Просмотр содержимого документа
«ХV-ХVІІІ ?асырларда?ы жыраулар поэзиясы. Асан ?ай?ы – ?з заманыны? ас?ан а?ылг?йі. »
Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектептің қазақ тілі, әдебиеті пәндері мұғалімі А. Бекқасымов
Семей қаласы
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9 «Б»
Тақырып: ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы.
Асан қайғы – өз заманының асқан ақылгөйі.
«Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең, кем деме» жырлары
Мақсаттар: 1) Асан қайғы поэзиясының идеялық-көркемдік мәнінің тереңдігін ұғынады; өмірі, шығармашылығы жайлы ұғым-түсінік қалыптастырады; шығармаларын талдап оқып, маңызын түсініп, мәнін ұғынады; 2) ел жайы, ерлікті тудырған елжандылық жайы әр азамат санасында орын тебуі керек; 3) мәнерлеп оқу арқылы поэзия – жыраулар поэзиясының айтарын ұғынады.
Көрнекілігі: М. Мағауин «Қобыз сарыны» зерттеу еңбегі
Әдісі: ұж.ж.ж. сұрақ-жауап.
Жаңа тақырыпты меңгертуге, өзіндік ізденіске бағыт беру
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы.
* Оқулықтан 125-129 б/о.к. * Жыраулар жайында қосымша іздену (ролик, слайд, реферат)
* Қосымша: Асан қайғы (129-133 б/о.; 165-167 б/о) жайлы оқу, білу, іздену.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
1. М.О.Әуезов жыраулар жайлы не айтқан?
...Бұл заман сыншысы сөйлесе,
- шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді;
- келешек заман не айтарын болжайды;
- сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді;
- жырау сөзі мақсатсыз айтылмайды;
- не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы не көпке қаратыла ақыл, өсиет
түрінде, есебінде айтылады.
2. Ғалымның осы сөзінен не тануға болады?
(жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған)
суырып салып өлең шығару қабілеті дамыған; өңдеп айту, орындаушылық шеберлігі басым;
9. «Манасшылар» деген кімдер?
(«Манас» жырын айтушылар)
10. Жыраулардан кімдерді атай аласың?
Асан қайғы (ХV ғасыр) жырау. Қазтуған жырау (ХV ғасыр). Шалкиіз (1465 ж. –1560 ж.).
Доспамбет жырау (ХVІ ғасыр) – жорықшы жырау. Ақтамберді (1675 ж. – 1768 ж.). Үмбетей (1706 ж. –1778 ж.). Жиембет (ХVІІ ғасыр). Шал ақын (1748 ж. – 1819 ж.). Бұхар жырау (1668 ж. – 1781 ж.).
III. Жаңа сабақ өту
Асан қайғы (ХV ғасыр) жырау
* өз заманының асқан ақылгөйі; Өзбекстан: Жиделі – Байсында?
* ірі сөз зергері;
* терең ойшыл, ақын; Мазары Ұлытауда?
* халық қамқоры;
* ел тыныштығын армандаған адам; Ыстықкөл маңында?
* Шоқан: «Көшпенділердің философы», - деген. \Шоқан айтады\
Асан-Асан ата
-Туған-өлген жылдары жайлы дерек жоқ
-біраз өмірі Ұлұғ-Мұхамед хан.
Жәнібек хан (Әкесі Сәбит – саятшы) маңында өткен
-есімі қазақ жерінің қай түкпірінде де мәлім
-халық әулие тұтқан
-аңыздар геройына айналған
-бейнесін аңыз мұнары басқан
-желмая мініп, «Жерұйықты» іздеген
-халқы сүйген адам
-қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының «Тауарих Хамса» кітабында: «Асан қайғы – Шыңғыс ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы,» – делінген
** «Ежен хан мен Асан» аңызы. Аттар кісінемесін, иттер үрмесін...
** Перінің қызымен бас қосу соңы: қайғы атану...
«Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең, кем деме» жырларын талдау.
(тілдік, мазмұндық, көркемдік, ...)
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру.
Асан.«Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең, кем деме» жырларын м/о