I .Үй тапсырмасын тексеру. Торы құлын. Жатқа айту. Ой шақыру. Өлеңде қандай түлік жырланған? Оның әр мүшесін қалай сипаттаған? Басқа түліктерден ерекшелігі қандай? II.Қайталау(төрт түлік туралы әңгімелесу) Малдар қалай дыбыстайды? Жылқы-кісінейді Сиыр-мөңірейді Қой-Ешкі- маңырайды,мекіренеді. Түйе-боздайды Төрт түлік малдың пірлерін сұрау. Жұмбақ шешу.
Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар III.Жаңа сабақ
Шығармашылық жұмыс(сиырдың суретін салып,пайдасы туралы айтып келу) Мұғалімнің сөзі: СИЫР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ ,ірімшік ,етінен тағам түрлері жасалады. Малдың табиғи сүтінен жасалған тағамдардың адам ағзасына өте пайдалы. Сүттін құрамында адам ағзасының қызметі үшін маңызды дәрумендер бар, сондықтан сүт күш-қуаттың қайнар көзі. Негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқы малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім – кешек тігуге , тұяғы мен мүйізінен, сүйегінен әр түрлі қолөнер бұйымдарын әзірлеген, тіпті, малдың тезегін де тастамай отын ретінде қолданған. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды. III. Мағынаны тану. 1. Мақал - мәтелдерді түсініп оқы. 1) Сиырлының үйі – айран, Сиырсыздың үиі – сырдаң. Сырдаң - жұтаң, тапшы, кедей. 2) Сиырдың сүті – тілінде. 2. Оқулықпен жұмыс. Сиыр өлеңді оқу, талдау. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Дәптермен жұмыс. |