Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық). Бағдарламадағы негізгі идеялар, жекелеген стратегиялар мен тәсілдерді сабақтарымда ашуға тырыстым. Өткізген сабақтарымда жеті модульде қарастырылған Орта мерзімді жоспарлауда бірінші бетпе-бет кезеңінде түйген ойларым мен алған біліміме негізделеле отырып төмендегідей жоспар құрдым. Бұл жоспарда жеті модульдің зерттеу кезеңінді модульдерді қолдануым, күтілетін нәтиже мен рефлексия,бағалауды жазуды ұйғардым.
№ | Сабақтың тақырыбы | Сабақтың мақсаты | Сабақтың модулі | Сабақта қолдануым | Күтілетін нәтиже | Бағалау | Деректі көздер | Үйге тапсырма |
1 | №1 Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. | Ойлау қабілетін, танымын өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу. | Сыни тұрғыдан ойлау АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Дарынды және талантты оқушыларды анықтау Бағалау | Сын тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмаларда постер қорғауда жан жақты талдай отырып жауап береді. АКТ-ны пайдалану арқылы екі оқушы диалогка түсіп жұппен орындалады. | Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөздік қорын дамытады, техникалық құралдар дұрыс пайдаланады. | Топтық, жұптық бағалау. Смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді. | Оқулықтар, АКТ, Техникалық құралдар | 145-бет, 20-жаттығу. Қосымша өз бетінше 6 есеп құрастырып келу |
2 | №2 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. | Оқушыларға тақырыпты кең ауқымды түрде түсіндіру, анықтама беру, ерекшелігін нақтылау, токтың жұмысы мен қуатын тұтынатын электр аспаптарын пайдала білу, қабілеттерін дамыту, ой-өріс, ойлау қабілеттерін шыңдау, техникалық құралдарды пайдаланулығын арттыру | Сыни тұрғыдан ойлау АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Дарынды және талантты оқушыларды анықтау Бағалау | Сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмаларда постер қорғау Оқушылар күнделікті пайдаланып жүрген электр тогы жайлы терең мәлімет жинайды, техниакалық құралдармен пайдаланып көреді. АКТ қолданылады. Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда көшбасшы,дарынды баланы анықтау. | Оқушыларды физикалық мәдениетке, үнемшілдікке, шапшаңдыққа, зейінділікке тәрбиелейді, техникалық құралдар дұрыс пайдаланады. | Өздерін өзі бағалау. Оқушылардың бір біріне құрған критеийлері бойынша бағалау | Оқулықтар, АКТ, Техникалық құралдар | 42-тақырып 152 бет № 6 үйде орындала тын эксперименттік тапсырма |
| №3 Тоғы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі | Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға баулу, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, алған білімдерін кеңейтіп, мамандық таңдауына көмектесу. . | Жас ерекшеліктер Сыни тұрғыдан ойлау АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Дарынды және талантты оқушыларды анықтау Бағалау | Сұрақ-жауап, формулалар, есептер шығару, эксперименттік тәжірибе,бейне фильм көру арқылы оқушылар диалогқа түседі | Магнит өрісі ұғымын және оны сипаттайтын шамаларды,оларды өлшейтін құралдардың жұмыс принципін үйреніп, практикалық жұмыстар мен есептерді шығаруда алған білімдерін күнделікті қажеттілікке қолдана біледі. | Арнайы критерий бойынша бағалау, сабақтан алған әсерін стикерлерге жазып арнайы плакатқа іледі. | Электронды оқулықтар, АКТ, Техникалық құралдар | Электр өрісі мен магнит өрісіне тараулары бойынша Венн диаграммасының сызбасын жасау. |
| №4 Электромаг-ниттер | Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету. | Жас ерекшеліктер Сыни тұрғыдан ойлау АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Дарынды және талантты оқушыларды анықтау Көшбасшы Бағалау | Жас ерекшеліктерін ескеру арқылы оқушылар үш топқа бөлу. Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сыни тұрғыдан ойлану арқылы орындаған топбасшылардың қорғауы. Оқушылар жұпта, топта жұмыс істеуге дағдыланады. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады. | Электромагниттің түрлері, қандай бөлшектерден тұратынын, қандай қызмет атқаратынын үйрету. | Топтық бағалау, құрылған критерийлер бойынша бағалау Инсерт таблицасын толтыру. | Электронды оқулықтар, АКТ, Техникалық құралдар | 55-тақырып 179-бет 26-жаттығу 1-4 есеп |