kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік монументі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разроботка урока по литературе для 4 го класса.Урок был разработан по новой технологии

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік монументі»

Әдебиеттік оқу пәні

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік монументі. Ш.Сариев.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейте түсу. Мемлекеттік рәміздердің құндылықтары мен оған деген құрмет. Өз туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілік. Тәуелсіздік қндылықтарын бағалай білу, олар туралы таным-түсініктерін тереңдету.

2. Ақынның өлең жолдарында өз еліне деген сүйіспеншілігін көркем сөзбен жеткізу, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту, сөздік қорларын дамыту.

3.Отанды сүюге, тілді құрметтеуге, тарихи құнды мұраларымызды танып білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, рәміздер, Тәуелсіздік монументінің суреттері.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, шапшаңдық және алғырлық (мозайка құрастыру) ,тест сұрақтары, постермен жұмыс істеу, поэзия минуты, көріністен үзінді

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру

3.Қызығушылықты ояту.

1.Тренинг (3 минут) Топқа бөлу. Топқа атаулар таңдау.( «Көк тудың желбірегені» әні баяу ойнап тұрады, слайд көрсетіледі.)

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

- Сәлеметсіздер ме,қонақтар? Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Төрт топқа «Тәуелсіз», «Егеменді», «Астана», «Бәйтерек» болып бөлініп, сабағымызға сәттілік тілеп бастайық!

2.Түсіндіру: (8 минут) Сабақ тақырыбы:

«Тәуелсіздік монументі». Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев.
Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,
Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.
Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,
Мұндай ұлы монументті салған ел.
Қорамсаққа қолды салсаң – үш жебе,
Қазағымның тұтастығын қорғайтын.
Жан – жағынан жақсылары қалыспай,
Хан болған ғой азаматым арыстай.
Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,
Қанаттанып жауға шапқан барыстай.
Келешекке құс боп қанат қақты Адам,
Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!
Тәуелсіздік монументі алдында
Қазақ болып туғаныма мақтанам!

Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Монументті құрылыстың авторлары: архитектор Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас құрастырушы С.П. Қаламқаров. Тәуелсіздік монументі 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті С. Демирель қатысты.

Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.

Тәуелсіздік монументінің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама,жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, 2-дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.

Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғасырдың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығармашылығы тоғыстығынан туған озық архитектор жәдігерлерінің біріне айналды.

3. Мағынаны тану: шапшаңдық және алғырлық (3 минут)

Көрсетілген уақыт ішінде топпен мозайканы құрастыру. Құрастыру бойынша өз түсініктеріне қорытынды жасау.

4. Ой шақыру: Тест сұрақтары (5 минут)

1.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан алды?

А) 1992 жылы 16 желтоқсан

Ә) 1996 жылы 11 желтоқсан

Б) 1991 жылы 16 желтоқсан

2. Тәуелсіздік монументі қашан ашылды?

А) 1992 жылы 16 желтоқсан

Ә) 1996 жылы 16 желтоқсан

Б) 1991 жылы 16 желтоқсан

3. Тәуелсіздік монументі өлеңінің авторы кім?

А) Н.Ә.Назарбаев

Ә) Ш. Уәлиханов

Б) Ш. Сариев

4. Ш. Сариев қай жылы туған?

А) 1942 жылы 15 сәуірде

Ә) 1946 жылы 15 сәуірде

Б) 1946 жылы 16 сәуірде

5. Тәуелсіздіктің 1 жылдығына орай «Тәуелсіздік монументі» қай қалада тұрғызылды?

А) Астана            Ә) Алматы         Б) Атырау

6. Тәуелсіздік монументінің биіктігі қанша метр?

А) 26 м               Ә) 27 м                    Б)28 м

7. «Монумент» деген сөздің аудармасы.

А) мүсін            Ә) ескерткіш               Б) сәулет

Жұмыстарын тексеру. Көршілерімен тексеру. Бағалау.

«Қол саусағының» 5саусағын бояңдар.

Балалар, сабағымызда желтоқсан оқиғасын еске алып, Тәуелсіздігіміздің бірінші нышаны «Тәуелсіздік монументі» жайында білімдерімізді толықтырдық, еліміздің тәуелсіздігі жайында сөз еттік.

Сабақта өздеріңді қандай біліммен көрсете білдіңдер? «Қол саусақтарың» арқылы көрсетіңдер. Қонақтарға көрсетіңдер.

5. Постермен жұмыс істеу (5минут)

6. Сергіту сәті: Поэзия минуты (10 минут)

"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан , - деп жырлаған Мұқағали Мақатаев атамыз. Ол, болса енді кезекті поэзия минутына берейік.

(Оқушылар өздерінің поэзияға деген қызығушылықтарын көрсетеді, өлеңдер оқиды)

7. Қорытынды: Көріністен үзінді (10 минут)

8.Үйге тапсырма (Өлеңді толықтай жаттап келу 108 бет)

9. Бағалау

Кешеннің ортасында 28 метрлік, Маңғыстау құлпытастарының бедеріне ұқсас, тігінен тұрған пластикалық селла бар. Оның ұшында Алтын адам орналасқан. Селланың төрт жағын аллегориялық фигуралардан тұратын «Аспан - дана» , «Жер-Ана» және тай мінген балалар қоршап тұр. Балалар – отанымыздың жастығы мен болашағы. Екінші жағынан – әке, шеше және балалар – отбасын

Олар 10 бедерден тұрады:

1-бедерде қазақтардың арғы бабалары болып саналатын массагет-сақ билеушісі Тұмар патшайым дәуірі көрсетілген.

2-бедерде астрономия, медицина, философия ғылымдары өркендеп дамыған әл-Фараби заманы көрсетілген. Күй атасы Қорқыт та, тарихшы Мұхаммад Хайдари да осында.

3-бедерде – 15-ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуына арналған.

4-бедерде – жоңғар шапқыншылығын бейнелейді.

5-бедерде – Абылай ханның жекпе-жегіне арналған, себебі осыдан кейін халық Отан қорғау соғысына көтерілген.

6-бедерде – Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы. Ұлы адамдардың достығы.

7-бедерде – қазақтардың орыс патшасының саясатына қарсы көтерілісі.

8-бедерде – қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдары көрсетілген.

9-бедерде – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы суреттеледі.

10-бедерде – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған.

-1986 жыл. 16 желтоқсан. Қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсы ашық қарсылық көрсеткен күн. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 20 жыл өте шықты. Өмір-өзен толқыны бізді әйгілі 16 желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да, жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол –дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн оқиғасына қатысқан қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген құрмет, тағзым...

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен, -

деп ақын жырлағандай, өз тілі мен дінін ұмыта бастаған қазақ еліне ұйқысынан оянған жас баланың шырыл дауысы естілгендей болды.

«Желтоқсан» деректі фильмінен үзінді.

Фильмнен кейінгі ойтолғау.

4.Мағынаны тану.

Автор туралы мағлұмат беру.

Өлеңді мәнерлеп оқу. Мұғалімнің, оқушылардың оқуы.

Өлеңді оқу барысында «Түртіп алу» стратегиясы бойынша – өлең жолдарында ел және Алтын адам сөздеріне қандай «Топтастырулар» берілгенін түртіп алып отыру.

Белгілеп алған топтастыруларын дәптерлеріне теріп жазып алу.

Сөздік жұмысын, түсініктеме жұмысын жүргізу.

Өлеңнің мазмұнына тоқталып, мағынасына және автордың жазу тіліне мән беру.

Басқа да жазушылардың осы тақырыпта жазған өлеңдерінен үзінді оқу. Салыстыру.

Қажет дерек

Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан. Кешен мемлекеттік қайраткерлер, мәдениет өкілдері, ғұлама ғалымдар айтқан сөздерден, сәулет, сымбат һнерлерінің тұтастай бірігіп жинақталуынан жасалған.

Кешеннің ортасында 28 метрлік, Маңғыстау құлпытастарының бедеріне ұқсас, тігінен тұрған пластикалық селла бар. Оның ұшында Алтын адам орналасқан. Селланың төрт жағын аллегориялық фигуралардан тұратын «Аспан - дана» , «Жер-Ана» және тай мінген балалар қоршап тұр. Балалар – отанымыздың жастығы мен болашағы. Екінші жағынан – әке, шеше және балалар – отбасын бейнелейді, ол – мемлекеттің негізі отбасы деген сөз. Селланың екі жағынан 18 метрлік ұзын таға түріндегі он бедерлі- сәулеттік қабырға қоршап тұр. Осы қабырғалар стелланың бар мағынасын ашып береді. Олар 10 бедерден тұрады: 1-бедерде қазақтардың арғы бабалары болып саналатын массагет-сақ билеушісі Тұмар патшайым дәуірі көрсетілген. 2-белерле астрономия, медицина, философия ғылымдары өркендеп дамыған әл-Фараби заманы көрсетілген. Күй атасы Қорқыт та, тарихшы Мұхаммад Хайдари да осында. 3-бедер – 15-ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуына арналған. 4-бедер – жоңғар шапқыншылығын бейнелейді. 5-бедер – Абылай ханның жекпе-жегіне арналған, себебі осыдан кейін халық Отан қорғау соғысына көтерілген. 6-бедерде – Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы. Ұлы адамдардың достығы. 7-бедерде – қазақтардың орыс патшасының саясатына қарсы көтерілісі.

8-бедерде – қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдары көрсетілген.

9-бедерде – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы суреттеледі. 10-бедер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған.

Оқушылардың білгендерін қосу, толықтыру.

«Тәуелсіздік монументі» тақырыбындағы ребусты шешу.

5.Ойтолғау.

«Сабақтан алған әсерім» атты ойтолғау жазу.

-Нені өзің үшін түртіп алар едің?

Жеке, жұпта, топта жұмыс. Топ лидерлерін тыңдау.

Өлең жолдары бойынша қандай оқиғаны ұнамсыз деп есептейсің? (Ауызша).

6.Сабақты бекіту.

Отан, туған жер,атамекен жайында мақал-мәтелдер айту.

Олардың мағынасын ашу.

«Ел болашағы-білімді ұрпақ» деген болатын елбасы Н.Назарбаев.Ел бірлігі –біздің барша табыстарымыздың кілті.Тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерей тойын өткізіп,еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.Еңселі елдің елеулі азаматы болып,сабақты жақсы оқып,бір-бірімізге қамқор болып,жақсы азамат болып жетулеріңе тілектеспін,-деп сабақты аяқтау.

7.Үйге тапсырма.

Өлеңнің ұнаған шумағын жаттау. 77-бет.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік монументі. Шөмішбай Сариев.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейте түсу.Желтоқсандағы құрбандарды еске алып, олардың батырлығын, ерліктерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тәрбие- білім беру.Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Ақынның жан дүниесі мен туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткізу тілін ұғынулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, тарих, қазақ тілі.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, жаңа ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: рәміздер, Тәуелсіздік монументінің суреті, Қазақстанның көрнекі қалаларының суреттері, үнтаспа «Желтоқсан желі», «Желтоқсан» деректі фильмінен үзінді, маркер, А3 қағазы.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Сәлеметсіздер ме,қонақтар? Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Үш топқа «Тәуелсіз», «Егеменді», «Азат» болып бөлініп, сабағымызға сәттілік тілеп бастайық.
2.Үй жұмысын тексеру. «Балықшының баласы» А.Құдайбергенов.
Өткен тақырыпты есімізге түсірейік.
-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз? ( «Арналы бұлақ – асыл сөз»)
-Алдыңғы сабақта қандай әңгімен таныстық?( «Балықшының баласы»)
Әңгімеден түйген ойларыңды «Балық аулау» ойыны арқылы тексерейік.
1)Әңгіменің кейіпкері кім? Оған мінездеме бер.Өсер- ол ақылды, тілалғыш, еңбекқор, адамгершілігі мол, қайсар, батыл, өжет.
2)Автордың қайық мінезін бейнелеудегі басты теңеулерді ата.
-Жағадағы қайық желіге байланған құлын тәрізді;
-Қайық асаудай бұлтыңдайды, бесіктей тербеледі;
-Құлын сияқты жаны болса шыңғырып, кісінеп жіберер ме еді;
-Толқындағы қайықтың мінезі құлын мінезіне теңеледі.
3)Өсердің өмірден алған өнегесі қандай деп ойлайсыңдар?
Қиыншылыққа мойымау, төзімділікпен, шыдамдылықпен қиындықты жеңе білу.Ол үшін ақылмен көп еңбектену керек. «Еңбек бәрін де жеңбек» дегендей, өмірде адал еңбектену керек.
4)Өсерге әкесі қандай ақыл айтты? –Атқа мінсең, тізгініне ие бол. Қайыққа мінсең, ескегін ұста. Ескексіз қайық ағынға жалынар, ескекті қайық адамға бағынар.
5)Өсер үшін әке алақаны неге қымбат? Әкесі оның балықшы болған. Өмір бойы балық аулаған. Балық аулау оңай іс емес, көп қажырлы еңбекті талап етеді. Сондай еңбекқор адамның бірі оның әкесі.
6) Балықшы мамандық па, кәсіп пе?
Алдарыңдағы «қол саусағы» арқылы 1-саусақтарыңды бояңдар. Бағалау бағалары тақтада көрсетілген.
3.Қызығушылықты ояту.
Балалар, үнтаспа әуеніне көңіл бөлейік.(«Желтоқсан желі» әні қосылады)
- 1986 жыл 16 желтоқсан. Қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсы ашық қарсылық көрсеткен күн. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 27 жыл өте шықты.Өмір – өзен толқыны бізді әйгілі 16 желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да, жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол – дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн оқиғасына қатысқан қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген құрмет, тағзым...
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Өз тілі мен дінін ұмыта бастаған қазақ еліне ұйқысынан оянған жас баланың шырыл дауысы естілгендей болды.
«Желтоқсан» деректі фильмінен үзінді.
4.Ойшақыру.
Сұрақ: - 1986 жылы Алматыда қандай оқиға болды?
- Оқиға туралы не білесіңдер?
Мұғалімнің сөзі: - Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл- қыздарды, рухы биік аға- апайларымызды ұмытпайық. Олардың ерлігі біздерге үлгі болсын.
- 16 желтоқсан күні еліміз үлкен мерекені атап өткелі отыр? Ол қандай мереке? Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
Экранға назар аударайық.(Экранда ескерткіштің суреті ашылады).
Сұрақ: Суретке қарап не айтар едіңдер? Бұл не? (Ескерткіш)
Не байқадыңдар?
-Төменгі бөлігі неге ұқсайды?( Жауап: жапыраққа ұқсайды)
-Тағы не көріп тұрмыз? Қанатты барыс.
Сұрақ: -Ұшар басында ненің бейнесі?
Сақ жауынгердің бейнесі, дұлығалы Алтын адам.
5.Мағынаны тану.
Иә, бұл «Тәуелсіздік ескерткіші». Тәуелсіздіктің бес жылдығына орай Алматы қаласында 1996 жылы 16 желтоқсанда бой көтерді.Ескерткіштің авторларының бас жетекшісі Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов. Биіктігі 28метр.
Төменгі бөлігі қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді, алдында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген.
Қанатты барыс бейнесі еліміздің тұрақтылығын, мықтылығын бейнелейді.
Ұшар басында сақ жауынгердің бейнесі, дұлығалы Алтын адам. Биіктігі 6 метр, салмағы 4 тонна. Алтын адам- Қазақстанның азаттық символы.
Бұл біздің, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы. Яғни, Шөмішбай Сариевтің «Тәуелсіздік монументі» өлеңімен танысу.
Сабағымыздың мақсаты:ақынның өмірбаянымен танысу, тәуелсіздік туралы түсініктерімізді кеңейте түсу.
Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді,сабақтың тақырыбын жазыңдар.
Жаңа сабақты автордың өмірбаяны, шығармашылығымен танысудан бастайық..
Ақынның суреті ашылады.
Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев – ақын, аудармашы, филология ғылымының кандидаты, Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты,
«Жыл Адамы – Алтын Адам» сыйлығының иегері. 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған, Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған.
Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген.1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған.2003 жылы Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,
2004 жылы «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
6.Оқулықпен жұмыс. Оқулықтарыңның 77 бетін ашыңдар, өлеңмен танысайық.
Мұғалім өлеңді оқиды.
Өлеңді оқиын, сендер тыңдаңдар.
«Тәуелсіздік монументі». Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев.
Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,
Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.
Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,
Мұндай ұлы монументті салған ел.
Қорамсаққа қолды салсаң – үш жебе,
Қазағымның тұтастығын қорғайтын.
Жан – жағынан жақсылары қалыспай,
Хан болған ғой азаматым арыстай.
Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,
Қанаттанып жауға шапқан барыстай.
Келешекке құс боп қанат қақты Адам,
Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!
Тәуелсіздік монументі алдында
Қазақ болып туғаныма мақтанам!
7.Сөздікпен жұмыс: Монумент – үлкен ескерткіш.
Сөзді дәптерге жазу.
8.Өлеңді оқушыларға оқыту.
Мұғалімнің сөзі: Өлеңді оқыдық, енді өлеңнің мазмұнын ашып көрейік.
Ата-бабамыз аңсаған арманы орындалды. Ол азаттық алу, тәуелсіз болу. Тәуелсіздіктің арқасында айымыз туып, жұлдызымыз жанған ел болдық.
Тәуелсіздігіміздің ең бірінші нышандарының бірі «Тәуелсіздік монументі».
Сонау тарихи кезеңде қазақ халқы 3 жүзге бөлінген.
Естеріңде ме, олар қандай жүздер? Әр жүздің өзінің биі болған.Ұлы жүздің биі- Төле би, орта жүздің биі- Қазбек би, кіші жүздің биі- Әйтеке би.Осы үш би елдің тұтастығын сақтап, қорғап отырған. Қандай болмасын дауды шешіп отырған.
Ата-бабаларымыздың көзі- Алтын адам. Алтын адам қай жерде табылған, білесіңдер ме?
Яғни, Алтын адам- Қазақстанның азаттық символына айналған.
Ақын өзінің қазақ болғанына мақтанады. Себебі, осындай ескерткіш тек қазақ халқына тән.
Жауаптарың бойынша «Қол саусағының» 2 саусағын бояңдар.
Қазір біз өлеңнен алған әсерімізді ортаға салып көрейік. Ол үшін тапсырмалар орындайық.
Қолымдағы тапсырмалардың бірін алып жауабын дайындайсыңдар..Дайындыққа 2 минут уақыт беріледі.
1-тапсырма- Өлеңде қандай монумент туралы айтылған? Ол жөнінде не білдіңдер?
2-тапсырма. « Тәуелсіз» сөзін ажырату.
3-тапсырма. Өлеңде ақынның қандай сезімдері байқалады? Дәлелде.
Жауаптарың бойынша «Қол саусағының» 3 саусағын бояңдар.
9. Сергіту сәті: «Киіз үй»
Балалар, шеңбер аясына тұрып бойымызды сергітейік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер.
«Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиқазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді» Киіз үй.
Ендеше, сергіту сәтіміз «Киіз үй» болады.
«Қане, қане тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық»
10. Еліміз өзінің Тәуелсіздігін жариялап алғанына 22 жыл толғалы отыр.Осы жылдар аралығында болған оқиғаларды есімізге түсіру үшін «Тәуелсіздік шежіресі» тапсырмаларын орындайық.( флипчардтармен жұмыс)
1оқиға-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991ж 1 желтоқсан
2 оқиға- Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1991ж. 16 желтоқсан.
3 оқиға- Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.1992 ж. қазанда 4 оқиға- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды. 1993 ж.4 маусым.
5 оқиға- Төл теңгеміз дүниеге келді. 1993 ж 12 қараша.
6 оқиға- Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанады. 1994 ж.
7 оқиға- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды., 1995ж 30 тамыз.
8 оқиға- Алматыда «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды. 1996 ж.
9 оқиға- Тіл туралы заң өабылданды. 1997 ж.
10 оқиға- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы. 1998 ж.
11 оқиға-Ел астанасы Ақмолаға көшірілді. 1998 ж.
12 оқиға- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» 1999 ж.
13 оқиға- «Мәдениетті қолдау» жылы. 2000ж
14 оқиға- «Денсаулық жылы» 2002 ж.
15 оқиға- Жаңа әнұран қабылданды. 2006 ж.
16 оқиға- Астанаға 10 жыл. 2008 ж.
17 оқиға- Астанада Саммит өтті. 2010 ж.
18 оқиға- 7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында өтті. 20011 ж.
Жауаптарың бойынша «Қол саусағының» 4саусағын бояңдар.
11. Сабағымызды «Тапқырлар» тапсырмасы арқылы мақал-мәтелдермен жалғастырайық.
Берілген мақал-мәтелдерді толықтырып жазу керек.
1. .. .. .. алтын бесік. (Ел іші)
2.Отан үшін күрес – ерге ... ... ... (тиген үлес)
3. Отансыз адам – ... ... ...(ормансыз бұлбұл)
4. Туған жердің ... да шипа. (ауасы)
5. ... отбасынан басталады. (Отан)
12. Қорытындылау.
- Сабағымызды қорытындылай келе алған білімдерімізді тексеру үшін тест жұмысын орындайық.
Тест
1.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан алды?
А) 1992 жылы 16 желтоқсан
Ә) 1996 жылы 11 желтоқсан
Б) 1991 жылы 16 желтоқсан
2. Тәуелсіздік монументі қашан ашылды?
А) 1992 жылы 16 желтоқсан
Ә) 1996 жылы 16 желтоқсан
Б) 1991 жылы 16 желтоқсан
3. Тәуелсіздік монументі өлеңінің авторы кім?
А) Н.Ә.Назарбаев
Ә) Ш. Уәлиханов
Б) Ш. Сариев
4. Ш. Сариев қай жылы туған?
А) 1942 жылы 15 сәуірде
Ә) 1946 жылы 15 сәуірде
Б) 1946 жылы 16 сәуірде
5. Тәуелсіздіктің 1 жылдығына орай «Тәуелсіздік монументі» қай қалада тұрғызылды?
А) Астана Ә) Алматы Б) Атырау
6. Тәуелсіздік монументінің биіктігі қанша метр?
А) 26 м Ә) 27 м Б)28 м
7. «Монумент» деген сөздің аудармасы.
А) мүсін Ә) ескерткіш Б) сәулет
Жұмыстарын тексеру. Көршілерімен тексеру. Бағалау.
«Қол саусағының» 5саусағын бояңдар.
Балалар, сабағымызда желтоқсан оқиғасын еске алып, Тәуелсіздігіміздің бірінші нышаны «Тәуелсіздік монументі» жайында білімдерімізді толықтырдық, еліміздің тәуелсіздігі жайында сөз еттік.
Сабақта өздеріңді қандай біліммен көрсете білдіңдер? «Қол саусақтарың» арқылы көрсетіңдер. Қонақтарға көрсетіңдер.
13. Үй жұмысы: өлеңнің ұнаған шумағын жаттау 77 бет.
Сабағымызды мерекелік шашу, музыкалық әнмен аяқтайық.
Багаудинова Айзаттың орындауында «Туған өлкем – Қазақстан».
Мукушова Д.,Шаримова Г. орындауында «Алтын бесік» өлеңін тыңдаңыздар. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіздік монументі. Шөмішбай Сариев. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Тәуелсіздік монументі. Шөмішбай Сариев.

Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынғансәулет және мүсін өнері ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген (2001 ж. 26 қыркүйектегі мәслихаттың 2-ші шақырылымының 12-ші сессиясының шешімі).

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1Кешен жайлы

  • 2Тарихы

  • 3Авторлық ұжым

  • 4Дереккөздер

Кешен жайлы[өңдеу]

Кешен ғылымның, мәдениет пен мемлекеттің танымал қайраткерлерінің сәулетін, мүсіндерін, сөздерін біріктіретін бірегей көркемдік шығарма болып табылады. Стеланы жақтаушалайтын көркемделіп құйылған торкөздер Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты сайлануын баяндайды. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтайға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Құлпытастарға өткен мен бүгінгі күн тарихи тұлғаларының сөздері ойылып жазылған. Мұнда Президент Назарбаевтың келесі сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты.== ==

Тарихы[өңдеу]

1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров.Тәуелсіздік монументі сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президентіС. Демирель қатысты.

Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынғамалынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.

Тәуелсіздік монументінің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама,жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, 2-дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.

Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғасырдың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығармашылығы тоғыстығынан туған озық архитектор жәдігерлерінің біріне айналды.[1][2]

Авторлық ұжым[өңдеу]

жетекшілік жасаған Ш.Е.Уәлиханов; мүсіншілер – А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансұров, Қ.Сұраншиев, Қ.Сатыбалдин; сәулетшілер – К.Жарылғапов, К.Монтахаев; құрастырушы – С.Қаламқаров; құрылысшы- А.Ермегияев. Монумент 1996-1998 жылдары тұрғызылды. Кешен көлденең 180 метрге созылып жатыр. Пластикалық стела композицияның ортасы болып табылады. Ол өздігінен биіктігі 28 метрге жететін маңғышлақ құлпытастарына ұқсас. Биіктігі 6 метр болатын «атын адам» немесе қанатты барсқа билік жүргізіп отырған дала басшысын бейнелеп, қазақ жеріндегі нақты мемлекеттік билікті сипаттайды. Стела диаметрі 46 метрді құрайтын домалақ алаңның ортасында орналасқан диаметрі 28 метр жартылай доғал стилобатқа орнатылған. Стеланың төменгі бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай сөздер ойылып жазылған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды», «1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Стеланың аяқ жағында, стилобатта «Жер ана» және құлын үстінде отырған екі бала аллегориялық мүсіндер орнатылған. Мүсіндер дүниенің төрт бұрышына қарасты.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тәуелсіздік монументі

Автор: Тулегенова Умсынай Сайлаубековна

Дата: 04.02.2017

Номер свидетельства: 387533

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ш.Сариев. "Т?уелсіздік монументі" "
    ["seo_title"] => string(34) "sh-sariiev-t-uielsizdik-monumienti"
    ["file_id"] => string(6) "152115"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420807665"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "т?рбие са?аты "Т?уелсіздік хабаршысы Желто?сан""
    ["seo_title"] => string(45) "trbiiesagatytuielsizdikkhabarshysyzhieltoksan"
    ["file_id"] => string(6) "266418"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450160483"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат !"
    ["seo_title"] => string(31) "tuielsizdiktutkasybizghieamanat"
    ["file_id"] => string(6) "268073"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450537491"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Т?уелсіздік манументі"
    ["seo_title"] => string(21) "tuielsizdikmanumienti"
    ["file_id"] => string(6) "285090"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454085222"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(49) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "151403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420704936"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства