kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ауызекі с?йлеу стилі "

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сынып ж?мысына жалпы ба?а беру. Зейіні мен т?ртібі. П?нге деген ?ызы?ушылы?ы. Сыныпты? белсенділігі, о?ушыларды? саба?ты? т?рлі кезе?деріндегі белсенділігі. О?ушыны? ?зіндік ж?мысыны? ?йымдастырылуы, о?ушыларды? о?у ?рекетіні? тиімді ?дістеріні? іске асуы. ?олданыл?ан о?у ?рекеті т?рлеріні? тиімділігі мен орындылы?ы. Жалпы білімділік, арнайы біліктері мен да?дыларын ?алыптастыру. Жалпы?а орта? талаптарды орындауы. Білім де?гейі жо?ары ж?не т?мен о?ушылармен жеке ж?мыс. ?жымды? ж?не жеке ж?мыстарды біріктіру. Сыныпты? т?ртіптілігі ж?не т?ртіпті са?тау т?сілдері. ?арым-?атынас м?дениеті, м??алімні? педагогикалы? такт пен нормаларды ?стануы, м??алімні? осы сыныпта  ?йымдастыр?ан моральдік-психологиялы? ахуалына ба?а беру. Білім, білік, да?дыларыны? сапасы. 1. Білімдеріні? беріктілігі, тере?дігі, на?тылы?ы. 2. Саба? материалынан негізгі ойды аны?тай алуы, ал?ан білімдерін т?рлі жа?дайларда ?олдана алуы, оны? негізінде ?здігінен білімін тере?дете алуы. 3. Т?жірибелік да?дыларды игеру де?гейі. М??алімні? о?ушы білімін тексеруі. Тексеру т?рлері. ?ойыл?ан ба?аны? шынайылы?ы, саны, т?сіндірілуі, ?ызы?тырушылы?, т?рбиелік м?ні.

Ма?саты, к?лемі. Сыныпта орындал?ан ж?мыс пен ?йге берілген тапсырма к?лемдерін салыстыру. ?йге берілген тапсырма т?рі (шы?армашылы?, бекіту, дамыту, ?айталау), оны? орындау?а о?айлы?ы.  М??алімні? ?йге берілген тапсырманы т?сіндіруі.

Саба?ты? санитарлы?-гигиеналы?  жа?дайын ба?алау.

М??алімні? тексеруші с?ра?тарына жауап беру барысында ?зіндік талдауына ба?а беру, т?йіндеу.

Саба?ты? о?у-т?рбие ма?саттарына жету де?гейін ба?алау. Саба?ты? н?тижесін жалпы ба?алау: м??алімні? білім беру ?рекетіні? тиімділігі; білім, білік, да?ды сапасы; оларды? дамуы мен т?рбиелілігіндегі ?згерістер. Саба? жетістіктері мінездемесіні? д?лелділігі.

Талданып, мектеп м??алімдеріні? іс-т?жірибесінде ?олдану?а т?рарлы? шы?армашылы? элементтер.

Саба? кемшіліктері. Оларды? дамуында?ы ?згерістер мен себептеріні? диагностикасы.

?орытындылар мен ба?аларды? ?ылыми негізіділігі, психология, педагогика ?ылымдарыны? жетістіктеріне, озы? педагогикалы?  т?жірибеге с?йену. ?орытындылар мен ?сыныстарды? на?тылы?ы, д?лелділігі, нанымдылы?ы.

Жалпы ?орытындылау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ауызекі с?йлеу стилі " »

Мекеменің атауы: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Пән мұғалімі: Кузембаев Марат Нурғалиевич

Сабақтың тақырыбы. Ауызекі сөйлеу стилі (оның ауызша, жазбаша формаларының өзіндік ерекшеліктерін таныту).

Сабақтың мақсаты. Тілдің байланыс қызметін баса сезіндіру, сөйлеу стилінің қолданылатын орындары мен қолданылатын формаларын білдіру. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндерді ажырата білу, талдай білу. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып, соған байланысты мысалдарды келтіре алу.                                                             Сабақтың көрнекілігі. Сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу түрлеріне жасалған кесте; М.Балакаев, Е.Жанпейісов т.б. «Қазақ тілінің стилистикасы» (қосымша әдебиет); магнитофон үнтаспасына жазылған, радиодан сөйленген сөз үлгісі.

Сабақтың түрі. Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа материалды меңгертуге бағытталған жұмыс түрлері. Сөйлеу тілі —  адамдардың күнделікті  бір-бірімен  қарым-қатынасқа түсетін құралы. Сөйлеу стилі белгілі бір тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан,   ол  ауызекі  сөйлеуге  байланысты  жүзеге   асады.   Ауызекі сөйлеудің өзіндік ерекшелігі — адамдар ойын еркін жеткізеді. Онда күнделікті өмірге байланысты мәселелер айтылады. Сондықтан күнделікті тұрмыста өздерің естіп, қолданып жүрген үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Ауызекі тілдесу кісілердің бетпе-бет қатысуы негізінде жүреді. Мына кестедегі сөйлеу тілі екі түрлі. Мысалдарға назар аударыңдар.

— Денсаулығың қалай?

— Жаман емес.

— Не жаңалықтарың бар? Ауылға барып тұрасың ба?

— Жақында өздері келген.  (Сөйлеу тілінен)

- Мылжыңдап барасың, антұрған.

— Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сүрап әкетті.   (Ғ. Мұстафин)

Сөйлеу стилінің өзіндік ерекшелігін жасайтын белгілі бір жағдайға байланысты сөйлеу мәнері бар екендігін байқап отырсыздар. Сөйлеу тілінің әртүрлілігімен қоса, олардың лексикалық құрамына назар аударыңдар. Жоғарғы диалогте лексикалық құрам қарапайым сөздерден тұрса, төменгі диалогте тұрпайы сөздерден тұрады. Сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән сөздергеқарапайым сөздер, тұрпайы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер жататындығын айта келіп, оқушылардың назарын келесі кестеге аудару керек. Мысалдарды оқытып, диалекті және кәсіби сөздерді табу қажет.

— Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын!…

(М. Әуезов).

- Мен бүгін сүген ұстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан ғана ілініп түр екен.  (Ә. Нүрпейісов)

Күнделікті     өмірдің     барлық     саласында     сөйлеу     тілі     кеңінен қолданылатындықтан, ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:

1) дидарластық сөз (әңгімелесуі, сұхбаттасу);

2) полемикалық (пікірталас) сөз;

3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).

Ауызекі сөйлеу тілінің түрлеріне жеке-жеке түсініктеме берілген соң жаттығулар орындатылады.

Сабақтың соңында радио мен теледидардан магнитофон үнтаспасынан жазылған ауызекі сөйлеу тілі үлгілерін оқушыларға тыңдата отырып, күнделікті тіршіліктегі ауызекі сөйлеу тілінен гөрі әдеби норманың сақталатындығы, тақырыбы әр түрлі болып келетіндігі талқыланады. Сабақ қорытындыланады.

Сабақтың тақырыбы. Көркем әдебиет стилі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: көркем әдебиет стилі көркем сөз арқылы бейнеленетіндігін, басқа   стильдерден   өзіндік   ерекшелігін   таныту.   Көркем   шығармаларды ажырата білу. Көркем мәтінді тілдік құралдары мен стильдік ерекшелігі бойынша ажырату.

2.Тәрбиелік:   оқушыларды   өзінің  ана  тіліне   деген   сүйіспеншілігін арттыруға, оны құрметтеуге, байланыстырып сөйлеу мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:   оқушылардың   шығармашылық   ойлау  дағдысын, жоғары    зияткерлік    (интеллектуалдық)    ой-өрісін    дамыту.    Ана    тіліне қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік. Ақын-жазушылардың шығармалары (кітап бұрышы); кестелер, кодоскоп, магнитофон.

Сабақтың түрі. Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері. Талдау, салыстыру.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Көркем әдебиет стилі — өмірді көркем сөз арқылы өрнектейтін өнердің бір түрі. Көркем шығармада тіл ерекше эстетикалық қызмет атқарады, сөздер сараланып қолданылып, стильдік мақсатта жұмсалады. Көркем шығармада жағымды және жағымсыз бейнелер кездеседі. Әрбір кейіпкердің сырт пішін;

— портреті жасалып, іс-әрекеттері, өмірге өзіндік көзқарасы, ой өрісі суреттеліп, тіл ерекшеліктері қалыптасады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады.

Мына кестедегі сөйлемдерді оқып, көркемдегіш құралдарды дәптерлеріңе жазып отырыңдар.

Бірінші кестені оқып шыққан оқушы теңеулерді тауып, қалған оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

1. Қызыл шырайлы келген жап-жас әйел. Сөзі мірдің оғындай. Болыстың бұрынғы хатшысы ұры иттей жылмыңдап, Бекбосынға бәйек болып жүр.             (Б. Майлин). Екінші кестені оқып шыққан оқушы метонимияны тауып, оқушылар дәптерлеріне жазып алуы тиіс.

2. Теңіз   астында   найзағай   көбейген,   жарқылдау   көбейген.   Сол найзағайлар барлық ана балықтарға ұлы жорықтың бет алысын,  жөнін сілтейді.

(Ғ. Мүсірепов). Осы сияқты тапсырмалар үшінші және төртінші кестелерге де беріледі. Үшінші кестеден метафораны табу, ал төртінші кестеден жігіттің сыртқы портретін дәптерлеріне жазып алу тапсырылады.

3. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде. (Мақал)

4. Қоңқақ мұрынды қара сүр жүзі жаратпағанын білдіргендей, Ағыбай бұрынғыдан да сұхтана түсіп, шамданып қалды.

Төмендегі үзінділер кодоскоптан оқылады.

5.Кеңгірбайдың зиратына барып тұрып, серт, уәдені сонда шешеміз. Бұнысы бір ант-серттей… Дәрмен өз ішінен Абай қабіріне қарап, үздіксіз ант-серт айтып отырғандай болды.   (М. Әуезов)

6. Бір жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден

денесін жасыра бастады. Қалаға барып, ескі көздерді көрген соң, қыр есінен шығып кетті.  (М. Әуезов)

Бұл үзінділердегі көркемдегіш құралдарды да оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

7.Көркем  әдебиет стилінде басқа  көркемдегіш  құралдармен  қатар, эпитеттер де болады. Төмендегі эпитеттерді қатыстыра отырып, яғни сыртқы портреттеуге   арналған   сөз   тіркестерін   пайдалана   отырып,   «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқаға мінездеме жазу. Мінездемені бірнеше оқушыға оқытып,  эпитет,  мінездеме  деген  сөздерді  әрі  қарай  дәптерлеріне  жазу тапсырылады. Төмендегі сөз тіркестерінен қарапайым фразеологизмдерді бір бөлек, тұрпайы  фразеологизмдерді бір бөлек жазыңдар.

Итжанды; ит жоқта шошқа үреді; өзің білме, білгеннің тілін алма; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.

Оқушылар бұл жұмысты орындап болғаннан кейін төмендегі литоталарды қатыстырып сөйлем құрайды.

Бір тарының қауызына сыйғызу; иненің жасуындай; темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей; тізе бүкпеу; бел жазбау; көз ілмеу; кірпік қақпау; дүниені бір уыс қылу.

Оқушыларға оқыған кестелері мен орындаған тапсырмаларындағы көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мен көркемдегіш құралдың түрлерін оқыңдар деген тапсырма беріледі.

1. Теңеу (мірдің оғындай, ұры иттей).

2.Метонимия.

3. Мақал, метофора.

4. Жігіттің сыртқы портреті.

5. Синонимдік қатарлар.

6. Сөздердің көп мағыналылығы (телмірген көздер, ескі көздер).

7. Эпитеттер, мінездеме.

8. Фразеологизмдер.

9. Литоталар.

Осылайша, образды сөздердің, троптың көптеген түрлері қамтылады. Көркем шығармаларға троптың бұдан басқа да түрлері, фигуралар қатысады. Яғни көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктері мынадай:

1. Образды сөздерді молынан пайдалану.

2. Экспрессивті-бояулы сөздер көп кездеседі.

3.  Шығарма тартымды болуы үшін синонимдер, антонимдер көбірек қатысады.

Қазақ көркем әдебиет стилінің қалыптасуына, дамуына қазақтың көрнекті ақын-жазушылары зор үлес қосты. Олар қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, жанрларын қалыптастырды. Енді оқушылар әдеби шығармалардан алынған мәтіндермен жұмыс істейді.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді… Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді.   (М. Әуезов)

Үзіндіні кестеден оқыған оқушыға стильдік талдау жасату. Оқушы               сұрақ-жауап арқылы көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктерін атайды. Оқушылардың белсенділігі сабаққа ат салысуларына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма. Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, тапсырма беріледі.

1-топқа берілетін тапсырма. Мына теңеулерді қатыстырып, фантастикалық әңгіме жазып келіңдер: қордың қызындай, шөккен нардай, көзге біткен сүйелдей, атқан оқтай, иненің жасуындай.

2-топқа берілетін тапсырма. М.Мақатаевтың «Қара шалғы» өлеңін қарасөзге айналдырып жазып келу.

.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Ауызекі с?йлеу стилі "

Автор: Кузембаев Марат Нур?алиевич

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184497


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства