкрот) белгісі жинаған ұпайларыңызды түгелдей күйдіріп, әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып, келесі адамға кезегіңіз беріледі. Барабан бетіндегі С сыйлық белгісі тарыса сіздің сыйлық алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз таңдау жасайсыз не сыйлықты аласыз, не ойнайсыз. Сыйлықты алсаңыз ойыннан шығасыз.


Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Сайыскерлер топтың жауап беру ретін қарапайым номер тарту арқылы анықтап, сол ретпен жауап беретін болады.

Алдымен «Ғажайып алаң» ойынын бастамас бұрын І кезеңнің сайыскерін ортаға шақырайық. Олар:
1....... 9 сынып оқушысы
2....... 10 сынып оқушысы
3....... 11 сынып оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

І айналымның сұрағы: 1955 жылы қазан айында, Сиэтлде қарапайым отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді. 1975 жылы дүниежүзіне әйгілі компьютерлік фирма ашты. Ол фирма кәзір әлемге әйгілі. Ол кім? Аты-жөні(Билл Гейтс)


Келесі кезекті әнге берейік:
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.




Олай болса ортаға ІІ кезеңнің ойыншыларын шақырайық.
1....... 9 сынып оқушысы
2....... 10 сынып оқушысы
3....... 11 сынып оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

ІІ айналымның сұрағы: Қазақстандағы дарынды балаларға арналған алғашқы физика-математика мектебі кімнің атында? (фамилиясы) Жәутіков


Олай болса ортаға ІІІ кезеңнің ойыншыларын шақырайық.
1....... 9 сынып оқушысы
2....... 10 сынып оқушысы
3....... 11 сынып оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

ІІІ айналымның сұрағы: Жай сандардың кестесін жасайтын өз тәсілін ұсынған ежелгі грек математигі?(Ол Александрия қаласында өмір сүрген) Эратосфен


Қорытынды. Жеңімпаз оқушыға мақтау қағазы мен сыйлық тапсыру.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Қызықты сағат"

Автор: Кенжебаева Айгерим Камалжанқызы

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407488

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Қызықты сағат"
    ["seo_title"] => string(18) "k_yzyk_ty_sag_at_1"
    ["file_id"] => string(6) "419887"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1496254726"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Қызықты сағат" математикалық ойын"
    ["seo_title"] => string(32) "kyzykty_sagat_matematikalyk_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "648945"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1713091401"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""?ызы?ты са?ат" сыныптан тыс ашы? саба?ы"
    ["seo_title"] => string(43) "k-yzyk-ty-sag-at-synyptan-tys-ashyk-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "318247"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460542963"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Уақыт өлшемі сағат"
    ["seo_title"] => string(22) "uak_yt_olshiemi_sag_at"
    ["file_id"] => string(6) "445489"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513772478"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""?ызы?ты биология" факультативтік курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(54) "k-yzyk-ty-biologhiia-fakul-tativtik-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "160234"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1422016587"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства