Күні:Өтетін сыныбы: 8 Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жан- жақты талдауға үйрету; Міндеті. Б: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, бағыныңқы сөйлемінің баяндауыштарының жасалу жолдарына мысал келтірту; Д: Өткен сабақ пен жаңа сабақты салыстыра отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, талдау жасауға, жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту; Т: Уақытты бағалай білуге, жаңа сабақты талдай отыра шыдамды, ойлы, зерек болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: 1.Топ болып ынтымақтасуға үйренеді, өз ойын еркін айта біледі. 2. Шығармашылық қабілеті көрінді, өзгенің бағалауы арқылы өзін таниды. 3. Себеп бағыныңқылы сабақтасқа талдау жасай біледі. 4. Себеп бағыныңқылы сабақтас туралы өз сөздерімен айта біледі. 5. Жаттығу барысында таба біледі, талдай білуге үйренеді.
Қамтылатын модульдер: 1-модуль. Жаңа тәсілдер диалогтік 2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету («дөңгелек стол» стратегиясы, венн диаграммасы ) 3- модуль. Оқыту мен оқуда АКТ- ды қолдану 4- модуль. Оқыту мен оқудағы басқару мен көшбасшылық 5- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«себеп бағыныңқылы сабақтас»
Күні:Өтетін сыныбы: 8 Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жан- жақты талдауға үйрету; Міндеті. Б: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, бағыныңқы сөйлемінің баяндауыштарының жасалу жолдарына мысал келтірту; Д: Өткен сабақ пен жаңа сабақты салыстыра отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, талдау жасауға, жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту; Т: Уақытты бағалай білуге, жаңа сабақты талдай отыра шыдамды, ойлы, зерек болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері:1.Топ болып ынтымақтасуға үйренеді, өз ойын еркін айта біледі. 2. Шығармашылық қабілеті көрінді, өзгенің бағалауы арқылы өзін таниды. 3. Себеп бағыныңқылы сабақтасқа талдау жасай біледі. 4. Себеп бағыныңқылы сабақтас туралы өз сөздерімен айта біледі. 5. Жаттығу барысында таба біледі, талдай білуге үйренеді.
Қамтылатын модульдер:1-модуль. Жаңа тәсілдер диалогтік 2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету («дөңгелек стол» стратегиясы, венн диаграммасы ) 3- модуль. Оқыту мен оқуда АКТ- ды қолдану 4- модуль. Оқыту мен оқудағы басқару мен көшбасшылық 5- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
Қадамдар: 1. Үй тапсырмасын тексер 2. Интерактивті тақтамен жұмыс 3. Топпен жұмыс 4. Рефлексия
1.Қатша ұяттан жерге кіргендей намыстанып қысылды да, табақты алып берді. 2.Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе үй жұмысымен айналысады. 3. Бірақ, алайда, сонда да, дегенмен. Салаластың қай түрінің жалғаулық шылауы? 4. Әкесінің келгеніне қуанғаны сонша- қолындағы ойнап тұрған ойыншығын лақтырып тастады. 5. Сондықтан, сол себепті жалғаулық шылауы келсе, себеп- салдар салаластың қайсысы бұрын келгені? 6. Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді 7. Сабақтас құрмалас дегеніміз не? Түрлерін ата. 8. Қайтпей? (не етпей?), қайтсе? ( не етсе?), қайтпейінше?(не етпейінше?), қайткенде? (не еткенде?). Сабақтастың қай түрінің сұрағы? 9. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? 10. Септеулік шылаулар мен мезгіл мәнді сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын сабақтастың түрі қалай аталады?
Оқушылар үй тапсырмасын өзара тексереді (жұппен, топпен).
I Қызығушылықты ояту.
Сабақтас құрмалас сөйлем
1.«Шартты бағыныңқылар» тобы 2. «Қарсылықты бағыныңқылар» тобы 3. «Мезгіл бағыныңқылар» тобы 4. «Себеп бағыныңқылар» тобы
Түртіп алу (оқулықпен жұмыс) 134- жаттығу. (ауызша) 135- жаттығу. (жазбаша)
Миға шабуыл . Ресурстар таратылып, постер қорғайды. 1-топ. Себеп бағыныңқылының баяндауыштарының жасалу жолдарын топтастыру арқылы көрсет. 2-топ. Себеп- салдар салалас пен себеп бағыныңқылы сабақтасты салыстыр. 3- топ. Мына сөздерді баяндауыш етіп, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем құра
гесін
гендіктен.. ... біл ген соң
ме-й
гені үшін
4- топ.Себеп бағыныңқылының баяндауыштарының жасалу жолдарын көрініс барысында көрсет II. Мағынаны ажырату
түрі
ереже
сұрағы
Шарттыбағыныңқылысабақтас
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін сабақтастың түрі
Қайтсе? не етсе? қайтпей? не етпей? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? не етпейінше?
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Басыңқыдағы іске бағыныңқы-да айтылған іс немесе бағының-қыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтас
Қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? қайткенше? не еткенше? қайткені?(не еткені) болмаса? қайткеніне? ( не еткеніне) қарамастан?
Себепбағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрі
Неліктен? не себепті? неге? не деп?
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екінші-сінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі
Қашан? қашанға шейін? қашаннан бері?
«Автор орындығы » ойыны
Суретпенен сырласу Салалас пен сабақтасты қатыстырып сөйлем құрап, қандай түрі екенін айт.
III. Ой толғаныс «Раунд Робин» әдісі
Рефлекция.
Үйге тапсырма: 1. Себеп бағыныңқылы сабақтас 2. 136- жаттығу. Себеп- салдар салаласты себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдырып жазу.
Бағалау. Топтар стикер арқылы бір- бірін бағалайды.