kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Виды спорта

Нажмите, чтобы узнать подробности

В  разработке  урока представленны виды  спорта.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Виды спорта»



„Б.Майлин атындағы Таран орта мектебі“КММ

КГУ „Тарановская средняя школа им. Б.Майлина“












Ашық сабақ:

«Спорт түрлері. Тәуелдік жалғау»

(Мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті апталығы)







Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Сарина Нұргүл Қабдырашқызы









Таран кенті

2017 ж.



Пән: Қазақ тілі Класс: 5«Б»

А оқушы : Барлық тапсырмаларды қалтқысыз орындайды, басқа оқушыларға көмектесіп отырады.

В оқушы: тапсырмаларды орындайды, бірақ өзіне үнемі сенімсіздік білдіреді, жеңіл тапсырмаларда басқаларға көмек бере алады.

С оқушы: өз бетінше тапсырмаларды жасай алмайды, оған үнемі жеңіл тапсырмалар беріп, сұрағанда ғана жауап бере алады.

16.03.2017 ж.


Қазақ тілі

45 минут

5 «Б» сынып

Орыс сыныбы

Сабақ тақырыбы:

Спорт түрлері. Тәуелдік жалғауы.

Жалпы мақсат:

Спорт ойындарының атауын білу. Оларды суреттерден, бейне жазбалардан көру арқылы ажырата алу.Жеке және топта тапсырмалар беру арқылы жаңа сөздерді бекіту. Мәтіндегі сөйлемдерді еркін аударып, сұрақтарға жауап беру. Спорт ойындарын оқып үйрену арқылы өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақ тілі 5 сынып оқулығы «Атамұра» 2015 ж.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Мәнерлеп оқуды біледі. Топта мәтінді аудару жұмысын жасау арқылы мазмұнын ашады.

Сөздік қоры дамиды. Өз ойларын жеткізуге ұмтылады;

Негізгі идеялар:

Топтық әңгіме құру және тақырып бойынша өз білетіндерін еркін жеткізуге икемдеу.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

суреттер, сергітуге арналған үнтаспа, интерактивтік тақтада берілген жұмыстарды жасау арқылы өздерін тексеру.

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту

Интерактивті оқыту әдісі;

Оқыту үшін бағалау

  1. Жеке жұмыс

  2. Топтық жұмыс

  3. Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны.

Дерек көздері:

қосымша материалдар, ғаламтор.

Қостілділік компонент:

спорт ойыны, мәнерлеп сырғанау, күрес,



Ойлау деңг.

Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдас

тыру кезеңі:

Эмоциональдық тренингін өткізу, пазлдар арқылы топқа бөліну.

- Мына суретте қандай ойынның түрі берілген?

- Келесі суретте қандай спорт ойын бар?

1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

2. Эмоционалдық көңіл күйді тексеру «Бағдаршам» тренингі.

Макс Люшердің түстерге мінездеме беру арқылы 3 түспен балалардың қандай көңіл күйде отырғанын мұғалім анықтайды.

-Ойындардың атын атау арқылы топтардың аты беріледі.

Тұсаукесерден дұрыс құрастырылған суреттерді көрсетеді.

Балалар өз алдарында жатқан әр түсті, мұғалім көтеріңдер деген белгі де , өз таңдаған түстерін көтереді.

І – ші топ «Футбол» тобы деп аталады.

ІІ –ші топ «Жүзу» тобы болады.

Сынып екі топқа бірден бөлінеді.


Білу

-Балалар,өткен сабақта «Үйірме туралы» тақырыбын өттік, соны бір қайталап өтейік.

Ол үшін «Ақылды доп» ойынын ойнаймыз.

Мен бастаймын, мен допты кімге беремін, сол бала сұрақтарға жауап береді.

Келесі бала өз сұрақтарын қояды, ал иесі толық жауап береді.

Жауап берген оқушы , келесі оқушыға сұрақ береді.

1.Біз сабақта нені жақсы көреміз?

2. Қандай спорттық ойындар бар?

3. «спортивные игры» сөзін қазақшаға аудар.

Жетондар арқылы бағалау.


Сабақтың мақсатын айту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу.


спорт түрлері суреттерден, бейне жазбалардан көру арқылы ажырата алу.Жеке және топта тапсырмалар беру арқылы жаңа сөздерді бекіту. Мәтіндегі сөйлемдерді еркін аударып, сұрақтарға жауап беру. Спорттық ойындар оқып үйрену арқылы өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Спорттық ойындар атауын суреттерден, бейне жазбалардан көру арқылы ажырата алады.Жеке және топта тапсырмалар беру арқылы жаңа сөздерді біледі.Сабақтың мақсатын, тақырыбын айтады.


Түсіну

Топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс


1) Сөздік жұмысы

2) Мәтінді мәнерлеп оқу.

3) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1) Мәтінді жеке, топта оқып, бір –біріне түсіндіреді.

Спорт түрлері

Спорт – дене шынықтырудың негізгі бөлігі. Спортта түрлі жарыстар өткізіледі. Спорт екі түрге бөлінеді: әуесқой спорт және кәсіби спорт.

Спорттық ойын түрлері өте көп. Мысалы: футбол, баскетбол, волейбол, бокс, күрес, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, жүзу, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, шаңғы тебу, хоккей және т.б. Әркімге спорттың қысқы және жазғы түрлері ұнайды.

Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі – шаңғы жарысы. Шаңғымен әдемі ормандарда, әр түрлі жерлерде серуендеуге болады. Ол денсаулыққа өте пайдалы

Балалар мәтінді жеке, топта оқып, аударады, бір –біріне түсіндіреді.

Топтан үш оқушы үш сөйлемді оқып, аударып береді.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Спорт ненің негізгі бөлігі?

  2. Спортта нелер өткізіледі?

  3. Спорт неше түрге бөлінеді? Қандай?

  4. Адамдар спортпен не үшін айналысады?


Дұрыс жауаптары үшін кәмпит беріледі


Сергіту сәті:


«Қызыл өрік» бейне көрнісі арқылы бой сергіту.

Балалар орнынан тұрып, дене қимылдарын жасайды.


Қолдану

Жеке жұмыс


«Орамал тастау» ойыны. Тәуелдік жалғауын қайталау.

«Денсаулық, футбол, спорт, шаңғы» сөздерін тәуелдеңдер.

Тәуелдік жалғауының ережесін айтады, мысалдар келтіреді.Әр топтан орамал түскен екі оқушы берілген сөздерді тәуелдейді.

Жетондар беру арқылы бағалау.

Талдау

Топтық жұмыс.

6.Арқан тарту» ойыны. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.

1) Асан, ойнады, жазда, футбол.

2) Наурыз, балалар, мейрамында, баскетбол, барды, жарысына.

3) Қалада, басталады, мәнерлеп сырғанау.

4) Асық, ойыны, ұнайды, маған.

5) Арман, «Тоғызқұмалақ», орын, бірінші, ойынынан, алды.

6) Ақсүйек, ойналады, кешке

Балалар сөйлемді құрайды, бір –бірлерін тексереді.Дұрыс құрастырылған сөйлемдерге жетон беріледі.

Жетондар беру арқылы бағалау

Синтез /Жинақтау/

Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, кесте бойынша тапсырманы орындап , ойларыңды жинақтап, түйін жасау қажет.

1) «Бұл қандай спорт?», Берілген спорттық ойындарды мұқият қарап, қандай ойын екенін ажыратыңдар және сұрақтарға толық жауап берулері қажет.

Топтан көшбасшы шығып оны қорғаңдар.

2)«Коллаж» әдісі.

Балалар орындарынан тұрып, сұрақтарға жауап береді.




Берілген топтардың жұмысы жасалады. Топтың көшбасшысы өз жұмыстарын қорғайды.

Жетондар беру арқылы бағалау.


Топтар 1-ден 10 дейінгі баллдар береді.Дәлелдеп, түсіндіріп айтып береді.


Бағалау парағын толтыру.

Өзін- өзі бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні ______________________________


Мен нені білемін?

Өте

жақсы

Жақсы

Орташа

Нашар

1.

Мен спорт түрлерін білемін.





2.

Мен спорт туралы айтып бере аламын.





3.

Мен өзімнің сүйікті спортшым туралы білемін.





4.

Мен спорт туралы сөйлемдер құрастыра аламын.





5.

Мен сөздерді тәуелдей аламын.






Өздері қаншалықты білетіндеріне сәйкес толтырады.

Берілген сұрақтарға дұрыс жауаптарына тақтадағы бағалау парағына белгілер қойылады және оқушылар толтырады.

Рефлексия

«Алған әсерім қандай?» өткізу.

Жасыл түс – мен жақсы орындадым.

Қызыл – мен орындай алмадым.

Сары түс – маған әлі де дайындалу керек.

Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе плакатқа апарып жабыстырады..

Үш түрлі стикерге өз жауаптарын жазып, плакатқа іледі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Виды спорта

Автор: Сарина Нургуль Кабдрашевна

Дата: 12.04.2017

Номер свидетельства: 408799

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Проект "Зимние виды спорта""
    ["seo_title"] => string(27) "proiekt-zimniie-vidy-sporta"
    ["file_id"] => string(6) "306032"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458040208"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "День зимних видов спорта"
    ["seo_title"] => string(25) "dien_zimnikh_vidov_sporta"
    ["file_id"] => string(6) "372803"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1482509412"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Воспитательский час " Зимние виды спорта""
    ["seo_title"] => string(41) "vospitatiel-skii-chas-zimniie-vidy-sporta"
    ["file_id"] => string(6) "266143"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450101199"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Популярные виды спорта в Великобритании" "
    ["seo_title"] => string(42) "populiarnyie-vidy-sporta-v-vielikobritanii"
    ["file_id"] => string(6) "216631"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433084194"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Использование элементов национальных видов спорта народов Севера на занятии физической культуры "
    ["seo_title"] => string(105) "ispol-zovaniie-eliemientov-natsional-nykh-vidov-sporta-narodov-sieviera-na-zaniatii-fizichieskoi-kul-tury"
    ["file_id"] => string(6) "134308"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416734026"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства