Қазақ әдебиеті | Мұғалім: Мутиева К.Ж. | Уақыты: 30.01 | Сыныбы: 9а |
Сабақтың атауы | Ыбырай Алтынсарин. Өмірі, шығармашылық, педагогикалық қызметі. |
Мақсаты | Оқушыларға түрлі жаңа әдістер арқылы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, топтық, жұптық жұмыстар арқылы талдау жасауға үйрету. Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгерту Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың көрнекілігі | электронды презентация, интерактивтік тақта, суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары |
Күтілетін нәтиже
| 1. Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі мәліметтермен танысады. 2. Жағдаят туғызатын тапсырмаларды орындай отырып, сын тұрғысынан ойлауға қалыптасады. 3. Топтық тапсырмаларды орындай отырып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады. |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Ұйымдастыру Сәлемдесу, түгелдеу, ынтымақтастықты қалыптастыру,. Шашыраған өлең тармақтарын біріктіру арқылы топтарға бөлу |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту | Оқушыларды үйге берген тапсырма Нысанбай Жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны бойынша айтысқа шақыру Тақырып бойынша бірінің айтқанын бірі қайталамайтындай кезек-кезек мәлімет айтады Ы. Алтынсарин туралы видеоролик көру «Топтастыру» стратегиясы бойынша Ы. Алтынсарин өміріне қатысты қысқаша мәлімет айту. Өз ойларын тыңдау Тыңдайды, арасында өз ойларын айтады. 1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру. 2. Ыбырай алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу. Балқожа би жайлы мәліметтер беру. |
Мағынаны тану | Балқожа би жайлы мәліметтер беру. 1.Оқулықтағы мәтінді оқу 2.жұппен жұмыс стикерге сұрақ жазып,келесі жұпқа беру 5.топпен жұмыс 1-топ Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы туралы хронологиялық кесте толтыру 2-топ Ы. Алтынсариннің еңбектері жазады постер 3-топ Ы. Алтынсариннің өлеңдері туралы постер |
Сергіту сәті | Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты «Ия» , «Жоққа» құрылған сұрақтардың дұрыс жауабын қоса отырып математикалық есеп шығарту. Дұрыс жауапты жылдам қоса отырып есептің шешімін табады |
Ой толғаныс | Шығармашылық тапсырма. Зерттеушілер тобы: Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш орнату. Баяндаушылар тобы : Тілшімен сұхбат. . |
Кері байланыс | Жаңа сабақты қорыту «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашлығын баяндайтын суретерді слайдтардан көрсете отырып мәліметтер айтқызу Суреттерге қарап Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді. |
Бағалау | Оқушыларды топаралық критерилер арқылы бағалау. бағдаршам арқылы бағалау.«5» -жасыл «4»- сары, «3»-қызыл | Оқушылар толтырады Бағалау парақшаларын береді Өздеріне тиісті бағаларын алады. |
Үйге тапсырма | «Ыбырай- ұлы ұстаз тақырыбында» эссе жаздыру | Оқушылар күнделіктеріне жазады |