kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шешедік өнері: "Қазақтың үш биі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Билер шешенділігіндегі тапқыр сөздерді жас ұрпаққа таныту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шешедік өнері: "Қазақтың үш биі"»



Күні: 13.12. 2016 жыл

СЫНЫП: 9 А Шешендік өнер курсы










Мұғалімнің есімі: Жаканова Майгуль Ажибековна


САБАҚ:№ 9

Тақырыбы : Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке би тарихы


Қатысқандар саны: _____

Қатыспағандар саны:____

Мақсаты

Білімділік – қазақ шешендік өңерінің тарихы қай кезеңдерден басталатынын, би шешендерінің тапқыр сөздері;

Танымдылық – Төле би, Қазбек , Әйтеке билері шешендерінің шешендік сөздері кімдердің алдында, қандай жағдаяттарда, қалайша айтылғандарынан хабардар ете отырып, шешен-билер образын қалыптастыру;

Тәрбиелік – шешен – билердің өнегелі сөздердің дидактикалық мәнін, бүгінгі жастарға берер ғибратын таныту.

Міндеті

- Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктерін меңгерту.

- Шешендік толғаулардың мағынасын ашу.

- Билердің шешендік сөздерін сахналауға бағыттау.

- Би-шешендердің бойындағы қасиеттерді оқушы бойына дарыту.

Күтілетін нәтиже:

Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады.

-Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің өмірі мен шешендік сөздерін біле алады.

-Шешендік сөздерді оқуға деген қызығушылығы артады.

-Диалог арқылы өз ойын еркін жеткізе алады.

- Сахналық қойылымда рөлдік образға еніп, өз шеберліктерін анықтай алады.

Көрнекілігі



Сабақтың типі

Сабақтың әдісі


Түйінді идея

 Қазақтың үш биі.Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би - YouTube
 www.youtube.com интербелсенді тақта, мәтіндер, шешендік толғаудан, шешендік арнаудан, шешендік даудан үзінді.

Жаңа тақырыпты меңгеру. Сабақтың түрі «Таным » сабақ.

Миға шабуыл, Сын тұрғысынан ойлау, .түсіндіру, зертеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, пікірлесу, топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Шешендік сөздердің тәрбиелік мәнін түсіну

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іскерлігі

Оқушының әрекеті

І. Ұқйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу, түгелдеу;

  • Сабаққа дайындығын тексеру;

Амандасу, кезекші мәліметі.

-сабаққа дайындалу;

-топқа бөлу;

(шешендер, тапқырлар, суырыпсалмалар)

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал.

«Мен қандаймын?».

Оқушыларға  жұмыстың бағытын түсіндіріп, бағыт беремін.


Сынып оқушылары  щеңбер бойына тұрып, өз  бойындағы  3 жақсы және 3 жаман қасиетті жазып шығады. Жақсы қасиеттер жазылған қағазды қалталарына салып, ал жаман қасиеттер жазылған  қағазды жыртып- жыртып қоқысқа тастайды.

Оқиды. Қол шапалақтау

Аукцион

Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды.

Әр бидің бойындағы қасиеттерді оқушылар тақтаға жазады.

- данышпан

- қиял ұшқыр

- ақылғөй білгір



Жаңа сабақ

Мақсаты : Қазақтың үш биі.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би - YouTube  www.youtube.com

Мұғалімнің сөзі.

Бүгінгі тақырып –«Қазақтың би-шешендері» болғандықтан интербелсенді тақтадан слайд арқылы оқушыларға тақырып түсіндіріледі. Қазақтың би-шешендері көп. Соның ішінде бүгінгі тоқталатынымыз-қазақтың маңдайына біткен біртуар шешендері –Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.






Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы.






Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан әділ би болған.







І Мазмұн мен мағына

Тапсырма: Билердің шығармасында айтылған ойды мұқият тыңдау:

Өлеңде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз;

Көріністерді өз сөзіңізбен еркін баяндаңыз; диалогпен оқы.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау арқылы өлең мазмұнын толық меңгеріп алыңыз.

.

