Ұйымдастырушылық ізденушілік | Бүгінгі біздің жаңа тақырыптың аты - Көкөністер. Көкөністерге: қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, сарымсақ, қызылша, асқабақ жатады. Көкөністерді біз күнделікті жейміз және онда көптеген дәрумендер бар. Балалар сендер көкөністермен таныстыңдар, ендеше осы көкөністер қайда өседі? Дұрыс, ендеше сол көкөністер бақшасына саяхат жасайық. Біздің бақшамыз ұзақ жерде, сол себепті біз бақшаға паровозбен барамыз. Қатар-қатар тұрайық, Паровозды құрайық. Дөңгелегі тарсылдап, Баққа қарай барайық, Гук-пш, гук-пш, гук-пш, Гук-гук, гук-гук, гук-гук. Балалар қараңдаршы, бақшадағы арықтардың арасында сендерге арналған тапсырмалар бар екен, қанекей бәріміз бірге орындайық. 1 тапсырма: Артикуляциялық жат-тығу орындау (Тәтті тосап, Кесе) 2 тапсырма: Тіл ұстарту. Ка-ка-ка - картоп Қи-қи-қи – қияр Қы-қы-қы – қызанақ Қы-қы-қы – қызылша Пи-пи-пи – пияз Са-са-са – сарымсақ Ор-ор-ор – орамжапырақ Сергіту жаттығуы: - Қырық қабатты шабамыз! - Қырыққабатты шабамыз! - Қырық қабатты кесеміз! - Қырық қабатты кесеміз! - Қырық қабатты тұздаймыз! - Қырық қабатты тұздаймыз! - Қырық қабатты сығамыз! - Қырық қабатты сығамыз! -Енді тәтті салат дайындаймыз! Үстел үстінде жұмыс. Қағаз бетінде салынған көкөністі бояп, сипаттау ұсынылады. Мысалы: мынау қияр, оның түсі жасыл, дәмі тәтті. «Жемістер мен көкөністер жинау» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі себетке жинайды. | Балалар көкөністердің түрлерімен танысады. Логопедпен бірге қайталап, поровоз боп жүреді. Балалар логопедпен бірге дыбыстап айтады: У-ууу-ууу Ш-шшш-шшш Тырс-тырс-тырс Жаттығуды дұрыс орын-дауға тырысады Буындарды қайталап, сөздерді анық айтады Жаттығуды іс-қимылмен орындайды Алдарына берілген суретті түрлі-түсті қаламмен бояйды Ойын шартына сәйкес, балалар екі топқа бөлініп, көкөністер мен жемістерді екі себетке жинайды. |