«Кернейші» - гимнастикалық орындыққа отырып, қолды керней тартатындай күйде ұстап, ауызға жақындатады, демді ішке кең, баяу тартып, «Тру-ру-ру» деп дыбыстайды.
«Серуенге дайындық» - аяқты бірге ұстап, қолды төмен түсіріп тік тұрады, қолды екі жаққа жіберіп демді ішке тартады, екі қолмен тізені қапсыра ұстап, демді сыртқа шығарады.
«Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тыныс алуға арналған жаттығулар"»
ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
М.И.Фонарёва бойынша.
«Кернейші» - гимнастикалық орындыққа отырып, қолды керней тартатындай күйде ұстап, ауызға жақындатады, демді ішке кең, баяу тартып, «Тру-ру-ру» деп дыбыстайды.
«Серуенге дайындық» - аяқты бірге ұстап, қолды төмен түсіріп тік тұрады, қолды екі жаққа жіберіп демді ішке тартады, екі қолмен тізені қапсыра ұстап, демді сыртқа шығарады.
«Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
«Жаңбырдан кейін» - шеңбер сызғандай айналып жүру керек, жүрісті біртіндеп баяулатып, қолды жоғары көтеріп, терең дем алады, төмен түсіріп, «а-а-а-ах-х-х-х» деп дыбыстап, демді біртіндеп сыртқа шығарады.
«Үйшік» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды бастан асыра көтеріп,«үйшік» сияқты біріктіреді, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, денені босатып демді шығарады.
«Ояну» - басты, жауырынды, құйрықты қабырғасына тигізе, тізені бүгіп, гимнастикалық орындыққа отырады, қолды жоғары көтеріп керіледі, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, демді шығарады 2 - 3 мәрте қайталайды.
«Диірмен» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды төмен түсіреді, қолды кезекпен - кезек алмастырады, еркін дем алады .
«Демалыс» - арқамен жатып, қолды жоғары көтереді, демді ішке тартып, жоғары көтеріледі, қолды төмен түсіріп, тізені қапсыра құшақтап, кеудеге тартады, демді сыртқа шығарады, дәл осылай келесі аяқпен қайталайды (4-6 мәрте).
Б.С.Толмачёва бойынша
«Балдырған» - аяқты иық деңгейіне қойып, алақанды жоғары қаратып, саусақтардың арасын барынша ашып, қолды екі жаққа, содан соң артқа жібереді, демді қатты сыртқа шығарып, қолды кеуде тұсында айқастырып, саусақтармен жауырыннан қағу керек, қолды қайта екі жаққа жібереді, балалар өзін-өзі құшақтағандай болады.
«Үйректің балапаны» - түзу тұрып, аяқты иық деңгейінде қойып, аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру, жан - жағына созу; аяғын түсіріп ілгері еңкейу, терең демалып қолдарын кеудесіне айқастыру; демін жіберіп жайлап көтеріледі.
«Отын» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады.
Т.Ф. Виноградова.
«Жүргінші» - басын тік ұстап иықтарын сәл артқа алып, төмен ұстайды. Кеудесін жазып, ішін тартып, жауырынды арқаға жақындатып, тізесін тік ұстайды; 3 адым жүргенде демін жұтып, 4 адымда демін шығарады, 3 - 4 күннен кейін демін шығаруды бір санға көбейтеді.
«Балдырған»- ауыздың бұрыштарына шынашағынды салып, осындай жағдайда ерніңді жұму; мұрныңмен дем алып, ауаны аузыңнан шығарады.
С.М.Иванов
«Сағаттар» - екі аяқты бос ұстап, қолын жіберу; түзу қолдарын ілгері кейін қозғап «тик-так,тик-так» - деп айту; мұрнымен демін ішке тартып, дыбыспен демін сыртқа шығарады
«Паровоз» - қолдарымен кезектестіріп қимылдар жасап, бөлме ішінде жүру; мұрын арқылы демді ішке жұтып, ауыздан «Чух-чух-чух» сөздерімен бірге демді шығарады.
