құқық құқықтану құқықты танып білу керек,жане  когамда барлыгыг
            
                Просмотр содержимого документа 
                «"Өз құқығыңды білесің бе?"» 
             
            
                                                             Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік медицина университеті Тақырыбы : Ұлттың кодын сақтаудағы мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениеттің ролі   Группа: 116 А Дисциплина :  Кафедра:  
 
  Жоспар : Кіріспе 2. Ұлттық мәдениет 3. Ұлттық және мемлекеттік тіл 4. Пайдаланылған әдебиеттер 
 
  Белгілі   бір   ұлт   ел   болуы   үшін ,  мемлекет   болып   қалыптасуы   үшін   әсер   ететін   түрлі   жағдайлар   болады .  Талай   заманды ,  қиын - қыстау   кезеңді   бастан   кешіріп ,  қаншама   өзгерістерге   ұшырайтындығы   да   сөзсіз . Қазақ   халқының   да   ұлтболып ,  бір   тұтас   мемлекет   болып   қалыптасқанына   аз   уақыт   болған   жоқ .  Ертеден - ақ   найзаның   ұшымен ,  білектің   күшімен   қасық   қаны   қалғанша   жерін   қорғып ,  елін   сақтап   келген .  Әлем   өркениетінің   дамуы   қазақ   ұлтына   да   өз   әсерін   тигізді . уақыт   талабына   саай   жаңа   технологиялар   пайда   бола   бастады .  Жаңалықтар   енді .  Ақпарат   таратудың   да   әдс - тәсілдері   дамыды .  Дүйім   жұрттың   басын   біріктіру   үшін ,  ортақ   пікір   қалыптастыру   үшін   алғаш   қы   газеттер   шығарыла   бастады .  Қазақ   елінде   де   тұңғыш   рет  « Дала   уәлаяты », « Түркістан   уәлаяты »  сынды   газеттер   жарық   көре   бастады .  өз   уқытында   заман   талабына   сай   бұқараның   ақпарат   алуының   негізгі   көзіне   айналған   бұл   газеттер   сауаттандырудың   алғашқы   қадамдарын   жасады .  Ресей   боданына   айналып   бара   жатқан   қазақ   халқын   маса   болып   ызыңымен   оятқан  « Қазақ », « Кедей   сөзі », « Айқап »  секілді   газет - журналдардың   рөлі   зор   болды .  Сол   кезеңде   қазақтың   ұлт   ретінде   жойылмауы   үшін ,  тілінің ,  ділінің   сақталуы   үшін ,  сауаттануы   үшін   күрескен   осы   газеттер   болғаны   айқын .  Қазақтың   тәуелсіз   ел   болғанына   қарамастан   әлі   күнге   дейін   де   шашілмей   келе   жатқан   ұлт ,  тіл   мәселелерінің   бастамасын   сол   газеттер   көергені   де   сөзсіз   шындық !  Ұлттық   пікір   қалыптастыруда   А . Байтұрсынов ,  М . Дулатов ,  Б . Майлиндар   қызмет   атқарды .  Сол   заманда   қоғамда   көтерілген :  қазақ   халқының   ұлт   ретінде   сақталуы ,  ұлттық   мәдениетіміздің   жойылып   кетпеуі ,  ана   тіліміздің   ұрмыстық   деңгейден   көтерілуі   қазіргі   таңда   да   өзекті   мәселеге   айналып   отыр . 
 
  « Ұлт  –  мәдениет  –  тіл »  деген   үштік   қағидасына   сәйкес   ұлтты ,  ұлт   мә  дениетін   тіл   ақпараты   арқылы   таныту  –  қазақ   тіл   ғылымындағы   дамып   келе   жат  қан   жаңа   үрдіс .  Сондықтан   қазіргі   әлемдік   өркениет   кеңістігіндегі   жаһандану   үрдісіне   сәйкес ,  тілді   зерттеудің   кешенді   сипаты   тіл   мен   мәдениет   сабақтастығын   анықтауға   айрықша   назар   аударылады .  Бұл  –  лингво  мәде  ниеттану   деген   ғылым   саласының   құзы  рындағы   мәселелер .  Демек ,  мәдениетті   игеруді   жүзеге   асыратын   негізгі   құрал  –  тіл . « Мәдениеттің   қай   түрі   болмасын ,  ұлттық   мәнділікке   жатады .  Оның   ұлттық   сипаты   әр   халықтың   ақиқат   дүниені   тілі   арқылы   өзіндік   көзбен   көруіне   байланысты   бола  ды .  Тіл  –  адам   мен   ақиқат   дүниені   жал  ғасты  рушы   буын », –  дей   келіп ,  белгілі   тілші - ғалым   Нұргелді   Уәли   олардың   ортақ   мы  надай   белгілерін   атап   көрсетеді :  мәдениет   те   тіл   сияқты   адамның   дүние  таны  мын   бейнелейтін   сананың   формасы ,  мәдениет   пен   тіл   өзара   қарым - қатынаста   болады ,  тілсіз   мәдениет   жоқ ,  мәдениетсіз   тіл   жоқ ,  ұлттық   мәде  ниет  тің   ерекше  ліктерін   танудың   сөз   мәде  ние  ті   үшін   принципті   мәні   бар   деп   тұжырымдайды .  Ұлттың   болмысын   бей  не  леуші   де ,  мәде  ниет  ті   жинақтаушы   да ,  сақтаушы   да  –  тіл .  Ал   сөз   мәдение  тін  де  гі ,  ғалым   көрсет  кендей ,  басшылыққа   алатын   негізгі   ұстаным  –  тілге   ізгілік   тұрғысынан   қарау .  Ізгілікке ,  ізгі   мұратқа   әрине ,  білім ,  ғылым   жолымен   қол   жеткізуге   болатыны   мәлім .  Кез   келген   мамандық   иелері   ізгілік   үшін ,  ұлттық   мәдениет   пен   ұлттық   тілдің   өркендеуі   үшін   қызмет   етеді   деп   түсінеміз .  Олай   болса ,  ұлтымыздың   жаны  –  баға   жетпес   бай   тіліміздің   шын   мәнінде ,  мемлекеттік   тіл   ретіндегі   тұғырын   нығайту ,  оның   бәсекеге   қабілеттілігін   арттыру   мен   өміршеңдігін   сақтап   қалу  –  баршамыздың   ұлы   мұратымыз .  Бұл   үшін   әрине ,  әрбір   жеке   тұлға ,  әсіресе   жас   маман ,  өскелең   буын   сөз   өнерін   терең   игерумен   қатар ,  ұлттық   тіліміздің   қадір - қасиетін   аса   қастерлеу   мен   бағалау   парыз   екендігін   ұғынуы   шарт .  Осыған   орай   ана   тіліміздің   баға   жетпес   мұра   екендігін ,  рухани   құндылығын   Елбасы   Н . Назарбаевтың : « Ана   тілін   армансыз   бойға   сіңіріңіздер ,  өйткені   баба  ларымыздың   ғұмыр   тәжірибесі ,  дүние  та  нымы ,  мінез - құлқы ,  өзіндік   болмыс - бітімі   осы   тілде   қаттаулы   жатыр »  деп   баға  ла  ған   тұжырымы   елдігіміз   бен   ұлттық   бол  мы  сымызды   ана   тілі   арқылы   танудың   бағ  дары ,  оны   сындарлы   жұмсаудың   өнегесі   болары   хақ .  Өркениетті   қоғам   талабына   лайық   білімді   де   мәдени   өресі   биік   мамандар   даярлану   үшін   ұлттық   дүниетанымдық   құнды  лықтарды ,  сөйлеу   этикеті   нормаларын   жетік   меңгерудің   де   маңыздылығы   аса   зор .  Сөйлеу   этикетінің   нормасы ,  негізінен ,  жал  пыадамзаттық   ұлттық - мәдени   дәстүр  лерге   негізделеді .  Мысалы , « Әке   тұрып   ұл   сөйлегеннен ,  шеше   тұрып   қыз   сөйлегеннен   без », « Аузын   баққан   бай   болар », « Алдыңа   келсе ,  атаңның   құнын   кеш », « Ағайынның   азары   болса   да ,  безері   болмайды », « С i з   деген  –  сөзд i ң   сынығы ,  сен   деген  –  сөзд i ң   анығы »  т . б .  тәрізді   этикеттік   тілдік   бірліктер   ұлттық   дүниетанымнан   туындаған   баға   жетпес   бай   қазынасы   әрі   адамдар   арасын  дағы   тілдік   қарым - қатынасты   үйлестіріп   отыратын   этикалық   категориялар   ретінде   танылады .  Ұлттық   мәдениеттің   ажырамас   бөлігі ,  сырт   көзге   бірден   байқалып   тұратын   ерек  ше  лігі ,  ең   алдымен ,  адамдар   арасындағы   қарым - қатынас   этикетінен ,  сөз   этикетінен   көрінеді .  Сөз   этикетінің   негізгі   қызметі  –  адам  дармен   сыпайы   қарым - қатынас   орнату .  Сондықтан   әрбір   жеке   тұлғаның ,  әсі  ресе   жастардың   белг i л i  мәдени   ұжымның   мүшес i  рет i нде   сөз   әдебіне   тән   дәстүрл i  қағидалар   мен   рухани   құндылықтарды   құрметтеуі ,  ұстануы   қажет .