kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы

5-сынып

П?ні

?аза?  ?дебиеті

Саба?ты?  аты

Ш. Айтматов  «Ерте  келген  тырналар»

Жалпы  ма?саты

Интерта?тадан  слайдты  пайдалану  ар?ылы  жа?а ??ымды  ?абылдауын  же?ілдету;

 Білім беру  мен  білім  алуда?ы жа?а  т?сілдерді  соны?  ішінде  диолог,  метатану,  ?дісін  ?олдана  отырып, ?зіндіні?  мазм?нын ме?герту;

Сыни  т?р?ыдан  ойлау  моделін басшылы??а  ала  отырып,  эссе  жазудан  дарындылы?ын  бай?ау;

Семантикалы?   карта  толтыру  ар?ылы о?ушы  білімін есепке  алу;

О?ыту ?шін  ба?алау  мен  о?уды  ба?алау  ар?ылы  білім  де?гейлерін  аны?тау  ж?не  білімін жина?тау?а  жиынты?  ба?а  ?ою.

Сілтеме

Слайд,  тапсырма  жазыл?ан  кеспе  ?а?аздар,  ба?алау  бетшелері , саба?ты?  эпигрофы

О?ыту  н?тижелері

Мослауды?  иерархиясында?ы  ?ажеттіліктерді  ж?зеге  асырады.

Ш. Айтматовты?  ?мірі  мен  шы?армалары  туралы  м?лімет  алады.

?лы  Отан  со?ысы  туралы  ?осымша  м?лімет  алады.

Жадында  са?тайды.

Тере?   ойлайды.

Салыстырады.

?зіндіні?   мазм?нын ауызша   баяндап  ?йренеді.

?р  ?зіндіге  с?йкес  сурет  салып,  постер  ?ор?ауды  ?йренеді.

Негізгі  идеялар

Ер  ерлігін  істесе,

Ел  елдігін  істейді

Тапсырма  к?здері

1-тапсырма 

АКТ  модулін  пайдаланып  ?сыныл?ан  с?здерге  ассоциация жаса?дар

2-тапсырма

Слайд  ар?ылы  Ш. Айтматовты?  ?мірі  мен  шы?армалары  туралы  м?лімет  беру

1-топ?а  3-тапсырма

?зіндіні?  басынан  бастап 279-беттен  ая?тап,  мазм?нын  айты?дар. Постер ілі?дер

2-топ?а  3-тапсырма

280-282-беттегі  ?зіндіні?  мазм?нын  айты?дар. Постер ілі?дер

3-топ?а  3-тапсырма

283-285-беттегі  ?зіндіні?  мазм?нын  айты?дар. Постер  ілі?дер

1-топ?а  4-тапсырма

РАФТ-1 стратегиясы «Балалы?  ша??а  саяхат»  эссе  жазы?дар. Постер  ?ор?а?дар

2-топ?а  4-тапсырма

Семантикалы?   картаны  топтастыры?дар.

3-топ?а  3-тапсырма

«Біз – бейбіт  елді?  ?ранымыз»  эссе  жазы?дар. Постер ?ор?а?дар

 

Кері  байланыс

 

Кейінгі  тапсырмалар

 

 

Ба?алау

?зін-?зі  ба?алау

 

?зіндіні?  1-б?ліміні? мазм?ны

Ш. Айтматовты?  ?мірі  мен  шы?армаларынан  реферат  дайындау

 

О?ыту  ?шін  ба?алау  ж?не  о?уды  ба?алау

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» »

Сыныбы

5-сынып

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сабақтың аты

Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»

Жалпы мақсаты

Интертақтадан слайдты пайдалану арқылы жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдету;

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді соның ішінде диолог, метатану, әдісін қолдана отырып, үзіндінің мазмұнын меңгерту;

Сыни тұрғыдан ойлау моделін басшылыққа ала отырып, эссе жазудан дарындылығын байқау;

Семантикалық карта толтыру арқылы оқушы білімін есепке алу;

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау арқылы білім деңгейлерін анықтау және білімін жинақтауға жиынтық баға қою.

Сілтеме

Слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері , сабақтың эпигрофы

Оқыту нәтижелері

Мослаудың иерархиясындағы қажеттіліктерді жүзеге асырады.

Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармалары туралы мәлімет алады.

Ұлы Отан соғысы туралы қосымша мәлімет алады.

Жадында сақтайды.

Терең ойлайды.

Салыстырады.

Үзіндінің мазмұнын ауызша баяндап үйренеді.

Әр үзіндіге сәйкес сурет салып, постер қорғауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Ер ерлігін істесе,

Ел елдігін істейді

Тапсырма көздері

1-тапсырма

АКТ модулін пайдаланып ұсынылған сөздерге ассоциация жасаңдар

2-тапсырма

Слайд арқылы Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру

1-топқа 3-тапсырма

Үзіндінің басынан бастап 279-беттен аяқтап, мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

2-топқа 3-тапсырма

280-282-беттегі үзіндінің мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

3-топқа 3-тапсырма

283-285-беттегі үзіндінің мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

1-топқа 4-тапсырма

РАФТ-1 стратегиясы «Балалық шаққа саяхат» эссе жазыңдар. Постер қорғаңдар

2-топқа 4-тапсырма

Семантикалық картаны топтастырыңдар.

3-топқа 3-тапсырма

«Біз – бейбіт елдің ұранымыз» эссе жазыңдар. Постер қорғаңдар


Кері байланыс


Кейінгі тапсырмалар



Бағалау

Өзін-өзі бағалау


Үзіндінің 1-бөлімінің мазмұны

Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармаларынан реферат дайындау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау





Сыныбы

5-сынып

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сабақтың аты

А. С. Пушкин. «Балықшы мен балық» (Аударған А.Байтұрсынов)

Жалпы мақсаты

Интертақтадан слайдты пайдалану арқылы жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдету;

Іздендіру арқылы интернеттен «Қазақтың бас ақыны» тақырыбын ашқызу, ойын қозғау;

Білім беру мен білім алудағы жаңа тісілдерді, соның ішінде ассоциация, диалог, метатануды қолдана отырып, орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин туралы, ұлтының ұлы перзенті атанған А.Байтұрсынов туралы алған білімдерін еске түсіру;

«Балықшы мен балық» ертегісінің идеясын ашу арқылы сөйлеу дағдыларын жеңілдету;

Ертегінің негізгі түйінін (Қанағат-ол да дәулет) зерделету;

Ертегіні мәнерлеп оқу арқылы, түрлі бағыттағы тапсырмалар арқылы дарындылықты анықтау.

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау арқылы білім деңгейлерін анықтау және жиынтық бағамен бағалау.

Сілтеме

Слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері, сабақтың эпигрофы.

Оқыту нәтижелері

Маслоудың иерархиясындағы қажеттіліктерді жүзеге асырады;

«Балықшы мен балық» ертегісіндегі негізгі идеяны таниды, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме мінездеме бере отырып, қанағатсыздық жөнсіз астамшылықтық кесірі туралы ой тұйеді;

Белсенділік көрсетеді;

Өзара пікірлесе алады;

Ортақ бір пікірге келеді;

Өз ойларын еркін, шынайы жеткізеді;

Ертегінің идеясын түсінеді;

Кейіпкерлерге мінездеме бере алады;

Ертегінің мазмұнына жоспар құра алады.

Негізгі идеялар

Қанағат қарын тойғызар.

Тапсырма көздері




















Кері байланыс

Кейінгі тапсырмалар


Бағалау

1-тапсырма. Ұялы телефоннан А.Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» өлеңінен үзінді оқу. Авторын тапқызу.

2-тапсырма. Слайд арқылы А.С.Пушкин мен А.Байтұрсыновтың суреттерін көрсету. Оқулықтағы мәліметпен таныстыру

3-тапсырма. «Балықшы мен балық» ертегісінің 1-бөлімін мәнерлеп оқыту.

4-тапсырма. 1-топқа

Ертегінің алдыңғы 7 шумағының мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

4-тапсырма 2-топқа

Ертегінің содан кейінгі 11 шумағының мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

4-тапсырма 3-топқа

Ертегінің содан кейінгі 7-шумағының мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер.

5-тапсырма 1-топқа

Балықшы шал барған сайын теңіз беті қалай өзгерді?

Неге? Постер қорғаңдар

5-тапсырма 2-топқа

«Табиғат және адам тақырыбында» ойтолғау жаз.

5-тапсырма 3-топқа

Бағы өскен сайын есірген кемпірдің сырт келбетін сипаттаңдар. Постер қорғаңдар.


Өзін-өзі бағалау

1.Мазмұны

2.А.Байтұрсынов туралы реферат жазу


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.





Мұғалімнің жазбасы

Тренердің жазбасы

1-тапсырма. АКТ модулін пайдаланып, Ұялы телефоннан А.Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» өлеңінен үзіндіні мәнерлеп оқып, оқушыларға тыңдату арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойланта отырып, сабақтың тақырыбын ашу болатын. Бұл тапсырма кезінде оқушылар өлеңді ұялы телефоннан тыңдап, өлеңнің авторын тапты. Сол арқылы өтілетін тақырыптың авторы-Ахмет Байтұрсынов туралы білгендерін ортаға салды. Осылайша жаңа тақырып ашылды.

2-тапсырма. АКТ модулін пайдалану арқылы А. Байтұрсынов пен А.С.Пушкиннің суреттері көрсетілді. Оқулықтағы А.С.Пушкин туралы берілген мәліметпен танысты және қажетті мәліметтерді дәптерге түсірді. А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларынан алған білімдерін еске түсіріп, топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жүрді.

3-тапсырма. «Балықшы мен балық» ертегісін мәнерлеп оқу еді. Бұл тапсырма кезінде оқушылар әуелі өздері оқып, содан соң топтасып мәнерлеп оқып, топ ішінен мәнерлеп оқуға біреуін шығарды. Оқу барысында оқыған топты тыңдаушы топтар ауызша бағалап отырды.

4-тапсырма 1-топқа «Балықшы мен балық» ертегісінің алғашқы 7 шумағының мазмұнын айтыңдар, постер іліңдер. Бұл тапсырма кезінде оқушылар әуелі ертегінің жеті шумағын өздері оқып алды, содан соң біріне-бірі мазмұнын түсіндірді. Содан кейін мазмұнын сурет арқылы қағазға түсіру үшін керекті құрал-жабдықтарын алды. Бұл топта бейнеленген сурет: көк теңіз, кемпір, шал, ау, жыртық үй, сынық астау. Бұл шумақтардың мазмұнын сурет арқылы оқушылар былай деп жеткізді: «Біз бұл шумақты өзімізге берілген шумақтар бойынша салдық. Теңіз жағасындағы үсті шым, асты шұқыр, жерден жырған үй, жіп иіріп отырған кемпір, ау-балықшы шалдың құралы. Теңіз жағасына ау салуға келген шал. Ауға ілінген алтын балықты салдық», -деп ертегігінің өздеріне берілген шумақтарының мазмұнын айтты. Осы тапсырманы орындау барысында ойын қағаз бетіне бейнелеген мақсатпен, сол суретті ертегі мазмұнымен шебер байланыстырып, ауызша баяндап берген Жансұлудың ойлау қабілетінің жүйріктігі, ерекше таланттылығы, дарындылығы танылды. «Алғырлар тобы», «Жүйріктер тобын», «Ойын жүйелі жеткізе білуі», «Әдеби тілмен баяндай білуі», «Постер қорғау шеберлігі» критерийлері арқылы бағалады.



4-тапсырма. 2-топқа «Балықшы мен балық» ертегісінің кейінгі 11 шумағының мазмұнын айтыңдар, постер іліңдер деген тапсырма берілді. Бұл тапсырма кезінде де оқушылар өздеріне берілген шумақтарды әуелі мәнерлеп оқыды, содан соң жұптасып мазмұнын айтты. Содан кейін мазмұнын сурет арқылы қағаз бетіне түсіру үшін, бір-бірімен ақылдасты да, керекті құрал-жабдықтарын алды. Бұл топтың салған суреті : Ұрсып тұрған кемпір, балыққа келіп тұрған, балықпен тілдесіп тұрған шал, бүтін астау, жаңа үй. Бұл суреттерді салу себебін ертегі мазмұнына сай көркем тілмен жеткізді.



Осы тапсырма барысында Гүлдананың суретті ертегі мазмұнына сай салуы арқылы, ал Жансаяның сол суретті көркем тілмен жеткізе білуі арқылы осы екі оқушының ойлау қабілетінің жоғарылығы, яғни метатану үдерісі бойынша өз бетімен реттелушілік қабілеттері танылды.

Мәтін бойынша тоқталсақ:

1.Жыбырлап судың беті шимайланып,

2.Бұзылып судың түсі лайланып,

3.Қарайып теңіз беті түнереді.

4.Қара бұлт, қара дауыл,толқынды айдап,

4.Сапырып теңіз суын, желдетеді.



Оқушы жауабы: «Теңіз бетінің балықшы барған сайын өзгеруі балықтың мазасы кетті. Кемпірдің әрекеті дұрыс емес. Балық балықшы шал үшін ғана кемпірдің бұйрығын орындады. Себебі балықшы шалдың еш кінәсі жоқ. Ол ең бірінші балықты көргенде, оған бостандық берді. Ал кемпір болса тойымсыз, қанағатсыз. Соған балық қатты ренжіді».

Тапсырманы орындау кезінде мақсаттық сурет салуға ерекше қабілеттілігі, ол Сұлтанбектің мәтінмен жұмыс жасауда шапшаңдығы, ал Сержанның қойылған праблемалық сұраққа ұғымды жауабы арқылы үш оқушының да дарындылығы танылды.

«Жүйріктер» тобы «Тапқырлар» тобын «Ойының жүйелілігі», «Ұғымды жауап беруі», «Жауабының ауқымы» критерийлерімен бағалады.

4-тапсырма. 3-топқа. «Балықшы мен балық» ертегісінің содан кейінгі 7 шумағының мазмұнын айтыңдар, постер іліңдер деген тапсырма еді. Бұл тапсырма кезінде де оқушылар өздеріне берілген шумақтарды әуелі мінерлеп оқыды, содан кейін жұптасып диалог әдісі арқылы мазмұнын айтты. Содан соң мазмұнын сурет арқылы қағазға түсіру үшін керек құрал-жабдықтарын алды. Бұл топтың постерге бейнелеген суреті: Сән-салтанатты үй, бақша, сайраған құс, ұрысқақ кемпір, балыққа келген шал, небір қымбат нәрселерге малынған кемпір, малайлар.

Бұл тпасырманы орындау кезінде Қуаттың сурет салу шеберлігі, ал Айтқалидың ертегіні көркем тілмен жеткізу қабілеті ерекше көрінді. «Жүйріктер» тобы «Алғырлар» тобын «Ойын жүйелі жеткізуі», «Әдеби тілмен шебер сөйледі», «Жауабының ауқымы» критерийлерімен балдық жүйе арқылы бағалады.




5-тапсырма 1-топқа Ертегідегі балықшы шал барған сайын теңіз беті қалай өзгерді? Неге? Постермен қорғаңдар деген тапсырма берілді. Бұл тапсырма кезінде оқушылар біріге отырып, мәтінмен жұмыс жасады. Мәтіннен балықшы шал барған кездегі теңіз бетінің көріністерін тауып, бір-бірімен диалог әдісі арқылы ақылдасып, постермен қорғау үшін керекті құрал-жабдықтарын алды.



5-тапсырма 2-топқа «Табиғат және адам» тақырыбында ой толғау жазыңдар, постер қорғаңдар деген тапсырма еді. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылар өзара ақылдасып алды. Содан соң постер қорғамақ болып, құрал-жабдықтарын алды. Қағаз бетінде табиғат көрінісі бейнеленген.

Оқушы жауабы: «Адам-табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан да адам табиғатты қорғау керек. Табиғатты ластауға болмайды. Себебі табиғаттың адам өмірінде маңызы зор. Адам сырқаттанса, оны табиғат қана емдей алады» Басқа да оқушылар осы тектес ой толғауларын ұсынды. «Тапқырлар» тобы «Алғырлар» тобын «Ойын сурет арқылы жеткізуі» , «Әдеби тілмен баяндай білуі», «Дауыс мәнері» критерийлерімен «Эйфель» мұнарасы арқылы бағалады.


5-тапсырма 3-топқа Бағы өскен кемпірдің сырт келбетін сипаттаңдар, постер қорғаңдар деген тапсырма берілді. Бұл тапсырма бойынша оқушылар ақылдаса отырып, ойларын бір-бірімен бөлісті. Кемпірдің суретін салып постер арқылы қорғап шықты.

«Алғырлар» тобы «Тапқырлар» тобын «Жауабының ауқымын», «Кейіпкердің сырт келбетін бейнелеу ерекшелігі», «Әдеби тілмен сөйлеуі» критерийлерімен бағалады.

Сабақты бекіту мақсатында: «Қанағат қарын тойғызар» ,-деген халық мақалының бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар? Деген сауал қойылды.

Бұл түйіндеу кезінде Жансая: «Бұл мақалдың бүгінгі сабақпен тікелей байланысы бар. Себебі бұл сабақта біз жағымсыз кемпір бейнесімен таныстыстық. Бұл мақал кемпірдің іс-әрекетіне қарсы мәнде айтылған», -деді.

«Сабақ саған ұнады ма?» Ұнаса неліктен, ұнамаса неліктен? Сауалдарымен кері байланыс жүрді.

Қуаттың жауабы: «Сабақ топқа бөлінуімен, ертегіні оқып, оның мазмұнын түсініп постер арқылы ойымызды ортаға салып жеткізе алуымызбен қызықты болды ».

Арыстанбектің жауабы: «Бір-бірімізге баға қою қызықты болды».

Үйге тапсырма: 1.Ертегінің мазмұны

2.А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларынан реферат жазу.
















































Сыныбы

5-сынып

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сабақтың аты

А.С.Пушкин «Балықшы мен балық» (Аударған А.Байтұрсынов)

Жалпы мақсаты

Интертақтадан слайдты пайдалану арқылы жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдету;

Білім берудегі жаңа тәсілдерді, соның ішінде ассоцация, диалог, метатану, зерттеушілік әңгіме (А.В.С) сыни тұрғыдан ойлау техналогиясының элементтерін пайдалану арқылы ертегінің мазмұнын толық меңгерту;

Ертегіні мәнерлеп оқу арқылы, ауызша баяндату арқылы дарындылықты анықтау;

Ертегі кейінкерлеріне салыстырмалы мінездеме беру арқылы оқушылардың баяндау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін жеңілдету;

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау арқылы білім деңгейлерін анықтау және жиынтық бағамен бағалау.

Сілтеме

Слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері, сабақтың эпигрофы А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағы.

Оқыту нәтижелері

«Балықшы мен балық» ертегісіндегі автордың ойлау ойын тануы;

Кейіпкерлерге мінездеме беруді үйренеді;

Мәтіннен кейіпкерлерге берілген авторлық мінездемені таба білуге үйренеді;

Халық ертегісі мен әдеби ертегінің ұқсастығы мен айырмашылығын тануы;

Өлең түрінде берілген ертегіні қара сөз түрінде жүйелі баяндауды үйренеді;

Негізгі идеялар

Адам тек өз күшіне сенген жағдайда ғана деңгейіне жете алады. (Л. Фейербах)

Тапсырма көздері






















Кері байланыс


Кейінгі тапсырмалар


Бағалау

Үй тапсырмасы

1.Ертегінің мазмұны.

2.А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларынан реферат жазу.

1-тапсырма.

Берілген сөздерге ассоциация жасату арқылы жаңа тақырыпты ашу.

2-тапсырма.

Ертегіні келген жерінен әрі қарай мәнерлеп оқыңдар.Әр топтан 1 оқушыдан оқыту.

3-тапсырма. 1-топқа

Ертегінің 2-бөлімін оқу. Постер ілу.(274-276-беттер)

3-тапсырма. 2-топқа

Ертегінің 3- бөлімін оқу. (276-бет)

3-тапсырма 3-топқа

Ертегінің 2-3-бөлімдерін оқу. Кейіпкерлеріне мінездеме беру.

4-тапсырма. 1-топқа.

Ертегі бойынша сахналық қойылым көрсету.

4-тапсырма. 2-топқа

Ертегіден қандай әсер алдың? Эссе жазу

4-тапсырма. 3-топқа

Ертегі идеясына сай қанатты сөз, мақал-мәтелдер жазу. (А.В.С ролдерінде ойнау)


Өзін-өзі бағалау


Мазмұны.

Жақсы мінез-құлық туралы мақал-мәтел жаттау.


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Мұғалімнің жазбасы

Тренердің жазбасы

1-тапсырма. Үй тапсырмасын тексеру. «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнын айту. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары бойынша реферат жазу. Әр топтан оқушылар ертегінің 1-бөлімінің мазмұнын айтты. Рефераттарымен таныстырды. Бұл оқушылар топ аралық бағалау жүйесімен бағаланды.

2-тапсырма.АКТ модулін басшылыққа алып, қанағат, ынсап сөздеріне ассоциация жасалды. Бұл тапсырма кезінде оқушылар берілген сөздерге сыни тұрғыдан ойлай отырып, түсінік берді. Осы сөздерге не себепті түсінік беріп отырмыз, бұл сөздердің сабағымызға қандай қатысы бар? деген негізгі мәселе анықталды да, тақырып тақтаға жазылды.

3-тапсырма. Ертегіні келген жерден әрі қарай мәнерлеп оқыңдар. Бұл тапсырма кезінде үш топ өзара оқыды да, содан соң әр топтан 1 оқушы шығып мәнерлеп оқыды. Мәнерлеп оқыған оқушыны топ ішінде бағалады. Бағалау «Дауыс мәнері», «Образға енді», «Оқу жылдамдығы»

Критерийлерімен бағаланды.

4-тапсырма. 1-топқа Ертегінің 2-бөлімін мәнерлеп оқыңдар. Мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер деген тапсырма берілді. (274-276-беттер)

Бұл тапсырма кезінде топ мүшелері өздеріне берілген шумақтармен танысты. Топ ішінде диалог әдісін қолдану арқылы мазмұнын меңгерді. Содан соң ойларын қағаз бетіне түсіру үшін керемет құрал-жабдықтарын алды. Постердегі суретте: тентек кемпір, балыққа келіп тұрған шал, малайлар бейнеленген. Осы суреттерге қарап, ертегінің 2-бөлімінің мазмұнын жеткізген Жансаяның ауызша баяндау қабілетінің жоғары екеніне көзім жетті. Тыңдаушы топтар «Көркем тілмен баяндауы», «Дауыс мәнері», «Жауабының ауқымы критерийлерімен бағалады. Бағалау ұпай түрінде болды. Жоғары ұпай 5 ұпаймен белгіленді. Фармативті бағалау жүрді.

4-тапсырма. 2-топқа Ертегінің 2-бөлімінің мазмұнын айтыңдар. Постер қорғаңдар. (276-бет) Бұл тапсырма кезінде оқушылар әуелі ертегіні өздеріне берілген шумақтарын түсініп оқыды. Содан кейін жұптық жұмыс түрінде мазмұнын меңгерді. Содан соң мазмұнын қағаз бетінде бейнелейтін болып құралдарын алды. Постердегі суретке өңі кетіп, түсі қашқан балықшы шал, бұйрық беріп тұрған кемпір, беті қара дауыл болып тұрған теңіз, жыртық астау бейнеленген. Осы суреттер арқылы топ мүшелері ертегінің 3-бөлімінің мазмұнын айтты. Осы тапсырма кезінде Серіжанның сурет салу қабілетін, Гүлдананың ауызша баяндау қабілетінің жоғарылығын байқадым.

Тыңдаушы топ «Мазмұнын жұйелі баяндай алды», «Жауабының ауқымы», «Оброзға енді» критерийлерімен бағалады. Бағалау әріп таңбасымен жүрді. («А» әрпі-өте жақсы, «У» әрпі-жақсы, «Ы» әрпі-орташа) Бағалау бетшелеріне кімге қай әріп көтергенін белгілеп отырды.

4-тапсырма. 3-топқа Ертегі бойынша сахналық қойылым көрсетіңдер деп берілді. Бұл тапсырма кезінде оқушылар топ ішінде ақылдасып, балықшы шал етіп Арыстанбекті, кемпірі етіп Гүлдананы, балық етіп Қуатты, күзетшілер, малайлар етіп басқа да топ мүшелерін алып, сахналық қойылым көрсетті.

Тыңдаушы топ «Дауыс мәнері», «Оброзға енді», «Мазмұнын жүйелі жеткізе білуі» критерийлерімен бағалады. Бағалау математикалық фигуралар арқылы жүрді. «Өте жақсы»-5 тармақты жұлдыз, «жақсы»-төртбұрыш, «орташа»- үшбұрыш. Оқушылар өздері қойған бағаларды дәлелдеп айтып отырды. Формативті бағалау жүрді.

5-тапсырма. 1-топқа. Ертегінің кейіпкерлеріне мінездеме жазыңдар. Постер қорғаңдар. Бұл тапсырмада оқушылар мәтінен кейіпкерлер бейнесіне қатысты үзінділерді теріп алып, кемпірге, шалға және балыққа топтастыру стратегиясы арқылы мінездеме жазып, постер арқылы қорғады. Тыңдаушы топ «Кейіпкерлердің мінезіне сай суреттеуі», «Ойының жүйелілігі», «Ойын көркем тілмен жеткізуі» критерийлерімен бағалады. Кімге қандай баға қойылғанын бағалау бетшесіне жазылып отырды. Формативті бағалау жүрді.

5-тапсырма. 2-топқа. «Ертегіден қандай әсер алдың?» тақырыбында эссе жазу. Оқушылар ертегіден алған әсерін қағаз бетіне түсірді.

5-тапсырма. 3-топқа Ертегі идеясына сай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жазыңдар. Диалог әдісін пайдаланып (А.В.С) «А»-сұрақ қофшы, «В»-жазып беруші, «С»-сараптаушы болып бөліп алыңдар. Бірігіп сұрақ дайындаңдар. Бірігіп жауап дайындаңдар. Сұрақты ертегінің мазмұнына, идеясына сай етіп дайындаңдар деген тапсырма берілді.

«Алғырлар» тобынан «А» сұрақ қоюшы-Жансая, «В» жауап беруші-Сұлтанбек, «С» сараптаушы-Гүлдана. Сұрақ қоюшы «А» (Жансая) «В»-ға (Сұлтанбекке) ұтымды сұрақтар қойды. Жауап алды. «С» сарапшы (Гүлдана) идея тастап, тақырып бойынша қамтылмаған мәселелерді білгісі келетінін айтып сұрақ қойды. Бұл әдіс арқылы оқушылар ертегінің айтпақ ойы, тәрбиелік мәні, кейіпкерлердің қасиеттері туралы толық түсінік алды. Тыңдаушы топ «Алғырлар» тобын «Сұрақтың дәлдігі», «В»-ның жауабын саралау шеберлігі, «Жауабының ауқымы» критерийлерімен жетон арқылы бағалады. ( Жасыл түс-«5», сары түс –«4», қызыл түс-«3») Бұл тапсырма кезінде «А», «В», «С» роліндегі оқушылардың үшеуі де (Жансая, Сұлтанбек, Гүлдана) ойын жүйелі жеткізе алуымен, тақырыптағы негізгі идеяны таба білуімен ерекше білімділік көрсетті.

Сабақты түйіндеу кезінде: «Адам тек өз күшіне сенген жағдайда дегеніне жете алады»,-деген Л. Фейербахтың сөзін оқушыларға ұсындым.

Бұл түйіндеу кезінде Серіжан: «Бұл ұлағатты сөздің бүгінгі сабақпен тікелей қатысы бар. Себебі біз бүгінгі сабақта ұнамсыз бейне – балықшының кемпірінің мінездемесін жасадық. Бұл кемпір тойымсыз, балықтың арқасында ғана бақ-дәрежеге ие болды.Бірақ ол дәрежеге бармады. Себебі өз еңбегі емес. Сондықтан да адам өз еңбегімен ғана өмір сүрсе, дегеніне жетеді»,-деді.

Ал Қуат: «Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей» деген мақалмен үндес,- деді.

Жиынтық бағалау болды.

Сабақтың қай кезеңі сен үшін есте қалды? Неліктен? Сауалдарымен кері байланыс жүрді.

Айтқалидың пікірі: «Сабақ басталардағы берілген сөздерге ассоциация жасау ерекше есімде қалды. Сол жұмыс арқылы өтілетін сабақтағы негізгі мәселеге бағыт алдық».

Жансаяның пікірі: Топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдық таныттық. Постер қорғаған кезде ойымызды емін-еркін жеткіздік.

Үйге тапсырма:

1.Ертегінің мазмұны

2.Жақсы мінез-құлық туралы мақал-мәтелдер жазу.



Сыныбы

5-сынып

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сабақтың аты

Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»

Жалпы мақсаты

Интертақтадан слайдты пайдалану арқылы жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдету;

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді соның ішінде диолог, метатану, әдісін қолдана отырып, үзіндінің мазмұнын меңгерту;

Сыни тұрғыдан ойлау моделін басшылыққа ала отырып, эссе жазудан дарындылығын байқау;

Семантикалық карта толтыру арқылы оқушы білімін есепке алу;

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау арқылы білім деңгейлерін анықтау және білімін жинақтауға жиынтық баға қою.

Сілтеме

Слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері , сабақтың эпигрофы

Оқыту нәтижелері

Мослаудың иерархиясындағы қажеттіліктерді жүзеге асырады.

Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармалары туралы мәлімет алады.

Ұлы Отан соғысы туралы қосымша мәлімет алады.

Жадында сақтайды.

Терең ойлайды.

Салыстырады.

Үзіндінің мазмұнын ауызша баяндап үйренеді.

Әр үзіндіге сәйкес сурет салып, постер қорғауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Ер ерлігін істесе,

Ел елдігін істейді

Тапсырма көздері

1-тапсырма

АКТ модулін пайдаланып ұсынылған сөздерге ассоциация жасаңдар

2-тапсырма

Слайд арқылы Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру

1-топқа 3-тапсырма

Үзіндінің басынан бастап 279-беттен аяқтап, мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

2-топқа 3-тапсырма

280-282-беттегі үзіндінің мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

3-топқа 3-тапсырма

283-285-беттегі үзіндінің мазмұнын айтыңдар. Постер іліңдер

1-топқа 4-тапсырма

РАФТ-1 стратегиясы «Балалық шаққа саяхат» эссе жазыңдар. Постер қорғаңдар

2-топқа 4-тапсырма

Семантикалық картаны топтастырыңдар.

3-топқа 3-тапсырма

«Біз – бейбіт елдің ұранымыз» эссе жазыңдар. Постер қорғаңдар


Кері байланыс


Кейінгі тапсырмалар



Бағалау

Өзін-өзі бағалау


Үзіндінің 1-бөлімінің мазмұны

Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармаларынан реферат дайындау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Мұғалімнің жазбасы

Тренердің жазбасы

1-тапсырма. АКТ модулін пайдаланып, ұсынылған (1941-1945 жылдар). «Фашистік германия». «Тарих». «Сын сағатта» сөздеріне ассоциация жасады. 1941-1945 жылдар. Ұлы Отан соғысы болған жылдар. Тұтқиылдан Германия шабуыл жасады. Сын сағатта ел қорғау керек деп слайдқа жазды. Осылайша өткелі тұрған тақырып Ұлы Отан соғысына қатысты екенін сыни тұрғыдан ойлау арқылы көз жеткізді.

2-тапсырма. АКТ модулі арқылы слайдтан Ш. Айтматовтың суреті көрсетілді. Ш. Айтматов туралы өтілген материал еске түсірілді. Оқулықтағы жазушы туралы мәліметпен оқушылар өз беттерімен танысты. Қажетті мәліметтер дәптерге жазылды.

3-тапсырма. 1-топқа Ш. Айтматовтың «Ерте келген тырналар» хикаятынан үзіндінің басынан бастап 279-бетке дейінгі жерді оқып, мазмұнын айту, постер қорғау еді. Оқушылар әуелі өз беттерімен оқыды, содан соң жұптасып, үзіндінің мазмұнын өз беттерімен меңгерді. Содан кейін әңгіме мазмұнына сай сурет салу үшін керекті құрал-жабдықтарын алды. Постерде мектеп, сынып іші, мұғалім, карта, оқушылар бейнеленген. Бұл суретер үзінді мазмұнына сай өте шеберлікпен салынған. Сол салынған сурет бойынша Жоламан үзіндінің мазмұнын баяндады.

Тыңдаушы топ бұл топты «Әңгіменің мазмұнын жүйелі баяндауы», «Әдеби тілмен жеткізе білуі», «Постерді қоғау шеберлігі» критерийлерімен смайликтер арқылы бағалады. Кімге қандай баға қойылғаны бағалау бетшесіне қойылып отырды. Формативті бағалау жүрді.

Осы тапсырма арқылы Жоламанның үзіндінің мазмұнын шапшаң меңгере отырып, Сұлтанбектің сурет салу қабілетінің жоғары екенін байқадым.

3-тапсырма. 2-топқа. 280-282-беттегі үзіндінің мазмұнын айтыңдар. Постер қорғаңдар деген тапсырма еді. Бұл тапсырма кезінде оқушылар әуелі өздеріне берілген үзіндіні өз беттерімен оқыды. Содан соң барып үзіндінің мазмұнын қағаз бетіне сурет арқылы бейнелейтін болып, құралдарын алды. Постер бетінде үй іші, көңілді отбасы, Сұлтанмұрат, Әжмұрат, асау тай, асау тайдың құлағында ойнаған бала, қызықтап көріп тұрған топ бала бейнеленген. Осы суреттерді негізге ала отырып, Серіжан үзіндінің мазмұнын баяндады.

Тыңдаушы топ «Әдеби тілмен сөйледі», «Дауыс ырғағы», «Жауабының ауқымы» критерийлерімен «Білім ағашы» арқылы бағалады.

3-тапсырма. 3-топқа 283-285 беттердегі үзіндінің мазмұнын айтыңдар. Постер қорғаңдар деген тапсырма берілді. Бұл тапсырма берілген кезде оқушылар өздеріне берілген үзіндінің мазмұнын жұптық жұмыс арқылы меңгерді. Постер бетінде арба жегілген ат, сынып іші, оқушылар сабақта, Іңкәмал апай бейнеленген. Постерде бейнеленген суреттер арқылы Жансая үзіндінің мазмұнын әңгімеледі.

Тыңдаушы топ жоғарыдағы критерийлер арқылы бағдаршаммен бағалады. («Өте жақсы»-жасыл, «жақсы»-сары, «қызыл»-орташа) Кімге қай баға қойылғанын бағалау бетшесіне жазылды. Жансая әдеби тілмен сөйлеу шеберлігі танылды, яғни Жансая дарынды оқушы.

4-тапсырма. 1-топқа «РАФТ-1» стратегиясы. Мұндағы рөл-топ мүшелері, аудитория-Сұлтанмұрат, форма-хат, тақырып-«Балалық шаққа саяхат». Бұл тапсырма кезінде топ мұшелері бір-бірімен тапсырманы қалай орындау керектігі жөнінде ақылдасып алды. Содан кейін постер жасамақ болып керекті құралдарын алды. Сұлтанмұратқа хат жолдайтындықтары туралы тағы да ақылдасты.

Нұржамал: Балалық шақ-балдәурен

Өткен сені жырлаумен.

Бақытқа толы бар күндер

Өтіп жатыр зырлаумен,-десе,

Мұстафа: Мен бақытты баламын,

Ер жетемін, толамын.

Оқу оқып, білім алып

Еліне қорған боламын,-деген.

Өлең жолдарымен хатын аяқтады. Бұл тапсырма кезінде Нұржамалдың таланттылығы танылды. Тыңдаушы топ «ойын жүйелі жеткізуі», «Тақырыпты меңгеруі», «Әдеби тіл нотмасына сай жазуы» критерийлерімен бағалады.

4-тапсырма. 2-топқа Семантикалық картаны толтыру. Семантикалық картаның үлгісі төмендегідей болды.


Тапсырма барысында семантикалық карта таратылды. Оқулықты жауып қойып, топ мүшелері өз беттерімен оөыды. Бұл тапсырма кезінде Гүлсара мен Мұстафаның шапшаң ойлайтындығы көрінді. Дарынды және талантты оқушыны таныдық. Тыңдаушы топ «Тақырыпты меңгеруі», «Жауаптың дұрыстығы», «Оқушы жылдамдығы» критерийлерімен бағалады.

4-тапсырма. 3-топқа «Біз –бейбіт елдің ұланымыз» тақырыбында эссе жазу. Постермен қорғау.Тапсырма берілген соң оқушылар диалог әдісі арқылы ойласып алды. Содан соң қағаз бетіне бейнеленген ойларын ортаға салды. Бір оқушы сурет салды. Қалғандары эссе жазды. Суретте шуағын шашқан күн, ана мен баланың бақытты сәті, ақ көгершін бейнеленген. Осы суреттер арқылы өз ойларын топ мүшелері бүгінгі тәуелсіздікпен байланыстырып жүйелі жеткізді. Осы тапсырма барысында Жансұлу дарындылығы байқалды. Ол өз ойын өлеңмен былай өрнектеген.

Ешқашанда енді соғыс болмасын!

Өміріміз қайғы-мұңға толмасын.

Ана жесір, бала жетім қалмасын,

Аспанымда ақ көгершін самғасын!

Бейбіт өмір сүрейік,

Күліп-ойнап жүрейік.

Әрбір күндер мереке боп,

Өлең айтып, билейік!

Аналар мен балалар жыламасын!

Елдің туы ешқашан құламасын!

Бейбітшілік жасасын мәңгілікке,

Биіктетіп бақыттың мұнарасын.

Сабақты бекіту мақсатында: «Ер ерлігін істесе, ел елдігін істейді»,-деген халық мақалы оқушыларға ұсынылды және осы мақалды бүгінгі сабақпен байланыстыру тапсырылды.

Гүлсара: «Халық мақалының бүгінгі сабаққа тікелей қатысы бар. Себебі ер майданда ерлігін көрсетсе, ел ауылда тірлігін жасайды. Жолдасы майданға кетсе де, Іңкәмал апай өзінің ұстаздық қызметін тоқтатқан жоқ».

Бүгінгі сабақта көбіне қай пәнге қатысты жайлар сөз болды? Неге? Сол пікірлер сабақта қандай рөл атқарды? деген сауалдармен кері байланыс жүрді.

Жангелдінің жауабы: Бүгінгі сабақта көбіне тарих пәніне қатысты мәліметтер айтылды. Бұл мәліметтердің айтылуы орынды деп есептеймін.

Себебі: Ш. Айтматовтың әңгімесі-халық басынан өткен тарихи оқиғаны бейнелейтін шығарма. Бұл сабақ маған ұнады. Әсіресе «Біз – бейбіт елдің ұланымыз» тақырыбындағы эссе өте ұнады.

Үйге: Мазмұны

Реферат жазу (Ш. Айтматов)









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»

Автор: нысанбаева А?жар?ын Бурабековна

Дата: 20.10.2014

Номер свидетельства: 120739

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Ш. Айтматов «Ерте келген  тырналар»                                                      С?лтанм?рат?а  мінездеме"
    ["seo_title"] => string(58) "shaitmatoviertiekielghientyrnalarsultanmuratkaminiezdiemie"
    ["file_id"] => string(6) "283827"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453891313"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "?дебиет п?нінен Ш.Айтматовты? «Ерте келген тырналар» та?ырыбыны? 1-саба?ы "
    ["seo_title"] => string(81) "diebiiet-p-ninien-sh-aitmatovtyn-iertie-kielghien-tyrnalar-tak-yrybynyn-1-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "199152"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428516732"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ш. Айтматов"Ерте келген тырналар” 2- са?аты"
    ["seo_title"] => string(40) "shaitmatoviertiekielghientyrnalar2sagaty"
    ["file_id"] => string(6) "261532"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1449152895"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ш.Айтматов «НАЙМАН-АНА»"
    ["seo_title"] => string(24) "sh_aitmatov_naiman_ana_1"
    ["file_id"] => string(6) "421699"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1497420089"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства