Үй тапсырмасын тексеру Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру | 1)204-жаттығу.Етістіктерді тауып, түбір мен қосымшасын ажыратыңдар. Мұқағали мінезі Мұқаңның қанағатшыл қасиеті жайында да айтпай болмас. Ол кезде Мұқағали баспа басшысының қойғанын алатын, аз, көп деген сөзді ауызға алмайтын. 2)”Әшекейлер сыңғыры” деген тақырыпта ойтолғау сұралады. Дара және күрделі етістіктер Дара етістіктер – бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік пен туынды етістік. Күрделі етістіктер- екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіреді.Бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. . | 204-жаттығу. Айтпай болмас- түбірі-айт, бол-негізгі етістік Қойғанын алатын-түбірі-қой, ал-негізгі етістік Алмайтын-түбірі-ал-негізгі етістік Береміз-түбірі-бер-негізгі етістік Желпіндіреміз-түбірі-жел- туынды етістік Жарқырап-түбірі-жарқыра-негізгі етістік Отырып-отырып-түбірі-отыр, негізгі етістік Айтқаны-түбірі-айт-негізгі етістік Берсін-түбірі-бер,негізгі етістік Деңдер-түбірі-де,негізгі етістік Алған-түбірі-ал, негізгі етістік Семіріп-түбірі-семір Байып-түбірі-бай, туынды етістік Шықпас-түбірі-шық 2) ”Әшекейлер сыңғыры” деген тақырыпта ойтолғау оқиды.Етістіктерді тауып , тұлғасына қарай ажыратады. Жаңа материалдың тақырыбын дәптерлеріне жазып алады. Дара етістікке мысалдар келтіреді. Мен (қайттім?) ойнадым. Жаңбыр (не істеді?) жауды. Арыстан (не істейді?) ақырады. Күрделі етістікке мысалдар келтіреді. Мен (не істедім?) күліп жібердім. Нөсер (не істеді?) құя жөнелді. | Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен білімді меңгергеніне көз жеткізеді. Етістіктің дара түріне мысал келтіреді. Етістіктің күрделі түріне мысал келтіреді. |
Жаңа материалды бекіту А.Мұғалімнің көмегіменбекіту Ә) Оқушының өз бетімен жұмыстануы | Оқулықпен жұмыс. 208-жаттығу.Етістіктерді құрамына қарай талдаңдар. Үлгі:Сен әділ бол. Әр істе де әділ бол. Әділ болсаң ,әлді боласың.Сын сағатта әлсіздік , ұстамсыздық жасаған адамды халық жек көреді.Күн күркіреді, көк дүркіреді. 209-жаттығу. Дара етістікті зат етістікті зат есіммен тіркестіріп, көшіріп жазыңдар. Тау мен тасты жел бұзар, Адамзатты сөз бұзар.(М) Тапсырмалармен жұмыс 1)Күрделі етістікті дара етістікке айналдырыңыздар. Барып едім- Тыңдап отырмын- Көріп тұрмын - Сайрап отыр- Жинап жүр- 2) Малдың төлдеуіне байланысты қимыл іс-әрекетті білдіретін етістіктерді жазыңдар. Жылқы-құлындайды Сиыр- Тауық- Ешкі- Қой- Түйе- | Оқулықпен жұмыс 208-жаттығу. Сен әділ болсаң- күрделі етістік Сен әлді боласың- күрделі етістік Жек көреді-күрделі етістік Күркіреді-дара етістік Дүркіреді- дара етістік Төлеп құтылған екен- күрделі етістік Мақтан етеді- күрделі етістік Көрінеді екен – күрделі етістік 209-жаттығу. Мәскеу жеткенше, жол жатыр, жер жатыр, тау жатыр, дөң жатыр, көл жатыр, ел жатыр, жел бұзар, сөз бұзар, білім өседі, білім өшеді, ақылға сыймайды, адам сыйлайды. Тапсырмалармен жұмыстанады 1) Барып едім-бардым Тыңдап отырмын-тыңдадым Көріп тұрмын - көрдім Сайрап отыр-сайрады Жинап жүр-жинады 2) Жылқы-құлындайды Сиыр- бұзаулайды Тауық-жұмыртқалайды Ешкі- лақтайды Қой-қоздайды Түйе- боталайды | Жаттығу жұмысын орындау арқылы жаңа материалдан алған білімдерін пайдаланады. Дара етістіктердің зат есіммен байланысуын аңғарады. Күрделі етістікті дара етістікке айналдырып жазады. Малдың төлдеуіне қатысты етістіктерді жазады. |