Сабақ : Төлен Әбдіковтің “Әркімнің ата-анасы –әулиесі ”(“Қонақтар” әңгімесіндегі адамгершілік мәселесі) | Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 мектеп- гимназиясы. |
Күні: | Мұғалімнің есімі: Уразова А.Қ. |
Сынып: 8ә | Қатысқандар саны:23 | Қатыспағандар саны:1 |
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) | “Әркімнің ата-анасы –әулиесі ”(“Қонақтар” әңгімесіндегі адамгершілік мәселесі) шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау жасап уйрену |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: |
А. Құрылымдық жоспардың орналасу тәртібін біледі |
Оқушылардың басым бөлігі: |
В. Әңгіменің негізгі идеясын түсінеді. Кейіпкерлер бейнесіне мінездеме береді |
Кейбір оқушылар: |
С. Әңгіменің шарықтау шегін тауып, қорытынды шығара алады |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Әңгімені көркемдеп айтып үйренеді, Сатылай кешенді талдау жасай алады. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Сөздікпен жұмыс |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) |
Ерғабыл шал - ұлттық ұлы қасиеттердің иесі Сапабек бейнесі немесе рухани мәңгүрттік |
Сен ата – анаң алдындағы перзенттік борышыңды қалай түсінесің?(айтылым) |
«Ата – анаңның ақысы» дегенді қалай түсінесің |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Сатылай кешенді талдау. Жазушының тілі .Теңеу, тұрақты тіркестер , дисфемизм , мақал- мәтелдер |
Алдыңғы оқу | Т.Әбдіков «Қонақтар» |
Жоспар : Төлен Әбдіков Жазушы, драматург, аудармашы, хатшы, Редактор, сектор меңгерушісі, еуропалық алтын медаль иегері, мемлекеттік сыйлық иегері |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) | Формативті бағалау (ОҮБ) | Ресурстар |
Басталуы | Кіріспе. Таныстырылым (1-2 минут) Ұйымдастыру Үй тапсырмасын тексеру Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Кәне, балалар, топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық. Серпілген сауал 1. Сапабектің үйіне келуі мен оны ата – анасының қарсы алуы әңгімеде қалай суреттелген? 2. Немере –қитар ұл неге екінші рет атасына жоламады? 3. Сапабек дастархан басында не туралы әңгіме айтты? 4. Баласының әңгімесі Ерекеңе неліктен ұнамады? 5. Сапабек өзінің әке – шешесіне деген сағынышын, махаббатын таныта алды ма? 6. Сапабек пен Томаның түнгі әңгімесі не жөнінде болды? Жаңа сабақтың табыс критериийін бірге анықтау. Әңгіме кейіпкерлері жазылған парақшаларды тарата отырып, сынып оқушыларын төрт топқа бөлемін (Ерғабыл қарт, Сапабек, Тома, Жеңіс) Ойқозғау Балалар, мына бір сөйлемге назар аударайықшы. «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» ,«Ата-ананың ақысы» дегенді қалай түсінесіңдер? Бұл қанатты сөздің біздің сабағымызбен қандай байланысы бар? Жаңа сабақ тақтаға жазылады, әр топқа тапсырмалар беріледі. | Критерий арқылы | Кейіпкерлер есімі |
Ортасы | Негізгі бөлім Берілген тақырып бойынша әңгімеге құрылымдық талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс) І топқа – Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. ІІ топқа – Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау. ІІІ топқа – Сатылай кешенді талдау. Кейіпкерлерге мінездеме, Венн диаграммасы ІV топқа-. Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. 1-топ: Тақырыбы: адамгершілік мәселесі Идеясы: баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы. (жұптық жұмыс) 2-топ: Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау. 1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі. 2. Дамуы - Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы. 3. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары 4. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні. 5. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт 6. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария 7. Қорытынды - Құлазыған көңіл 3-топ: Сатылай кешенді талдау. Кейіпкерлерге мінездеме Кейіпкерлері: Ерғабыл қарт Кемпірі Сапабек (ұлы) Тома(келіні) Жеңіс (немересі) Ауыл адамдары Аспандияр (әнші жігіт) Сапабек. Ат жақты, қапсағай сары жігіт. Тома. Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ - толық ақ сары, ажарлы келіншек. Жеңіс. Аяқ - қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала. 4-топ. Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі Сөздік жұмысы Шақша - насыбай салатын ыдыс Ноқта – Жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел Көлегейлеп – қолын маңдайына апару, күннен қорғану Қынжылу - кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы, қиналу Теңеу Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Тұрақты тіркес Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді. Басым сынып – ауырып Шаш етектен - пайдасы мол Мызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу) Көз ілінді - ұйықтап кету Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, Мақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар | Жаңа сабақта жетістікке жету критерийлерін ұсынады. Өзін-өзі бағалау парағын ұсынады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» Бір-бірінің жұмыстарының жетістігін, кемшілігін және оны түзету жолдарын айтады. | Парақшылар, топшамалар |
Аяқталуы | Бекіту (табыс критерийіне қайта оралды) «BilimLand.kz» cайтының ресурсын қосу, тапсырмаларын орындау (тест жұмысы) Бағалау Үйге тапсырма Ата - ананың қадірі» тақырыбына шығарма жазу. Рефлексия (кері байланыс) Сабақ мен үшін ... ..... үйренгім, білгім келеді. | | Сөздер жазылған парақшалар |
Қосымша ақпарат Интернеттен Ата-ананың ақысы” атты киносын қарап, салыстыру (өз бетімен) |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Дарынды және талантты оқушыларға серпілген сауалдағы жоғары дәрежелі сұрақтары және топтық , жұптық жұмыстар, төмен деңгейдегі оқушыларға сөздікпен жұмыс берілді. | Қалыптастырушы бағалау әдістері, критерий арқылы бағаланды | Қазақ тілі, бейнелеу өнері Оқушылардың жұптық, топтық, жұптық жұмыс жасау арқылы ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті нығая түсті. Оқушыларды топқа бөлуде әлеуметтік, мінез-құлық, эмоционалдық ерекшеліктері ескерілді. Адамгершілік құндылықтары дамиды. |
Рефлексия Сабақ/оұу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? .Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз |
| |
Қорытынды бағамдау Сабақтың мақсаты оқушылардың 45 минут уақыт ішінде меңгеретіндей етіп алынды. Оқушылар сабақ барысында шығармаға құрылымдық талдау жасауды үйренді. Мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстарды орындау барысында оқушылардың қызығушылықтары байқалды. Әр тапсырманы орындауға берілген уақытты тиімді пайдалана білдім. Оқушыларымның деңгейлік тапсырмалардағы жауаптарында толық баяндау жеткіліксіз болды. Алдағы сабақтарымда жетек және бағыттаушы сұрақтарды қолдануды ескеруім қажет деп білемін. |