О?ушыларды? жан-жа?ты білімдерін, математикалы? тілдерін ж?не біліктілігін дамыту.
Ж?ргізуші: ?ымбатты білім с?йгіш жас достар! Орыс ?алымы М. Ломоносов «А?ыл - ойды т?ртіпке келтіретін – математика, сонды?тан да оны о?у керек,»- деген. Олай болса, б?гін сендер математиканы? ж?мба?ты да, тартымды ?лемімен танысасы?дар. Сендер б?л ?лемні? ?аншалы?ты ?ызы?ты, ?рі сан т?рлі екендігіне к?з жеткізесі?дер.
Сонды?тан сайыс кезінде ?те ??ыпты, ойлары? жина?тал?ан болуы керек ж?не т?ртіп са?тал?аны ж?н. Енді б?гінгі сайысымызды? жоспарымен танысы?дар:
Таныстыру
Білім минуты
Топ басшылар
Кім жылдам?
С?ра?-жауап
?орытынды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу .Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру .
Әр оқушының шығармашылық ізденімпаздығын ояту,ойлау қабілеттерін дамыту,әр оқушының шығармашылығын жетілдіру.
Оқушылардың жан-жақты білімдерін, математикалық тілдерін және біліктілігін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар
Математикалық сайыстың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Қызықты сәт» ойынына қош келдіңіздер.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі - түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.
Жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болуы керек және тәртіп сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
Таныстыру
Білім минуты
Топ басшылар
Кім жылдам?
Сұрақ-жауап
Қорытынды.
Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
Шақырып жарыстарға сан - салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
« Тапқырлар» тобы:
Осындай алғыр достар кез - келгенде,
Жетсін - ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
«Алғырлар» тобының ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
“Тапқырлар” тобының ұраны:
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жүргізуші:Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз «Білім минуты» сайысына кезек береміз.
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Неше жұрттың тілін біл, неше түрлі білім біл? (жеті )
300. Неше жақсы қас болмас, неше жаман дос болмас? (екі )
400. Досыңды үш күн сына ма, қанша жыл сына? (үш )
500. Бір кісі қазған құдықтан, қанша кісі су ішеді? (мың )
Бөлшектер
100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
500. Қандай бөлшек бұрыс деп аталады? Мысал келтір. ( Алымы бөлімінен тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек бұрыс деп аталады. Мысалы. 5/3; 5/5)
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
500. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмедегі адамдар саны тең болды. Алғашында әр бөлмеде неше адам болған. (33 және 43 адамдар ) Төртіншісі артық