kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздікті аңсаған Алаш ұлдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халықтың ұлттық,  азаматтық және мемлекеттік сана- сезімдерінің қалыптасуындағы алғашқы қазақ  демократтардың тарихи рөлін көрсетуге талпыну;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздікті аңсаған Алаш ұлдары»

Тақырыбы: Тәуелсіздікті аңсаған Алаш ұлдары

Мақсаты:1 Халықтың ұлттық, азаматтық және мемлекеттік сана- сезімдерінің қалыптасуындағы алғашқы қазақ демократтардың тарихи рөлін көрсетуге талпыну;

2 Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану, танымдық ,қызығушылық сезімдерін дамыту;

3. Адамгершілік тәрбиесін беру, қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау.

Сабақтың түрі: пікір алмасу

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,

Көрнекілігі: Алаш зиялыларының портреттері,

Мұғалім : «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті неғайту идеясын алға тартқан рухани- зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар әрі дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал.» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің « Тарих толқынында » атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде « мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.

Барысы:

Жоспар:

  1. Кіріспе психологиялық ахуал, оқушыларды топқа бөлу

  2. Негізгі бөлім ( топтарға тапсырма беру)

І топ

а) Алаш қозғалысының пайда болуы

ә) Алаш орданың мүшелері, өмір жолдары

б) Алаш қозғалысының маңызы

в) Ситуациялық жағдай ( портреттер сөйлейді)

г) Поэзия сәті



ІІ топ

а) Алаш орданың мақсаты

ә) Алаш орданың мүшелері, өмір жолдары

б) Алаш қозғалысының маңызы

в) Ситуациялық жағдай ( портреттер сөйлейді)

г) Поэзия сәті













І топтың бірінші сұрағы «Алаш қозғалысының пайда болуы»

  1. оқушы: Патша үкіметінің отаршылдық саясаты нәтижесінде қазақ халқының жері жаппай тартып алынды да , соның себебінен қазақ халқы біртіндеп экономикалық кіріптарлыққа түсірілді. Қазақстанның қазіргі алып жатқан аумағы патша өкіметінің отарлау саясатының үш дәуірін бастан кешірді, біріншісі- еркін отарлау, екіншісі – әскери-әкімшілік отарлау.

Патшаның алғашқы әскерлері Семей губерниясында І Петр кезінде Ертіс өзенімен келіп , қазіргі Қара Ертіске дейін жетті, Жетісу және Сырдария губернияларын ХІХ ғасырдың 60 – жылдары біржола басып алды. Патша әскерлері Жайық, Тобыл, Есіл өзендерін бойлай жылжыды. Бұл отарлаудың мақсаты сауда, өнеркәсәп капиталының мүдделері үшін кең,байтақ, құнарлы жері бар Орта Азияны иеленіп алу еді.

  1. оқушы: Өзендердің жағаларында біржола орнығып алғаннан кейін үкімет ХІХ ғасырдың басынан далаға тереңдеп ене бастады. Қазақ халқын қоршап алды.1917 жылғы Ақпан төңкерісі Түркістанға уақытша үкіметті алып келді. Уақытша үкіметте бұрынғы империядан ауыр мұра қалды. Елді таптық, әлеуметтік, экономикалық, ұлттық ,діни қайшылықтар етектен тартып жатты. Уақытша үкімет елді титықтатқан ,ұзаққа созылған империалистік соғыстан шығаратын күшті таба алмады. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бермеді.

  2. оқушы: ХХ ғасырдың басынан бастау алатын қазақ зиялыларының Ресейдің отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысының 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен соң саяси күрес сахнасының төріне шығып, саяси- әлеуметтіік ұйымның құрылымға айналғаны - жер-жердегі қазақ комиттерінің пайда болуына, Алаш партиясының ұйым ретінде жәнен Түркістан автономиясы мен Алаш орда үкіметінің құрылғаны



ІІ топтың бірінші сұрағы «Алаш орданың мақсаты»

Алаш қозғалысының басты мақсаты- қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірбиені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егіншілік пен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу-жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917ж ақпан және желтоқсан аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. 1917 ж Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі болды. Ұлттық мемлекетке құқы бар екендігін метрополияға мойындату

І топтың екінші сұрағы «Алаш орданың мүшелері,

өмір жолы»

  1. оқушы : Ахмет Байтұрсынов . Оның тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы,алайда өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те өте терең. Ол 1872 жылы қаңтар айының 28- інде Торғай уезінің Тосын болысындағы Сарытүбек дейтін жерде дүниеге келді. Әкесі Байтұрсын қарапайым шаруа болғанымен мәртттігі, кісілігі басым, көзі ашық азамат болса керек. 1885 жылғы қазанның 12-ісінде ояз бастығы Яковлевтің басын жарған үшін інісі Ақтас екеуі 15 жылға сотталып, 17 жыл «итжеккенде» айдауда болды. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет Торғайдағы екі жылдық орыс-қазақ училищесін тәмәмдады.

