Просмотр содержимого документа
«Шәкәрім шығармалары мен Абай шығармаларындағы үндестік»
10-сынып
Қазақ әдебиеті
____________________
«Шәкәрім шығармалары мен Абай шығармаларының үндестігі»
Сабақтың білімділігі: Шәкәрім реализмі – Абай реализмінің заңды жалғасы екендігін, яғни Шәкәрім Абай Құнанбаевтың реалистік дәстүрін, стилін әрі қарай жалғастырушы екенін жан-жақты салыстыра отырып, оқушыға байқату, ұқтыру, түсіндіру, қортындылау. Тәрбиелігі: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру. Шығармашылығы: Абай, Шәкәрім шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу. Сабақтың көрнекілігі: 1. Абай портреті 2. Шәкәрім портреті 3. Абай шығармаларының жинағы 4. Шәкәрім шығармаларының жинағы 5. Абай, Шәкәрім өлеңдерінен үзінділерді жазылған сөздер (таблицалар) 6. Қазақстан картасы – Семей 7. Магнитофон. Әндер. Абай, Шәкәрім әндерінің касетасы 8. Видиокасета. Теледидар. «Абай ұрпағының қасіреті». Мәриям Мұхаммеджанова баяндайды. Абай туралы 9. Абай және Шәкәрім ата – тегі жайлы схема 10. Шығыс ақындары шығармаларының жиынтығы 11. Орыс ақындары А.Пушкин, Ю.Лермонтов, И.Крылов, Л.Толстой портреттері. 12. Сөзжұмбақ. «Шәкәрім Құдайбердіұлы», «Абай Құнанбаев» Оқушылар шығармашылығы. Пәнаралық байланыс: Ән, география, тарих. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру, сабақ мақсатымен таныстыру. Сыныпты 3 топқа бөлу. ІІ. Жаңа сабақ: «Абай дәстүрі мен Шәкәрім»
ІІ. Мағынаны тану, ажырату кезеңі
-Екі ақын өлеңіндегі негізгі ой қандай?
– Осы ойды айтуға ақындарға не түрткі болды?
Ортақ ойды беретін сөз тіркесімдерінен мысал келтірейік
Білу, түсіну.
Абай «Әсемпаз болма әрнеге»,
Шәкәрім «Адамдық борышың»
Өлеңдерді тыңдатады.Ой-
лары қалай үйлеседі?
Ұқсас ойларды табады.
Диктофон
таныстырылым
Қолдану
-Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы Абай не айтады?Шәкәрім осы ойды қалай өрбітеді?
Кесте беріп, салыстыру жұмысын жүргізуді ұсынады.
Әр топ кестені бірлесіп толтырады.Постер қорғайды.
Венн диаграммасы
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
Талдау
Тіл көркемдігіне талдау жасайды(фразелогизм, дидактика:өнеге, өсиет,жырау)
Инверсия,шалыс ,егіз ұйқас (терцет)
Мәтіннен нақылға айналған жолдарды ажыратып алып талдайды.
Өлең мәтіні. Таныстырылым.
Жинақтау
Адамға тән қасиеттер-топпен кеңесіп, шешімдерін ортаға салады