Топтарға бағалау критерийлерін спикерге тапсыру және блоб ағашын сабақтың басында, соңында толтыруды айтып кету
І Үй жұмысын «Пицца» әдісі бойынша с ұрақ- жауап арқылы тексеру. Әр топ келесі топқа сұрақ жазып, жауабын тыңдайды. (Күтілетін сұрақтар)
І топқа: 1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1936 жылы Талдықорған өңірі Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген)
2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді? ( 1971 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын)
3) Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды? (1954жылы)
ІІ топқа: 1) «...Сайын өзіне ғана тән тапқырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылды» деп пікір айтқан кім? (Мырзатай Серғалиев)
2) Қай салада қызмет етті (Мұғалім)
3) Ел арасына тараған қандай шығармаларын білесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ
Интербелсенді тақтада жусан суреті көрсетіледі.
Жусан деген қандай шөп? Неліктен повесть «Жусан иісі» деп аталады? Кім қалай ойлайды? Тақтада жусан суретін көрсету.
Жусан – Қазақстанда өте көп кездеседі. Ол Қазақстанның көптеген шөлді аймақтарында негізгі мал азығы болып табылады. Күзде, қыста, ерте көктемде малдар сүйсініп жейді.
Мұғалімнің сөзі: Жусанды қазақ ақын жазушылары да өз жырларына қосқан. Қазақтың белгілі ақыны Әбубәкір Қайранның «Ақ жусан» деп аталатын өлеңінің мына жолдарын үзінді оқып кетікім келіп отыр. Үзінді оқу.
Әбубәкір Қайран «Ақ жусан»
Жусан.Жусан.
Ақ жусан. Иісің қандай?
Сылқым емес,
Сыршылдау сиқың бардай.
Жұпарыңды жұта алмай
Жүрмін қазір,
Содан болар тұрамын ұйқым қанбай.
Сағынумен келіп ем
Салып ұрып,
Қалыпсың ғой қатыгез қар астында
Асап едім сол қарды,
Ғашық иіс
Кернеп кетті кеудемді...
Ғажап мұнда!
Мұғалімнің сөзі: Келесі балалар жұмыс рөльдік ойындар
«Кім? Қашан? Қайда?» деп аталады. Бұл ойын арқылы мәтінді кімнің оқып, қалай түсінгенін тексереміз.
Шығармадан үзінді оқимын. Оқушылар бұл үзінділерді қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.(оқулықтың 218-231 беттері)
1 – топқа. 1) - Әй, анау кім ,ей? (Садықтың Аянды ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)
2) – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен? (Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)
3) – Иә, неге келдіңдер , балалар? (Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылдбек шалдың айтқан сөзі)
2 – топқа: 1) - Үйбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой (Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)
2) – Тұра ғой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін (Есікбайдың анасы, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі )
3) - Әй, жетпегірлер , тұрыңдар! (Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)
Мұғалімнің сөзі: Біз үйде оқып сабақта есімізге түсіріп жатырмыз, ал енді осы повестің басты кейіпкері Аянға мінездеме берейікші. Топтық жұмыс. Кейіпкерлерге талдау. Екі топ өз топтарының ішінде орындайды.
1 – топқа: Аян бейнесі (жазушы суреттеуінде)
2 – топқа: Аянның портретін жазу (өз суреттеуің бойынша)
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты ашып әңгімені көзбен бір шолып тез жоспар құру. 1. Балалық шақты еске түсіру. 2. Аянның қоныс аударуы. 3. Ауыл балаларымен достасуы. 4. Хат тануы. 5. Тобығын тайдыруы. 6. Ертегі айтуы. 7. Әжесінің қайтыс болуы. 8. Бапайдың үйіне көшіп келуі. 9. Интернатқа кетуі.
Мұғалімнің сөзі: Повестің соңында автор өзіне мынадай сұрақ қояды, естеріңде болса –Аян қазір қандай адам болды екен?-деп.
- Балалар сендер қалай ойлайсындар, Аянның болашағы қандай болды екен?
-Балалар мен мына қазіргі дереккөздерге сүйене отыра Аянның келешегінің өзінің ақылдылығы мен қайсар, жігерінің арқасында жақсы, өзі тұлдыр жетім болсада өзінің үбірлі-шүбірлі болғанына көз жеткізіп отырмын. Бәріміз мына суретке назар аударайық. (Аянның протатипі Науқан Керімовтың суретін интербелсенді тақтада көрсету)
Мұғалімнің сөзі: Балалар өздерің оқығандай жетімдікті, жоқшылықты, қиындықты көп көрген Аянды ең соңында жетім балалар тәрбиелейтін үйге жібереді. Қазір біз мына бір бейнежазбаны көріп алып, ары қарай жалғастырайық.
Бейнеролик.
Интертактивті тақтада Мейрамбек Бесбаевтың «Бозторғай» әнімен соғыс кезіндегі , қазіргі уақыттағы жетім балалардың суреттері көрсетіледі.
Е ліміздегі «Бөбек» қоры туралы бейнеролик көрсетіліп, Сара Назарбаевның еңбегі туралы дерек айтып өтемін.
Мұғалімнің сөзі: Өздеріңнің ойларыңды алдарыңдағы қағазға соғыс кезіндегі жетімдер мен қазіргі кездегі жетімдердің арасындағы ортақ және жеке айырмашылықтарын жазып, бір-бір сөйлемнен құрастырайық.
Вен диаграммасы.
Сөйлемдер(Күтілетін сөйлемдер) 1. Жетім көрсең жебей жүр.
2.Жетімдікке жол бермейік, ағайын!
Үйге тапсырма: Қазақстандағы жетімдер үйітуралы дерек жазып келу. Оқушылар білімін бағалау. Бағалау парақтарымен өзінбағалайды.