С?йінбай Арон?лы "Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері"
С?йінбай Арон?лы "Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері"
??
К?ні, айы: 11.10.
Класы: 6 «а»
П?ні: ?аза? ?дебиеті
Саба?ты? та?ырыбы: С?йінбай Арон?лы «Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері»
Саба?ты? ма?саты:
а)білімділігк – С?йінбай Арон?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы т?сінік беру. С?йінбай - айтыскер а?ын екендігіне назар аудару, жа?сы мен жаман ?асиеттерді салыстырмалы т?рде ой ж?гірте т?сіндіру;
?)дамытушылы? – жа?сы мінезді д?ріптеу ?абілеттерін арттыру, нашар мінезден жиренуге ?йыт?ы болу, ?ле? ??рылысына талдау жасау, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту;
б)т?рбиелік – ?ле?ді негізге ала отырып, о?ушыларды? бойына жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру, адами к?ркем мінезге т?рбиелеу,ма?ал-м?телдерді айт?ыза отырып, жа?сы мен жаманды ажырата алу?а, ?мірге ?ажетін та?дай білуге ба?ыттау.
1. А?ын А?тан?а арна?ан арнау ар?ылы жалпы жастар?а не айт?ысы келеді? (А?ын А?тан?а ?аратып айту ар?ылы жалпы ?аза? жастарына арнайды. Екі жа?ты ойлау ар?ылы, келешегі? жа?сы болар ма екен немесе жаман болып еленбей ?алар ма екенсі? деген с?раулы пікірін жеткізеді)
Просмотр содержимого документа
«С?йінбай Арон?лы "Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері" »
Күні, айы: 11.10.
Класы: 6 «а»
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігк – Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Сүйінбай - айтыскер ақын екендігіне назар аудару, жақсы мен жаман қасиеттерді салыстырмалы түрде ой жүгірте түсіндіру;
ә)дамытушылық – жақсы мінезді дәріптеу қабілеттерін арттыру, нашар мінезден жиренуге ұйытқы болу, өлең құрылысына талдау жасау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
б)тәрбиелік – өлеңді негізге ала отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру, адами көркем мінезге тәрбиелеу,мақал-мәтелдерді айтқыза отырып, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: қатысымдық.
Сабақтың тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу, салыстыру, дәлелдеу, жаңа технологиялардың кейбір элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын портреті, теңге суреті, сызбалар, «Жеті ғасыр жырлайды»,1-том, кеспе қағаздары.
-Қане, балалар, өткен сабағымызда қай ақынның өмірімен және шығармашылығымен таныстық?
(Дулат Бабатайұлының өмір жолын және «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін екі-үш оқушыдан жатқа сұрау)
1. Ақын Ақтанға арнаған арнау арқылы жалпы жастарға не айтқысы келеді? (Ақын Ақтанға қаратып айту арқылы жалпы қазақ жастарына арнайды. Екі жақты ойлау арқылы, келешегің жақсы болар ма екен немесе жаман болып еленбей қалар ма екенсің деген сұраулы пікірін жеткізеді)
2.Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не? (Лепті сүрау. Ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
«Кубизм» стратегиясы
(Кубиктің алты қыры бойынша оқушыларға үй тапсырмасын бекіту үшін сұрақтар беріледі)
1.Дулат Бабатайұлы кім және ол туралы не білесің? (Атақты ақын. Оқушылардың өз білгендері бойынша қысқаша айтуына мүмкіндік беріледі)
2.Дулат Бабатайұлы кімдерден үлгі алып, кімге үлгі болған? (Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, Абай Құнанбайұлы Дулаттың өлеңдерінен нәр алған)
3.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі арқылы ақын не айтқысы келеді? (Оқушының өзіндік пікірі сұралады)
4.Жырдан екі шумақ үзінді айт және сол жолдарда не айтылған?
6.Осы өлеңді оқи отырып, не үйрендің, қандай әсер алдың?
Оқушылар, мінекей біз Дулат ақынның Ақтанға арнай отырып, бүкіл қазақ жастарына бағыттап жазаған бұл өлеңінде адам баласының өмірінде кездесетін екі бағыттағы жаманды-жақсылы жолдарын байқадық. Осындай адамзат өміріне аса маңызы бар өсиетті өлеңдерді Сүйінбай Аронұлының туындыларынан да кезіктіре аламыз.
Балалар, Жақсы дегенімізне? Жаман дегеніміз не?(оқушылардың
пікірі тыңдалады)
Осы екі сұрақтың жауабын Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен
жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін оқи отырып толығырақ білетін боламыз.
ІҮ. Жаңасабақ
1.Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу.
2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін талдау.
1)Кіріспе сөз.Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақыстақ деген жерінде дүниеге келген. Сүйінбай – ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын.
Мұхтар Әуезов: «Он тоғызыншы ғасырдағы
Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған.
Жамбыл Жабаев Сүйінбайды ұстаз тұтқан.
Жамбыл: Менің пірім – Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай Аронұлы төл теңгемізге де енген.
Сүйінбайдың өлеңдері: «Тезектөремен айтысы», «Қатағанмен айтысы», «Бала Жамбылға бата», «Жақсы мен жаман адамның қасиетттері»,т.б.
2)Өлеңді мәнерлеп оқу, бірнеше оқушыға оқыту.
- Қане, балалар, алдымен өлеңді оқып берейін. Содан соң, тізбектетіп өздерің оқисыңдар және түсінгендеріңді айтып бересіңдер. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріңе таныс емес сөзді қарындашпен белгілеп отырайық. (Оқушылар мәнерлеп оқып шығады). Экранға сөздік жазылады: әмме – барлық, күллі; парқы – бағасы; ұңғы – балтаның сап салатын жері.
3)Өлеңнің тақырыбын, құрылысын анықтау.
- Ақын өлең арқылы нені мақсат етті?
- «Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Жаман адамды ақын неге балтаның ұңғысына теңеген?
4)Оқулықпен жұмыс.
Әр оқушы өлеңді оқып, дәптерлеріне мәтіннен жақсы және жаман қасиеттерді теріп жазады. Екі оқушы тақтаға орындайды.
«Топтастыру» стратегиясы:
1.Адам бойындағы жақсы қасиеттер:
Ел-жұрттың қаласындай,
Жақсы әйел көп елдің анасындай.
Жақсы адам ешкімді жатсынбайды.
Миуалы алма-өрік ағашындай.
2.Адам бойындағы жаман адамның қасиеттер:
Көкірегі көр, көзі соқыр.
Өтірікші, өсекші.
Жалған сөзбен ел арасын бұзады.
Жанбаған ағаш шаласындай.
-Оқушылар, таразыға салып тартсақ осы адам мінездерінің қайсысын таңдар едіңдер? (Оқушылар жауап беріп, жауабын дәлелдейді)
Өлеңнен көркемдегіш сөздерді табу.
-Оқушылар,алдымен еске түсіріп алайық. Теңеу дегеніміз не? Аллитерация дегеніміз не? (Теңеу дегеніміз - бір сөзді екінші бір нәрсеге телу, теңеу. Аллитерация дегеніміз – бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы ).
- Енді өлеңнен теңеу мен аллитерацияны табыңдар. (Теңеу: ел-жұртының қаласындай, ағаштың шаласындай, әмме жұрттың анасындай, қыранның баласындай, елінің ағасындай, миуалы өрік ағашындай, сиырдың танасындай, жылқының қотыр болған аласындай, елдің серкесіндей, елінің еркесіндей, қалың жүнді көрпесіндей, күймей піскен бөлкесіндей, жыл құсындай, балтының ұңғысындай, екі таудың тұрғысындай, адамның жындысындай. Аллитерация: ж дыбысынан басталатын жолдар).
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Балалар, осы сабағымызға қатысты адам бойындағы жаманды-жақсылы қасиеттерді халық мақал-мәтелдерінде көптеп кезіктіре аламыз. Қазір мақалдың жартысын оқимын, сендер жалғастырасыңдар.
Ақылды жетер мұратқа...
(Ақымақ қалар ұятқа)
Ақылды адам жол тауып оздырады,
Арсыз адам жала жауып ... (аздырады)
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – (сорлы бала)
Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол, ...
(Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол)
Әдепсіз өскен баладан,
Тәртіппен өскен ... (тал артық)
Ү. Сабақты бекіту
- Ұлы Абай атамыз қандай бес асыл істі айтып еді? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
- Қашық болатын жаман істер қандай еді? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
- Енді балалар, Сүйінбай өлеңіндегі осындай істерді атап шығыңдаршы.
Оқушылар, сонымен біз бүгін қай ақынның өмірімен және шығармашылығымен таныстық? (Оқушылар білгендері бойынша қысқаша айтады).
Алдағы уақытта Сүйінбай аталарыңның айтқан өнегелі мысалдарын естеріңде сақтап жүріңдер. Әрдайым тәрбиелі, намысты, ұйышыл, мейірімді бола біліңдер!
ҮІ. Үй тапсырмасы
Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқу.
Өлеңнен үзінді жаттау (бес оқушы алдыңғы екі бөлімін, алты оқушы соңғы екі бөлімін жаттайсыңдар).
Мейірімділік, арсыз, қанағатшыл, салғырт, жалған сөйлейу, қанағатсыз, сыпайы, иманды, кең пейілді, ақылсыз сөздерін қатыстырып мәтін құрау, тақырыбын қою.
ҮІІ. Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушылар білім деңгейлеріне қарай, өздерін көрсете білу қабілеттеріне қарап бағалаймын.