Әдебиет сабақтарында ұсынылған көркем шығармамен алғашқы танысуда балалардың оның мазмұнында баяндалған оқиғалары мен кейіпкерлері жөнінде алған әсерлері, білімдері шамалы дәрежеде болады. Оқу материалын терең игерту мәтіннің идеялық-көркемдік жақтарын, образдар жүйесін жан-жақты талдау арқылы іске асырылады.Ал,талдау жұмыстарының нәтижелі болуы оқушының шығарма табиғатын құрайтын әдеби-теориялық ұғымдардан түсінігі болып, соларды сабақта қолдана білуіне байланысты.
Орта мектеп бағдарламасында әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға арнайы сағат бөлінбегенмен әрбір шығарманы оқып, талдауда сюжеті мен кейіпкерлерінің суреттелуін сөз еткенде теориялық мәселелерден аттап кету мүмкін емес.Керісінше, шығарманың тақырыбы мен тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып жеткізу балалардың әдеби-теориялық біліміне сүйенген жағдайда ғана нәтижелі болмақ.Оқушылардың әр сыныпта меңгерулеріне тиісті теориялық ұғымдардың бірталайы бағдарлама мен оқулықтарда арнайы көрсетіледі. Мәселен,эпитет,теңеу,әдеби кейіпкер т.б түсініктер.
Оқыту үрдісінде теориялық білім шығарманы талдаумен ұштастырылып беріледі және көлемі,түрі оқушылардың жас ерекшелігімен байланыстырыла,жүйелі түрде, жеңілден күрделіге қарай алынады.
Әдебиет сабақтарында оқылатын көркем шығармадағы автордың ойын жеткізетін элементтердің бірі - кейіпкер бейнесі.Оның іс- әрекеті, мінез – құлқы, көзқарасы әр түрлі оқиғалар арқылы, басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасынан айқындалады. Шығарманың мазмұнымен танысқанда кейіпкердің барлық қыры мен сырын толық біле алмайды. Сондықтан көркем мәтінге талдау жұмысы жүргізіледі. Ғылыми әдістеме, іс тәжірибесінде талдау жұмыстарын жүргізудің белгілі бір түрде қалыптасқан реті, жолы бар деуге болмайды. Көркем шығарманы қарастырғанда бірнеше психологиялық, педагогикалық жағдайларды ескеруіміз қажет.Сабақ барысында жүргізілетін жұмыс түрлері көркем шығарманың жанрлық, композициялық, поэтикалық ерекшеліктеріне байланысты.Осындай жағдайларда автордың кейіпкер бейнесін сомдау әдісі де талдаудың негізі болуы мүмкін.
Көркем шығарманы меңгеру екі кезеңде іске асырылады.
Бірінші, оқушы шығарма мазмұнымен танысып белгілі бір дәрежеде әсер алса,
Екінші, сол әсерін кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды талдау арқылы тереңдей түсіп, автордың ойын ұғынып түсінуге тырысады. Бірақ әрқашанда мұғалімнің іс-әрекеті оқушының кейіпкер бейнесін дұрыс қабылдауын, мәтінмен белсенді жұмыстар орындап, мұғалім түсіндірген бағытпен өз бетінше ізденіп түйін шығара білуін көздейді.
Әңгіме тақырыбының сыры жөнінде толыққанды пікір айта алады, өзіндік ойлау қабілеті ұшталып,мәтінмен жұмыс істеуге машықтанады, ойын жинақтап нық жеткізуге,терең талдауға үйренеді.
Талдау жұмысының дұрыс жолға қойылуы оқушының көркем мәтінді берілген мерзімде оқуына,қызыға қабылдауына да байланысты болмақ.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Талдай білген ұтады»
Болатова Динара Адильбековна
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Ақжол ауылы
Әлібек Бүркітбаев атындағы №12 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Талдай білген ұтады
Әдебиет сабақтарында ұсынылған көркем шығармамен алғашқы танысуда балалардың оның мазмұнында баяндалған оқиғалары мен кейіпкерлері жөнінде алған әсерлері, білімдері шамалы дәрежеде болады. Оқу материалын терең игерту мәтіннің идеялық-көркемдік жақтарын, образдар жүйесін жан-жақты талдау арқылы іске асырылады.Ал,талдау жұмыстарының нәтижелі болуы оқушының шығарма табиғатын құрайтын әдеби-теориялық ұғымдардан түсінігі болып, соларды сабақта қолдана білуіне байланысты.
Орта мектеп бағдарламасында әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға арнайы сағат бөлінбегенмен әрбір шығарманы оқып, талдауда сюжеті мен кейіпкерлерінің суреттелуін сөз еткенде теориялық мәселелерден аттап кету мүмкін емес.Керісінше, шығарманың тақырыбы мен тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып жеткізу балалардың әдеби-теориялық біліміне сүйенген жағдайда ғана нәтижелі болмақ.Оқушылардың әр сыныпта меңгерулеріне тиісті теориялық ұғымдардың бірталайы бағдарлама мен оқулықтарда арнайы көрсетіледі. Мәселен,эпитет,теңеу,әдеби кейіпкер т.б түсініктер.
Оқыту үрдісінде теориялық білім шығарманы талдаумен ұштастырылып беріледі және көлемі,түрі оқушылардың жас ерекшелігімен байланыстырыла ,жүйелі түрде, жеңілден күрделіге қарай алынады.
Әдебиет сабақтарында оқылатын көркем шығармадағы автордың ойын жеткізетін элементтердің бірі - кейіпкер бейнесі.Оның іс- әрекеті , мінез – құлқы , көзқарасы әр түрлі оқиғалар арқылы , басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасынан айқындалады. Шығарманың мазмұнымен танысқанда кейіпкердің барлық қыры мен сырын толық біле алмайды. Сондықтан көркем мәтінге талдау жұмысы жүргізіледі. Ғылыми әдістеме, іс тәжірибесінде талдау жұмыстарын жүргізудің белгілі бір түрде қалыптасқан реті, жолы бар деуге болмайды. Көркем шығарманы қарастырғанда бірнеше психологиялық, педагогикалық жағдайларды ескеруіміз қажет.Сабақ барысында жүргізілетін жұмыс түрлері көркем шығарманың жанрлық, композициялық, поэтикалық ерекшеліктеріне байланысты.Осындай жағдайларда автордың кейіпкер бейнесін сомдау әдісі де талдаудың негізі болуы мүмкін.
Көркем шығарманы меңгеру екі кезеңде іске асырылады.
Бірінші, оқушы шығарма мазмұнымен танысып белгілі бір дәрежеде әсер алса,
Екінші , сол әсерін кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды талдау арқылы тереңдей түсіп, автордың ойын ұғынып түсінуге тырысады. Бірақ әрқашанда мұғалімнің іс-әрекеті оқушының кейіпкер бейнесін дұрыс қабылдауын, мәтінмен белсенді жұмыстар орындап, мұғалім түсіндірген бағытпен өз бетінше ізденіп түйін шығара білуін көздейді.