Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп- кішкентай ескі үйшік түрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтар- майды. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
- Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
- Мен бақылдауық бақамын.
- Кел, бірге тұрайық.Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді.Тышңан екеуі тіл табысып, бірге түрады
Енді үйшік қасына ытңып-ытңып қоян жетеді.
- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
- Мен тықырлауық тышқанмын!
- Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
- Мен қорқақ қоянмын!-Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін ңагады да:
- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұ л үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
- Мен тықырлауық тышңанмын!-Мен баңылдауық бақамын.-Мен ңорңаң ңоянмын! -Ал сен кімсің?
- Мен қу түлкімін!-Кел, бірге тұрайық.Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ- жүлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қагып, қырылдаған дауысымен:
Бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.
- Мен тықырлауық тышқанмын!-Мен бақылдауық бақамын.-Мен қорқақ қоянмын!Мен қу түлкімін! - Ал сен кімсің?
- Мен сұ р қасқырмын!-Кел, бірге тұрайық. Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де, кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді .
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік түрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
- Сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?! - деп ақырады.
- Мен тықырлауық тышқанмын! - Мен бақылдауық бақамын. - Мен қорңақ қоянмын! - Мен қу түлкімін! - Мен сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
- Мен қорбаңбай аюмын! - Кел, бірге түрайық. Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды.
Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып түрайын, - дейді.
Жоқ, қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, - деп шырылдайды іштегілер.
Қорыңпаңдар, түк те болмайды, - деп аю олардың сөздеріне ңүлаң аспайды.Үйшіктің түрғындары амалсыздан келіседі.Аю ңорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышңан, бақылдауық бақа, қорңақ қоян, қу түлкі, сүр қасқыр - барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.Аюға олар ренжімейді. Қайта, барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік түрғызуға кірісіп кетеді.
Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі, жап – жаңа үйшік соғып алыпты