Просмотр содержимого документа
«Сөйлеу мәдениеті. Ауызекі сөйлеу стилі.»
«№7 Бетқайнар колледжі»
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Қазақ тілі.
I Бөлім.
Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.
Сөз мәдениеті
Сабақтың тақырыбы.
Сөз мәдениетінің адам қарым- қатынасындағы орны. Ауызекі сөйлеу стилі.
Шылау және одағай сөздердің жазылуы.
Оқытушы: Табыс А.Б
Оқу мақсаты:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану.
Сабақ мақсаты:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Мәтіннің стильдік ерекшелігін таниды.
Бағалау өлшемдері:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Мәтіннің стильдік ерекшелігін таниды.
«Бір тілек» сергіту сәті.
Студенттер есімдерін атап,есімдерінің бірінші әріпінен басталатын жақсы сөз немесе тілек айтады.
«Миға шабуыл» әдісі.
1-тапсырма
Сөз мәдениеті
сөйлеуде мәдениеттілік
әдептілік таныту.
қоғамның ой-санасын дамытып,
рөл атқарады.
ежелден бері жеке адамның,
әдеби тілдің
жетілдіруде аса маңызды
басты белгісі.
Тіл, сөйлеу
нормаларын игеру,
ауызша түрлеріне тән
адам санасының
Сөйлеу –
Дескриптор
Сөз мәдениеті жайлы біледі.
Сөз мәдениетін қарым-қатынас құрал ретінде қолданады.
Ойларын ортаға салады.
1-тапсырма.
Мәтінге тақырып
(Сөйлеу мәдениеті Сөз мәдениеті Тіл мәдениеті.
Сөз ой-сананың белгісі)
Сөз мәдениеті— әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, сөйлеуде мәдениеттілік,әдептілік таныту.Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады.
Қалыптастырушы бағалау:
Студенттер жұмыстарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
2-тапсырма
Жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіру мақсатында “Джиксо» әдісі бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беріледі, өз беттерінше дайындық жасайды.Ресурстармен таныс болған соң,бір студент түсінгенін келесі студентке айтады,ол студент өзінен кейінгі студентке баяндайды.
Ауызекі сөйлеу стилі — тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты.
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады.
Дескриптор:
Қолдарындағы мәліметті оқиды.
Мәтінді талқылайды
Ойларын ортаға салады
ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек»
Студенттер жеке-жеке,бір-бірін бағалайды.Сәтті болса Жұлдыз,қателіктеріне ұсыныс айтады.
3-тапсырма.
Мәтін беріледі.Мәтіндегі шылау және одағай сөздерін тауып,түрін ажыратыңыз.
ШЫЛАУ
ОДАҒАЙ
3-тапсырма
Шіркін, мына атқа мінер ме еді! Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл. Әттеген - ай, көре алмай қалдым - ау! Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Түу, қандай тымырсық түн!
Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен.
Дескриптор:
Мәтінмен жұмыс жасайды.
Шылау мен одағайды табады.
Түрлерін ажыратады.
3-тапсырма.
Мәтін беріледі.Мәтіндегі шылау және одағай сөздерін тауып,түрін ажыратыңыз.
ШЫЛАУ
ОДАҒАЙ
Дейін,екен
Шіркін,бәрекелді,
әттеген - ай, Е, Түу,
ШЫЛАУ
сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстырады.
лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ,көмекші сөздер.
Рефлексия
«Фигура»
Фигуралардан құралған рефлекция парғы беріледі.Сол бойынша оқушының сабақ жөніндегі пікір білдіреді