Просмотр содержимого документа
«Сын есім туралы түсінік»
Күні: 08. 11.2016 жылы. Пәні: Қазақ тілі. Сыныбы: 6 «В» Сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік мақсаты: Сын есімдер туралы ұғымдарын жалғастыра отырып, оның жасалу жолдары туралы түсінік беру. 2.Тәрбиелік мақсаты: Көркем шығармаларды жақсы көруге, өз беттерімен оқып жүруге тәрбиелеу. 3.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілдері мен логикалық ойлау қабілеттерін, жалпы сауаттылықтарын дамыту; Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар,кесте; Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақты барысы: I.Ұйымдастыру кезеңдері: а) Оқушылармен сәлемдесу. б) Сынып тазалығына мән беру. ә)Оқушыларды түгендеу. в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. II. А) Үй тапсырмаларын тексеру үшін қойылатын сұрақтар. Ә) Жазу жұмыстарына назар аударып, тексеру, оқыту т.б. Б) Қоржыннан асық алғызу, сол асықтың нөмірлері бойынша дайындалған үлестірмелі қағаздағы сұрақтарға жауап беру. 1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2.Одағай сөздер дегеніміз не? 3.Атауыш сөздер дегеніміз? 4.Көмекші сөз дегеніміз не? 5. Оқшау сөздер дегеніміз не? 6. Морфология нені зерттейді? В) Үй тапсырмаларын қорытындылап, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
III. Жаңа сабақ: Сын есім –заттың сапасы мен сынын, көлемі мен түр-түсін,сипатын білдіретін сөздер. Сын есім қандай? Қай ?деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім тұлғасына қарай негізгі және туынды сын есімдер болып бөлінеді.
Сын есімнің белгілері
1.Заттың түрін,түсін білдіреді
Ақ,қара,көк, т.б.
2.Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін,сынын білдіреді.
Ұзын,аласа, кең, ауыр, т.б.
3.Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді
Әдемі,жақсы,жалқау, ақылды,т.б.
4. Заттың дәміне,иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді.
Қышқыл,жұмсақ,ащы,тәтті,т.б.
5.Затқа,қимыл, іс-әрекетке, мезгіл- мекенге қатысты сынды білдіреді
IV. Сабақты бекіту: 1. Жаңа сабаққа байланысты оқушыларға мысалдар келтіртіп, өздеріне дәлелдету. 2. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 112- жаттығу. Сын есімдерді қатыстыра отырып, «Табиғат суреттері» тақырыбында мәтін құрастыру. 3. Тақтамен жұмыс.113 – жаттығу. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді тауып, талдау жасаңдар. Талдау үлгісі: 1. Тұлғасына қарай 2.Құрамына қарай 3.Лексикалық мағынасы 4.Грамматикалық мағынасы 5. Сұрағы
Білімді туған жақсыға Залал қылмас мың қарға, Жаман туған жігітке Рақатты күн бар ма? Өз мінін білген жігіттің Тәлімінде мін бар ма? (Ақтамберді жырау) 114- жаттығу. Бояу түрлерін жазып шығыңдар. «Кемпірқосақ» тақырыбында жұптасып диалог құрыңдар. «Ойлан тап!» . Мына сұрақтарға тиісті тұрақты тіркестермен жауап беріңдер. А)Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма? Ә) Адамның төбесі аспанға жетеді ма? Б) Бір қазанға сыймайтын қандай бастар? В) Екі аяқ бір етікке сияды ма?
V. Сабақты қорытындылау: Жаңа материал бойынша оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегендерін байқау үшін сұрақтар қойып, жауап алу, түсінбеген тұстарын түсіндіру. VI. Үйге тапсырма беру.115 - жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, жылқы малы туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар. Қарамен берілген сын есімдерге морфологиялық талдау жасаңдар. VII. Оқушы білімдерін талдап , бағалау.