ІІ Қазбек тілінің сөздігі

Төле тілінің сөздігі

Әйтеке тілінің сөздігі

ІІ Қазбек тілінің сөздігі

Әйтеке тілінің сөздігі

Төле тілінің сөздігі

Мысалы: Қазбектың айтқан сөзі



бітімші

Екі жақтын келістеушілік мәмілегер.

мәмлегер

Келісім, бітім ара ағайын /би/

Ұтқыр

Ұтымды, тапқыр, шебер

иліктіріп

Икемге келу,ынғайлану, иілу.

2.Ауысп. Елжіру, жібу, көну.

тегеурінді

1.Екпін, қарқын, пірменді. 2. Қайратты, күшті, қуатты.

Тапсырма:

  • Өлеңдегі (қарасөздегі) мағынасы өзіңізге беймәлім, түсініксіз сөздерді Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен тауып, мағынасын біліп алыңыз;


  • Сөздердің мәнін ашыңыз, өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.

Ескерту: Өлең (қарасөз) мәтінінде

тағы да мағынасы түсініксіз, қиын сөздер кездессе, сөздікті әрі қарай жалғастырыңыз.

ІІІ «Қазбекті оқы, ерінбе»

«Төлені оқы, ерінбе»

«Әйтекені оқы, ерінбе»
















Тірек сөздер: Қазбектің сөзі

-сен қалмақ та,

-қарпысқалы

-сен темір де,

-ерткелі

-танымайтын

-танысқалы

-танысуға

-шабысқалы

-берсең

-бермесең

-не тұрысатын

-көңбесең

-келгенбіз /3/

-жат елге

-біз қазақ

-келгенбіз

-біз көмір

-жөндеп бітіміңді айт

-жеіңді айт

-дірілдемей жөнінді айт




Тапсырма:

Берілген тірек сөздердің өлеңдегі орнын тауып қойыңыз,

Өлең мәтінін қайта қарап пысықтаңыз, есіңізде сақтаңыз,

Өлеңді жаттап алуға дағдыланыңыз.

ІV «Құнарлы ой»




































- «біз қазақ деген еліміз» дейтін ...

1.

-негізгі ойды әр бір сөйлемді жасаушы құрылымдар таратып, ұлғайтып, дамытып жеткізуге үлес қосып тұр.

2.

-біріңғай құрылымдары сөйлемдер, біріңғай, бірдей аяқталатын баяндауыш формалары, баяндау стиліндегі біртектілік – барлығы бірігіп келіп, негізгі ойдың тұтасып, түсінікті берілуіне қызмет етеді.

3.

-шешен сөзін құрап тұрған сөйлемдер қара сөзбен, келген бөлікте де, өлең жолдарында да параллельдік тәртіппен байланысқа түсіп тұр.

4

-параллельдік тәсіл бойынша алғашқы сөйлемдегі ой екпінін «арқалаған» сөйлем мүшесі қалғанындарын да басқа бір анықтауыш сөздермен айқындалып, толқтырып, салыстырмалы, салғастырмалы түрде келеді.

5

-тізбектелген байланыста сөйлемдер бірінің мазмұнын екінші аша түсіп, ой екпінін иемденген сөз екіншісінде тұлғалық өзгеріске түсіп, басқа бір сөйлем мүшесінің қызметіне көшеді

Танысқалы келгенбіз-баяндауыш, танысуға көнбесең – толықтауыш, ұл туса,қыз туса – бастауыш, ұл және қызды –толықтауыш.



Сергіту сәті

"Сағат арқылы достар"

Оқушыларға   сергіту  ойынының ережесін түсіндіремін.


Оқушылар ақ параққа 12 оқушының  атын жазып шығады және сағат тіліне сәйкес шарты бойынша ойын ойнайды.

1. Амандасыңыз

2. Жақсы тілек айтыңыз

3. Күлімсіреп қараңыз

4. Қол бұлғаңыз

5. Көзіңізді қысыңыз

6. Қолын алыңыз

7. Әуе арқылы сәлем жолдаңыз

8.  Құлағына сыбырлаңыз

9. Ақыл айтыңыз

10. Өлең оқып беріңіз

11. Бір сұрақ қойыңыз

12. Кемшілігін айтыңыз.






