Енді 8-сыныпта о?итын "?дебиет" о?улы?ыны? 5—7-сыныптарда?ы ?дебиет о?улыктарынан ед?уір ?згешелігі бар. Ол ?згешелік — о?улык мазм?нында, та?ырыптарды? берілуінде. Оларда осы уа?ыт?а дейін о?ы?ан шы?арма-лары?нан ал?ан ?серлері?ді, ?здеріне ?на?ан кейіпкерлерден бойлары?а ауыскан адамды?, тазалы?, ?лтжандыль? ?асиеттерді, е? бастысы, осы кезге дейін ал?ан ?деби білімдері?ді ?рі ?арай тере?дете т?сетін жалпы т?ркі халы?тарына орта? жазба ?дебиетімізді? бастауы — ежелгі д?уір ?дебиетіні? ?лгілері берілді. Рас, б?л ?дебиет сендерге ал?ашында осы уа?ыт?а дейін о?ы?ан туындылары?нан тосындау к?рінуі ы?тимал. Сонау алыс ?асырлардан жеткен асыл м?раны? тілі де ?йреншікті емес, сонды?тан да т?сінуге ?иындау со?ар. Біра? оларды сендерді? шамалары? келмейтіндей ?иынды? деуге болмайды. "Ежелгі д?уірді? ?зінде мені? ата-бабамны? керемет жазба ?нері бол?ан екен. Сонда мынадай асыл ойлар айтыл?ан екен, сонда?ы тіл, ма?ал-м?телдер б?гінге жетіп, оны біз айтып, ?олданып ж?р екенбіз" дегенді сезінуді? ?зі ?аншалы? ?анибет десендерші! Осы ма?таныш сезім мен сана ежелгі ?дебиетті о?ып-?йренуге сендерді ??лшьндыра т?сетініне к?м?ндану?а бола ма!
?дебиет адам?а с?з ?уаты, к?ркем бейне ар?ылы ?сер етеді. Жазушы ?ткен тарихты, онда?ы адамдарды? жан – к?йін, сезімін, ?ай?ы – м??ын тебірене жазып, к?шті ?серге б?леп, ой?а шомылдырады. Кейбір к?ркем шы?арманы о?ып отырып, о?и?асына ?зі? араласып кеткендей к?й кешесі?, кейіпкерді? т?р т?сін, ?уан?анын, ренжігенін жан ж?регі?мен ?абылдайсы?. Б?ны? б?рі к?ркем ?дебиетті?, я?ни с?з ?неріні? ??дыреті. Адам баласына ?уаныш сыйлайтын, сезімімізді т?рбиелеп, байытып, азаматты? т?л?а ?алыптастыратын, жарасымды ?деби тілде с?йлеуге ?йрететін ?дебиетті? жеке адам ?мірінде, ?о?амды? болмыс тіршілікте алатын орны ерекше.
Ал на?ыз о?ырман болу ?шін, к?ркем шы?армалар туралы ?ылыми білімге ие болып, оларды талдай білуге ?йрену керек. К?ркем туындыны талдау о?улы?тан ал?ан білімі?е ?ана ?атысты емес. О?ы?ан шы?арма мазм?нын тере? т?сініп ?абылдап, авторды? ойы мен ??з?арасын айтпай танып, осы шы?арма туралы ?з с?зі?ді, пікірі?ді айту – талдауды? басы да, негізгісі де осы.
О?ырман шы?арманы о?и отырып, шын ?уаныш сезімін бастан кешіріп, эстетикалы? л?ззат алу ?шін авторды? ?з туындысын жасау ?стіндегі сезіміне жа?ындай т?су ?ажет. О?улы?та ?сыныл?ан шы?армаларды о?ы?анда, сендер де с?йті?дер. Талантты жазушыны? талантты о?ырмандары болу?а тырысы?дар.
С?з ?нері – м??гілік мектеп, оны? ?міріні? шегі жо?.
Білімді бекіту : ?тілген та?ырып?а байланысты бірнеше с?ра?тар ?оямын. Т?сінбеген с?ра?тарына жауап беремін.
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. М.Әуезовтың «Біржан сал Абай ауылында» шығармасынан түсінгендерін ортақ ұлттық өнер туралы ағымдарын кеңейту.
ә) Дамытушылық. Шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
б) Тәрбиелік. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ұлттық өнерді, ән-күйді қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, сахналық көрініс, жинақтау/синтез/, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сыни-тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері
Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Абай кітаптары, ұлттық бұйымдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. /Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру/
ІІ. Топпен жұмыс
М.Әуезов – ұлы жазушы, халық перзенті. «Абай жолы» романы арқылы өз халқын, оның биік рухын, мәдениетін, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігін дамытты. М.Әуезовтың «Абай жолын» оқыған адам тебіренбей қалмайды. Олай болса, «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылап, білімдерімізді ортаға салайық. Өздеріңізге белгілі мәтіндегі енгізілген кейіпкерлер – халықтың өнерлі де, сыйлы азаматтары Абай мен Біржан. Олай болса, сынып 2 топқа бөлінеді.
а/ 1 топ сұрағы: Абай кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
2 топ сұрағы: Біржан кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
ә/ 1 топ: Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
2 топ: Біржанның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
б/ Әрбір топ өздерінің тобына арнаған арнау өлеңдерін оқиды.
ІІІ. Мәтінмен жұмыс /Блум жүйесі бойынша мәтінге талдау/
Абайдың қонағы кім? Әңгіменің негізгі тақырыбы, авторлық идея.
Демін тартып тыңдап қалған Абай. Абайдың көңіл-күйін суретте.
«Жанбота» әнінің авторы кім?
«Жанбота» әнінің шығу тарихы.
Өнерлі жастар кімдер? /Әмір, Оралбай, Керімбала, Үмітей, Әйгерім/
Міне, балалар, біздер сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтадық. Абайдың өнерлі қонағы Біржан салды үлкен сый-сияпатпен қошеметтеп, шығарып салдық.
Венн диаграммасы Біржан сал мен Абай әндері
V. Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс
1 топ: «Абай» тобы. Суретпен жұмыс
2 топ: «Біржан» тобы. Суретпен жұмыс
а/ топшамалармен жұмыс
ә/ «Эссе» стратегиясы
Абай ағаға хат
Біржан ағаға хат
Үлгі: Абай аға, сіздің «Құлақтан кіріп, бойды алар» әніңіз бен ақиқат үшін шырылдаған, елді бірліккешақырған, татулыққа үндеген өлеңдеріңіз бізге қатты әсер етті, тебірентті, толғантты. Сіз армандағандай өнер құдіреті қазір шарықтауда …
«Топтастыру» стратегиясы
а/ Не білеміз?
ә/ Нені білдік?
Абай – Ұлы ақын
Біржан сал – әнші, сазгер, ақын.
VІ. Қорытындылау
«М.Әуезов – тілге мейілінше бай жазушы. Оның қай шығармасын оқысаң да, философиялық мәні терең поэтикалық тілге таңқалмай қоймайсың.» Баламер Сахариев «Біржанның творчествалық өмірінде болған тағы бір үлкен оқиға – оның Абай ауылына баруы. Басында өзінің ән саяхаты есебінде барғанмен, Абайдың әсері Біржанға күшті болды.» А.Жұбанов
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма
Қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру, тақырыптың мазмұн – мәнін ашып, таңдау, жинақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Абай мен Мұхтартануға бағыттап, ізденімпаздығын арттыру.
Тәрбиелік мәні: Абай өсиеттерінен тәлім тәрбие алу, қарасөздерінен ғибраттану, Мұхтар Әуезовтің жазушылық ізгі жалына баулу.
Сабақтың әдісі: Сыни ойлау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері (интерактивті тақтадан).
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.
Сабақтың барысы.
А) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
«Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам
толық мәнді адам емес». М.Әуезов.
Жаңа сабақ. Блум таксиономиясы (сұрақ-жауап)
Негізгі бөлім.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы
- Балалар бұл кімнің өлеңі?
- Абай
- Абай Құнанбаев кім?
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Дүние жүзіне, әлемге әйгілі еткен кім?
- Мұхтар Әуезов.
- Ол Абай Құнанбаев туралы қандай эпопея жазды?
- «Абай жолы» 4 томдық эпопеясын жазды.
Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады.
(Ахмет Әуезов)
Мен, балалар, сендерге Мұхтар туралы мини лекция айтайын. Сонымен Абайды әлемге танытқан Мұхтар. Ал өзін әлемге танытқан «Абай жолы» эпопеясы болды.
Абай жолының сөздік қоры, мәні өте зор. Бұл кітапта 1000-ға жуық кейіпкерлер рөлге қатысады. Осы кейіпкерлерді диалогке түсіріп жазу кез-келген жазушының қолынан келмейді, әрине.
Бұл тақырып үзінді Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезовтің естелігінен.
Мұхтар – дана.
Мұхтар – дара, жазушы.
Ал енді оқулықпен жұмыс жүргізейік «Жас Мұхтар»
1. Мәнерлеп іштей оқиық.
2. Мәнерлеп дауыстап оқиық
Демалыс минутын жасау.
Шығармашылық жұмыс. Эссе. Әңгіме өлең жазу.
Дәптермен жұмыс: Абайдың 1-2 қара сөзін жаз.
Әңгімеге жоспар құрайық;
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.
1 – топ
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
4. Қанша азат жол бар?
5. Естіген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
6. Диалог сөйлемдерді тауып оқу.
7. Мазмұнын әңгімелеу.
8. Абайдың қарасөздерін кім біледі?
Демалыс минутын жасау.
2 – топ
1. Құрмалас сөйлемді табу, оқу.
2. Қаратпа сөйлемді тап.
3. Мұхтар Әуезов бала күнінде қандай болды?
4. Оны бала күнінде атасы мен әжесі кім деп атады?
5. Қос сөздерді тақырыптан тап.
6. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
7. Мұхтар Әуезов қандай ойынды жақсы көрген?
8. Мұхтар Әуезовке мінездеме берейік.
Мұхтарға көзқарас – болжам.
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.
Нәтижесі Абайша сауаттанып ілім білім жинаған ұлы ғалым.
Қорытынды бөлім:Рефлекция: М.Әуезов кім? Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім ? 6 азат жолда Ауыз әдебиеті туралы айтылған. Демек ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Үй тапсырмасы.
Жас Мұхтар, М Әуезов туралы деректер ізде,
Абайдың қарасөздерін жаттау.
Формативтік бағалау
Сабақтың тақырыбы:
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі.
Сыныбы: 9
Түрі: Ізденіс сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Білімділік мақсаты:
М.Әуезовтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушы білімін тереңдету. Романдағы Абай бейнесін мәтін арқылы талдап жан-жақты ашу.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушы бойына азаматтық гуманистік қасиеттерді дарыту, сөз тереңдігін түсініп бағалай білуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушының өзіндік пікір жасау дағдыларын қалыптастырып, мәтінмен жұмыс жасау дағдысын, сөздік қорын, салыстыру, жинақтау әрекеттерін дамыту.
Жаңа технология түрлері:
1. Компьютерлік технология
2. Ақпараттық технология
3. Сыни тұрғысынан ойлау
4. Түсіндіре басқарып оза оқыту
5. Технологиялық карта
6. Эссе
7. Білім жүйесі
Әдіс-тәсілдер:
1. Шығармашылық
2. Іздендіру
3. Салыстыру
4.Анализ, синтез
5. Зерттеу
6. Коррекция
7. Тыңдап, түсіну
Көрнекіліктер:
1. Электронды оқулықтар
2. Бейне магнитофон
3. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы
4. «Абай» энциклопедиясы
Сабақтың өту жоспары:
І-кезең Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
ІІ-кезең Үй тапсырмасы
1. Сыр толғау. «Абай жолының» жазылу тарихы.
Оқушылардың шығармашылық ізденісі.
2. Ой толғау. Әлем әдебиеті эпопея хақында. Оқушылар эпопея туралы адамдар пікірін айтып, ақпараттық технологияны пайдалану.
3. Ұлылық үлгісі. Компьютерден эпопея туралы деректер алу. Оқушы пікірі мен ғылыми деректерді салыстыру.
4.Тест.
ІІІ-кезең Жаңа сабақ
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі.
1.Кіріспе сөз
а) «Абай жолы» эпопеясы туралы түсінік
ә) Оқушыларға сабақ барысында «Абай жолы» эпопеясындағы басты кейіпкерлерге салыстырмалы талдау картасын толтыру тапсырылады.
М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» тарауынан оқушы, ата-ана, мұғалімдердің қатысуымен Республикалық «Абай оқулары» поэзия күнінде Бөріліде түсірілген видеофильм бойынша кейіпкерлерге талдау жасау.
1. Бала Абай
2. Аналар бейнесі
3. Құнанбай
Абай, Ұлжан, Зере, Құнанбай
Туған жер. Ана. Әке.
Сағыныш. Мейірім. Қаталдық.
3.Кейіпкерлер галереясында жұмыс жасау.
М.Әуезов «Абай жолы»
1. Абай –Құлыншақ
Абайдың ел ісіне араласудағы алғашқы қадамы.
2. Абай - Сүйіндік
Борсаққа тиісті «Бөжей құдық жайын сұрау сапарында Абай жаңа қырынан танылды.
А) Шыңғыс, Орда, Қарауыл атаулары жайында сұрауы
ә) Бесқасқа атану себебін сұрауы
б)Тоғжанды алғаш көруі.
3. Тоғжан бейнесін осы сыныптың оқушысы Назарбаева Гауһардың мәнерлеп оқуында тыңдап түсіну арқылы көркемдегіш сөзге талдау.
4. Абай - Бөжей
Оқулық және электронды оқулық арқылы Бөжей асының суреттелуіндегі Абай.
5. «Абай - дана» эссе жазу.
ІҮ. Бекіту
1. Проблемалық сұрақтар
2. Салыстырмалы талдау картасы.
Характер портретін сомдаудағы автордың сөз байлығына, тіл шеберлігіне барлау.
1.Білімділік: а) Жазушы М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру;
ә)Әңгімедегі ақын қонақтар мен бала Абай жайы;
2.Тәрбиелік: Оқушыларды әдеби шығарманы сүйіп оқуға баулу, Абай жолын үлгі ету. Егемен еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат етіп тәрбиелеу;
4 Абай қонақтарға сый беру туралы кімге ұсыныс жасады?
5 13 жасар ақын бала кім еді?
(схема жасау)
III.Білім
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» Н.Ә.Назарбаев
IV.Әрекет. Мәтінмен жмыс
V.Талдау
1. Сөздікпен жұмыс
Тәуір болу – жазыла бастау
Елдің шабысы – ел ішіндегі дау-дамай, қақығыс
Қажымай – шаршамай
Қош алу – келісу
Қан базардай – өте көп адам
Термелеу – белгілі бір мақамға салып орындау
Ұғымтал – түсінікті
Сүле науқас – созылмалы дерт, ауру
Құлан –таза болып арылу – толық жазылу
Ырым байлау – құрмет көрсету
Жетекке алу – жылқыларды жетектеп кету
Дән риза – қатты разы болу
2.Әдебиет теориясы
Портрет – ақынның немесе жазушының кейіпкер бейнесін сөзбен салған портреті. Портретте адамның сырт бітімі, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы суреттеледі.
3.Венн диаграммасы
Ұлжан Зере
(схема жасау)
4 Топтасыру
VI. Ой қозғау
№ Сұрақтар Дұрыс Дұрыс емес
1 «Абай жолы» романындағы негізгі кейіпкер – Абай
2 Ұлжан – қатігез, зұлым, қара ниет адам
3 Әңгіме Абайдың жиырма жасар кезінен басалады
4 Барлас пен Байкөкше жоқ іздеп жүрген адамдар
5 Абайдың анасы ақын қонақтарға отар-отар қой тарту етті
6 «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін Ыбырай Алтынсарин жазды.
7 «Абай жолы» романының авторы Мхтар Әуезов
VII.Қолдану
(схема жасау)
«Кім шапшаң?» стратегиясы
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
VIII. Бекіту. Инсерт әдісі
Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?
(схема жасау)
Үйге тапсырма
Шығармашылық жұмыс
«Асыл әжем»
«Құтты қонақ»
«Бабамнан қалған мұрам – домбырам» ойтолғау жазу
Сабақ тақырыбы: С.Сейфуллин. Дала
Сабақ мақсаты: Оқушыларға мәнерлеп оқыта отырып, эстетикалық тәрбие беру. Өлеңнің мазмұнын талдау, кейбір тіркес сөздер арқылы сөздік, тілдік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сабақ түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақ көрнекілігі:Сюжетті суреттер, сызбалар, интерактивті тақта арқылы жүргізу.
Сабақ әдістері: Қызығушылықты ояту, ой шақыру, жіңішке және жуан сұрақтар, категориялық топтастыру, автор орындығы, тренинг
2. Оқушылар әңгімесінен бүгінгі тақырыпты пайымдау.
II Сараланған бөлім (операциялық кезең)
1. Өлеңнің авторлары туралы «Зеректер деректері» атты шығармашыл оқушылар тобы даярлаған суретті деректеріне тоқталамыз.
2. Сәкен Сейфуллин әндері «Тау ішінде».
Жазғы дала суреттерінен суреттер слайды.
3. Пән мұғалімінің өлеңді оқуы.
Оқушылардың іштей және мәнерлеп оқуы.
4. Дәптермен жұмыс
Дәптерге теңеу сөздерді өлең шуақтарынан теріп жазу.(Түртіп алу кестесі бойынша жүргізіледі).
5. Жіңішке, жуан сұрақтар стратегиясы бойынша жұмыс.
Жіңішке Жуан
1) Жазғы даланы автор кімге теңеген?
2) Жазда дала қандай түсе енеді?
3) Жазда даланың иісі қандай болады?
1) Анаға теңейтін себебі не?
2) Ол неліктен?
3) Автор үшінші шумақта жазғы даланы неге теңейді?
6. Бір сәт «Жазғы дала» кейпіне енейік. Бұл ойынның шарты: Жазғы табиғатты бейнелейтін жан-жануар, көк майса шөп, күн қызуы, шыбынсыз жаз, ән салған көкек т.б.бейнесін сомдап сөйлеу.
7. Енді осы ойымызды жинақтау үшін категориялық топтастыру арқылы ой түйіндейік.
-Сонымен бұл кай кезде болады?
-Бұл көк орай шалғын бөктерде жаздыгүні шілде туғанда болады.
III. Бағалау – рефлекциялық кезең
1) Сәкен Сейфуллин ақынымыздың кішкентай ізбасарларын «Автор орындығына» шақырайын. Кімдер өз ойын толғаныстарын білдірер екен?
Өлең шығарған, ұйқас даярлаған оқушылар шығып өз шығармаларын оқиды.
Сабақтың мақсаты: М.Шахановтың өмірі және өлеңдерімен
таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқытып,
оқу әрекетін талдау жұмысы арқылы
оның мазмұнын ашу.
Міндеттері: Автор туралы және оның өлеңдерінен кеңірек
түсінік беру. Оқушылардың мәнерлеп оқу,
жүйелі мазмұнды сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Адал достықтан ұлы достыққа жетуге баулу. Өз
тілін, елін, ынтымағын сақтайтын айбарлы
азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: теледидар, жоба плакат, жинақталған деректер
(өлең кітаптары, баспа беттері).
Сабақтың түрі: зерттеу конференциясы
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістері: СТО технологиясының зерттеу конференциясы бойынша сұхбаттасу, тәуелсіз зерттеу, жоба плакат, қойылым, РАФТ.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
1.Психологиялық даярлық. Оқушы бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келгендігін бақылау әдісі бойынша «Мен қандаймын?» ойынын өткізу (1мин)
2.Топтар мақсаты мен топ жетекшілері және оларды бағалау парағы беріліп түсіндіріледі (1мин)
3. Теледидардан сұхбат жүргізушілер жұмысын көру (10мин).
ІІ. Мағынаны тану.
1.Тақырыпты хабарлап, дәптермен жұмыс жүргізу.
2.Тәуелсіз зерттеушілер тобының жұмысы тыңдалады. Автор және оқулықтағы өлеңі бойынша сөйлеу.
3. Жоба плакатты қорғау жұмысы.
4. Қойылым, «Достық өлкесінің заңы» өлеңі бойынша
ІІІ. Ой толғаныс
Роль:
Аудитория:
Форма:
Тақырып:
Үйге тапсырма
Үйден: Оқулықтағы өлеңді жаттап, «Достықты мен қалай түсінемін» тақырыбына еркін жазу жұмысын жазу.
Бағалау.
Топ жетекшілері бағалауы мен мұғалімнің бағасы қойылады.
Сабақтың тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ашып түсіндіру, мазмұнын меңгерту.
2. Оларды мейірімді адал болуға, еріншектіктен, қатыгездіктен аулақ болуға тәрбиелеу.
3. Бағыт бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой-өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
Сабақты өткізу әдісі:
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Су құйғанда құлпырып,
Бәйтерек боп өседі.
Өлеңін үш түрлі дауыс ырғағымен оқып сабақты бастау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Наурыз» С.Сейфуллин «Жылдардың біл қасиетін» Ә. Табылдиев өлеңдері бойынша берілген тапсырмалар сұралады.
Сұрақтар:
Өлең қай мерекеге арналған?
Жазғы желмен қысқы желді салыстыр. (екінші өлең бойынша)
Оқушылар жауабы тыңдалады. Наурыз мерекесіне арналған оқушылар өз шығармашылығынан өлең шумақтарын оқиды.
Сәнімгүл:
Наурыз-құт береке,
Бүгін бізде мереке.
Ән салайық би билеп,
Кел, достарым, кел төрге.
Айбар:
Ұлы той алтыбақан сауығында,
Жиналған үлкен кіші қауымы да,
Ат шауып бәйге алып көкпар тартқан,
Өтіп жатыр үлкен той ауылымда.
Қазақша жыл атауларын ата. Қазақша жыл атауларын атай отырып, не себепте бұлай аталғандығын Төремұратов Ерсайын деген оқушы әкесінен жыл атаулары туралы алған мағлұматтарын оқушыларды қызықтыра баяндады.
ІІІ. Ой ашар:
1. Балалар біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелеп жатырмыз?
2. Қазақша жыл байы қай кезден басталды?
Оқушы жауабы.
Мұғалім сөзі. Сол көктемде адамзаттың барлығы, тіршілік атаулы түлеп қайта жаңғырады. Міне сол жаңғыратын, күллі табиғаттың тынысын кеңейтетін ағаштар әлемі. Бүгін біз осы жасыл желектер туралы ой өрбітеміз. Мәтіннің авторы туралы мағлұмат беріледі.
ІV. Ой қозғау. Оқушылардың ағаштар туралы ойларын білу үшін сұрақтар беріледі. Ағаштар туралы не білесіңдер? Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік. Мәтінді оқып түсіндіремін. Мен оқығанда олар түртіп алу жүйесі арқылы өздеріне түсініксіз жаңа сөздердің астын белгілеп отырады. Олар әдеттегідей төрт топқа бөлінген. Түсініксіз сөздерді, әуелі топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Егерде өзара түсіністік болмаса ұжымда талдап, өзім түсіндіремін. Күрт азынаған нанғысыз сөздеріне сөздік жұмыстары жүргізілді. Мәтінді бөлімдерге бөліп ат қойылды. Ат қою үшін көмекші сұрақтар берілді. Бөлімнің аттары.
Жасыл желек апталығы.
Ағаштар мұңы.
Өзенге шомылу.
Алмабектің жазасы.
Төрт топқа төрт бөлім бөлініп беріледі. Әр бөлім бойынша тапсырмалар белгіленеді.
Бөлім бойынша сурет салу.
Ағаштан жасалатын затқа сызба дайындау.
Еңбек, еріншектікке байланысты мақал-мәтелдер айту, оның мағынасын түсіндіру. Даярлауға уақыт беріледі. Дайын топтар ауызша жауаптарын береді, суретшілер сурет мағынасын түсіндіреді. Мәтінді жүргізіп, мәнерлеп оқу техникасы тексеріледі.
V. Ой толғаныс.
«Бес жолды өлең» әдісі арқылы тірек сөздер бере отырып жаңа сабақ қорытылады. Тірек сөздер: Кеспе, теспе, ілеспе, кешке осы сөздерді пайдаланып, ақынжанды оқушыларым төмендегідей өлең құрастырды.
Әй бала,
Ағашты босқа кеспе,
Бұзық сотқарларға ілеспе,
Ағаштарды күтіп, баптап, қадірлеп,
Су құй оған күнде кешке.
VІ.Үйге тапсырма. Мәтін мазмұнын жүйелі баяндау, оның соңында берілген мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіндіру даярлану.
VІІ. Бағалау.
Сабақ тақырыбы:
Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі, шығармалары туралы түсінік беру. Өлеңнің реалистік сипаты, сюжетке құрылуы. Патшадан шен таққан ел билеуші бай арқылы халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар жандарды өлтіре сынаудағы өлеңнің әлеуметтік өткірлігі. Өлең арқылы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, ой қозғау, топтастыру стратегиясы Пәнаралық байланыс: тарих, география Сабақтың барысы: I. Ұйымдастырушылық II. Жаңа тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі Ой қозғау стратегиясы Сұлтанмахмұт Торайғыров кім, қандай өлеңдерін төменгі сыныпта оқыдық? (оқушы жауабы тыңдалды) 1. Ақын өмірімен таныстыру 2. Ақын шығармаларын тірек - сызба арқылы айтып шығу. Романдары: «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» (өлеңмен жазылған) Өлеңдері: «Оқып жүрген жастарға», «Оқуда мақсат не?», «Шағымын тірі болсам, адам болып», «Ендігі бет алыс», «Мен қазақ», «Анау - мынау»,«Бір адамға», «Шәкірт ойы»,«Туған еліме». Әңгімесі: "Ауырмай есімнен жаңылғаным" Поэмалары: «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс» (аяқталмаған),«Қайғы» Мақалалары: «Өлең және айтушылары», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Әлиханның Семейге келуі» 1. «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқимын.
2. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға мәнерлеп оқытамын (3 - 4 оқушы) 3. Өлеңнің мазмұнына тоқталу. . өлең қандай адамға, кімге арналған деп ойлайсыңдар? • өлең мәтіндегі мысқыл, кекесін мағынада қолданылған жолдардан нені байқадыңдар? Ақынның «Күнделік дәптерінен» 1914 жылы 7 жолдаспен Шорман ауылына өзімді қазақшылық айнасына көру үшін бардым. Жолдағы елде менің көлеңкемді сыртымнан естіп, бадырайтып көрсетпеген ел жоқ. Іздеп барған Садуақас барған жерден мені түссіз буа сөйледі. Мен ауыл оныкі һәм үміт болған таза жауап қайырмай, ұтқызыңқырап отырдым. Жанаспайтын ауыл екен деп елдегі жайшылық қалпымды бұзбадым. Бәлкім, онан көрі ілтипатсыз отырдым. Білдім: ол ішінен менің бұл мінездерімнің жалғызын жақтырған жоқ. Бояма қалпы жылтырады. Жүрерде осы бойымша аттансам қалпе деп һәм бояма алданбағанымызды білдірейін деп: Шоң, Шорман едік, Бір - бірімізге қорған едік. Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары Бұтағына келіп қонған едік. Онымызға қарай сіз де: «Кім келіп, кім кетпеген ауыл едік» Деп, бауырлығыңды білдірмей, Арқаңның жауырлығың білдіргің. Шоң, Шорменға бастамасаң да. Ілтипатыңнвн тастамағаныңа рахмет - «хош»,- деп, қолын ұстап амандасып жүре бердім. Былай шыққан соң жолдастарым: «Құрметтеді» деп мақтасып сөйлескенде, менің жаным ауру, жайым жайсыз еді. Мұнан былай: Малға басым имеске, Рия тоным кимеске. Кісі құрметін сүймеске, Өз ісіме тимеске, Кісі тіліне ермеске, «Қазақшылыққа» енбеске, Аштан өлсем адамға, Намысымды бермеске, Май тамызса тілінен Еш адамға сенбеске, Өз ақылымнан басқаға … көнбеске. Кәміл уағда етілді!- дедім Қосымша: Жастарды оқуға, мәдениетке бастайтын «Шоң серіктігі» деген мәдени - ағарту ұйымын құрмақ болып, аталас туысы Шорман баласы Садуақастан көмек сұрауы халқына қызмет көрсету жолындағы үлкен қоғамдық бастама еді. Ойлағаны болмай, Шорман тұқымдарына көңілі қалған ақын елдегі мықтылардан қайыр болмайтынына көзі жетеді. Шорманның Садуақасына арналған «Бір адамға» өлеңі осылайша шығарылады. 5. Ирония Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман аулына түседі. Байлығына мастанған Шормен ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен - шекпендерін, халықтың көзі жасымен жиналған қазына - мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады. Бай үйінің асыл жиһаздарын көрген ақын: Суреттер және көрдім жүзі жарқын, Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!» Соншама құны толық бұлды түйме, Артында қалдырмас па жақсы даңқын? а) Бұрынғы атамызға сыйға берген, Біздерде мынадай бар, мынадай бар… ә) Ол рас, аталарың шенге алыпты, Арзан қып, қымбвт емес, кемге алыпты. б) Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!» в) Қай момынның малы бар бұл аяқта?» г) Кесені қолыма алып қарай бердім: ғ) «Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп,- деген жолдардың астарлы мағынасын ашыңдар. Бұл сөздер, бір қарағанда, мақтау сияқты көрінгенімен, олардың астарында зілді кекесін жатқанын байқау қиын емес. Келесі шумақтың мазмұны да осылайша астарлы келекеге негізделген. Міне, осы сияқты сөздерді қарама - қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды ирония дейміз. Сатира (оқулықпен жұмыс) Сұлтанмахмұт «Бір адамға» өлеңінде ел ішінде байлығына мақсаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде берілді. Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын осылайша күлкі ете, мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды. 6. Өлеңді жолдау арқылы ақынның өзекті ойын ашу. (өлең мәтіненде қолданылған әрбір жолдарына мән беру, оқушыға талдату) – Шал байлығын қалай таныстырды, қандай сезімін байқадыңдар? – «Қай момынның малы бар бұл аяқта?»,.. Кесені қолыма алып қарай бердім: «Ішінде нақақ көзден жас бар ма?»- деп деген жолдарында не ұқтық. нені байқауға болады? 7. Өлеңнің құрылысына талдату (тақтамен жұмыс), Бір үйде // жиюлы екен // қазына мал. Көрсетті // бәрін бізге // ақсақал шал: «Бұрынғы // атамызға // сыйға берген, Біздерде // мынадай бар, // мынадай бар?…» (оқушылар интерактивті тақта арқылы орындайды) 6 шумақ, 4 тармақ, 11 буын, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы. ІІ. Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңі және Абай Құнанбаевтың «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» өлеңдерін еске түсіру арқылы салыстыру (интерактивті тақтамен жұмыс) 1. Тарих деректерге сүйенсек…., 2. Ол - Шормановтардың тарихта кім болғандығы туралы. «Баянауыл мен Павлодар уездерінің шаруалары қоғамдық жерлерді арсыздықпен алған ірі байлар мен помещиктерге қарсы ашық күреске шықты,- деп жазады тарихшы Б. Сүлейменов,- олар Шормановтар тәрізді ірі феодалдардың жерлерін конфискелеп, жері жоқтарға бөліп беруді талап етті. Шаруалар Шормановтардың ауылына шабуыл жасап, олардың жылқыларын қуып кеткен кездері де болды. 1906 - 1907 жылдары жиі болып тұрған осындай толқуларды басу үшін патша үкіметі жазалаушы отрядтар жіберіп отырды» (Сүлейменов Б. Қазақстан в первой русский революций Алма - Ата, 1949. 19 - бет) (Т. Жабағин. С. Торайғыров «Шығармаларын мектеп оқыту методикасы». Алматы. «Рауан» 1991) V. Кеше, бүгін, ертең… Оқушы пікірін тыңдау. VI. Сабақты пысықтау: Қорытынды: «Бір адамға» өлеңі - ақын шығармашылығындағы ең негізгі шығармалардың бірі. Өлеңге бір дәуірдің негізгі шындығы сыйғандығын ақын қарапайым тілмен жеткізе білген. Сол кезеңдегі қазақ даласында шын реалистік өмірдер, нақты өмірлік фактіден алынғандығы. VII. Үйге тапсырма. Бет 71-72 өмірбаян, реферат, мәнерлеп оқу өлеңді бет 74
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры Сабақтың мақсаты: Білімділік. «Қыз Жібек» жырын меңгерте отырып, мазмұнына талдау жасату, жырдағы кедесетін салт-дәстүрлер,олардың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі, бала тәрбиесіндегі орны туралы білім қалыптастыру. Тәрбиелік. Жыр мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды адалдыққа, бір сөзділікке, адамгершілікке, халықтық мұраларды, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге машықтандыру. Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, шығармашылық жұмыс, диалог құрау, «Шығарма кестесі»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Шығарманы талдау
Үйге оқу
Төлегеннің дүниеге келуі Әмеңгерлік Жар іздеуі
Қыз Жібектің елінде
Төлегеннің өлімі Түс Төлеген өз елінде
Берілген схема бойыншы «Қыз Жібек» жырының мазмұнына оқушылардың өздеріне шолу жасатамын. - «Қыз Жібек» жыры ең алғаш рет қашан және қай жерде, қандай баспада басылып шықты? - «Қыз Жібек» жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? - Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан қандай айырмашылықтары бар еді?
Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі екен. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Олай болса бүгін біз «Қыз Жібек» жырында кездесетін салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға тоқталамыз. Дәптерлеріңді ашып, күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар: «Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер
- Қане, кім айтады, балалар, «Қыз Жібек» жырын оқып отырғанда сендер қандай салт-дәстүрлерді кездестірдіңдер? ( Оқушылардың ойын тыңдаймын) - Енді мен тапқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрлеріне назар салайық:
- Әр салттың мазмұнына және оның жырдың қай жерінде кездесетініне тоқталып кетеміз.
- «Қыз Жібек» жыры 1971 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Авторы Сұлтан-Ахмет Ходжиков. Рөлдерде Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Фарида Шәріпова, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков сынды атақты өнер қайраткерлеріміз ойнаған
- Жаңа өздерің тамашалаған үзіндіден сендер қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді байқадыңдар? ( Бата беру, шашу шашу, отқа май құю дәстүрлері, сондай-ақ жерді, отты, ақ төсекті киелі санап, ерекше қастерлеген)
- Балалар, сендер батаның қандай түрлерін білесіңдер?
(Наурыз бата, шілдеханада берілетін бата, дастарқанда ас қайырғанда берілетін бата, беташарда берілетін бата,қыз балаға, ұл балаға берілетін бата, жаңа айға берілетін бата, алғыс батасы, т.б.)
Енді балалар, қазір мен сендерге батаның алғашқы жолын беремін, сендер соны ауызша ары қарай өздерің ойдан шығарып жалғастырасыңдар.
- « Батамен ел көгерер» деп халық бекер айтпаған.
Балалар, кеше мен интернеттен «Қыз Жібек» фильмі, «Қыз Жібек» жыры туралы қосымша материалдар немесе деректер бар ма екен деп іздестіріп отыр едім, «Мәдени жаңалық. Қазақстанда халық эпосы «Қыз Жібектің» бұрын белгісіз болып келген үзінділері, яғни фрагменттері табылды» деген хабарламаны оқыдым. Онда Батыс Қазақстан жеріндегі Сайлау деген кісі «Қыз Жібек» жырының бізге белгісіз үзінділерін (фрагменттерін) білетіндігі, оны кішкентай күнінде үйіне келген қонақтан естіп, есінде сақтағандығы және осы үзінді енгізілген жыр нұсқасы жақын уақытта «Орал өңірінің музыкалық фольклоры» деген атпен жарық көретінін жазған екен. Бірақ табылған үзіндінің өзі берілмеген екен. - Сендерге тапсырма:
1-қатар: Табылған жаңалық, үзінді не туралы болуы мүмкін? 2-қатар: Бекежанға хат 3-қаатар: Егер Төлеген Шекті еліне бір күн кешігіп шыққанда, оқиға ары қарай қалай жалғасуы мүмкін еді?
Оқушылар, сендердің оқыған өз туындыларыңнан біз сендердің шығармашылықпен жұмыс жасай алатындарыңды көріп отымыз.
Енді сендерге тапсырма : Мына үзіндіде Төлеген мен Жібектің бір-бірімен әңгімелесіп отырғаны берілген. Бірақ дыбысы шықпай тұр. Сендер Төлеген мен Жібектің не туралы сөйлесіп отырғанын болжап, диалог құрастырасыңдар. Диалог құрастыру барысында Төлеген мен Жібектің бет ажарына, бет қимылындағы өзгерістерге назар салып отырыңдар.( Соңынан оқушылардың диалогын тыңдаймын )
ІІІ. Қорытынды Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан ауызша «Шығарма кестесіне» жауап аламын. Шығарма кестесі Шығарма аты Шығарманың авторы Оқиға орны Кейіпкерлері Ұлттық салт-дәстүрлер Шығарманың басталуы Немен аяқталды Не үйретті ІҮ. Бағалау Ү. Үйге тапсырма: «Қыз Жібек» жырын қайталау Сабақ соңынан ең үлкен кісіге бата бергіземін.
Қосымша материалдар Салт-дәстүрлер
Қыз көру «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға қақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Бір-бірін сынаған қыз-жігіттер айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бір-бірін ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған. Олай болса, бұрын да қыз-жігіттің ұнатып, сүйіп қосылған кездері болған. Әрине, қазақ салтында «қыз көру» үнемі бола бермеген.Оған аты белгілі адамдардың балалары мен жігіттердің ғана қолы жеткен.
Бата аяқ «Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның екі түрі бар: 1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс, келу-кету 2. Кесімсіз бата – мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді.Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді.
Айтыс Айтыс (дәстүр, өнер) Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын , той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойларына жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Айтыстың түрлері де көп. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы.
Әмеңгерлік Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі “ерден кетсе де, елден кетпек жоқ”, “аға өлсе, іні мұра” деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туған-туысынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған.
Бата Бата (бата беру, бата алу) ( дәстүр ) Бата – ақ тілеудің белгісі. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық “ақ бата” деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар: - Жас талапкерге бата - Дастарқанға бата - Алғыс батасы - Жаңа айдың батасы - Наурыз батасы
Теріс бата Теріс бата. Бұл – бата деп айтылғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкесінің қолын теріс жайып берген батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген.
Арыздасу Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса, кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Бүкіл ел-жұртымен, туған елімен қоштасады. Арыздасу – тірі адамның соңғы тілеуі, ақырғы сөзі. Мұны өлім сәті таянғанын сезген әр адам есі, тілі барында айтып қалуға тырысады. Мұнда ауру жанында отырған адамдар «бақұл бол», «қияметте кездесейік» деп көзіне жас алады.
Сүйінші Сүйінші (салт) Қуанышты хабар хабар жеткізушіге үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың , ризалықтың белгісі.
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші»
Сабақ тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянын, шығармаларын оқыта отырып, қайталанбас суреткер екенін таныту. ә) дамытушылығы: логикалық ойларын, тіл мәдениетін дамыту. б) тәрбиелігі: өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру. Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап. Пәнаралық байланыс: тарих, музыка. Көрнекілігі: портрет, слайд Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру 1) Сәлемдесу, 2) оқушыларды түгелдеу, кезекшімен сұхбат. ІІ. Үй тапсырмасы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнап хат жазу
ІІІ. Жаңа материал ХХ ғасырдағы қазақтың аса көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын қорына көркем шығармалар қосқан сан қырлы дарынды ақын 1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бірнеше газеттерде редакторлық қызмет атқарған. Көркем проза шебері. Жүсіпбек Аймауытов әңгімелер, күрделі шығармалар жазған ақын. Әкесінің шын аты - Оймауыт. Ж. Аймауытов әдеби шығармашылығын өлең жазудан бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеңдері күнделікті баспасөз бетінде сақталған.
Жүсіпбек Аймауытов кім? ақын ағартушы - ұстаз драматург сыншы публицист аудармашы педагог жазушы «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» пьесалары бар. Аудармашы есебінде Аймауытов қазақ әдебиеті мен дүниежүзілік прогресшіл әдебиеттің, орыс әдебиетінің байланысын ұлғайтуға көп күш жұмсады. Н. В. Гогольдің «Ревизорын» (Бақылаушы), А. С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері» атты еңбектерін аударған. Ақынның күрделі шығармалары «Қартқожа» «Ақбілек» «Күнікейдің жазығы»
Прозадағы үлкен табысы - «Ақбілек» романы. «Әнші» әңгімесін түсіндіру жоспары: Әншімен алғаш таныстық. Ән құдіреті. Наурыздағы сауық той. Аруақты әнші. Әмірханның үйінде. Әншінің жүдеу тұрмысы. Ән салу - үлкен өнер. Әнші де жылайды екен.( Қысқаша мазмұнын түсіндіру) Әңгімедегі Әмірханның прототипі – әйгілі қазақ әншісі Әміре Қашаубаев. Ол - Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық концертте бүкіл әлем жұртшылығына танылған тарланбоз әнші. Сол Парижде ол Исаның әні «Желдірмені» орындаған. Шетелдіктер ол әнді күйтабаққа жазып алған. Кейіннен Қазақстандықтар Париж мұражайынан сол жазбаны алдыртқан. «Желдірме» әні тыңдатылады.
ІV. Сабақты бекіту: Әңгіме тақырыбы не? (Әншілік өнер) Шығарманың негізгі идеясы? (Өнерді жоғары бағалауға, әншілік шеберлікті терең ұғынып қадірлей білуге үндеу. Шығарманың композициялық құрылысы Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық. Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті. Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық - той. Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы. Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті. Оқиғаның шешімі: Әнші де жылайды екен.
әнші Әмірқанның бейнесі мінезі сезімі (көпшіл, мейірімді) (адал, пәк) негізгі ерекшелігі бірлестігі (өнерге құштар, тәуекелшіл) (халық, достар, өнер)
Жазбаша жұмыс. Әнге сипаттама. Маңыздылығы. Қазақ халқының әнге құштарлық қасиеті. Адамға әсері. V. Сабақты қорытындылау. 1) Оқушыларды бағалау. 2) Үйге тапсырма: «Ән - өмір айнасы» шығарма жұмысы.
Тақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті – асыл қазынамыз»
Мақсаты: халық ауыз әдебиетін, өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғындыру; халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасын меңгерту; өзіндік пайымдауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;оқушылардың тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, адал махаббатқа, бауырмалдыққа, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу
Тақырып хабарланып, сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Кезең. Халық ауыз әдебиеті (оқушылар тақырып бойынша білетін білік, білімдеріне шолу жасайды)
ІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
(халық ауыз әдебиетібойынша сұрақтар)
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата
2. «Наурыз жыры» қандай өлең?
3. Қандай әңгімені аңыз дейміз?
4.Төрт түліктің пірін ата. 5. «Қарлығаш әулие» атанған қай би?
6. «Шырағым, бір қолың ұрысшы болса,екінші қолың арашашы болсын. Ашу – дұшпан, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос.» Қай бидің сөзі?
7. «Біржан – Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады?
8. Баланы неше жаста атқа мінгізеді?
9. «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей,ерекше екпінмен сөйлейді. Ойындәл, айқын ұғындырады.» Бұл сөзді айтқан кім?
10.Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырды ата.
11. «Ер Тарғын» жырының басты кейіпкерлерін ата.
12. Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Қобыланды батыр, Ер төстіктің сүйікті жарын атап шық.
13.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды ата.
ІІІ Кезең. «Мықты болсаң, тауып көр. (мақал құрастыру)
ІҮ Кезең. Лиро-эпостық жыр.
1. «Сөз сыры» (сөзжұмбақ)
1. ж а й ы қ
2. т о ғ ы з
3. б а й ғ а з ы
4. ж о қ т а у
5. е р у л і к
6 б а с т а ң ғ ы
7. б е т а ш а р
8. т ұ с а у к е с е р
Саудагер шал Төлегенді қай жердің қыздарына ынтық етті?
Төлеген Базарбайдың нешінші перзенті?
Балаларға, жастардың жаңа киімдеріне берілетін сый қалай аталады?
Қайтыс болған адамның жақсылығын, елге істеген қызметін паш ететін тұрмыс-салт жыры, зарлы өлең.
Басқа жерден көшіп келген көршілерді сол жерде бұрыннан тұратын тұрғындар қонаққа шақырады. Оны не деп атайды?
Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары бір үйге жиналып ойын-сауық құрады. Оны не деп атайды?
Жаңа түскен жас келінге айтатын жыр.
Қаз тұрып енді жүре бастаған балаға жасалатын рәсім.
2. « Қыз Жібек» кинофильмінен үзінді.
Пысықтау сұрақтары.
1.Кинофильм қай жылы түсірілді? Қай киностудия түсірді?
2.Режиссері кім?
3. Кинофильмдегі басты рөлдерді сомдаған кімдер?
4.Жырда кездескен әдет-ғұрыптарды атап шық.
« Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше. Жырдың басты маңызы – адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмтыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіреміз.
Бұл жыр – халқымыздың асыл қазынасы, әдет-ғұрыптар энциклопедиясы тәрізді, маңызы зор құндылық. Сондай-ақ Қыз Жібек» жыры құнын жоймаған да, жоймайтын да жыр.
Ү Кезең.
Ойтолғау. «Ата салтым – асыл қазынам»
ІҮ Кезең. Жұмбақ.
«Құпия сөздің құлпын аш»
Қорытынды.
Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Осыдан үлгі-өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейікТақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті – асыл қазынамыз»
Мақсаты: халық ауыз әдебиетін, өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғындыру; халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасын меңгерту; өзіндік пайымдауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;оқушылардың тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, адал махаббатқа, бауырмалдыққа, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу
Тақырып хабарланып, сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Кезең. Халық ауыз әдебиеті (оқушылар тақырып бойынша білетін білік, білімдеріне шолу жасайды)
ІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
(халық ауыз әдебиетібойынша сұрақтар)
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата
2. «Наурыз жыры» қандай өлең?
3. Қандай әңгімені аңыз дейміз?
4.Төрт түліктің пірін ата. 5. «Қарлығаш әулие» атанған қай би?
6. «Шырағым, бір қолың ұрысшы болса,екінші қолың арашашы болсын. Ашу – дұшпан, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос.» Қай бидің сөзі?
7. «Біржан – Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады?
8. Баланы неше жаста атқа мінгізеді?
9. «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей,ерекше екпінмен сөйлейді. Ойындәл, айқын ұғындырады.» Бұл сөзді айтқан кім?
10.Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырды ата.
11. «Ер Тарғын» жырының басты кейіпкерлерін ата.
12. Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Қобыланды батыр, Ер төстіктің сүйікті жарын атап шық.
13.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды ата.
ІІІ Кезең. «Мықты болсаң, тауып көр. (мақал құрастыру)
ІҮ Кезең. Лиро-эпостық жыр.
1. «Сөз сыры» (сөзжұмбақ)
1. ж а й ы қ
2. т о ғ ы з
3. б а й ғ а з ы
4. ж о қ т а у
5. е р у л і к
6 б а с т а ң ғ ы
7. б е т а ш а р
8. т ұ с а у к е с е р
Саудагер шал Төлегенді қай жердің қыздарына ынтық етті?
Төлеген Базарбайдың нешінші перзенті?
Балаларға, жастардың жаңа киімдеріне берілетін сый қалай аталады?
Қайтыс болған адамның жақсылығын, елге істеген қызметін паш ететін тұрмыс-салт жыры, зарлы өлең.
Басқа жерден көшіп келген көршілерді сол жерде бұрыннан тұратын тұрғындар қонаққа шақырады. Оны не деп атайды?
Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары бір үйге жиналып ойын-сауық құрады. Оны не деп атайды?
Жаңа түскен жас келінге айтатын жыр.
Қаз тұрып енді жүре бастаған балаға жасалатын рәсім.
2. « Қыз Жібек» кинофильмінен үзінді.
Пысықтау сұрақтары.
1.Кинофильм қай жылы түсірілді? Қай киностудия түсірді?
2.Режиссері кім?
3. Кинофильмдегі басты рөлдерді сомдаған кімдер?
4.Жырда кездескен әдет-ғұрыптарды атап шық.
« Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше. Жырдың басты маңызы – адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмтыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіреміз.
Бұл жыр – халқымыздың асыл қазынасы, әдет-ғұрыптар энциклопедиясы тәрізді, маңызы зор құндылық. Сондай-ақ Қыз Жібек» жыры құнын жоймаған да, жоймайтын да жыр.
Ү Кезең.
Ойтолғау. «Ата салтым – асыл қазынам»
ІҮ Кезең. Жұмбақ.
«Құпия сөздің құлпын аш»
Қорытынды.
Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Осыдан үлгі-өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік
Тақырыбы: «ТҰРМЫС – САЛТ ЖЫРЛАРЫ» I. Сабақтың мақсаты:
I. Білімділік: Тұрмыс – салт жырларына жалпы мағлұмат бере отырып, жырлардың мазмұнын ашу.
II. Дамытушылық: оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп оқуын, сабаққа қызығушылығын ынтасын, ізденушілік
белсенділігін арттару.
III. Тәрбиелік: Халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды әдептілікке, отансүйгіштікке, достыққа
тәрбиелеу.
II. Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалары, суретті қима қағаздары, тұрмыс – салт, дәстүрге байланысты жасаоған
IV. Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, баяндау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Төрт түлікке байланысты әңгіме құрастыру.
V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сабақты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастап, сабаққа қатыспаған
оқушыларды белгілеу.
ә) назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Төрт түлік малға байланысты оқушыларды төрт топқа бөлемін. Әр топ өз түлектерінің пірлерін айтып, өз түлектері
жайлы өлеңді жатқа айтады.
- Төрт түлік жайында қандай мақал – мәтелдер білеміз? Әр топ оқушылары мал шаруашылығына байланысты
мақалдар айтып, мазмұнын ашады.
- Бұл төрт түліктердің адам өміріндегі орны қандай?
Әр топ берілген малдардың пайдасы, олардан өндірілетін өнімдер жайлы әңгімелейді. Осылайша үй тапсырмасын
пысықтап, жаңа сабаққа көшемін.
VI. Жаңа сабақ. Тұрмыс – салт жырлары адамның үш кезеңін қамтиды. Яғни, нәрестенің туылуын, ер жетіп үйленуін,
қартайып дүниеден өтуін.
Тұрмыс салт жырлары екі топқа төрт түлік шаруашылығына байланысты және әдет – ғұрыпқа байланысты бөлінеді
дей келе оқушыларды қазақ халқының әрбір салт дәстүрлерін таныстыра отырып өзбек халқының дәстүрлерімен
салыстырамын.
Тұрмыс – салт жырлары
әдет-ғұрып егіншілік
беташар малшылық
жар-жар шаруашылық
сынсу төрт түлік
жайындағы жырлары
шілдехана саятшылық
қоштасу аңшылық
жоқтау
сүндет той төрт түлікті шақыру
Сабақ түсінікті болу үшін бейне таспадан салт – дәстүрлер бейнематериалдарын көрсетемін. Сергіту сәтінде балалар қоржыннан асық алып, сап бойынша сөзжұмбақтар шешеді.
VII. Меңгерту. «Бесікке салу» көрінісін оқушылар орындап, «Тыштырма» дәстүрін көрсетеді. Бесікке салынған нәресте – қуыршақты бір оқушы қыз өзбек және қазақ тілдерінде бесік жырын айтып, тербетеді.
Оқулықпен жұмыс жүргізіп, оқушылардың өздеріне жаңасабақты қорыттырамын.
VIII. Үй тапсырмасы:15-16 бет оқу.
Төрт түлік малдың суреттерін салу, салт – дәстүрге байланысты мақалдар жазып келу.
IX. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары.
Мақсаты: Білімділік – оқушыларды тұрмыс – салт жырлары арқылы тіл байлықтарын кеңейту, әдебиет сабағына деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық- дүниетанымын, ой – өрісін кеңейту шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әректтенуге дағлыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік – ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке ұлттық тәлім- тәрбие алуға, ұқыптылыққаелжандылыққа тәрбиелеу.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы тұрмыс – салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтанда тұрмыс - салт жырлары деп атайды.
Тұрмыс- салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі сөз болады, төрт үлік мал және жан – жануарлар туралы, наурыздағы көктемгі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. Тұрмыс – салт жырларының бір түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар – жар, той бастар, беташар, бата - тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.Төрт түлік қазақ халқының күн көрісінің көзі еді. Ол сауса - сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, келсе қадірлеп, ол туралы нелер бір тамаша жырлар тудырып отырған. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы қой сүйеді баласын “қоңырым” деп, адам баласы өзінің өзінің де малға ерекше сүйінуін жырлайды.
Тұрмыс – салт жырларының ең көп түрінің бірі – наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық күн жылып , мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз. Тұрмыс – салт жырларын жалпы әрбір адам айта береді, әсіресе, олар той жиындарда көп айтылады. Үлкендер сияқты сен де сондай жырларды үйреніп алып немесе өзінң жаныңнан шығарыпта айтқан.
Бесік жыры – Бала дүниеге келгеннен бастап айтылады. Ол бір үлкен той.
Әлди – әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем жылама
Жілік шағып берейін.
Тұсау кесер жыры – Тұсау кесер жыры алғаш рет қадамын жаңа - жаңа басайын деп келе жатқан сәбидің қара жіппен тұсауын кеседі.
Тұсауыңды кесейін
Күрмеуіңді шешейін
Қаз – қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз – қаз, балам, қаз балам
Тақымыңды жаз балам
Қадамыңа қарайық
Басқаныңды санайық.
деп жырлаған.
Жар – жар. Бұл келіннің босаға аттап, қыз бен жігіттің бақытты болып, еліне сыйлы боу үшін тілектерін айтады. Бұл өлеңмен айтылады екен. Жаңағы қыздың жүзін:
Алып келген базардан
Қара насыр жар – жар –ау
Қара мақпал сәукеле
Шашың басар, жар – жар – ау.
Той бастар
Бағылан серке, марқасқа, қой бастайды
Қой алдында жануар ойқастайды.
Той бастар дәстүр.Әр той дағдылы “Той бастар” жырымен басталады. Тойды әдеттегідей өлеңмен бастағаны үшін толымды сыйлық береді. Ол өлең “Тойбастар ” деп аталады.
Беташар –“Уа, әлеумет! Енді беташар тыңдайық жаңа түскен келінді “беташар” дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі “беташар” жасалады. Оған тойға жиналған туыс – туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында көрегенді келіндері тұрады. Салем жасаған адамдар “көрімдік” береді.
Бата – тілек – оны кез келген адам айта бермейді. Оны сыйлы адамдар берген. Батаның түрлері өте көп жаңа дүниеге келген балаға үйлену тойына, шілдеханаға, атқа мінгізу т.б.
Жоқтау –бұл да дәстүрдің бір түрі. Адам қайтқанда соны жоқтайды. Адам өз – өзімен ішіндегі шерін тарқау үшін жоқтау айтылады. Бұл жоқтау айтпаса, жоқтамаған болып есептеледі. Бұл үлкен дәстүрдің бірі. Қайда барасың, өлім – өлім деген сынға бару деген сөз көрдіңдерме. Сыншыл көздер көп болады.
І. Топқа бөлу. Топты таныстыру.
ІІ. Мақал – мәтелдің бір шумағын айтқызып екінші шумағын келесі топқа айтқызу.
ІІІ. Түйе - байлық. “Сұңқар” тобына
Қой – мырзалық “Жас қыран” тобына
Ешкі – кедейлік “Сұңқар” тобына
Сиыр – ақтық “Жас қыран” тобына. Мағыналарын ашу.
ІV. Тіл туралы өлеңдерін айтқызу.
Екі топқа – бір оқушыдан.
V. Көнерген сөз – тұрмыс – салтқа байланысты сөздер. Тақтаға жазу.
Сабақты бекіту: Тұрмыс салтқа байланысты көрініс.
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызда балалар, тұрмыс – салт жырларымен таныстық оның түрлері өздерің білгендей жар – жар, беташар, тұсау кесер, тойбастар, бата – тілек, жоқтау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: оқу бет 15-21 , тыйым сөздерді жаттау 18 бет
Сабақтың тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар туралы
Қозы Көрпеш - Баян сұлу
Сабақтың мақсаты: Лиро-эпостық жырлар туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру.
Лиро-эпоста халық арасында ауыздан-ауызға көшіп, біреуден-біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.
Бұл поэмада ескі феодалдық дәуірдегі арманына жете алмай кеткен екі жастың аралығындағы мөлдір махаббат, нәзік сезімдер суреттеледі.
Талай ғасырлар басынан кешіргендіктен суреттелген оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі, шешуі мүлде өзгеше болуы мүмкін
Қазақтың өткенді өмір тіршілігін өте шебер суреттеген жыр – «Қыз Жібек». Мұнда қазақтың көшпелі өмірі,әдет ғұрпы, халықтың мінез –құлқы, киім-киісі, жүріс-тұрыстарына дейін кең қамтылады.
Жырдың негізгі идеялық-мазмұны- ескілік пен жаңалықтың тартысы.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасы – қазақ лиро-эпостарының ішіндегі ең көнесі. Бұл поэмада біріншіорынға ғашықтық, сүйіспеншілік мәселесі қойылады. Қазақтың ескі заманнан келе жатқан ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының: естірту, жұбату, жар-жар, қоштасу, айтыс сияқты түрлері молынан қолданылған. Сарыбайдың өлгенін жыршы жұмбақтай айту арқылы естіртеді. Мыс:
Аққу ұшып шөлге кетті
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті
Олар адасып кеткен жоқ
Әркім баратын жерге кетті.
Жыршы қайғылы халге кездескен, қан жұтып отырған Сарыбайдың бәйбішесіне тоқтау айтарда жұбату дәстүрін пайдаланған.Естіртіп болғаннан кейін Тазша:
Алла ісіне шара жоқ-ау, Ханым көрсең жыларсың
Жетпісті қуып алқынба! Сарыкемнің дертіне,
Қайырлы ғұмыр бере көр-ау, Сабырдан асқан айла жоқ
Қозы жанға артында Іштей жанған өртіңе
Жырда халық поэзиясының қоштасу түрін де ақын шебер жеткізе білеген. Жырдағы «Балталы, Бағаналы ел, аман бол » -деп басталатын Ай мен Таңсықтың елімен, туған жерімен қоштасу көркем де, жүрек тебірентерлік те.
Жырда ақын антитезаны да кейіпкерлер харектерін ашу үшін ұтымды пайдаланған. Қозы мен Баянға, Қодар мен Қарабайды қарама-қарсы қоя суреттеу арқылы ақын өзінің идеялық мақсатын шебер ашып бере алған.
Поэмадағы оқиғалар жырдың негізгі идеясын – еркін махаббатты, жастардың бас бостандығын армандауидеясын ашу мақсатына орай алынған.
«Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жыры өткен ғасырдың ауыр тұрмыс. Қатал мінездерін бейнелеген құнды шығарманың бірі.
Поэма ғасырлар бойы халықтың жүрегіне ұялаған. Оны халқымыз күні бүгін де сүйсіне оқиды. Ол адал достықтың асыл махаббаттың биік үлгі- өнеге гимніндей естіледі.
«Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жыры, -дейді Сәбит Мұқанов, - махаббат тақырыбына арналған дүние жүзіндегі ауыз әдебиетінің (фальклор) төрінен орын алады.
ІІ. Жырдың мазмұны жағынан бағыттары
v Қарабай мен Сарыбайдың аңда кездесуі.
v «Достасу» құдалық
v Қарабайдың өтініші.
v Сарыбайдың қылмысқа баруы. Алланың жазасы.
v Қозы мен баянның дүниеге келуі.
v Үрей, қорқыныш, Қарабайдың өз елінен көшуі.
v Қодар мен Қарабай. Қараниет «дотық».
v Қозы мен Баян. Сәулелі махаббат.
Қорытынды: сұрақ-жауап
Поэма ғасырлар бойы халықтың жүрегіне ұялаған. Оны халқымыз күні бүгін де сүйсіне оқиды. Ол адал достықтың асыл махаббаттың биік үлгі- өнеге гимніндей естіледі
Үйге тапсырма: мазмұндау бет 10-1
Лиро-эпос жыры. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Сабақтың тақырыбы: Лиро-эпос жыры. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Сабақтың мақсаты: Көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі-эпостық поэмаға жататын лиро-эпостық жырлар жайында теориялық түсінік беру. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын түсініп оқу.
Сабақтың міндеттері
Көшпелі қазақ елінің салт-санасын, кәсібін аңғарады.
2. Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты әрқайсысының басында болған күйініш-сүйініштерін пайымдайды, мінез ерекшеліктерін байқайды,ой-өрісі,дүниетанымы кеңейеді.
3. Топта бірлесіп жұмыс істеуге, қажетті іс-әрекетте оқушының өз бетінше белсене орындауына мүмкіншілік беріледі.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Ой қозғау», «Түртіп алу»
Көрнекілік: «Түртіп алу» стратегиясына байланысты, сызба кесте, ватман, мәтін.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
I. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау стратегиясы»
1. Батырлар жыры туралы білетіндерін естеріне түсіріп, жырдың халықтығын, жырдың басты кейіпкері ел қорғаушы батырдың күш-құдіреті, патриотизімі, отанды сүюі, еңбекшілдігі, зор адамгершіліктің иесі болатындығы жайлы, өзіне тән шарттылығын оқушылардың өздеріне дәлелдету.
2. Кіріспе сөз (мұғалімнің). Көркем әдебиеттің негізгі жанры жайында, түрлері жайында айта келіп, авторы белгісіз халықтық мұра болатындығын, олардың туу негізінде шындық болмыс жатса да, шығарушылардың ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял араласып отыратындығын және халықтың ауызша шығармашылығының негізінде туған зор оқиғаны жыр еткендігін, жыр өлеңмен жазылған ірі шығармалардан эпостық жырлар туатындығын баяндай, отырып, осы эпостық жырлардың бір түрі- лиро-эпостық жырлардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру, теориялық анықтама беру.
3. Дәптермен жұмыс.
Теориялық түсініктерді әдебиет дәптеріне жаздыру.
4. Оқулықпен жұмыс. Жырды оқыту.
Мәнерлеп түсініп оқу.
5. Сөздік жұмыс.
II. Мағынаны ажырату сатысы
Жыр мәтінін құр оқумен шектелмей жырдағы білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып, ұжымдасып мұғалім көмегінсіз өздері дербес атқарады. Құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірлерін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге жағдай жасайды.
а) Жеке жұмыс I.W.S.E.R.T-стр. ұсынамын, өйткені бұл ұтымды құрал, өздері оқыған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық жасайды.
ә) Жұппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша кесте жасалынады және сол кестеге жырды қаншалықты түсінгендерін әр түрлі белгілермен белгілейді. Топтың тақырып туралы ой қозғауы
V – Олардың білетіндері.
+ — Олардың үйренгендері.
= — Менің ойлағаныма кері, келісе алмаймын.
? – Мені жұмбақтандырады.
Сабақты, үйренгендерін бекіту.
IV.Бағалау.
Топтың өзін-өзі бағалауы.
V.Сабақты аяқтау.
Ғашықтық жырдың, батырлық жырдан айырмашылығы сүйіспеншілік, достықтың ең басты мәселесі деген бір пікірге келу.
VI.Үйге тапсырма:мінезднме жазу «Қозы Көрпеш-баян сұлу» 59-63 бет мазмұндау.
Күні:17.10. Сыныбы 9
Тақырыбы. Біржан мен Сара айтысы. Сабақтың мақсаты: а) Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық, әншілік қасиетін таныту, тіл шеберлігін ұғындыру. Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге дамыту. Сабақтың түрі: Дәстүрлі Әдіс - тәсілдері: ойландыру, іздендіру, сұрақ - жауап. Көрнекілігі: интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: музыка Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Айтыс музыкасы ойналады. Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы. Өмір - дерек. Біржан мен Сара өмірі.
«Біржан» тобы 1. Айтыстың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар? 2. Біржан мен Сара айтысы айтыстың қай түріне жатады? 3. Айтыскер ақынға тән қасиеттер 4. Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 5. Әкесінің аты 6. Біржанның руы 7. Біржан Сарамен қай жылы айтысты? 8. Біржан қай жылы қайтыс болды?
Біржанның басқалардан ерекшелігі ол жай ғана ақын емес, сонымен қатар әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды. Әнші композиторлар Жаяу Мұса, Балуан шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан әндері: Біржан мен Сара айтысы Әріп Тәңірбергеновтікі деген пікірге көзқарастарың қандай? Айтыс ақындары заманының көкейкесті мәселелерін қоғамның жетістіктері мен кемшіліктерін, өмір шыңдығын жырларында арқау еткен. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, әдет - ғұрпы да жалпы әлеуметтік жеке адамдардың қарым - қатынастары заманына лайық өрбіген. Біржан мен Сара айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген? Біржан мен Сара айтысады.
Кітаппен жұмыс. Теңеу дегеніміз не? Біржан айтыста өзін неге теңейді? Біржан ↓ Ақ иық мұзбалаққа Бұлбұл Аспандағы аққу Бәйге атына Кең қолтық, жібек жол арғымақ Байпаң жорға Қыранға
Сөздікпен жұмыс Ақиық - бүркіт тұқымдасына жататын, сұңқар тәрізді ірі құс. Ал мұзбалақ – ол бүркіттің жас мөлшерінің бірі. Ақ тұйғын - сұңқар, лашын
Арғымақ - жүйрік ат Наркескен - ақ семсер, өткір қылыш Айтыс өнері - бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер ұрпақтан - ұрпаққа буыннан буынға ауысып дамып келеді. Қандай айтыскер ақынды білесіңдер.
Бұрынғы айтыс ---- Ортақ айтыс ---------- Осы күнгі айтыс 1. Ру атынан шыққан -------------------- 1. Аудан, облыс атынан 2. Іздеп барып айтысады - Өнер тыңдаушы халық. шыққан 3. Кез келген жерде өткен ------------ 2. Күні белгіленеді 4. Басып тастау ---------------------------- 3. Жеребе тастау арқылы 5. Тосын тақырып ------------------------- 4. Сахнада өтеді 6. Төреші - қауым --------------------------- 5. Демеушісі болады ------------------------------------------------ 6. Тақырыбы болады. ------------------------------------------------ 7. Төреші - қазылар болады.
Біздің бүгінгі сабағымыз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қарсақ болып отыр. Тәуелсіздік тақырыбына Біржан мен Сараның жолын қуып жүрген оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында айтысып көрмек. Сабақты қорытындылай келе: • Айтысқа ерекше елдің көзқарасы, қазақтың сыйып жатқан боз даласы. Бүгінгі сабаққа біз атсалыстық, айтыс бұл екі ақынның сөз додасы. Оқушыларды бағалау: Үйге тапсырма: Ақын қыз Сараға мінездеме жазу, мазмұндау 75-77 бет,
Тақырыбы. Біржан мен Сара айтысы. Сабақтың мақсаты: а) Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық, әншілік қасиетін таныту, тіл шеберлігін ұғындыру. Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге дамыту. Сабақтың түрі: Дәстүрлі Әдіс - тәсілдері: ойландыру, іздендіру, сұрақ - жауап. Көрнекілігі: интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: музыка Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Айтыс музыкасы ойналады. Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы. Өмір - дерек. Біржан мен Сара өмірі.
«Сара» тобы 1. Айтыстың неше түрі бар? 2. Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 3. Сараның руы 4. Сараны атастырған күйеуі 5. Тұрмыс құрған жұбайы 6. Айтысты Сарадан алғаш кім жазып алған? 7. Сара қай жылы дүниеден өтті?
Біржанның басқалардан ерекшелігі ол жай ғана ақын емес, сонымен қатар әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды. Әнші композиторлар Жаяу Мұса, Балуан шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан әндері: Біржан мен Сара айтысы Әріп Тәңірбергеновтікі деген пікірге көзқарастарың қандай? Айтыс ақындары заманының көкейкесті мәселелерін қоғамның жетістіктері мен кемшіліктерін, өмір шыңдығын жырларында арқау еткен. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, әдет - ғұрпы да жалпы әлеуметтік жеке адамдардың қарым - қатынастары заманына лайық өрбіген. Біржан мен Сара айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген? Біржан мен Сара айтысады.
Сара ↓ Ақ тұйғын Тоты құс Ақ иық бұлбұл Арғымақ Наркескен
Сөздікпен жұмыс Ақиық - бүркіт тұқымдасына жататын, сұңқар тәрізді ірі құс. Ал мұзбалақ – ол бүркіттің жас мөлшерінің бірі. Ақ тұйғын - сұңқар, лашын
Арғымақ - жүйрік ат Наркескен - ақ семсер, өткір қылыш Айтыс өнері - бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер ұрпақтан - ұрпаққа буыннан буынға ауысып дамып келеді. Қандай айтыскер ақынды білесіңдер.
Бұрынғы айтыс ---- Ортақ айтыс ---------- Осы күнгі айтыс 1. Ру атынан шыққан -------------------- 1. Аудан, облыс атынан 2. Іздеп барып айтысады - Өнер тыңдаушы халық. шыққан 3. Кез келген жерде өткен ------------ 2. Күні белгіленеді 4. Басып тастау ---------------------------- 3. Жеребе тастау арқылы 5. Тосын тақырып ------------------------- 4. Сахнада өтеді 6. Төреші - қауым --------------------------- 5. Демеушісі болады ------------------------------------------------ 6. Тақырыбы болады. ------------------------------------------------ 7. Төреші - қазылар болады.
Біздің бүгінгі сабағымыз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қарсақ болып отыр. Тәуелсіздік тақырыбына Біржан мен Сараның жолын қуып жүрген оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында айтысып көрмек. Сабақты қорытындылай келе: • Біржан сал - туған дара, ақын дарын. Арнаған алқалы елге татымды әнін Сара да бостандыққа шықты жырмен Ежелден сүйген елміз ақындарын
• Өнердің үлгісі бұл дара лайым, Белсенді оқушыны бағалайын. Сабақты жыр жолымен асқақтатып Қош десіп, осымен доғарайын.
Оқушыларды бағалау: Үйге тапсырма: импровизация жаттау 79-80 бет
Сабақтың тақырыбы: Айтыс. Мақсаты: 1. Білімділік: қазіргі кездегі ақындар айтысын, олардың шығармашылық ерекшеліктерін айқындау. Оқушылардың айтыс ақындары жайлы білімдерін толықтыру. 2. Шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті арттыру. Өз ойларын, көзқарастарын еркін жеткізуге үйрету 3. Адал және шыншыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес сабақ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, шығармашылық жұмыс жасау, сұрақ - жауап, іздестіру, таблица толтыру. Көрнекілігі: қанатты сөздер, ақындар шығармашылығынан дайындалған стенд, плакаттар, компьютер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлікті қадағалау. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру.
Жаңа сабақ:Біржан Сара айтысы –түр жағынан да,мазмұн жағынан да өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс.
1-деңгей.Айтыс жанарының өзіне тән ерекшеліктерін атау.
2-деңгей.Біржан мен Сара айтысында көтерілген әлеуметтік мәселелер туралы айтып беру.
Қортынды сабақ:Қазіргі заманда қандай жақсы айтыскерлерді білесіңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Кесте жаттау, мазмұндау 68-74 бет
Тақырыбы: Айтыс.
Мақсаты: 1) «Біржан мен Сара» айтысындағы көтерілген әлеуметтік мәселелерді айқындай отырып, айтыстың маңызын ашу.
2) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, логикалық ойлауын дамыту.
3) Төл өнерімізге деген қызығушылығын арттыру, өнерді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: екі ақынның суреті, слаидтар, интерактивті тақта.
Түрі: дәстүрлі емес.
Әдісі: СТО, ойланут, топтастыру, сұрақ-жауап.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Айтыс деген не?
«Мәні бөлек, мәрт өнер айтыс деген» деп ақындарымыздың өзі бас иген ұлттық өнеріміз сонау ата-бабаларымыздан сақталып келген. Оны қалай дәлелдейміз?
/ Ең көне түрі – Бәдік айтысы арқылы/
Өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі- қай айтыс деп білеміз?
/ «Біржан мен Сара» айтысы/
Бүгінгі сабағымыз осы айтыстағы екі ақынның көтерген әлеуметтік әселесін тану, талдау болатын. Олай болса, өздеріңді толғандырған, әсер еткен мәселелерді жаза қойыңдар. Оған түсініктеме бересіңдер.
Әлеуметтік мәселе
Түсініктеме
Ру мәселесі
Найманда екі жүзді
Найманда байлық бар ма біздің елдей?
Елдегі атақты адамдарды дәріптеу
Арғын руының атақтылары
Найман руының атақтылары
Қазақ қыздарының бас бостандығы
Сатылай кешенді талдау.
«Біржан мен Сара» айтысы
Түрі: айтыс
Тақырыбы: Қазақ әйелдерінің бас бостандығы
Әдеби жанры: поэзия, айтыс.
Басты кейіпкерлері:
Теңеулер.
Метафора
Негізі идеясы
Айтыста Сараның жеңіліп қалуына кім кінәлі?
Қорытынды:
Айтыс- сөз таласы, шешендік пен тапқырлық, заман, қоғам, әлеумет туралы толғаныстар. М.Әуезов: «Айтыс-сөз барымтасы» деп баға берген.
Үйге тапсырма: Кесте жаттау, мазмұндау 68-74 бет
Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы. « Бұл заманда не ғаріп?» жырлары.
Сабақтың мақсаты: Асан қайғы туралы деректерді білу,
ақын - жыраулық дәстүрін тану.
Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелдеу..
Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу.
Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық сабағы.
Сабақтың көрнекілігі:Асан қайғының портреті, өлеңдерінің жинағы , «Бес ғасыр жырлайды» І том, слайд «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі».
Сабақтың әдіс-тәсілі:талдау, СТО, шығармашылық, сөз әдісі,
Сабақ барысы:
Интербелсенді тақтаға мына өлең жолдары жазылады:
Қамын ойлап халқының, Қайғы жұтқан қария. Жайлы қоныс іздеген Қазақ деген халқына. Әділдікті жырлаған, Ел бақытын ойлаған, Желмая мініп шарлаған Жерұйық іздеп жалғанда...
Оқушылар осы өлең жолдарынан бүгінгі тақырыпты анықтайды.Сабақ тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі.
Тақтаға Асан қайғының өміріне байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар сол суреттер арқылы Асан қайғығаның өмірі жайлы деректерді айту керек (оқушылар үйден өздері қосымша деректер әкеледі.).
2. Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)
Сыныпты үш топқа бөліп , оларға Асан қайғының толғауларының жазылу тарихы туралы мәліметтер таратамын.
1-топ. «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі» слайд. Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, “Жерұйық” дейтін қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. . Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады.
Алматыны көргенде:
“Үш Алматы деген жер бар екен.Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым.”
Шымкент, Сайрамды көргенде:
“Екі басы бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басы бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын - көбеймес”
Семейтауды көргенде:
“Төс табаны төрт елі
Атан жүрер жер екен.
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жар екен”
Шідертіні көргенде
“Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғанда тоқтайтын жылқының жері екен”
Үшқараны көргенде:
“Он екі тұтам-тұтам қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”- деп артына үш қараған екен.
Ерейментауды көргенде:
“Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі жағындағы ел бай болар да қақортасындағы қоныс қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір-бірімен төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын, панасы жоқ дала секілді тау екен.”
Терісаққанды
“Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен: тек анда –санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жер екен”
Баянды көргенде
“Баянға жаймай, қой семірмес...”
Ертісті көргенде:"Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.
Талас өзенін көргенде:
Екі Келес, бір Талас,
Бал татыған жерін-ай,
Ағайының аралас,
Тату екен елің-ай.
Желмаяға өңгертіп,
Алып кетер едім-ай,
Сыймаған соң алдыма,
Әттең, дүние, дедім-ай! -
депті.
Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.
Қорытынды сөз:
Аңыз бойынша Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты –мыс.
Оқушыларға екі сауал қойылады.
1. Қазіргі заманың Асан қайғысы...
2. Асан қайғының Жерұйықты Қазақстан жерінен іздеуінің себебі, менің ойымша, ...
Бағалау кезеңі:
Үй жұмысы:Асан қайғы толғауын жаттау 107 бет, мазмұндау 99-106 бет
Тақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті – асыл қазынамыз»
Мақсаты: халық ауыз әдебиетін, өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғындыру; халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасын меңгерту; өзіндік пайымдауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;оқушылардың тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, адал махаббатқа, бауырмалдыққа, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу
Тақырып хабарланып, сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Кезең. Халық ауыз әдебиеті (оқушылар тақырып бойынша білетін білік, білімдеріне шолу жасайды)
ІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
(халық ауыз әдебиетібойынша сұрақтар)
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата
2. «Наурыз жыры» қандай өлең?
3. Қандай әңгімені аңыз дейміз?
4.Төрт түліктің пірін ата. 5. «Қарлығаш әулие» атанған қай би?
6. «Шырағым, бір қолың ұрысшы болса,екінші қолың арашашы болсын. Ашу – дұшпан, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос.» Қай бидің сөзі?
7. «Біржан – Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады?
8. Баланы неше жаста атқа мінгізеді?
9. «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей,ерекше екпінмен сөйлейді. Ойындәл, айқын ұғындырады.» Бұл сөзді айтқан кім?
10.Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырды ата.
11. «Ер Тарғын» жырының басты кейіпкерлерін ата.
12. Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Қобыланды батыр, Ер төстіктің сүйікті жарын атап шық.
13.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды ата.
ІІІ Кезең. «Мықты болсаң, тауып көр. (мақал құрастыру)
ІҮ Кезең. Лиро-эпостық жыр.
1. «Сөз сыры» (сөзжұмбақ)
Саудагер шал Төлегенді қай жердің қыздарына ынтық етті?
Төлеген Базарбайдың нешінші перзенті?
Балаларға, жастардың жаңа киімдеріне берілетін сый қалай аталады?
Қайтыс болған адамның жақсылығын, елге істеген қызметін паш ететін тұрмыс-салт жыры, зарлы өлең.
Басқа жерден көшіп келген көршілерді сол жерде бұрыннан тұратын тұрғындар қонаққа шақырады. Оны не деп атайды?
Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары бір үйге жиналып ойын-сауық құрады. Оны не деп атайды?
Жаңа түскен жас келінге айтатын жыр.
Қаз тұрып енді жүре бастаған балаға жасалатын рәсім.
2. « Қыз Жібек» кинофильмінен үзінді.
Пысықтау сұрақтары.
1.Кинофильм қай жылы түсірілді? Қай киностудия түсірді?
2.Режиссері кім?
3. Кинофильмдегі басты рөлдерді сомдаған кімдер?
4.Жырда кездескен әдет-ғұрыптарды атап шық.
« Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше. Жырдың басты маңызы – адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмтыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіреміз.
Бұл жыр – халқымыздың асыл қазынасы, әдет-ғұрыптар энциклопедиясы тәрізді, маңызы зор құндылық. Сондай-ақ Қыз Жібек» жыры құнын жоймаған да, жоймайтын да жыр.
Ү Кезең.
Ойтолғау. «Ата салтым – асыл қазынам»
ІҮ Кезең. Жұмбақ.
«Құпия сөздің құлпын аш»
Қорытынды. Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Осыдан үлгі-өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік.
II Сабақтың мақсаты: Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту. Тәрбиелік – ой-саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету. Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.
III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
IY Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары.
Y Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту бөлімі.
«Иә», «Жоқ» стратегиясы
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма? 2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма? 3. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба? 4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба? 5. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма? 6. Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме? 7. Шешендік сөздерді аталы сөз деуге бола ма?
Мағынаны тану бөлімі.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме-дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.
Сөздікпен жұмыс.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.
Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.
• «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін. • 3-4 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре оқыттырамын. • Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін қайталап электронды оқулықтан тыңдатамын.
Толғаныс бөлімі.
1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады? 2. Оның мағынасы қалай еді? 3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?
- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа ұқсас.) - Дұрыс-ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?
Қосымша жадығат:
Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.
Он бір - қара жұмбақ Бір дегенің – білеу, Екі дегенің – егеу, Үш дегенің – үскі, Төрт дегенің – төсек, Бес дегенің – бесік, Алты дегенің – асық, Жеті дегенің – желке, Сегіз дегенің – серке, Тоғыз дегенің – торқа, Он дегенің – оймақ, Он бір – қара жұмбақ. Сөздікпен жұмыс: Білеу – қамшы. Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал. Торқа – бағалы жібек мата.
Үйге тапсырма: мазмұндау бет 117-118 бет, әдебиет теориясы жаттау 118-120 бет
Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру.
Ыбырай сөзі Қандай қасиеттерді айқындайды?
Араз бол кедей болсаң Күні:17.11. 10-сынып
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ыбырай өмірі мен шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей әңгімелеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: тарих,
Сабақтың түрі : ізденіс сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Махамбет Өтемісұлының досы кім?
2. Досына арналған өлеңінің бірін мәнерлеп оқып беру.
3. Махамбеттің бір өлеңін жатқа оқу.
ІІ Жаңа сабақ
1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.
2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.
3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.
1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау. Слайд арқылы.
Жылдар Маңызды оқиғалар
1841 жылы
20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.
1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.
1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1879-1883
жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.
1983 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
1983 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.
1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1987 жылы Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.
1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.
Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.
1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?
А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.
3. Білімге шақырған өлеңдері
«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»
4. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».
Телмірме еш адамға мұңдықпенен
Оқысаңыз балалар, ұрлықпен
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Өнер-білім бар жұрттар, ен
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып, сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа
күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.
Сабақты қорытындылау, бағалау.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Ақын ағартушы педагог
Жазушы Ыбырай Алтынсарин оқулық авторы
Ғұлама шағын әңгіме шебері
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау,
Өлеңін жаттау.
Күні:1.03. 8-сынып
Тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» рома-нэпопеясындағы қазақ
әйелдерінің бейнесі
Мақсаты: 1. Абай шығармасын, өмір жолын тереңдеп оқып үйрету;
Қазақ әйелдерінің бейнесін ашып, мәлімет жинақтау;
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге
көзқарастарын дамытып, шығармашылық белсенділіктерін
шыңдау;
3. Сөз өнеріне, қызығушылыққа баулу, анаға, әйелге, деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: дамыта оқыту
Сабақ типі: жаңа білім үйрететін сабақ
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, топпен
жұмыс, баяндау, талдау, көрініс қою, венн диаграммасы, қосымша
а) білімділік: Қазақ халқының бір тума ұлы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру. Әдебиет теориясынан білімдерін тереңдету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік – дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынов тұлғасын үлгі ете отырып білімге, ізденімпаздыққа баулу. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу. Бейбіт өмірдің тірегі «ынтымақ» екендігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың жабдықтары:
а) Байтұрсынұлы, И.А. Крылов портреттері.
ә) мысал бойынша салынған сюжеттік сурет.
б) оқушыларды ынталандыру үшін сайыстың кезеңдері белгіленген сурет.
- Балалар, сабақты бастамас бұрын «кезекшімен жұмысты» жүргізелік.
- Сонымен, бүгін сыныпта кім кезекші?
- Тақтаға шық, балалардың сұрақтарына дұрыс жауап беруге тырыс.
- Ал, балалар, өз сұрақтарыңды қойыңдар...
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру:
-Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың бір тума ұлы А. Байтурсынұлы шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз. Сондай – ақ қазақ тілінде сөйлеу біліктілігімізді жетілдіреміз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
- Бүгінгі сабақтің айдары: « Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
«Легка груз который поднят сообща»
- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
- Сендер тек жұмыла, біріге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер.
- Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек.
- Мынау – I топ
- Мынау – II топ
- Сайыстың ерекшелегі топ жетекшісі жоқ. Барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарамыз.
- Мына суретке көңіл бөліңдер:
- Мынау не? (мектеп, кітапхана, кітап дүкені)
- Ал, мынау – арбаға жүк артқан адамдар, ол сендер, сонымен қай топ кітаптарды мектепке бірінші болып жеткізеді екен?! Іске сәт!
- Екі топқа әр түрлі үй тапсырмалары берілген, сендер өз сұрақтарың төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілері арқылы қорғауларың керек.
I топ: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы.
II топ: Әдебиеттегі мысал жанры.
II кедергі. Көрініс қою.
Сендерге әр түрлі мысалдар берілді, сол мысалдардыы қарастырып, рөлдерге бөліп, көрініс дайындауларың керек болған. Ал, енді шығармашылық жұмыстарыңды ортаға салыңдар!
I топ: А.Құнанбаев”Қарғамен түлкі”
II топ: А.Тоқмағанбетов «Бидай мен қаңбақ».
-Жақсы балалар ,өз шеберліктеріңді көрсеттіңдер ,рахмет!Сендер үй тапсырмаларын жақсы орындадыңдар .Енді менің сұрақтарыма жауап беріңдер :
-Абай Құнанбаев Крыловтың неше мысалын аударған ?
-Дұрыс . Соның бірі бүгінгі «Қарға мен түлкі » мысалы.
-Сонымен, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов мысан жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар.Ал,”Бидай мен қаңбақ” мысалының авторы Асқар Тоқмағанбетов ұлылар үрдісін басқа алған жаңашыл мысалшы . Ол мысалдарын өзі шығарады. Осы адамдардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.
- Өздерің анықтағандай А. Байтұрсынұлы белгілі аудармашы.
Аударма қиын жұмыс. Жай аударма емес өлең сөзді аударма өте қиын, әсіресе мысалдарды аударуда ақынға шеберлік өте қажет.
Түн нұсқадан, автордың айтар ойынан алыстар кетпей, өз оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізу айрықша шеберлікті, даналықты талап етеді. Бүгін біз А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һнәм шаян » мысалымен танысамыз.
- Мысал орысша қалай атылады?
- Бұл кімнің мысалы?
- Біз бүгін осы мысалдың қазақша нұсқасымен жұмыс жасаймыз.
-
III кедергі. «Жаңа сөздерді игеру»
Тақтадағы жаңа сөздерді көшіріп жазып, қайталап оқып, есте сақтауға тырысалық.
1). жегіліп – впряглись
2). тартты – тянули
3). мәз болмады – не были рады
4). ғибрат – назидание, пример
5). әуелі – с начало, с перва
6). бірлік – единство
7). айқанына көнбеу – не слушаться
8). ынтымақсыз – без согласия
9). ісің оңбас – на лад твоё дело не пойдёт
10). түйінді ой - мораль
- көшіріп жазу:
- мұғалімнің оқуы;
- іштей оқу;
- хормен қайталау
- Енді көрелік қай топ есте сақтады екен?
IV кедергі Аудару:
- Енді мысалмен танысалық. Ынта қойып дұрыс тыңдаңдар, мен өлеңді оқимын, ал сендер, мағынасын түсінуге тырысыңдар. (мұғалімнің мәнерлеп, сурет арқылы көрсете отырып оқуы)
- Ал, балалар, іске сәт, мен сендерге 5 минөт уақыт беремін, қай
топ дұрыс аударар екен?
- I топ: I, II шумақты, II топ: III, IV шумақтың аудармасын оқиды. Қосып, аларлары болса толықтыруға болады.
- Сонымен, мысал жолдары бізге ұғынықты болды, олай болса
И.А. Крыловтың мысалының түп нұсқасын тыңдалық.(үнтаспа)
- Аудармаларың дұрыс па екен?
- Екі мысалдың, екі ақынның айтар ойы бірдей ме екен?
- А. Байтұрсынұлы қазақ балаларына мысалды дұрыс жетізіп пе?
- Ал, олай болса бұл кедергіден де өттік.
-
V кедергі: Мәнерлеп оқу, жоспар құру.
- Дайындалуға 3 минут уақыт беремін. Топтан бір бала мәнерлеп оқиды. Бір бала жаспар бойынша талдап оқиды.
- Балалар сендер білігіп жұмыс істеп соңғы кедергіден де өттіңдер, екі топ та өз білімдерін көрсетті, бірақ сендер кітаптарды мектептің табылдырығына ғана әкелдіңдер, енді есікті ашу үшін алған бімдерімізді бекітіп, мысалды талдап, ерекшелігін анықталық.
ІV. Білімдерін бекіту:
-Білімімізді бекіту үшін II топтың тірек-үлгісіне оралып, бүгінгі мысалды талдайық.
авторы аллегория,
аллегориялық
образдар
Мысал
тәрбиелік мәні
түйінді ойы
(мораль)
- Мысалдың аты: «Аққу, шортан, һәм шаян!
- Авторы – А. Байтұрсынұлы.
- Аллегориялық образды: аққу, шортан, шаян.
- Балалар, олар қайда өмір сүреді?
- Олар не істемек болды?
- Олардың жүктері неге қозғалмады?
- Ал, егер олардың бірі күшті болса, не болмақ?
- Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?
- Мұндай бейнелеу қалай аталады?
- Сонымен: аллегория дегеніміз – астарлы, тұспал мәнді суреттеу.
- Мысалда түйінді ой болады дедік.
- Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
- Балалар И.А. Крылов мысалының түйінді ойын кім айтып береді?
- Ол шығарманың қай жерінде орналасқан?
- Ал, А. Байтұрсынұлының түйінді ойын кім тауып оқып береді?
- Ол қайда орналасқан?
- Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
- Мысал бізді неге шақырады?
- Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Екі ақынның айтар ойы астарласып жатыр, айтар, ойы ,өсиеті де бір болып шықты.
- Балалар, енді қазақ әдебиетінің жанр түрлерін қайталап, мысалдың алар орнын анықталық.
- Қазақ әдебиетінде жанр негізгі үш бөлімнен тұрады:
- Мысал қай жанрға жатады? (эпос)
- Эпос жанрының өзі үш түрге бөлінді:
эпос
- Сонда « мысал» қай түрге жатпақ?
- Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әр қашан сатиралық сипатта, сықақпен сыналады.
Анықтама: « мысал» - шағын көлемді эпикалық шығарма. ( дәптерлеріне жаздыру)
V. Қорытындылау, бағалау:
- Бүгін сабақта не істедік, неге үйрендік?
- Балалар, біз бүгін қазақтың қандай белгілі адамымен таныстық?
- Ол кім?
- Біз де осы ғалым атамыздға еліктеп, көп жұмыстар атқардық.
- Енді мына кестеге назар аударыңдар,мұнда адамның әр түрлі қасиеттері жазылған. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің қоғамымызға қандай адамдар қажет? Кәне, мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілейік:
1)еңбекқор
2)әдепсіз
3)мейірімді
4)ақылсыз
5)надан
6)дарынды
7)зиялы
8)залым
9)Өз Отанын сүйетін патриот
10)еріншек
11)сауатты
12)білімді
- Сендерден осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.
- Сендер біріге жұмыс жасап мектеп есігін аштыңдар, екі топ та өз білімдері мен біліктілігін көрсетті. Бүгінгі сабақта сайыста «достық» жеңді. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығына бір баға «5» қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!
VІ. Үйге тапсырма:
-Мысалды мәнерлеп оқу, түйінді ойды жаттау. Әр топ өзі қойған мысалды талдап келу.
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана» Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінмен танысады, екі жақты түсіндірме күнделігін (ЕЖТК) толтырады, толтыру арқылы мәтіннің мазмұнын толық қамтуға тырысады, жаңа сөздерді қамтиды, мәтіннің мағынасын түсіну арқылы сөйлеу дағдыларын дамытады. Топта жұмыс істеу дағдыларын, оқу және жазу сауаттылықтарын көрсетеді. Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылар қайырымдылық, мейірімділік ұғымдарын түсінеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сын тұрғысынан жазу мен ойлау әдісі бойынша. ЦДО «Сорос Казахстан». Сабақтың көрнекіліктері:Түрлі –түсті маркерлер, А3 және А4 таза парақтары, бағалау парақтары, Ана туралы қанатты сөздер. Сабақтың әдістері:Ассоциативті топ қүрау, оқу, аудару, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, алдын-ала дайындау, бағытты оқу, ЕЖТК, 5 жол өлең, 3-5 минуттық эссе. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі орыс тілі тарих. Сабақтың құрылымы: І –Ұйымдастыру кезеңі (тіл дамыту сқрақтары) ІІ-Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ-Ой қозғау. Ә) ассоциативті топ құрау. IV- Мағынаны тану. Ә) бағытты оқу, ЕЖТК, мәнерлеп оқу, алдын- ала болжау. V-Рефлексия Ә) 3 минуттық эссе. А) 5 жол өлең. Б) кластерді толтыру VI) Үйге тапсырма беру. Бағалау: ассоциативті топ құрау, мәнерлеп оқу, ЕЖТК, 5 жол өлең, 3-5 минуттық эссе арқылы. Сабақтың барысы. Мұғалімнің ісі І. – Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін нешесі? Аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? ІІ- Үйге қандай тапсырма берілді? Сабағымызды бастамас бұрын мынадай бағалау парағымен таныстырып кетейін. аты-жөні Үй тапсырмасы Ассоциативті кластер оқу Кестені толтыру Эссе 5 жол өлең Баға Оқушылардың іс-әректі. Мәтінді оқу, «Темір» сөзіне 5 жол өлең жазу. Әр топтан 2-3 оқушы жауап береді. 5 жол өлеңдерін тақтаға шығып қорғайды. ІІІ. Ой қозғау . Жақсы, балалар үйде оқыған мәтінде Темірден басқа кім туралы айтылады. Ана – сөзіне ассоциативті құраңдар. Әр топ өз жұмыстарыңды тақтаға келіп қорғаңдар. Егер де келесі топта қайталанатын сөз немесе сөз тіркестері болса, қызыл түсті маркермен қоршап қойыңдар. Оқушылардың іс-әректі. Ана . Оқушылар жеке-жұп-топ-топ аралық жұмыс істейді. Топтық жұмыстарын А3 ақ парағына жазады.Тақтаға шығып қорғайды. IV. Мағынаны ажырату – Енді ана туралы әңгімемен танысайық. Ол үшін мен сендерге мынадай шағын мәтіндер таратып беремін. Ал, сендердің жұмыстарың осы мәтінмен танысу, үзіндіні атау және ЕЖТК толтыру. Әр топтан бір-бір оқушыдан жауап беру керек. (Үзінді) Оқушылардың іс-әректі. Оқушылар мәтінмен танысады, кезектесіп дауыстап оқиды. Үзіндіні атайды. ЕЖТК кестесін толтырады: Алдымен әркім өз дәптерлеріне жеке жұмыс істейді, артынан бірігіп кестені толтырады. Мені қызықтырған ой… Неге? Оқушылар өз ойларын ортаға салады. -Ал ары қарай не болады, кім қалай ойлайды? -Осы әңгіменің жалғасы мынандай екен. Оқушыларға үзіндіні таратып беремін. Оқушылар үзіндіні оқып, оны атайды және кестені толтырады. Кестені толтырып болғаннан кейін болжау сұрағы қойылады. Оқушылардың іс-әректі. Оқушылар мәтінмен танысады, кезектесіп дауыстап оқиды. Үзіндіні атайды. ЕЖТК кестесін толтырады: Алдымен әркім өз дәптерлеріне жеке жұмыс істейді, артынан бірігіп кестені толтырады. Мені қызықтырған ой… Неге? Оқушылар өз ойларын ортаға салады. -Енді қалай ойлайсыңдар, оқиға немен жалғасады? -Балалар осы әңгіменің соңы қалай аяқталады екен? Өздеріңді автор орнына қойып, әңгімені аяқтап көріңдерші. -Егер барлықтарың жазып болсаңдар, өз шығармасын оқимын деген оқушы бар ма? Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар өз дәптерлеріне әңгіменің аяқталуын ойлап жазады. Қалауынша оқушылар өз шығармаларын оқиды. -Әңгіме немен аяқталғанын білгілерің келе ме? Онда осы әңгіменің соңғы бөлімімен танысайық. Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар әңгәменің соңғы бөлімімен танысады V. Рефлексия. 1,2 топты құрап отырған оқушылар 3 минуттық эссе жазады. Ал 3 топтың оқушылары 5 жол өлең құрастырады. Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар жұмыстарын әркім өз дәптерінде орындайды. Қалауынша өз эсслерін, 5 жол өлеңдерін оқуларына болады VI.Үй тапсырмасын беру. «Өлімді жеңген ана» әңгімесін оқу. 89-91 бет. VII. Бағалау. Оқушылардың баға қоятын парақтарын жинап аламын. Оқушылардың іс-әрекеті. Әр топтың спикері оқушыларға қойылған бағалармен таныстырып өтеді - Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.