«Насос» - аяқтарын қосып, тік тұрып қолдарын кеуде тұсында ұстау; демін ішке жұтып, сосын кеудесімен жанына қарай еңкею; демін сыртқа шығару, дауыстап (ССССС) деп дыбыс шығарып, қолдарын жылжыту; тік тұрып демін ішке жұтып, екінші жағына дыбыс шығарып еңкейеді.
«Реттеуші» - түзу тұрып, аяқтарын иықтарының деңгейіне қойып, бір қолын жоғары көтеріп, екінші қолын жанына қарай бағыттау; ішке демді мұрнымен алу, қол қимылдарын өзгертіп, «Р-р-р» деген дыбыспен бірге созып, демін сырт қа шығарады
«Маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінде қойып, таяқты арқасына жауырыннан төмен ұстау; денесімен жанына қарай еңкейу; уақытта «Т-у-у-х-х» - деген дыбыспен демін сыртқа шығарады
«Шаңғышы» - «М-м-м-м» деген дыбысты мұрнынан шығарып шаңғышының қимылын салады.
«Үйректер ұшады» - жайлап зал ішімен жүру; демін ішке жұтып, қолдарын жанына қарай көтеру, «Г-а-а-а» деген дыбысты ұзақ созып демін сыртқа шығарып қолдарын түсіреді.
А.А. Бирюк
«Пирамида» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейлерінде қою; қолдарын жоғары көтеріп тартылу, демін ішке жұту, рет - ретімен қолдарын, иықтың тұсын, иығын, басы, денесін төмен түсіру, демін сыртқа шығарады
«Итеру» - түзу тұрып, аяқтарын иықтарының деңгейіне қою; қолын жоғары көтеріп, тізе бүгіп отыру, демін ішіне тарту, түрегеліп қолдарын төмен жіберіп демін сыртқа шығарады
«Мысық» - аяғын қосып, түзу тұру; демін ішке тартқан уақытта ілгері еңкейіп, көлбеу бағытта ұстау, кері бастапқы жағдайға келу, демін сыртқа шығарады
«Египтянші» - түзу тұрып, аяқтарын еркін қойып, қолдарымен жандарына созу, демін ішке тартқан уақытта отырып, қолдарын артына арқасына қайыру, оларды қосуға тырысу, демін сыртқа шығару.
«Тук-тук» - түзу тұрып, қолдарын иығына ұстау; демін ішке алғанда белді айналдыра, шынтақтарын артқа жіберіп, жауырынды қосады; содан кейін кері жайып, тұрып, демін сыртқа шығарады.
А.Н.Стрельникова
«Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп одан кейін денесінің алдына қарай былғалау; демдерін тез шығару.
«Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.
«Басын бұру» - түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен демін сыртқа шығару.
«Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.
«Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасы иықтан сәл кеңдеу; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен; қысқа, демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сытрқы шығарады.
«Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу.
«Камбхана» - бұл да «Пурака» сияқты, тек демді бірнеше секунд ұзағырақ, қарын бұлшық етіне күш түсірмей, демді ішке ұстамай, мұрын арқылы демді бірқалыпты шығару .
«Речака» - «Камбхананы» меңгергеннен кейін мұрын арқылы бірқалыпты демді ішке жұтып, бірнеше секундке демді ішке ұстау; содан кейін үзік - үзік демді шығару; одан кейін керісінше, демді ішке үзік – үзік етіп тарту және демді ауаны мұрын арқылы бірқалыпты шығару.
ТАЗАРТУ ТЫНЫСЫ
«Ха» - мұрын арқылы толық дем алу; бір уақытта қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын қосады; демін «Ха» деген дыбыспен, толық сыртқа шығарып, ілгері еңкейіп қолдарын төмен жібереді; демін шығару, жұтудан екі есе көбірек.
«Ұшу» - тұрған күйі, аяғы бос, қолдарын белбеу тұсында жұдырықпен қысу; демін ішке тартып, тізелерін бүгіп, қолдарын ілгері сілтейді; көтеріліп, демін сыртқа шығарады.
«Тағзым» - тұрған күйі, аяғы еркін, қолдарын шынтағынан бүгіп, демді ішке тартужайлап денесімен еңкейеді, демін сыртқа шығару, қайтып бұрынғы қалпына келу