«Конверт сұрақ»- (cтикерлер арқылы)


Оқушыларға конвертке сұрақтар беріледі сөздерге барып, өз ойларын бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып жазады.

І топ

Бүгінгі таңда сен үшін кім жақын?

Бүгінгі таңда сен үшін не қымбат?

Бүгінгі таңда сен үшін не қиын?

Cілтеме – ...

ІІ топ

Тапсырма бойынша сұрақ-жауап дайындайды.

ІV Бекіту

Кейс –стади әдісі «Сұрақты қағып ал» -

Сыни тұрғыдан ойлау, бағалау

Сұрақтар қойылады, оқушылар жауап береді.



Шешендік толғау деген не?

Шешендік дау деген не?

Шешендік арнау деген не?

Төле бидің шешендік сөздерін жатқа айт.

Әйтеке бидің шешендік толғауын жатқа айт.

Қазыбек бидің шешендік толғауын жатқа айт.

Оқушылар жауап беріп қапшықтан 3 ұпай алады, егер жауап бере алмаса келесі топқа 2 ұпайға беріледі, егер ол да жауап қайтара алмаса келесі топқа 1 ұпайға беріледі.

Үйге тапрсырма

Қазбек, Әйтеке, Төле бидің нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерін жатқа айту.


Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Бағалау

Тақтаға бағалау парағы ілінеді






Критерилері:

  1. Үй тапсырмасы ;

  2. Мазмұны;

  3. Сөздіктер;

  4. Тірек сөздер;

  5. Құнарлы ой;

  6. Конверт сұрақ;

  7. Сұрақты қағып ал




Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын. Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау

Рефлексия ПОПС –ФОРМУЛАСЫ


П – мәселеге қөзқарасыңыздың түбі неде.

О – ойыңыз неге сүйенеді

П – бұған дәлел


С – қорытынды, не істеуге болады



-Менің ойымша...


-Өйткені...

-Мұны мен мына мысалдар арқылы дәлелдей аламын, мысалы...

-Айтылған дәлелдермен соң мынадай қорытындыға келуге болады...

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:






Қазыбек Келдібекұлының (1667-1765) есімі қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі ел арасы бітімші болған парасатты елші-мәмлегер ретінде мәлім. Балтабай Адамбаевтың ел аузынан жинаған аңыз әңгімесіне қарағанда, Қазыбек қалмаққа елшілікке бірінші рет бала кезінде Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында барып, қалмақ ханы Қонтәжіні қайсар батылдығымен, ұтқыр шешен сөзімен иліктіріп, қалмақтар байлап алып кеткен адамдары мен айдап әкеткен малдарын қайтарып әкеледі. Сондағы айтқан Қазыбектің мына сөзі ел арасында құрандай жатталды:

  • Біз қазақ деген мал баққан еліміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан еліміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзы ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Сен қалмақ та, біз қалмақ,

Қарпысқалы келгенбіз,

Сен темір де, біз көмір,

Еріткелі келгенбіз.

Танымайтын жат елге

Танысқалы келгенбіз.

Танысуға көнбесең,

Шабысқалы келгенбіз.

Берсең, жөндеп бітіміңді айт,

Бермесең дірілдемей жөңінді айт!

Қазыбек сөзіндегі тегеуіріңді ой, қуатты серпіліс, шымырлаған ашу-ыза Қоңтәжіні бей-жай қалдыра алмады. Қазыбек құрғақ сөйлемейді, көңілге ой түсіріп, сезімді шарпып сөйлейді. Шешен сөзінің қуаты айтқан сөлемдерінің мағыналық бірлігінде еді. Мәтіндегі «біз қазақ деген елміз» дейтін негізгі ойды әрбір сөйлемді жасаушы құрылымдар таратып, ұлғайтып, дамытып жеткізугі үлес қосып тұр.


Әйтеке Бәйбекұлының қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы біріңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші билерінің бірі болғандығы жөнінде Әйтеке бидің шешендік сөздерін жинап, ол жөнінде зерттеу жазған Б. Адамбаевтың «Шешендік өне» деп аталатың еңбегінен оқып білуге болады. Бірақ ол кітапта Әйтеке туған өлген жылдары туралы берілген дерек дұрыс емес. Адамбаев Әйтеке биді 1682 жылы туып, 1766 жылы қайтыс болған деп есептейді. Шешен билер туралы зерттеу жүргізіп, пікір айтқан басқа ғалымдардың еңбектеріне зер салсақ, Әйтеке бидің шамамен 1670- жылдары туғандығы белгілі болды. Н. Төреқұлов және М. Қазбековтың «Қазақтың би-шешендері» деген кітабында былай деп жазылған:

«Әйтеке бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әр түрлі жазып жүр. Қазақ совет энциклопедиясының І томында: «Айтық, Әйтеке (ХVII ғ. Аяғы, XVII ғ. басы) –Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би. Есім ханның тұсында Самарханды билеген атақты Жалаңтөс батырдың немересі» деп көрсетілген.» Ел аузында айтылып жүрген бір шежіре-аңызда Қаражігіт би (халық Әйтекені осылай деп те атап келген) Ташкенте шаһарында қасындағы Келес өзені бойында туған. Ташкентті билеген Төле биден 18-19 жастай кіші еді дейді. Бұл дерекке қарасақ, Әйтеке би 1681-82 жылдары туылған боп шығады.

Ә. Кекілбайұлы 1991 жылы (23 қараша) «Егеменді Қазақстан» газетінде «Әйтеке би» атты көлемді зерттеу мақаласы жариялайды. Әйтеке би 1670 туып, 1726 жылы дүние салған болап шықты.

Әйтеке бидің әлеуметтік қызметі тек Кіші жүз басқарумен шектелмейді. Оның Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заңын жасаушылардың бірі болып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға белсене ат салысқан қоғам қайраткері болғандығын Қазақ совет энциклопедиясынан да оқуға болады.

Әйтекенің есімі елге тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім. Әйтеке билікті қазақ халқына түсінікті мақал-мәтелмен өрнектеп, мәнерлеп айтатын шешен, бұлтартпас дәлелдермен кесе сөйлейтін әділ, әдет-ғұрып заңдарын жетік білген би болған. Мысалы,

Мынабір аңызда: Ертеде Ұлы жүздің бір жігітіне атастырып, құда түсіп қойған Орта жүздің бір қызы Арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында жесір дауы басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес, жанжал шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі. Қазыбек:

  • Аға болып алдымнан туасың,

Барымталап жылқымды қуасың, - десе, Төле би оған:

-Артымнан ерген еркемсің.

Ағаңның көзі тірісінде

Жеңгеңді неге ертесің? – деп, өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәмлеге келе алмайды. Сонда ортада Әйтеке би жарыстырады, бір мәмлеге келе алмайды. Сонда ортада Әйтеке би тұрып:

  • Сабыр етіңдер,ағалар! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

  • Ашу деген – ағын су,

  • Алдын ашсаң арқырар.

  • Ақыл деген дария,

  • Алдың тоссаң тоқырар.

  • Кісі бірге туыспау керек.

  • Туысқан соң сөз куыспау керек,

  • Сөз қуған бәлеге жолығады,

  • Жол қуған олжаға жолығады.

  • Төле, сен жылқысын қайыр!

  • Қазбек, сен жесірін қайыр! – деп, екуіне басу айтып, қол алыстыртыпты. Әйтекенің ұтымды уәжіне Төле, Қазыбек секілді төбе билер де тоқталған.Осыдан-ақ Әйтекенің өмірде білген-түйгені мол, дала даналығын көкейіне тоқыған ұлы философ болғандығы аңғарылады.



Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) туралы аңыз әңгімелер мен шешендік сөздерде Төле ақылды, әділ, шешен, халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі.Төле бидің, сол сияқты Қазыбек, Әйтеке билердің кемеңгер ойшылдығы мен сұңғыла шешендігі дәлелдейтін мысалдармен жинастырып, кітап етіп шығарған әдебиетші ғалымдар көп, сондықтан Төле би айтты дейтін шешендік сөздерге бұдан артық тоқталып жатпайды. Тек біздің айтпағымыз атақты осы үш бидің ауыз біршілігі, бірін-бірі қадір тұтқан асыл достығы еді. Билер тарихында аттарын қатар аталатын осы үшеуін өз дәуірінде елін, жерін шапқыншылығын жаудан бірлесіп қорғаған қолбасшысы билер ретінде, халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтауға өздері ісімен де, сөзімен де үлгі бола алған көсем билер ретінде, адамгершілік, парасаттылық келбетін өзара және өзгелермен болған сөз сайыстарында таныта алған ұлы билер ретінде, хандарға ата-баба намысын, дәстүр-салтын сақтаған заң шығартуда бір ауыздан келісілген ақыл-кеңес берген көрген билер ретінде дәріптеуге болады. Қазақ халқының бұл үш биі басына күн туған қысылтаяң кездерде, билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы, жесір дауы, құн дауы көтерілген жерлерде де бірге бас қосып, бірге шешісіп келген.

Қазабек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдасатын бір мәселе болып, бір орында уағда қып, ел ағасы деп, Төле бидің алдында бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің ауылына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып далада отырған Төле сөз бастайды.

  • Уа, әлеумет, құс ұшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін, ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар,осы аттың күші қай жерінде? – дейді.

  • Сонда біреу «аттың күші алдында» - дейді, біреу « аттың күші артында», неді біреу «аттың күші ортасында» дейді. Төле ортасында деген қадала бір қарады да:

  • Аттың күші алдыңда да болмайды, артында да болмады, ортасында да болатын себебі қалай? -дейді.

  • Бас-басшы, арты –қосшы, астында төрт тіреу бар-ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:

  • Бұрынғылар айтқан екен, «би екеу болса, дау төртеу болады» деп, үш ел жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? – дейді. Оған қауым «дұрыс» дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: «Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз», Кіші жүз: «Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар», - дейді. Сонда манағы аттың күші ортасында деген жігіт отырып:

  • Аға төреші болмайды – алдыңда қаймығары жоқ, іні төреші болмайды – артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын төбе биік ортаншы ұлға лайық! – дейді. Төле би сонда жігіттерден жөн сұрады. Аттың күші басында деге Ұлы жүз жігіті, деген Қазбек болып шығады.

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақсы сақа қой.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса аға ғой, - деген бұрыңғылардың айтуы бар еді, уа жаным, Казбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бәрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.


















Ұйге тапсырма оқып келу:

«Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа Қазыбек би аса тапқырлықпен былай жауап берген екен:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асын –

Қимас жақын қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат.

Мейірімді апаң қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын!





Үйге тапсырма жаттап келу:

Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді. Мысалы,

Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.

Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа.

Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!



Қазыбек бидің сөздері мақал-мәтелге де айналып кеткен.

Мысалы,

«Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын»,

«Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос»,

«Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме»























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шешедік өнері: "Қазақтың үш биі"

Автор: Жаканова Майгуль Ажибековна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 389100

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?аза? ?лтты? ойындары. «Б?йге» ойыны"
    ["seo_title"] => string(37) "k-azak-u-lttyk-oiyndary-b-ighie-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "337107"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1467917305"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдеріні? т?рбиелік м?ні "
    ["seo_title"] => string(54) "k-azak-khalk-ynyn-u-lttyk-kiimdierinin-t-rbiielik-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "198412"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428405117"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?аза? хал?ыны? ?лтты? музыка аспаптары."
    ["seo_title"] => string(35) "kazakkhalkynynulttykmuzykaaspaptary"
    ["file_id"] => string(6) "315675"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459939718"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?аза? тілі С?з таптары "
    ["seo_title"] => string(23) "k-azak-tili-soz-taptary"
    ["file_id"] => string(6) "174523"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424151391"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?аза? тілі   C?з таптары "
    ["seo_title"] => string(23) "k-azak-tili-coz-taptary"
    ["file_id"] => string(6) "174528"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424152209"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства