Просмотр содержимого документа
«Салалас ??рмалас с?йлемді ?айталау (сайыс саба?)»
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Сайыс сабақ
Султанбекова Шынар Серікқазықызы
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, ұлағат,
Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
1 . Жамбыл дастандарының бірі
2. Шыңғыстауда дүниеге келген,қазақтың ұлы ақыны,
3. Рабғузи қиссаларындағы хакімнің есімі
4. "Ақиқат сыйы" шығармасының авторы
5. Суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер
6.Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындағы қазақтың ханы
7. Алтын орда әдебиетінің ірі өкілі,Сарай қаласында туған
Тапқырлар сайысы
І тур. Жалпы сұрақтар
ІІ тур. Көкпар
ІІІ тур. Бәйге
ІV тур. Жорға
І тур.Жалпы сұрақтар ІІІ деңгей
1.Баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі қалай аталады? 2.Іс-оқиғаның бірі ғана жүзеге асатын салаластың түрін ата. 3.Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіне қарама-қарсы келетін салаластың түрін жаз. 4. Және, әрі, да/де жалғаулықпен байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі қалай аталады? 5. Салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі қалай аталады? 6.Сол себепті,сондықтан, неге десеңіз жалғаулығымен байланысатын салаластың түрін ата. 7. Жалғаулықсыз байланысатын салалас құрмалас сөйлемнің түрі.
ІІ деңгей
1.Дала да, егін де, тоғай да- бәрі де сап –сары.
2.Олжас шахтадан шығып еді,денесі сергіп сала берді.
3.Көшеде біресе қар бұрқырап жауады, біресе алай-дүлей боран соғады.
4.Ербол телефонды орнына қойды да, хабарды әкесіне жеткізуге асықты.
5.Ол еш нәрсе сездірмейді, алайда жүзі сан құбылады.
6.Топты басқаруды Ақнұрға тапсырды, себебі ұйымдастыру қабілеті ерекше болатын.
7.Я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.
8.Ол еш нәрсе сездірмейді, алайда жүзі сан құбылады.
І деңгей
1. Жалғаулықсыз келмейтін салаластың ерекше түрі.
2. Жалғаулығы жоқ салаластың түрі
3. Екі жай сөйлемнің арасына тыныс белгісі қойылмайтын салаластың жалғаулық шылауы
4. Салаластың бір ғана компонетіндегі іс пен оқиға болатын түрі
5. Жалғаулықсыз келгенде салаластың орын тәртібі,интонация арқылы байланысып бірде (қос нүкте),бірде(үтір) қойылатын түрі
6. Соңғы компоненттің алдыңғысын толықтырып,анықтап,түсіндіретін салаластың түрі
7.Компоненттерінің мағынасы қарама-қарсы келетін салаластың түрі
8.Әр компоненттің өз бастауышы,өз баяндауышы болады және бір-бірімен тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрі
II тур Көкпар
Сергіту сәті
ІІІ тур Бәйге
1-айналым. Сәйкестендіру тесті
2-айналым. Толғандырған бір сауал.
ІV тур. Жорға
Баламалы тест (ия-жоқ) №1 1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды. 2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. 3. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды. 4. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. 5. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады. 6. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады. 7. Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады. 8. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. 9. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады. 10. Аралас құрмалас кейде бес жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.
№ 2 1. Салалас құрмалас сөйлемді тап. а) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен+ в) Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болар с) Сабыр сақтасаң қайтер еді, ә ? д) Баланы жаман үйретпеу керек 2.Салаластың қай түріне жатады. Күн батты, қараңғы түсті. а) Ыңғайлас салалас в) Қарсылықты салалас с) Түсіндірмелі салалас д) Кезектес салалас 3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемде қандай ойды білдіретінің анықта. а/Біріндегі ой екіншідегі ойға қарсы болады в/Біріндегі ой екіншідегі ойдың себеп-салдарын білдіреді с/Бірінде айтылған ой екіншіде айтылған оймен мезгілдес, ыңғайлас бағытта болады д/Біріндегі ой екіншідегі ойды түсіндіреді Себеп -салдар салалас сөйлем жалғаулықтарын тап. а) және, да, де,әрі. в) мен,бен, пен. с) өйткені, себебі,сондықтан, неге десеңіз д) Я, яки, әйтпесе 5.Қандай сөйлем? Бабамнан қалған асыл бар: ол мынау жатқан өткелдер. а/ Ыңғайлас салалас в/ Қарсылықты салалас с/ Түсіндірмелі салалас д/Кезектес салалас
6."Не, яки" қай салаластың жалғаулығы ?
а/ Себеп -салдар салалас
в/ Қарсылықты салалас
с/ Талғаулы салалас
д/Кезектес салалас
7.Жалғаулығы жоқ салаластың қай түрі ?
а/ Кезектес салалас
в/ Талғаулы салалас
с/ Қарсылықты салалас
д/ Түсіндірмелі салалас
8.Жалғаулықсыз келгенде ", - " қойылатын салаластың құрмаластың түрін тап.
а/ Себеп -салдар салалас
в/ Қарсылықты салалас+
с/ Талғаулы салалас
д/Кезектес салалас
9.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Ақжелкеннің сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмәш ақтауға тиіс.
в)Олжабек сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.
с) Балалы үй базар,баласыз үй – мазар.
д/Қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын.
10.Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретінін салаластың түрін тап.