Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.4.1 - сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану. 2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. |
Басы | Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) | Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары. |
Сабақтың ортасы | Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Жұмбақ-өлеңдi түсiнiп оқы. Шешуiн тап. Алғашқы түбiр сөз – Аспаннан тұрған сорғалап. Екiншi түбiр сөз – Сүт тағамы домалақ. Екеуiн қосып оқысаң, Жәндiк жүрер жорғалап. Ескен Елубай Бұлбұл мен тоқылдақ (Мысал) Бұлбұл келiп, бұлқынды, Тоқылдақты жұлқыды: «Күндiз де тоқ-тоқ, Ойпырым-ай, өзiң бiр Жан екенсiң жақ жоқ! Сенiң тоқылыңнан Орман жаңғырығып, Таңертең тұрамыз Басымыз мәңгiрiп...» Сонда Тоқылдақ Күлдi де сақылдап, Көрсеттi оған бiр құртты Тұмсығымен шоқып ап: «Бұлбұлмын дейсiң, Дымды бiлмейсiң, Кезiң келдi сыналар, Мен болмасам, мыналар Жоқ қылмай ма орманыңды?! Көрер ем Сонда әнге салғаныңды... Құрт жеген соң гүлiңдi, Жұрт неғылсын үнiңдi». Шона Смаханұлы Дескриптор: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Форматив ті бағалау. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. |
Соңы | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. | | ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | Топтық тапсырмалар. |
Кері байланыс | «Бағдаршам» кері байланыс. | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. | «Бағдар шам» | Кері байланыс тақтайшасы. |