  2. Оқушы: Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан Қарқаралы оязы, Әлтеке- Сырым болысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша бұл елді- мекен Жезқазақ облысы, Ақтоғай ауданы, «Қаратал» совхозына қарайды. Оның нақты туған жылы туралы да жазба деректерде түрліше пайымдалып жүр. Кеңес үкіметінің пәрменімен Әлихан «Халық жауы» деген нақақ айыппен тұтқындап, ату жазасына кесілген үкімнің шыққандығын айғақтайтын іс-қағаздары арасындағы өмірбаяндық құжатында ол 1886 жылы Семей облысының Қарқаралы оязындағы жетінші ауылында дүниеге келгендігі баяндалған.

1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша үкіметі құлағаннан кейін қазақтың зиялы қайраткерлері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбайұлы, Халел Ғаббасұлы,Жаханша Досмұханбетұлы, Халел Досмұхамбетұлы 1917 жылы сәуірде облыстық қазақ съездерін қйымдастырып өткізді. Съезде қаралған 14 мәсселенің бірі- қазақтың саяси партиясын құру еді. Партияның атын «Алаш» аталсын деп ұйғарылады. Партияның бағдарламасы мен жоспары белгіленеді. Осы съезде Әлихан Бөкейхан көпшілік дауыспен «Алаш орданың» басшысы болып сайланады. Бұл 6 млн. Алаштың Әлиханды өзінің саяси көсемі ретінде танығандығының айқын дәлелі.

2-оқушы: ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бірі.- қайраткер Міржақып Дулатұлы еді. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәелсіздігін бірінші кезекке қойған, алаш қозғалысының белсенді қайраткері болған. Сол себепті де М.Дулатұлының есімі мен әдеби мұрасы туралы Кеңес үкіметі кезіндегі айтуға да, жазуға да тыйым салынды. М.Дулатұлы 1885 жылы 25-қарашада қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты «Қызылбел» аулында (бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында ) дүниеге келген. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулетті, ескіше сауаты бар адам болады. Алғашқыда Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды.ата-анасынан ерте айырылған бала ағасы Асқардың тәрбиесінде болады. 1904 жылы қазақ зиялыларының алтын бесігі Омбыға келеді.

ІІ топтың екінші сұрағы « Алаш орданың мүшелері,

өмір жолдары

  1. Оқушы: Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 – маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниге келген.

Ақынның адам ретінде , азамат ретінде қалыптасуына ардагер Міржақып Дулатұлы ықпал жасады. Ол Мағжанды әлем мәдениетінің озық үлгілерімен сусындатты, ақындық әлемнің сиқырлы есігін ашты.

1913 жылы ақын Омбы қаласына келіп, оқытушылар семинариясына түседі. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30- желтоқсан күні қызыл қырғынның құрбанына айналды.

2-оқушы: Жүсіпбек 1889 жылы Семей губерниясы , павлодар уезі, Қызылту болысының бірінші ауылында дүниеге келді. Арғы аталары ауқатты болған болған деседі. Біраақ Жүсіпбектің өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. 1914 жылы Семейге барып, мұғалімдер семинариясына түседі. Оны 1919 жылы бітіреді. Семейде құрылған Алашорда партиясы мен үкіметіне тілектес болады. 1929 жылы « Еңбекші қазаққа» (Қызылордаға) барып, баспасөзде қызмет істей басстаған Жүсіпбек жалаға ұшырап, тұтқынға алынған. «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысты» деген жалған айыппен 1931 жылы түрмеде атылған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген көрнекті қазақ ақындарының бірі- шәкәрім Құдайбердіұлы. Ол 1858 жылы ескі жыл санауы бойынша 11 шілдеде ,қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келді. Шәкәрім – Абайдың Құдайберді деген ағасынан туған немере інісі. Өмір бойы білімін кеңейтіп, барынша ізденуге ден қойған Шәкәрім 1905- 1906 жылдары Меккеге барып қайтады. Шәкәрім Кеңес өкіметінің орнауын, негізінен, теріс қабылдамаған, оны әділет жолы деп ұққан. Бірақ оған жаңа өкімет те тыныштық бермеген. Өкімет белсенділері оны бандылармен байланысты деп айыптаған. 1931 жылы 2 қазан күні өз жұмысымен оңаша үйінен ауданға бет алып келе жатқан жолды атып өлтіреді.

ІІІ сұрақ ортақ

«Алаш қозғалысының маңызы»

І топ 1. ІІІ ғасыр бойы саяси билігі болмаған халықтың бойында қазақ зиялылары тәуелсіз мемлекет құру идеясын туғызды.

2. «Алаш» партиясының негізгі мақсаты қазақ автономиясын құру болды, яғни жеке ел, мемлекет болу.

ІІ топ 1. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып, мемлекетіміздің алғы шартын жасап кетті.

2.«Алаш» зиялыларының көтерген мәселелері- жер туралы, халықты қоныстандыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту қазір де өз мәнін жоғалтқан жоқ





Портреттер сөйлейді.

1. Әлейхан Бөкейханұлы

а) Алаш партиясының ұйымдастырушы кім?

ә) 1866ж семей облысының Қарқаралыда дүниеге келген кім?

б) Петербордағы орман шаруашылығы институтына жолдама алған кім?

2. Жүсіпбек Аймауытов

а) 1889-1931 жылдар аралығында өмір сүрген ақын

ә) « Қартқожа», « Ақбілек», « Күнекейдың жазығы» шығармаларының авторы

б) 1918 ж М.Әуезовпен бірігіп «Абай » атты журнал шығарған

в) Алашорда өкіметі құрылғанда ол «Ұран » деген өлеңмен құттықтаған.

3. Шәкәрім Құдайбердіұлы

а) 1858-1931ж аралығында өмір сүрген кім? ( Ш.Құдайбердіұлы)

ә) «Еңлік- Кебек» пэмасының авторы кім?

б) «Қалқаман- Мамыр», «Еңлік- Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» поэмаларының авторы кім? (Ш .Құдайбердиев)

4. Міржақып Дулатұлы

а) «Оян ,қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? ( М.Дулатұлы)

ә) 1885ж 25 қарашада дүниеге келген кім? ( М.Дулатұлы)

б) «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?



5.Мағжан Жұмабаев

а) 1893ж 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев

ауданында дүниеге келген кім? ( М.Жұмабаев)

ә) 1922 ж Орынборда «Педагогика» оқулығын бастырған.

в) 1929 ж қазақ зиялыларымен бірге Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жабылған

6.Ахмет Байтұрсынов

а) «Қазақ» газетінің бас редакторы кім? ( А.Байтұрсынов)

ә) Тұңғыш әліппені жазған кім? ( А. Байтұрсынов)

б) 1873ж қаңтар айында дүниеге келген кім? ( А. Байтұрсынов)

Бағалау: Оқушылар стикерлер арқылы сабақты бағалайды

Қорытынды: Ата- бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғын деп пікіралмасу сабағымызды аяқтаймыз.

ән: Жаса,жаса қазақ елі !














































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздікті аңсаған Алаш ұлдары

Автор: Құлке Айгүл Гелманқызы

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 404895

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Қазақстан тәуелсіздігі -мәңгілікке"
    ["seo_title"] => string(40) "k_azak_stan_t_uielsizdighi_m_n_ghilikkie"
    ["file_id"] => string(6) "382442"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485095856"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Т?уелсіз елді? ?ланымыз!"
    ["seo_title"] => string(28) "t-uielsiz-ieldin-u-lanymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "277223"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452859607"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "1986 жыл?ы Алматыда?ы о?и?а "
    ["seo_title"] => string(32) "1986-zhylg-y-almatydag-y-ok-ig-a"
    ["file_id"] => string(6) "132076"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416283146"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Конспект урока основой правы на тему "?Р ?лтты? валютасы" "
    ["seo_title"] => string(60) "konspiekt-uroka-osnovoi-pravy-na-tiemu-k-r-u-lttyk-valiutasy"
    ["file_id"] => string(6) "234325"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443423695"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Факультатив"
    ["seo_title"] => string(11) "fakul-tativ"
    ["file_id"] => string(6) "313220"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459442098"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства