Қатысушы оқутушылар ішінен әділқазылар алқасы сайланады.
I Тур. Топтарды таныстыру:
I топ
Топтың аты«Жеті ата».
Топтың ұраны: «Жеті атасын білмеген - жетесіз»
Топтың әні: «Жеті ата» бастауы.
Әке мен баласы,
Немере мен шөбере
Шөпшекпен жалғайды.
Қайырмасы:
Менің тегім,
Менің елім,
Сен үшін мен егілемін елім.
Жеті атам менің қасиетім.
(«Менің Қазақстаным» әуенімен айтылады)
I Тур. Топтарды таныстыру:
II топ
Топтың аты«Жеті күн».
Топтың ұраны:«Жеті күн - қасиет өлшемі»
Топтың әні: «Дүйсенбі - қиын күн».
Сәрсенбі - сәтті күн
Жұмада мешітке барамын.
Ал қалған күндерді жібермей ұтымды пайдаланамын.
Қайырмасы:
Еңбек етіп жеті күнде
Білімдерді шыңдаймыз
Әттең, бірақ аптасына
Бір-ақ рет демалам.
(«Крокодил Гена»әуенімен айтылады)
II Тур. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
I топ
Сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не ?
2. Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер не арқылы байланысады?
3. Талғаулы сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
4. Жеті ата (атап беру)
5. Қазақтың қасиетті сандарын атап беру.
(7, 9, 40, 13).
II Тур. . Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
II топ
Cұрақтар:
1. Құрмалас сөйемнің түрлері?
2. Қарсылықты сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
3. Кезектес сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
4. Жеті күн?
5. Қазақ халқының қасиетті сандарын атап бер.
(7, 9, 40, 13).
III Тур. Мәтінмен жұмыс.
I топ
Мәтін «Сырғанақта»
Демалыс күні ертемен оқушылар мектепке жиналды. Қар қалың жауғанмен, күн онша суық емес еді. Оқушылар бәрі де жылы киінген. Олар үш топқа бөлінді. Шаңғышылар тобы тауға қарай жөнелді. Конькишілер өзен маңындағы мұз айдынына кетті. Шанамен келген балалар мектеп қасындағы сырғанақта қалды . Сырғанақ тебу бәріне де ұнады.
III Тур. Мәтінмен жұмыс
II топ
Мәтін «Сырғанақта»
Демалыс күні ертемен оқушылар мектепке жиналды. Қар қалың жауғанмен, күн онша суық емес еді. Оқушылар бәрі де жылы киінген. Олар үш топқа бөлінді. Шаңғышылар тобы тауға қарай жөнелді. Конькишілер өзен маңындағы мұз айдынына кетті. Шанамен келген балалар мектеп қасындағы сырғанақта қалды . Сырғанақ тебу бәріне де ұнады.
IV Тур. тақтада және кәртішкелермен жұмыс.
I топ
1. Далада қар жауып тұр, бірақ күн суық емес. ( қарсыл қ.с.с.с.)
2. Дүкенге не Айгүл барады, не мен барамын. ( талғаулы)
3. Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа кірді. (жалғаусыз с.қ.с.)
IV Тур. тақтада және кәртішкелермен жұмыс.
II топ
1.Күн суытты,құстар жылы жаққа ұшып кетті(жалғаулықсыз с.қ. с.)
2. Біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.(кезектес)
3. Теледидардан кейде концерт көрсетеді, кейде қызықты баңдарлама көрсетеді. (кезектес)
V Тур. Топ басшыларының сайысы «Аукцион» ойыны.
I топ
1. Мына сөйлемді аяқта. Мен бүгін не қалаға кетемін, не ....
2. Мына сөздерден бір сөйлем құраңдар. Мен, сегізінші, сыныбында, ..... , мектебінің, оқимын, Абай, орта.
3. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Күн батты, даланы қараңғылық басты
VТур. Топ басшыларының сайысы «Аукцион» ойыны.
II топ
1. Мына сөйлемді аяқта. Мен бүгін не қалаға кетемін, не ....
2. Мына сөздерден бір сөйлем құраңдар. Мен, сегізінші, сыныбында, ..... , мектебінің, оқимын, Абай, орта.
3. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Күн батты, даланы қараңғылық басты
VI Тур. «Жорға сайысы». Әр топқа сұрақ қойылады.
I топ
1. Бір жылда қанша ай бар? (12)
2. Нәрестені қырқынан қанша күнде шығарады? (40)
3. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеу? (12)
4. Сөйлем неден құралады?
5. Заттың атын білдіретін сөздер (зат есім).
VI Тур. «Жорға сайысы». Әр топқа сұрақ қойылады.
I топ
1. Адамның мүшел жасы? (13)
2. Ананың құрсағындағы нәресте неше ай жатады? (9)
3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
4. Сәби жүре бастаған кезде жасалатын той (тұсаукесер)
5. Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар? (бесеу)
VIIТур. Тест Жұмысын өткізу
1. Құрмалас сөйлем неше сөйлемнен тұрады?
А) бір сөйлемнен;
Ә) екі немесе одан да көп сөйлемнен.
2. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем?
Ән басталды, бірақ домбыра сазы басылған жоқ.
А) талғаулы салалас құрмалас сөйлем;
Ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем;
Б) кезектес салалас құрмалас сөйлем;
В) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем;
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері қалай байланысады?
А) дегенмен, алайда, бірақ, сонда да;
Ә) не ... , не, я ...., я;
Б) бірде, біресе, кейде.
4. Іліктес салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері қалай байланысады?
А) шылаулыр арқылы;
Ә) екпін арқылы;
Б) интонация арқылы.
5. Мынау қай салалас құрмалас сөйлемнің шылаулары?
А) талғаулы салалас құрмалас сөйлем;
Ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем;
Б) кезектес салалас құрмалас сөйлем;
В) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем;
Сқақова Рыскүл Абдрахманқызы қазақ тілі мен әдебиеп пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі және кейіпкерлері(2-сағаты)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ер Төстікертегісінің тақырыбын аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру.
3.Дамытушылық: оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мынандай стратегияларын қолданамыз: топқа бөлу, синквейн ,кубизм
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, слайдтар,аудиокітап «Ертөстік»
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ертегілер туралы түсінік.
«Ер төстік» ертегісі туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
«Ер төстік» ертегісінденелер баяндалады?
Мәтіннен Кенжекейдің іс-әрекеттерін еске түсіріп, оған мінездеме берің?
Төстіктің жауыздықты жеңіп шығуына басты көмекші болған кейіпкерді анықта?
Ер Төстік ертегісі қандай ертегіге жатады?
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
3.Сыныпты 4 топқа бөлу
4.Әр топқа келесі ақпараттарды тарқатып әңгімелеу тапсырылады
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
А. Жоспар құру. Осы жоспар бойынша бөлімдерге бөлу.Төрт топқа тапсырма беру.
1 топ. «Ертегінің негізгі бөлімдері»
1. Ер Төстіктің дүниеге келуі
2. Өрмек тоқып отырған кемпір
3.Ер Төстіктің ағаларын іздеуі
4.Сорқұдықтың басына қондырған сор.
2 топ «Төстіктің жер астында басынан кешкендері»
1.Шалқұйрыққа тіл бітіп сөйлеуі
2.Жылан Бапы ханның ордасына келуі
3.Бапы ханның Төстікті Темір ханның қызын әкелуге жұмсауы
4.Төстікке өз қызын бермек болуы
3 топ «Темір ханның елінде»
1.Темір ханның көшіп кетіп қалуы
2.Саққұлақ,Қырағы,Көлтауысардың көмегі
3.Кеще ханның қызды алмақ болуы
4.Той үстінде жамандық жасалуы
5.Ат шабысыына Шалқұйрықтың қосылуы
6.Шалқұйрыққа тіл бітуі
7.Жаяу жүйріктер жарысы
4 топ «Темір ханның көлге түсіп кеткен қазаны»
1.Көлтауысардың көлді тауыса алмауы
2.Шалқұйрықтың көлге түсуге рұқсат сұрауы
3.Ақ көбік пен қызыл көбіктің мәні неде?
4.Темір ханның сарайға Төстіктерді кіргізіп өртемек болуы
5.Айласы құрыған Темір хан мен Кеще хан
6.Риза болған Бапы хан Төстікке Қызын беруі
7.Жер үстіне шығарып салу
Кубизм стратегиясы
1.Ер Төстіктің әкесінің аты кім?
2. Оның жорыққа шығуына не себеп болды?
3.Ер Төстіктің жарының аты кім?
4.Төстіктің достарының аттарын атап бер?
Ә.Синквейн стратегиясы
Бестармақ
«Ер Төстік» ертегісінің өздеріңе ұнаған бір кейіпкерінің атын жаз
Екі синоним сөз жаз
Үш етістік жаз
Бір сөйлем жаз
Қорытынды бір синоним жаз
Б.Төрт топқа суреттер таратылып, сурет бойынша мәтін құрастыру.
VІ. Түсінік тексеру:
Топтастыру стратегиясы:
Жағымды кейіпкерлер Жағымсыз кейіпкерлер
Желаяқ Кемпір
Таусоғар Бекторы
Ер Төстік
Саққұлақ Бапы хан
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
1.. Ертегіден халық тұмысына, сенім – нанымына байланысты әдет – ғұрып, салт – сана көріністерін тауып, әңгімелеңдер.
2. Ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.
3.Сөздік жұмысын жүргізу (Жұт,күлдіреуіш, тарғақ, қос мосы, бақыр, қыл бырау, аяқтандыру, жарты лашық, перінің қызы, жалмауыз, егеу, кісе, болат кездік)
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау. Төрт топтың жауаптарын жинақтап, ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады.